Психикалық науқаспен қарым-қатынас жасау ережесі
1. Сіз науқастармен үш жағдайда қарым-қатынаста боласыз: біріншіден, психикалық аурулар симптоматологиясын оқу кезіндегі микрокурация уақытында; екіншіден, жеке психиатрияны оқыған кездегі клиникалық курация уақытында; үшіншіден, амбулаторлы қабылдау кезінде науқастарды қарағанда.
Барлық жағдайларда сабырлы, сыпайы, қайырымды болыңыз.
2. Курация кезінде науқасқа өзіңізді таныстырып, оның есімін, әкесінің атын сұраңыз. Осыдан кейін онымен сөйлесуге рұқсат сұраңыз. Науқаспен тек «сіз» деп және әкесінің атымен атау керек (науқас балалар мен жасөспірімдерді есептемегенде).
3. Науқаспен сабырлы, асықпай, алдын-ала ойластырылған жоспармен сөйлесу керек. Сұрақты нақты және түсінікті қойыңыз. Науқастың жауабынан және бет әлпетінен оның сіздің сөзіңізді қалай түсініп отырғанын байқаңыз. Жауапты ынта қойып тыңдап, егер де түсініксіз нәрселер болса, дәлірек, қайталап сұрақ қойыңыз. Науқасты тыңдап қана қоймай, оның өзін қалай ұстағанына, сыртқы бейнесіне назар аударыңыз және барлығын жадыңызда ұстаңыз.
4. Науқаспен ешқашан сөз жарыстырмаңыз, дауласпаңыз. Оған ешқашан сенікі дұрыс емес деп дәлелдеме жасамаңыз. Оның дерті, емі, шығу мерзімі жөнінде және басқа медициналық тақырыптардағы мәселелер жөнінде талқыламаңыз. Бұл сұрақтарыңызға емдеуші дәрігеріңіз жауап береді деп айтыңыз.
5. Науқасты ешқашан алдамаңыз, оған орындалмайтын уәде бермеңіз. Науқас қандай-да бір өтініш білдірсе, оны емдеуші дәрігерге хабарлайтыныңызды айтыңыз.
6. Науқастың айтқан сөзіне, іс-әрекетіне, тексерілуден бас тартуына реніш білдірмеңіз. Науқастың өрескел және ұятты қылықтарын «байқамаған» болыңыздар. Естеріңізде болсын, бұл дерт белгілері.
7. Егер науқаспен әңгіме үстінде сізде эмоциональді реакция пайда болса (қорқыныш, күлкі, жымию), онда өзіңізді берік ұстауды үйреніңіз, көрсетпеуге тырысыңыз. Егер әңгіме үстінде науқас тітіркенгіштік, сезіктілік және агрессивтілік танытса, сіз науқасқа қауіптеніп тұрғаныңызды білдірмеңіз, науқасты тыныштандырыңыз және тез арада өзіңіздің оқытушыңызға және бөлімше персоналына хабарлаңыз.
8. Әңгімелесіп болған соң науқасқа алғыс айтыңыз. Ол туралы кезекші персоналға немесе өзіңіздің оқытушыңызға хабарлаңыз. Ешқашанда науқасты жалғыз қалдырмаңыз: оны палатаға алып барыңыз және персоналға тапсырыңыз.
Психиатриялық стационарға еріксіз түрде госпитализациялау негіздері (шұғыл госпитализация)
Абсолютті көрсеткіштер, яғни науқас өзіне және айналысындағы адамдар үшін қауіпті болғанда жүзеге асырылады. Туыстарының, қамқоршысының немесе басқа да адамдардың келісімінсіз жүргізілуі мүмкін.
Көрсеткіштер:
· дисфориялар, галлюцинациялар, сандырақтар, сана бұзылыстары және тағы басқа жағдайлардың нәтижесінде агрессиялы әрекеттер мен психомоторлы қозу
· айналасындағы адамдарға агрессиялы қатынас және қоғамға қауіпті сипаттағы сандырақтық идеялар
· суицидальды тенденциялармен жүретін депрессивті синдром
· қоғамдық тәртіп бұзушылықпен немесе агрессивті әрекеттермен көрінетін маниакальді синдром
· сана бұзылысының барлық синдромдары
· психопатия, олигофрения және органикалық синдром декомпенсациясы кезіндегі агрессивті әрекеттермен көрінетін психомоторлы қозу
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 6743;