Бетон қоспасын дайындау технологиясы.

 

Бетон, (французша: bton, лат. bіtumen — тау шайыры), құйматас — жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.

Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т.б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кг/м3-ден жоғары), ауыр (1800 — 2500 кг/м3), жеңіл (1800 — 500 кг/м3), өте жеңіл (500 кг/м3-ден төмен) болып бөлінеді.

Қолдану түріне қарай құралымдық, құралымдық-жылу оқшаулағыш, жылу оқшаулағыш және арнайы жасалған бетондар (отқа төзімді, қышқылға төзімді, жолға төсеуге арналған, т.б.) болып ажыратылады.

Бетон - гравийдің, қиыршықтастың, малтатастың, қиынды тастың цемент немесе басқадай тұткыр материал ертіндісімен араластырып жасаған, тез қатаятын қоспасы. Бетон түрлері:

тез қататын бетон;

су өткізбейтін бетон;

ауа өткізбейтін бетон;

беріктігі жоғары бетон;

жеңіл бетон; ауыр бетон;

кеуекті бетон;

 

1 м3 бетон қоспасын дайындау үшін 250-350 кг цемент; 1000-1200 кг щебень; 500- 600 кг құм; 100-200 л су қажет. Компоненттердің массасын бетон классына , бар материалдардың сипаттамасына қарап анықтайды.

Цементті қолданбастан бұрын сапасын тексеріп алу керек. Ұсақ және ірі толтырғыштарды бірінші жуып , кейін фракцияға жіктейді.

Бетон қоспасын дайындау процесстері :

А) Қоймадан толтырғыш заттарды және цемент араластырғыштар қондырғыға жеткізу;

Б) Компоненттерді бөлек-бөлек дозалар мен өлшеу;

С) Араластырылған дайын қоспаларды төсеу орындарына жеткізу.

Бетон қоспасын дайындау кезіндегі ең негізгі операциялардың бірі, оларды құрайтын компонеттерді механикалық араластыру болып табылады.








Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 4900;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.