Мемелекеттік саясат

Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарға психикалықт жәрдем көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының мемелекеттік саясаты:

заңдылық, ізігілік және адам мен азаматтың құқықтарын сақтау;

психикасының бұзылуынан зардып шегушілерге тегін және қол жететіндей медициналық жәрдем көрсетуді қамтамасыз ету;

психиатриялық жәрдем берілген кезде азаматтарды әлеуметтік қорғау принциптері негізінде жүргізіледі.

 

Б а п. Психиатриялық жәрдем алудың еріктілігі

1. Психиатриялық жәрдем адам ерікті түрде өтініш жасаған немесе оның жазбаша келісімін болган жағдайда көрсетіледі, бұған осы Заңда көзделген реттер қосылмайды.

2. Кәмелетке толмаған адамға, сондай-ақ Заңда белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға психиатриялық жәрдем осы Заңда көзделген тәртіппен олардың заңды өкілдерінің келісімімен көрсетіледі.

 

5-б а п. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдардың

Ықтары

 

1. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдар азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген барлық құқықтары мен бостандықтарына ие болады.

Психикасының бұзылуына байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыоуын шектеуге Қазастан Республикасының Заңымен көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.

2. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдардың бәрі психиатриялық жәрдем көрсетілген де:

1) Білікті медициналық жәрдем алуға;

2) Өздерінің құқықтары туралы және психикасы бұзылуының сипаты мен қолданылатын емдеу әдістері туралы ақпарат алуға;

3) Тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет болган жағдайда жүрген жерінде психиатриялық жәрдем алуға;

4) Психиатриялық стационарда тексерілуге және емделуге;

5) Санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін жағдайларда жәрдем алуға;

6) Медициналық айғақтар бойынша емдеудәң барлық түрін(оның ішінде санаторий-курорттық түрін)алуға;

7) Емдеудің кез- келген сатысында медициналық құралдар мен әдістерден, ғылыми зеріттеулерден немесе оқу процесінен, суретке түсіруден, бейне жазудан немесе киноға түсуден бас тартуға;

8) Өздерінің талап етуімен психиатриялық жәрдем көрсетуге қатысушы кез келген маманды(оның келісімімен) осы Заңмен реттелетін мәселелер жөніндегі дәрігерлік камиссияда жұмыс істеуге шақыруға;

9) Заңда белгәленген тәртіп бойынша адвокаттан басқа заңды өкілден немесе өзге адамнан жәрдем алуға;

10) Психикалық зардап шегуінің(ауруының) белгіленген қорытындысына сот тәртібімен, соның ішінде тәуелсіз сарапшыларды қатыстыра отырып шағым жасауға құқылы.

3. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдардың құқықтары мен бостандықтарын психикалық ауруы болуының, денсаулық сақтау органдарының психиатрия ұйымында немесе халықты әлеуметтік қорғау не арнаулы оқыту жүйесі органдарының психоневрологиялық ұйымында диспансерлік бақылауда болуы фактілерінің негізінде ғана шектеуге жол берілмейді. Мұндай тәртіп бұзушылыққа кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауап береді.

4. Қазақстан Республикасының азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды психикасының ауыруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан іс-әрекетке қабілетсіз деп тануды оған қорғаншы белгілей отырып, сот жүзеге асырады.Қорғаншы белгілеу сырқаттану кезінде оның құқықтары мен бостандықтарын Қазақстан Республикасының заңына сәйкес шектеуге әкеп соғады.

 

 








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 975;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.