Б а п. Ауруханаға еріксіз түрде салуды ұзарту

1. Адамның психиатриялық стационарда еріксіз түрде ұсталуы оны ауруханаға салу жөніндегі негіздер сақталатын уақыт ішінде ғана жалғастырылады.

2. Психиатриялық стационарға еріксіз түрде орналастырылған адамды алғашқы алты ай ішінде оның ауруханада болу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясы кемінде айына бір рет куәландырып отыруға тиіс. Ауруханада болу мерзімін алты айдан уақытқа ұзарту Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәтәппен психиатр-дәрігерлер комиссиясының өтініші негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі.

3. Ауруханаға еріксіз түрде салынған адамды кезектен тыс куәландыру пациенттің өзінің немесе оның заңды өкілінің, адвокаттың тілегі бойынша жүргізілуі мүмкін.

 

Б а п. Ауруханаға еріксіз түрде салу туралы мәселе

Бойынша сотқа жүгіну

Ауруханаға еріксіз салумен келіспеген жағдайда психикасының бұзылуынан зардап шегуші адам немесе оның заңды өкілі сотқа жугіне алады.

 

Б а п. Заңды өкілдерінің өтініші немес келісімі бойынша

Психиатриялық стационарға орналастырылған

Кәмелетке толмаған адамдарды және іс-әрекеттке

Абілетсіз деп танылған адамдарды куәландыру

1. Заңды өкілдерінің өтініші немесе жазбаша келісімі бойынша психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке толмаған адамды және заңды белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз леп танылған адамды осы Заңның 30-бабымен көзделген тәртіп бойынша психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігердер комиссиясы міндетті түрде куәландыруға тиіс.

2. Бұл адамдарды ауруханада болу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін алғашқы алты ай ішінде кемінде айына бір рет психиатр-дәрігерлер комиссиясы куәландырып отыруға тиіс. Ауруханада болу мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен психиатр-дәрігерлер өтініші негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі.

3. Психиатр-дәрігерлер дәрігерлер комиссиясы немесе психиатриялық стационардың әкімшілігі кәмелетке толмаған немесе заңмен белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның заңды өкілдері оларды ауруханаға салғанда қиянат жасауға жол берілгенін анықтаған жағдайда психиатриялық стационардың әкімшілігі бұл туралы қамқорлыққа алынған адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлайды.

 

34- б а п . Психиатриялық стационардағы пациентттердің

Ықтары

1. Психиатриялық стационарға орналастырылған пациентке оның құқықтары мен стационарда белгіленген ережелер оның өзі білетін тілде түсіндірілуге тиіс, бұл туралы медициналық құжаттамаға жазба жасалып, кейіннен заңды өкіліне хабарланады.

2. Психиатриялық стационарда емделіп немесе тексеріліп жатқан пациенттердің бәрі:

1) Емделу, тексерілу, психиатриялық стационардан шығу және осы Заңмен берілген құқықтарының сақталуы мәселелері бойынша тікелей бас дәрігерге немесе бөлімше меңгерушісіне өтініш жасауға, мемлекеттік органдар мен адвокатқа щағымдар және арыздар беруге, адвокатпен және діни қызметшімен оңаша кездесуге, діни салтттарды орындауға, діни қағидарларда сақтауға;

2) Газеттер мен журналдарды жаздырып алуға;

3) Егер пациент 18 жасқа толмаған болса, жалпы білім беретін мектептің немесе интеллетілік дамуы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектептің бағдарламасы бойынша білім алуға;

4) Егер пациент өндірістік еңбекке қатысатын болса, еңбегінің мөлшері мен сапасына сәйкес басқа азаматтармен бірдей сыйақы алуға;

5) Хат-хабар алысуға;

6) Сәлемдеме, бандероль,ақша аударымдарын алуға және жіберуге;

7) Телефонды пайдалануға,

8) Келішулерді қабылдауға;

9) Ең қажетті заттарды ұстауға және сатып алуға, өз киімін пайдалануға құқылы.

3. Газеттер мен журналды жеке жаздырып алу, байланыс қызметін және тағысын тағыларды пайдалану олар берілетін пациенттің есебінен немесе қайырымдылық түсімдер есебінен жүзеге асырылады.








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 981;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.