Дәріс тақырыбы:Бизнес-коммуникация туралы ұғым және пәні. 1 страница

Бизнес қарым-қатынасы коммуникацияны неғұрлым кең аспектіде қарастырады – кез келген компаниялардың серіктестерімен байланыс нәтижесінен пайда табу. Мысалы, өндірістік маркетингте алып-сату сатып алушы фирма мен сатушы фирма арасындағы өзара тиімді, үзіліссіз және ұзақ мерзімді үрдіс ретінде қарастырылады. Себебі бизнес-субъектілер әдеттегідей көтерме сауда тұтынушыларына қарағанда, бөлшек сауда тұтынушыларымен (саны көп және ірі) жұмыс жасайды. Көптеген клиенттер біртекті, нақты белгіленген шекарасы бар сегментттеуге берілмейді, керісінше өздеріне деген бірегейлі шешімдерді қолдануды күтеді. Ортастатистиалық тұтынушыға қолданылатын стандарттық маркетинг кешенінне негізделген, классикалық, дәстүрлі маркетинг концеациясын қолдану тиімділігі төмендейді.

Бизнес (ағылш. busіness — кәсіпкерлік, сауда-саттық) — пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі. Бизнес адамның табиғи қасиеттеріне, біліміне негізделе отырып, қандай да болмасын бір істен кіріс кіргізуге, өзінің материалдық, рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен қатар қоғамға пайда келтіруге де мүмкіндік береді. Бизнес қоғам мүшелерінің сұранысы мен ұсынысын есепке ала отырып, экономикалық жүйенің барлық саласын дамыту арқылы бизнестен түскен табыстан салық және басқа да алымдар төлеу және оларды қоғам дамуына, халық игілігіне жарату, әлеуметтік көмек көрсету нәтижесінде қалыптасады. Іскер орта көптеген әлеуметтік және басқадай проблемаларды өкімет бағдарламаларының шеңберінде, сонымен қатар дербес шешуге де қатысады.

Бизнес – бұл жеке дара тұлғаның өзіне ғана сеніп, барлық болуы мүмкін ықтималдылықтарға бекініп, капитал деңгейін көтеру үшін ақша арқылы табыс табу мақсатында қызмет жасайтын жүйедегі экономикалық құрылым.

Бизнес этикасы - бұл қарым-қатынас түрiн жазатын тәртiп кодексi. Кәсiпкерлердiң өз мiндеттерiн осы немесе басқа салада орындаулары олардың көзқарасы бойынша ең жақсы болып көрсетiледi. Әдеп ортасында мораль тұр, немесе өнегелiк қарым-қатынас жүйесi, әрекет мотивтерi, сезiм және ақыл-ой.Бұл жүйелер адамдардың ұжымдағы қарым-қатынастарын және қылықтарын қарым-қатынас шектерiн анықтайды.

Бизнес-коммуникацияныңнегізгі қағидалары келесідей:

a) Ұсыныстың нақты артықшылығын жасау. Сапалы тауардың немесе қызметтің болуы міндетті болып табылады, бірақ бұл бәсекелестер тарапына нақты артықшылыққа ие болуға жеткіліксіз. Қажетті артықшылық – «ұсыныс» процесінің өзінде болуы тиіс, ол кәсіпорынның өз клиенттерінің мінез-құлығын үздіксіз зерттеу нәтижесінде орындалады. Клиентті күнделікті зерттеу нәтижесінде «нені ұсынамыз» сұрағынан «қалай ұсынамыз» деген сұраққа көбірек назар аудару қажет, яғни ұсыныс атмосферасын қалыптастыру керек.

b) Клиенттердің шын ниеттерін жаулап алу. Компания клиенттерін сақтап қалу үшін, «өмір бойы» олардың фирмаға қатысты құндылығын сақтап қалу үшін жұмыс істеуі керек. Клиент пен фирма ұзақ қарым-қатынаста болса: клиент пен ұйымның сұраныстары тез ұғынылады, өзара түсіністік орнайды, бірлескен жобаларға қатысады, клиент тарапынан үшінші жаққа ұсыну жүзеге асырылады. Клиенттердің ниеттілігі – оның қанағаттануының нәтижесі, тұтынушының тауарға, қызметке, персоналға, фирмадағы жағдайға деген құштарлық. Ниеттіліктің жалған және шын түрлері ажыратылады. Шын ниеттілік – ұзақ мерзімде клиенттің өз еркімен компанияға құштарлығы, ал жалған ниеттілік – тұтынушының таңдауының жоқтығынан пайда болады, егер де лайықты компания пайда болса, мұндай клиенттер бәсекелестерге кетіп қояды. Қарым-қатынас маркетингінің принципіне сәйкес, ұйымның міндеті болып шын ниеттіліктің өсуін басқару мен клиенттер мен арадағы қарым-қатынастың құндылығын ұлғайту болып табылады.

c) Негізгі клиенттерді анықтау, әрбір клиентке қатысты жеке амал қалыптастыру. Қарым-қатынас маркетингі кәсіпорынның әр клиентпен өзара қатынасына тікелей байланысты – бұл классикалық өзара тиімді, яғни компания тұтынушының өміріне құндылық қосады, ал клиенттерден ниеттілікті алады. Фирма тарапынан әрбір клиентке қатысты жеке амал жасалуы қажет. Әртүрлі клиенттер компания үшін түрлі құндылыққа ие. Парето принципі бойынша, «20% сатып алушылар 80% табыс алып келеді немесе 10% клиент 90% пайда алып келеді». Ұйым барлық клиенттермен жұмыс істеу қажет, бірақ «ерекше қарым-қатынас» шаралары тек негізгі клиенттермен жүргізілу керек. Дербес қарым-қатынастарды қалыптастыруда CRM-технология жүйесін тиімді құрылуына байланысты.

Адамзат тәжрибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа да әр түрлі техникалық құрал-жабдықтардың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін тездетіп, әрі күрделендіре түсті.

Күнделікті өмірде кездесетін қарым-қатынасты ары қарай жеке адамдар аралық және көпшіліктік деп екіге бөлеміз. Жеке адам аралық қарым-қатынаста топтарда адамдардың жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп, іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын болса, көпшіліктік қарым-қатынас – көпше түрде таныс емес адамдардың және көпшілік мәлімет ақпарат құралдары арқылы жасалатын бір жақты қарым-қатынас. Осындай қарым-қатынас түріне өнердегі және эстетикалық қарым-қатынасты енгіземіз.

Қарым-қатынас барысында адамдар өзін көрсетеді. өзі үшін және басқа лар үшін жеке дара қасиеттерін аша түседі. Сонымен қатар кейбір қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады, өзгеріске ұшырайды.

“Адам тек басқалар арасында ғана адам бола алады”- деп И.Бехер айтқан сөздің мағынасы өте тереңге тамыр жаяды. Адамдармен қарым-қатынас адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қоғамдағы қалыптасқан құндылықтарды өз бойына сіңіруі, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі; адамның дара тұлға ретінде қалыптасуы іске асырылды. Яғни қарым-қатынас әрбір адамның адам болып қалыптасуының, жан-жақты, әрі психологиялық дамуының маңызды факторы. Қарым-қатынасты адам өміріндегі үзіліссіз жүретін процесс деп айтар болсақ, қателеспеспіз. Осыған байланысты Л.С. Выготский былай деген: “Адам өзімен өзі болғанда да қарым-қатынас функциясын сақтайды”. Яғни, бұл жағдайда адамның өз-өзімен қарым-қатынасқа түсуін ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы жүзеге асатын,диалог типіндегі адамның ойлауының әдісі ретінде қалыптастыруға болады.

Қарым-қатынас адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып, өзгертудің маңызды шарты.

Қоғамдық қарым-қатынасқа қарағанда жеке адамаралық қарым-қатынастың табиғаты бөлекше, оның өзіндік ерекшелігі – эмоциялық негізінің болуы. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әртүрлі көзқарастары сезімдер негізінде қалыптасады. Психология ғылымы жеке тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үш деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Жеке адамаралық қарым-қатынаста осылардың бәрі де көрініс бергенімен, көбінесе сезімдерге баса көңіл аударылады, олардың өзін екі топқа бөліп қарастыру қабылданған:

1) конъюктивті – адамдарды жақандататын, біріктіретін, бірлескен іс-әрекетке итермелейтін сезімдер;

2) дизъюнктивті – адамдарды бір-бірінен аластататын, біллескен іс-әрекеттен қашқақтататын сезімдер.

Жеке адамаралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж. Морено (1958) ұсынған социометрия әдісі кең қолданылады. Социометрия негізінде нақты іс-ірекет кезіндегі шағын топтың қарым-қатынасын (жақтыру, жақтырмау) анықтауға болады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Покровская Е.А.: Бизнес-коммуникации. - М., Ростов н/Д: Дашков и К, Наука-Пресс, 2009

2.Лидванова Л.И.: Глобальный бизнес и деловые коммуникации. - СПб.: Элмор, 2007

3.Петрунин Ю.Ю. Этика бизнеса: Учебник. 4-е изд. / Ю.Ю. Петрунин, В.К. Борисов. – М.: ТК Велби, Проспект, 2007. – 352 с.

 


2-Дәріс тақырыбы:Коммуникативті компетенттілік ұғымы.

Қарастырылатын мәселелер:

1.Бизнес әлеміндегі сәттіліктер мен сәтсіздіктердің орны.

2.Бизнес адамның имиджі. Имиджелогия және бизнес.

3.Конгруэнтты имидж және конгруэнтты емес имидж.

 

Бизнес әлеміндегі сәттіліктер мен сәтсіздіктер өзіндік сана-сезімі ерте замандарда-ақ философтарды, оқымысты ғалымдарды, өнер адамдарында өзіне қарата біліді. Сана және өзіндік сана-сезім- философияның, психологияның және әлуметтанудың ортақ мәселелерінің бірі. Оның мәні сана және өзіндік сана туралы білім тек көптеген маңызды теорялық сұрақтарды ғана емес, сондай-ақ өмірлік позицияны қалыптастырумен байланысты практикалық міндеттерді де шешудің әдістемелік негізін құрайтындылығына негізделген.

Жетістікке ұмтылушылықтың негізінің бірі болып табылатын компоненттің бірі- өзіндік сана мен өзіндік тану қабілеттілігін – адамның ерекше игілігі, яғни өзінің өзіндік сана сезімінде ішкі қатынас пен іс-қимылдың, сананың субъектісі ретінде, өзіне тікелей қатынас орнатушы ретінде ұсынады.

Табандылық жетістікке жетудің ең керекті қоспаларының бірі болып табылады. Табандылықты осыншалықты тиімді ететіндей, артында қандай құпия, сыр жатыр? Жауап қайтару қиын, алайда табандылық қасиетіне ие адамдар, жетістікке жететін адамдар деп толық сенімділікпен айта аламын, дейді Джон Кэхо.

Жетістік пен байлыққа жету барысында, көптеген мүлтіктер, қиыншылықтар және көңіл қалатын жәйттер болады. Бірі білінбейтін салдары бар жеңіл қиыншылықтар болса, Енді бірі өте ауыр, бар табандылық, ерліктеріңізді, сенімділіктеріңізді талап ететін қиыншылықтар болады.

Барлық ірі компаниялардың жетістікке апарған көшбасшылары бар. Қазіргі таңда сол тұлғалар компанияның жырына айналып, адамдарға шабыт сыйлайды.

Рөлді үлгілер – жетістікке жетудегі мықты және ең тиімді қадам болып табылады. Өйткені бізге шабыт сыйлап, алдыға жылжуға түрткі болады.

Көптеген зерттеулерде, атап айтқанда, А.Маслоу, Л.Божович, В.Ильин, Н.Морозова, Н.Хмель, Г.Щукина және т.б. еңбектерінде жетістікке, сәттілікке ұмтылу деңгейін әр-түрлі қызығушылықты қалыптастыру мәселелері арқылы қарастырады. Олар оқу-танымдық, кәсіптік, қоғамдық-саяси, көркемдік–эстетикалық қызығулар және еліктеумен сипатталады деп көрсетілген.

Әлеуметтік психологиядағы Б.Ф.Ломов, Т.Ю.Базаров, Т.С.Кабаченко, P.Л.Кричевский, A.B.Филиппов және олардың басқару теориялары; А.И.Донцов, A.Л.Журавлев, Е.А.Климов, С.К.Сергиенко, В.Д.Шадриков және де басқа әлеуметтік психологиядағы ұйымдастыру мен кәсіби әрекет теориялары; A.A.Бодалев, A.A.Деркач, В.Г.Зазыкин, Л.Г.Лаптев сияқты ғалымдардың психологиялық-акмеологиялық келісі; К.А.Абульханова–Славская, Г.М.Андреева, А.Г.Асмолов, A.A.Бодалев, А.М.Столяренко сияқты ғалымдарының тұлға психологиясы мен олардың тұлғалық бағыт–бағдар теориялары; А.В. Быков, В.П.Подвойский, Е.А.Орлова сияқты ғалымдардың жетекші тұлғасы теориялары мен имидж психологиясы зерттеу жұмысымыздың теориялық және әдіснамалық негізі бола алады

Жетістікке, сәттілікке ұмтылу деңгейінде тұлғаның ішкі жан дүниесі және оның

Қоғамдық-әлеуметтік іс-әрекетті өзінің механизмдерінің бірі деп жетістікке ұмтылуды жеке қарастыру мүмкін емес. Оның негізінде мотив жатады. Жалпы алғанда, мотив дегеніміз индивидті белгілі бір әрекеттерге итермелейтін, ішкі күш. Ал, мақсат адамның бір нәрсеге бағытталуы, ал мотив оның не үшін керек екенін, яғни өзіңе маңызды белгілі бір белсенділіктің мағынасы. Мотивациялық компоненттер әр адамның психикалық іс-әрекетінің доминанты болып келеді және оның ұштылуларында, оқуында, профессионалды іс-әрекетінде, мінез-құлығында, өмір сүру салтында маңызды роль атқарады. Осылардың әсері арқылы,индивид кедергілерді жеңіп,нақты бір шешімдерге жету үшін күш салады. Мотивациялық компоненттер өзінің топтық белгілері бойынша,процесстер,күйлер немесе тұрақты құрылымдар ретінде көрінуі мүмкін. Олардың кейбіреулері туа пайда болуы мүмкін, мысалы: кейбір қажеттіліктер, бірақ олар әлеуметтік жағдайлардың әсерінен қатты өзгеретіндігін естен шығармау қажет.

Жетістікке ұмтылушылық ерекшеліктерінің теориялық әдіснамалық сипаты бола алатын «мотивация» дамуының динамикасы үш кезеңнен тұрады. Атап айтқанда: бірінші, мотивтердің пайда болуы, қалыптасуы, екінші қажеттілікті тудырушы затқа жету, үшінші қажеттіліктердің қанағаттандыруы. Ал, мотивацияның пайда болуы біріншіден, ішкі шиеленісушілікті тудырады, екіншіден, қажетті затқа эмоционалдық қозуды тудырады, үшіншіден, қажеттілік қанағаттандырылған соң эмоционалдық қызығушылық бейтарап қалыпқа түседі немесе ләззат алу, шаттану сатысына көтеріледі.

Мотивацияның өзгеруі ішкі шиеленісушілікті қоздырып, қажетті құбылыстың маңыздылығымен және оған деген бағыттылықпен анықталады. В.К.Вилюнас мотивациясының осы маңызды компоненттерін қажеттіліктің қанағаттануының өтпелі және аяқталушы фазасы деп атады. Маңыздылық пен бағыттылық жеке тұлғаның интегралды құрылымында базальды үш деңгейді құрайды: «организм -индивид -жеке тұлға» .

Ал, А.Т.Москаленко мен В.Ф.Сержантовтың пікірінше, бұл деңгейлер «Меннің» төмендегідей компоненттерін құрайды, олар:

1.Витальды «Мен» -индивидтің негізгі қызметтерінің жүйесі;

2. Рефлексивті «Мен» -витальды және аксиологиялық элементтер арасындағы байланыстар жүйесі;

3.Аксиологиялық «Мен» -тұлғаның құндылық бағдар жүйесі;

Психология ғылымында қажеттіліктерді зерттеудің екі тәсілі бар. Оның бірі-индивидтің сақталуы мен дамуына бағытталған мұқтаждықтарды қанағаттандырудың объективті формасы; екіншісі –мотивацияның нақты механизмдерімен белгіленіп, индивидтің субъективтік жай-күйін бейнелейтін қажеттіліктер.

Қажеттілік қанағаттану процесін сипаттайтын осы үш көрсеткішке сай жеке тұлғаның құрылымдық деңгейлері келесі үш жүйені құрайды:

1.Заттық (витальды) қамтамасыз етілу ;

2.Әлеуметтік қамтамасыз етілуі;

3.Жеке тұлғалық (рухани) қамтамасыз етілу.

Аталған жүйелердің алғашқы екеуі көмескі сипатта болады. Олардың гедонистік қызметінің екі жақты сипаты витальды және әлеуметтік қажеттілліктер объектісі болып табылатын жеке тұлғаның мәнділік жүйесінің екі жактылығына әкеп соқтырады.

Әлеуметтік ортаға қатысты жеке адамның қасиеттерін, ерекшеліктерін жетілдіру – имиджелогияның басты міндеті. Имиджелогия - адамды өз басын меңгеруге, бойындағы қасиеттерін бағалауға және дамытуға баулитын ғылым ретінде.

Бизнес имиджінің сипаты: ұжымдық, құралдық, жемістілік.

Бизнес имиджінің бейнелеу деңгейлері. Бизнес имиджінің дамуы және пайда болуы. Бизнес имиджінің процестері. Ішкі дайындық (установка) түсінігі (Д.Н. Узнадзе). Бизнес имиджінің реттеудегі саналы ұғынылған және ұғынылмаған процестердің арақатынасы.

Ұжым имиджі мәселелері. Қоғамдық және индивидуалды сана. Ұжым имиджінің туындау шарттары: ұжымдық еңбек іс­әрекеті және тіл. Іс­әрекет пен сана бірлігі принципі.

Мемлекеттер имиджі психологиялық сипаттамасы. Мемлекеттер имиджі бейненің құрылымы: сезімталды ұлпа, жеке бастық мағына. Олардың әлемнің саналы саналы көрінісін құрудағы рөлі.

Жетістік пен сәттілік– іскер адамның мотивациясы ретінде. Медитация –визуализациялар: «Мен жүзіп бара жатқан кеме»; «Мешіттегі данышпан»; «Тау шыңы»; «Ішкі әлем бейнесі».Сергіту жаттығулары, немесе психогимнастикалар. Музыкатерапия элементтерін қолдану сипаттары.

Іскер адамның имиджі

Ол әрқашан биікте. Оның шаруасы өте көп, бірақ ол бәріне үлгереді.Ол өзіне сенімділік танытады және өз ісінің шебері. Бұл айналадағы адамдардың іскер адам жайлы ойлауы. Егер сіз өзіңізді іскер адам деп ойласаңыз, өзіңіздің жеке имиджіңізді қалай реттеу керек екенін білмеген жағдайда не істеу қажет? Оның шығу жолы мен бүгінгі таңдағы табыс пен беделдің неге байланысты екенін талқылап көрейік.

Іскер адамның имиджі мен этикеті

Имидж сөзінің нақты аудармасы басқа бір образды білдіреді, яғни айналадағылардың айтып жатқан тұлға жайындағы көрінісі. Имидж түсінігіне тек түр-сипат ғана емес, сонымен қатар жеке және кәсіби сапалары жатады. Дәл осы бөлшектерден образ құрылады. Оны құрудың не қажеті бар?Психологияда орналастыру деген түсінік бар. Адамда имиджге қатысты басқа біреу жайлы өз пікірі қалыптасқанда, ол мінез-құлықтың нақты үлгісін сол нақты тұлғаны таңдайды. Яғни, егер сіз өзіңізді өз ісінің шебері, тамаша әңгімелесуші, сондай-ақ киім үлгісінде талғамы жоғары деп ұсынсаңыз, онда сізге құлақ асып, тартылады. Бұл қабілетті аудиторияға әрекет етіп айқындалған пайдаға қол жеткізу кезінде қолданса болады. бірақ, іскер адамның имиджі мен беделі екеуі бір-бірінен туындайтынын ұмытпаған жөн. Олар көп уақыт аралығында жұмыс істелінсе, бір минут ішінде жоғалтым алуымыз мүмкін. Айналадағылар көретін жұмысқа, жауапкершілікпен қараған дұрыс.

Іскер адамның имиджін құру

Айтып жатқандай,қазіргі іскер адамның имиджі бірнеше бөліктен тұрады - түр-сипат, сөйлеу, жеке және кәсіби сапа. Адам жайлы айтуға мүмкіндік беретіннің бәрі жеке болып саналады. Іскер адамның имиджі бірнеше этаптан тұрады. Соңында әрбір бөлшектің бәрі идеалды жағдайда болуы керек.

1.Түр-сипат. Киімге қарап қарсы алатыны белгілі. Сізді көрген беттен бастап сіз туралы қандай көзқарас қалыптасады. Сол себептен, іскер адамның жақсы түр-сипатының бірнеше ережесін білген абзал.

2.Сөйлеу. Ауызын ашпағанға дейін адам туралы жақсы сыртқы көзқарас туындайды. Бір-екі дұрыс айтылмаған сөзден кейін, бірінші көзқарасын сол арада бұзылады. Сондықтан, іскер адамға дұрыс сөйлей білу маңызды:

-әңгіменің не туралы екенін білмесен, әңгімеге кіріспе. Басқа жағынан, не жайлы әңгіме болып жатқанын білсеңіз, әңгімелесушілеріңізге көрсете аласыз.

-әңгімелесушілеріңізді сыйлаңыз. Мұқият тыңдаңыз, сыпайы және әдептілік сақтаңыз.

-сіздің сөйлеу мәнеріңізді тамаша әрлеуі метафора, образдар және әртүрлі салыстырмалар болып табылады.

-Паразиттік және шаблондық сөздерден аулақ болыңыздар.

-Білетін ақпаратты бұрмаламай және тек шындықты айтуға тырысыңыз.

3. Кәсібишілік. Мансап жасай бастаған сферада сіз өзіңіздің білетіңізді дипломдарыңызбен сертификаттырыңызбен емес, өзіңіздің біліміңіз бен іс әрекеттіңізбен дәлелдей аласыз. Сіз білетін және істей алатын нәрсені айналадағылармен әңгіме етпеңіз. Өз ісіңіздің маманы екенін, өзіңіздің жетістіктеріңізбен дәлелдеңіз.

Басында біз өзіміздің атымызға қызмет етеміз, ал одан кейін атымыз бізге қызмет етеді деген керемет мәтел бар. Жақсы жұмыс істеп пайдасын көру іскер адамның имиджін құрайтын нәрселер. Адамгершілік әсерлілікті шартты түрде бірнеше құрауыштарға бөлуге болады - сыртқы көріктілік, көшбасшылық қабылдау, стрессті тұрақтылық, тез арада жаңа жұмысқа және ұжымға үйрену, бейтаныс жерде өзіне деген сенімділік, оппозициондық көзқарасқа төзімділік. Егер сіз өзі іскер адам имиджін құрғыңыз келсе, осы айтылған нәрселерден бастау алу қажет.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Петрунин Ю.Ю. Этика бизнеса: Учебник. 4-е изд. / Ю.Ю. Петрунин, В.К. Борисов. – М.: ТК Велби, Проспект, 2007. – 352 с.

2.Подопригора М.Г. Деловая этика. Уч.пособие. Таганрог: Изд-во ТТИ ЮФУ, 2012. – 116 с.

3.Психология и этика делового общения: Учебник для вузов/ Под ред. проф. В.Н.Лавриненко. -4-е изд., пер. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005. – 415 с.

4.Семенов А.К. Психология и этика менеджмента и бизнеса: Учебное пособие / А.К. Семенов, Е.Л. Маслова. – М.: Дашков и Ко., 2007. – 276 с.

 


3-Дәріс тақырыбы:Коммуникация стратегиясы мен стилі.

Қарастырылатын мәселелер:

1.Коммуникативті процестің құрылымы және ақпаратты жеткізудегі қиындықтар.

2.Коммуникация құралы мен каналдары.

 

Қарым-қатынастық категориясы әлеуметтік психологиялық ұғымның негізі болып табылады. Қарым - қатынас адамдар арасында психологиялық байланыс тудыратын іс -әрекет формасы. Психикалық байланыс қарым -қатынаста адамдарды бір -біріне деген сезімнің алмасуын қамтамасыз етеді. Б.Д.Парыгиннің көзқарасы бойынша қарым -қатынас күрделі процесс. Ол адамдардың өзара ара -қатынасы. Ақпараттық байланыс, бір -біріне деген қарым қатынасы, әсер ету арадағы түсіністік пен уайымдау процесі бір рет мезгілде орындалуы мүмкін. Буев қарым қатынастың төмендегі аспектілерін қарастырды:

1.Ақпараттық коммуникативті адамдардың бір бірімен қарым қатынас жасай отырып, ақпарат алмасу түрі.

2.Интеракциондық.

3.Психологиялық(адам әлеуметтік танымда субъект және объект ретінде қарастырылады).

4.Аксиологиялық (қарым қатынасты құндылықтарымен алмасу ретінде қарастырылады).

5.Нормативтік (жеке тұлғаның мінез құлығын нормативті жөнге салу процесіндегі қарым қатынастың алатын орны мен ролі).

6.Сематикалық (қарым қатынасқа тән белгілі жүйе деп түсіндіреді).

7.Әлеуметтік практикалық (қарым қатынас іс әрекет қабілетінің дағдылық пен алмасу ретінде қарастырады).

Қарым-қатынасты философиялық, әлеуметтік, психологиялық түрде зерттей отырып, қарым -қатынастың әлеуметтік психологиялық түрде мәртебесін анықтаймыз. Әлеуметтік педагогикалық қарым -қатынасты барлық түрі психотехникалық жүйе ретінде қарастырылады. Психотехникм адамның ішкі дүниесіне әсер беретін қабылдау құралдар жүйесімен түсіндіріледі. Мұнда қарым - қатынас әлеуметтік психологиялық механизм түрінде беріледі. Ол ұғым психологиямен, мәдениеттанумен, әлеуметтанумен, этнологиямен қатар дамуда.








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 5032;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.03 сек.