Рғақ заттардан ысқыланған ұнтақтар (тритурация) дайындау
Құрғақ заттардан ысқыланған ұнтақтар дайындау үшін дәрілік заттың белгілі мөлшерін алып фарфорлы келіде сүт қантымен ысқылады.
Ұнтақтарды құрғақ заттардан ысқылап дайындау дегеніміз, тек дәрілік затты сүт қантымен араластыру емес, ол бұл қоспаны мұқият ысқылап ұнтақтау арқылы өте ұсақ бөлшектер алу екенін есте ұстау керек. Осыған байланысты ұнтақты ысқылау мерзімі 1 сағаттан кем болмауы керек.
Бұл тұжырымның дұрыстығына келесі мысал көз жеткізеді: егер Купрум металликумның 1-ші ондық ысқыланған ұнтағын дайындау кезінде әр 10 минут сайын микроскоппен Купрум сынағын тексеріп, бөлшектердің өлшемін анықтаса, құралсыз, жай көзге біркелкі көрінгенімен, шамамен тек 1 сағаттан кейін ғана гомогенді көрініс шығады. Бұл үрдістен ауытқу әрбір жағдайда ескертіліп отырады.
Ысқыланған ұнтақтар дайындау кезінде кейбір ірі бөлшектер ұнтаққа түсіп кетпеу үшін ысқылау мен келі бетінен ұнтақты қырып отыру өте мұқият орындалуы керек.
Гигроскопиялы заттарды ысқылау тек қыздырылған келіде орындалуы керек.
Құрғақ заттардан ысқыланған ұнтақтар төменде келтірілген үрдіс бойынша дайындалады.
Жүздік шкала бойынша 0,1 г дәрілік зат 9,9 г сүт қантымен, ал ондық шкала бойынша 1 гдәрілік зат 9 г сүт қантымен ысқыланады. Сұйылтуға алынған сүт қанты тең 3 көлемге бөлініп, 1 –ші көлемі фарфорлы келіге көшіріледі және келі бетінің кездейсоқ қуыстарын бітеу мақсатында бірнеше рет араластырылады, содан кейін дәрілік затты қосып, күш сала отырып, 6 минут бойына ысқылайды, 4 минут бойына ұнтақты келі бетінен қырып араластырады, тағы 6 минут ысқылайды, 4 минут қырады. Содан кейін сүт қантының екінші көлемін келідегі ұнтаққа қосып 6 минут ысқылай, 4 минут қырады, осы үрдіс тағы бір рет қайталанады. Ең соңында сүт қантының қалған көлемі салынып, жоғарыдағы келтірілген үрдістер қайталанады. Сонымен 10 г ысқыланған ұнтақ дайындауға 1 сағат жұмыс уқыты кетеді.
Осы әдіспен 1 г жүздік ысқыланған ұнтақты немесе 1 г ондық ысқыланған ұнтақты қайталап 99 г немесе 9 г сүт қантымен 2-ші жүздік немесе 2-ші ондық сұйылту алынады.
Кесте № 8
Гомеопатия тәжірибесінде қолданылатын ұнтақтар (тритурация)
Атауы | Бастапқы заттар | Қолданылатын сұйылтулар | Қолданылуы |
Сепия (Sepiа) | Каракатица -өрмекші тұқым-дас. Сиялы қап | Х3 және одан жоғары | Гинекология, бас ауруы, экзема және т. б. |
Слицея, кремний қышқылы | Тұнбаланған метакремний қышқылы | Х3 және одан жоғары | Фурункульде, карбункульде, маститте және т. б. |
Гепар сульфур (Hepar sulfuris) | Ганеман известі күкіртті бауыры – тигельде ұзақ уақыт «ағарғанша» қыздырылған күкірттің және устрица үйшігінің тең салмақтық бөлігінің қоспасы. Суытылғаннан кейін тығыз жабылған шыны сауытта сақтайды | Х3 және одан жоғары | Флегмонада (іріңдеуде), борнхитте және т.б. |
Карбо вегетабилис (Carbo vegetabilis) | Бук немесе қайыңның жақсы қыздырылған көмірі. Х1 МФ талаптарына сәйкес болуы керек. | Х3, 3 және одан жоғары | Созылмалы диспепсияда, өкпе эмфиземасында және т.б. |
Графит. (Graphites) | Табиғи графит | Экземада, жарақат бетін бітеуге және т.б. |
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1621;