орытынды

Бетон қоспаны дайындау процесі тізбекпен орындалатын төмендегі операциялардан тұрады: араластырғыш машинаға дәл мөлшерленген құраушыларды тұтқырландырғыш , толтырғыш, су тиеу , құраушыларды араластыру және дайын қоспаны түсіру. Араластыру сипатына қарай машиналарды еркінше құлаған материалды гравитациялық араластырғыштар және мәжбүрлі араластырғыштар деп ажыратады.

Бетон қоспасысын дайындаудың негізгі технологиялық операциясы болып бастапқы материалдарды мөлшерлеу және оларды араластыру болып табылады. Бетон қоспасын берілген құрылым көрсеткіштерімен дайындаудың ең маңызды шарты болып бетонның жұмыс құрамын құрайтын мөлшерлеудің дәлдігі болып саналады. Материалдарды периодты немесе үздіксіз әрекет мөлшерлегішпен мөлшерлейді. Біріншісі қолды, автоматты және жартылай автоматты басқаруға ие болады.

Бетон араластырғыш - материалдарды араластыру арқылы бетон қоспасын дайындауға арналған машина. Бетон араластырғыш жылжымалы және стационарлы болады. Материалдарды араластыру тәсіліне байланысты бетон араластырғыштар гравитациялык әсер ететін (материалдардың еркін құлауымен) және ықтиярсыз араластыратынға ерекшелінеді. Жұмыс істеу өзгешелігі бойынша бетон араластырғыштар циклдік әсер ететін және үздіксіз машиналарға бөлінеді.

Бетон сорғысы - бетон қоспасын бункерден бетон жеткізу құбыры арқылы төсеу орнына дейін жеткізуге арналған плунжерлі (поршенді) сорғы. Б.с. бетон жұмыстары көп болғанда ғана пайдаланылады. Б.с. құрылымы бетон қоспасында ірі түйіршіктердің (40 мм-ге дейін) болуын да қарастырады және оны 250 м-ге дейін тасымалдап, 40—50 м биіктікке дейін көтере алады.

 

 

 








Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 2432;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.