Тақырыбы: Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі

Жоспар:

1.Қышқылдық-негіздік титрлеудің теориялық негіздері.

2.Қышқылдық-негіздік индикаторлар.

3.Қышқылдық-негіздік титрлеудің қисықтары.

4.Титрлеу қисықтарын талдау.

Қышқылдық-негіздік титрлеу әдістері қышқылдардың және негіздердің өзара реакцияласын пайдалануға негізделген. Жалпы түрде бұл реакцияны келесі түрде жазуға болады:

 

Н3О+ + В → ВН+ + Н2О; немесе Н3О+ + ОН- → 2Н2О;

 

Қолданылатын титрантқа байланысты ацидиметриялық және алкалиметриялық титрлеу түрлері болады. Ацидиметриялық титрлеу әдісінде (acidum - қышқыл) титрант ретінде НСІ-ның және Н24-ның 0,1 және 0,01 н ерітінділері қолданылады. Алкалиметриялық титрлеуде (alkalis - сілті) – NаОН-нің және Ва(ОН)2-нің 0,1 және 0,01 н ерітінділері қолданылады.

Индикаторлар – реакция жүріп жатқан ортаның қасиетінің өзгеруіне байланысты өзінің құрылысын және сондықтан өзінің физикалық қасиеттерін өзгертетін заттар. Көп жағдайда индикатордың түсі өзгереді, кейде люминисценция люминесценция байқалады. Қышқылдық-негіздік титрлеудің индикаторлары ортаның рН-нің мәні өзгергенде құрылымдарын және қасиеттерін өзгертеді. Оларды осыңан сәйкес қышқылдық-негіздік индикаторлар деп атайды. Протолиттік теория тұрғысынан қарастырғанда олардың қышқылдық НJnd және негіздік Jnd типтес индикаторлары болады. Ерітінділерде индикаторлар иондалған және иондалмаған күйде болады. Олар өз-ара тепе-теңдікте болады. Бұл тепе-теңдіктің ығысуы ортаның рН-нің мәніне тәуелді және константамен сипатталады.

Титрлеуді жүргізу барысында келесі сұрақтар туындайды:

1.Затты анықтау үшін титриметриялық әдісті қолдануға болады ма ?

2.Егер мүмкін болса, онда қандай индикаторды қолданған дұрыс ?

Бұл сұрақтарға жауап беру үшін қышқылдық-негіздік титрлеудің қисықтарын тұрғызу және оны талдау керек. Бұл қисықтар титранттың көлемінің және ортаның рН-нің мәнінің өзара тәуелділігі болып табылады. Титрлеудің қисықтарын тұрғызу үшін титрленетін ерітіндінің орасының рН-нің мәнін есептейді. рН-нің есептеу барысында титриметриялық қоспаның құрамын, қышқылдардың және негіздердің константаларын және титрленген заттың бөлігін ескереді.

Титрлеудің қисықтары титрлеудің барысында қоспадағы болып жатқан үрдістер туралы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Сондықтан қышқылдық-негіздік титрлеудің әдісін және осыған сәйкес индикатордың белгілі бір түрін қолдану мүмкіндігін анықтайды. Титрлеудің келесі түрлері болады: күшті қышқылдарды күшті негіздермен титрлеу қисықтары; әлсіз қышқылдарды және негіздерді титрлеу; полипротондық қышқылдарды және негіздерді, қышқылдардың және енгіздердің қоспаларын титрлеу;

 

Бақылау сұрақтары:

1.Қышқылдың ерітіндісіндегі оның мөлшерін қандай әдіспен және қалай анықтауға болады ?

2.Қышқылдық-негіздік тирлеуде индикаторлардың қандай түрлерін қолданады ?

3.Қышқылдық-негіздік титрлеудің қисықтарын не үшін тұрғызады және талдайды ?

4.Полипротондық қышқылдарды титрлеудің ерекшеліктері қандай және олардың титрлеудің қисықтарын талдау қандай мағлұматтар береді ?

 

 

8-ші дәріс








Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 8659;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.