Б а п. Психиатриялық стационардан шығару
1. Пациент психиатриялық стационардан сауыққан немесе психикалық жай-күйі стационарда одан әрі емдеуді қажет етпейтіндей жақсарған, сондай-ақ стационарға орналастыру үшін негіз болған тексеру немесе сараптама аяқталған жағдайда шығарылады.
2. Психиатриялық стационарда өз еркімен жатқан пациент одан өзінің жеке арызы, оның заңды өкілінің арызы бойынша немесе оны емдеуші дәрігердің шешімі бойынша шығарылады.
3. Психиатриялық стационарға еріксіз түрде орналастырылған пациент одан психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы бойынша шығыралады.
4. Соттың ұйғарымы бойынша медициналық сипттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған шаралары қолданылған пациенттің шығарылуы сот ұйғарымы бойынша ғана жүзеге асырылады.
5. Психиатриялық стационарға өз еркімен орналастырылған пациенттің, егер психиатриялық ұйымгның психиатр-дәрігер комиссиясы оны осы Заңның 29- бабымен көзделгендей ауруханаға еріксіз түрде салу негіздерін анықтайтын болса, одан шығарылуынан бас тартылуы мүмкін.Мұндай жағдайда оның психиатриялық стационарда болуы,ауруханада ұсталуын ұзарту және стационардан шығарылуы туралы мәселелер осы Заңның 30-32-баптарымен және осы Заңның осы бабындағы 3- тармақпен белгіленген тәртіппен шешіледі.
Б а п . Психоневрологиялық ұйымдарға адамдарды
Орналастырудың негіздері мен тәртібі
1. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамды психоневрологиялық ұйымға орналастыру үшін туыстарының не оның заңды өкілінің арызы және психиатр-дәрігер қатысатын дәрігерлер комиссиясының қорытындысы; кәмелетке толмаған адамға – психологиялық-медициналық-педогогикалық консультацияның қорытындысы; заңда белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсз деп танылған адамға – психиатр-дәрігердің қатысуымен дәрігерлер комиссиясы берген қорытынды негізінде қабылданған қорғаншы және қамқоршы органның шешімі негіз болады. Қорытындыда адам психикасының оны әлеуметтік қамсыздандырудың мамандырылмаған ұйымында болу мүмкіндігінен айыратындағыдай болып бұзылғаны туралы, ал іс – әрекетке қабілетті адам жөнінде- сот алдында оны іс-әрекетке қабілетсіз деп тану туралы мәселе қоюға негіз болмауы жөніндегі мәліметтер де болуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғаншы және қамқоршы органдар психоневрологиялық ұйымға орналастырылатын адамдардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін шаралар қолдануға міндетті.
Б а п . Кәмелетке толмағандардарды арнайы оқыту үшін
Психоневрологиялық ұйымға орналастырудың негіздері
Мен тәрітібі
Кәмелетке толмаған адамды арнайы оқыту мақсатымен психоневрологиялық ұйымға жіберу үшін адам психикасының бұзылуы негіз болады.Ол ата-анасының не оның заңды өкілінің арызы және республикалық, облыстық немесе қалалық психологиялық-медицицналық- педагогикалық консультация қорытындысының негізінде жіберіледі. Қорытындыда кәмелетке толмаған адамды интеллектуальдық дамуы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектептер жағдайында оқыту қажеттігі туралы мәліметтер болуға тиіс.
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 1140;