Сандық анализ пәні және әдістері
Сандық анализ пәні – заттың мөлшерлік құрамын анықтауға мүмкіндік туғызатын әдістерді оқып үйрену.
Мөлшерлік анализдің – анализделетін заттың құрамына кіретін әр түрлі компаненттердің мөлшерін, сондай-ақ анализденетін қоспаның құрам бөліктерінің мөлшерлік арақатынасын анықтау болып табылады.
Мөлшерлік анализ көмегімен көптеген мәселелер шешіледі, олардың негізгілері мыналар:
Заттардың атомдық, мольдік және эквиваленттік массаларын анықтайды. Зерттелетін заттар құрамына кіретін иондар мен молекулалардың, элементтердің мөлшерін анықтайды. Зерттелетін затта оның құрам бөліктері қандай арақатынаста болатынын табады. Мөлшерлік анализдің мәліметтері бойынша құрамындағы негізгі компоненттер мен қоспаның мөлшеріне байланысты болатын заттардың сапасын анықтайды. Бұл өз кезінде заттардың қолдануға жарайтындығын анықтауға мүмкіндік береді.
Мөлшерлік анализ көмегімен тұрақты химиялық бақылау арқылы өндірістегі технологиялық процестердің жүргізілу дұрыстығын тексереді. Химиялық бақылаусыз өндіріске материялдың еш қайсысы түспейді және дайын өнімнің еш қайсысы шықпайды.
Мөлшерлік анализдіңі нәтижелері массалық үлеспен (%), бір литр ерітіндідегі моль санымен, 1 кг еріткіштегі моль санымен және т.б. көрсетеді.
Мөлшерлік анализді химиялық, сондай-ақ аспаптық әдіспен орындайды.
Мөлшерлік анализдің химиялық әдістері құрам тұрақтылық заңына, заттың массасыныңі сақталу, эквиваленттер заңына негізделген .
Анализдің химиялық әдістеріне гравиметриялық және титриметриялық әдістері кіреді (қышқылды-негіздік, тотығу-тотықсыздану, комплексоно-метриялық, тұндыра титрлеу).
Гравиметриялық анализ – құрамы анық белгілі қөосылыс түрінде немесе химиялық таза күйінде бөлінген анықталатын компаненттің массасын дәл өлшеуге негізделген мөлшерлік анализ әдісі.
Титриметриялық анализ – анықталатын заттың берілген мөлшерін өткізуге жұмсалған нақты концентрациялы реактив ерітіндісінің көлемін өлшеуге негізделген эквиваленттер заңы жатыр.
Титриметриялық анализге қарағанда, гравиметриялық анализ дәлірек болып табылады. Гравиметриялық анализде анықтау қателігі 0,1-0,005 %, ал титриметриялықта -0,1-0,05 % болады. Бірақ гравиметриялық анализ ұзағырақ орындалады (бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін). Гравиметриялық анализге қарағанда, титриметриялық анализдің артықшылығы анализді өте жылдам орындау (экспрестігі) болып табылады.
Гравиметриялық және титриметриялық әдістер аналитикалық химияның классикалық әдістері болып табылады, олар ғылыми зерттеулерде, завод лабораториясының тәжірибесінде жан-жақты қолданылады. Олар тамақ өндірісінің технологиялық бақылауында: өнімдердің зольдігін және ылғалдығын, қышқылдығын, қант мөлшерін, белокты т.б. анықтау үшін пайдаланылады.
Анықталатын татпаның құрамдас бөлігінің массасын дәл өлшеуге негізделген мөлшерлік анализ гравиметриялық әдіс деп аталады. Гравиметриялық анализ әдістері 3 топқа бөлінеді:
ӘДІС | ӘДІСТІҢ НЕГІЗІ |
Бөлу | Анықталатын құрам бөлікті бос күйінде бөліп алып, өлшейді немесе қалдықты өлшейді |
Тұндыру | Анықталатын құрам бөлікті анықталатын құрамның аз еритін қосылысы түрінде тұндырады. Қалдықты жуып, кептіреді немесе қатты қыздырып өлшейді. |
Айдау | Анықталатын құрам бөлікті ұшқыш қосылысқа айналдырып, қыздыру арқылы айдайды, оны гравиметриялық формаға келтіріп өлшейді немесе қалдықты өлшейді. |
Титриметриялық анализді жіктеу:
Реакция типі | Титрлеу әдісінің жалпы атауы | Стандартты ерітінді | Әдістің жеке атауы |
Қышқыл мен негіздің өзара әрекеттесуі | Қышқылдық-негіздік | Қышқыл HCl HNO3 H2SO4 HClO4 | ацидометрия |
Негіздер KOH NaOH | алкалиметрия | ||
Тотығу-тотықсыздану | Тотығу-тотықсыздандырғыштар (редоксометрия) | KMnO4 Ce(SO4) NH4NO3 V K2Cr2O7 Na2S2O3*H2O J2 | Перманганато-,ванадато-,хромато-,аскорбинаметрия иодометрия |
Комплекс түзу | Комплекс түзу | ЭДТА | Комплекс түзуші |
Цианометрия | KCN | Цианометрия | |
Тұнбаға түсіру | Тұнбаға түсіргіш (седиметрия) | AgNO3 Hg(NO3)2 KCNS | Аргентометрия, меркуриметрия, радонометрия |
Лекция3-4
Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 5825;