Тақырыбы: Тұнбалық титрлеу әдістерінің теориялық негіздері.

Дәрістің жоспары:

1.Тұнбалық титрлеу әдісінің теориялық негіздері.

2.Тұнбалық титрлеудің қисықтары

3.Тұнбалық титрлеу әдісінде қолданылатын индикаторлар

Тұндыру әдісімен титрлеу нашар еритін қосылыстар түзетін реакцияларға негізделген. Бұл реакциялар бөлме температурасында жеткілікті тез және іс жүзінде қайтымсыз өтеді. Тұндыру реакцияларының көптігіне қарамастан, тұндырып титрлеу кең таралмады. Тұндыру тәсілімен титрлеу әдістерінің ең кең тарағаны аргентометрия және меркуриметрия, сондай-ақ роданидометрия және цианометрияны атап көрсетуге болады. Тұндырып титрлеудің басқа әдістері сирегірек қолданылады, себебі олар үшін эквиваленнтік нүктесін белгілеп алатын сенімді индикаторлар табылған жоқ.

Тұнбалық әдісімен титрлеудің кең тараған түрі меркуриметрия. Мөлшерлік анализдің бұл әдістері сынаптың (I) галогендермен және басқа да аниондармен нашар еритін қосылыс түзу реакцияларына негізделген:

Стехиометрияны ескере отырып, сынап галогенидтерінің ерігіштігі, күміс галогенидтеріне қарағанда жоғары екендігін атап өту керек. Бұған қарамастан, меркуриметрия біртіндеп аргентометрияны ығыстырып шығаруда, себебі сынап асыл металдарға жатпайды.

Адсорбциялық индикатор ретінде 1,5-дифенилкарбозид немесе дифенилкарбазон, содай-ақ темір (III) тиоцианатты комплексі қолданылады.

Меркуриметриялық титрлеудің қисығын есептеу берілген аргентометриялық титрлеуді есептеуге ұқсас.

Темір (III) тиоцианатты комплекс бар болғанда титрлеу кезінде осы комплекстердің мына әрекеттесуге байланысты түссізденуі жүзеге асады.

Адсорбциялық индикаторлар.

индикатор Анықталатын ион титрант Бояудың өзгеруі
Ализаринді қызыл С Бенгальды қызғылт А Бромфенолды көк 4,5-дибром-флуоресцеин 4,5-диодфлуоресцеин (динатрий тұзы) 1,5-дифенил-карбозид Дифениламин конгн қызыл Родамин 6Ж Сафранин Т Флуоресцеин Эозин [Fe(CN)] MoO J Ag Tl Hg SCN J Cl Br Br J Cl Br Zn Cl Br J CL Ag Cl Br Cl Br J SCN Ag Br j SCN Pb Pb   Ag J SCN Cl Ag Ag Ag Hg Ag K Сарғыш жасыл қызғылт сары→қызғылт-қызыл шымқай қызыл→көкшіл қызыл сары→жасыл сирень→сары күлгін→жасыл көк жасыл сары→жасыл көк сарғыш қызғылт→күлгін қызғылт сарғыш қызғылт→таңқурай түстес түссіз→күлгін көк →жасыл сарғыш

 

Бақылау сұрақтар:

1.Тұнбалық титрлеу әдістерінде қандай реакциялар қолдануға болады ?

2.Сапалық талдаудың қандай реакциялары бүгінгі тақырыппен байланысты ?

3.Аргентометриялық титрлеу әдісімен концентрациясы 0,001 н. галогенидтің ерітіндісін анықтауға болады ма ?

4.Тұнбалық титрлеу барысында аналитикалық колбаны қатты және үздіксіз араластыру керек. Неге ?

13-ші лекция








Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 4592;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.