Бетон араластырғыштың кинематикалық сұлбасы

Мәжбүрлі әсерлі циклді бетонараластырғыштар қатаң және жылжымалы бетон қоспаларын, сонымен қатар бетон заводтары мен қондырмаларында керамзит бетон қоспалары мен құрылыс ерітінділерін дайындауға арналған. Мемлекеттік сала стандарты бойынша мұндай араластырғыштардың дайындайтын қоспа көлемдері 65, 165, 33 0, 500, 800. 1000, 2000, 3000 л. Олардың типтік өлшемдері сегіз түрлі болып жасалуы көзделеді. Араластырғыштың жетегі электрқозғалтқыш пен бәсеңдеткіштен 1 тұрады. Оның шығым білігі өлкесаусақты жалғастырғыш арқылы екі аунақшалы мойын тіректерде айналатын роторға айналыс береді. Қоспа құрамалары машинаның қозғалмайтын бөлігі 1 және 0,5...0,6 с 1 жиілікпен айна­латын ротордың 3 екі арасындағы сақиналы қуыста қалақтарымен 2 араластырылады. Араластырғыш қалақтар роторға серіппелі амортизаторлар 4 арқылы айналу осінен әртүрлі қашықтықта бекітілген, ал олардың жұмыс беткейлері өздерінің жылжу траекториясын әртүрлі бұрышпен орналасқан. Қалақтардың бұлайша орналасуынан көлденең және айналыс бағытындағы қоюлығы қандай да болмасын қоспа әртүрлі әсерлі және сапалы араластырылады.

 

Мәжбүрлеуші әрекеттегі циклдық бтонараластырғыш С-773
а —Жалпы сұлба; б — конструкторлық сүлбе: 1 стақан; 2 — рама; 3 — араластырғыш қондырғы; 4— мотор-редуктор; 5 — электрооборудование; 6 — затвор.

 

Ротордың түбі мен қалақ арасына кесек зат түсе қалса, амортизаторлардың көмегімен қалақтар бұрылып кете алады. Қондырғыда араластырғыштан басқа рогорға қатаң бекітілген сыртқы және ішкі тазалағыш калақтар қарастырылған. Тостағанның ішкі беткейі тозуға төзімді болатпен қапталған. Тостағанның түп жағында иінтіректі немесе пневмолсетекті бекітпемен жабылатын түсіргіш жүктесік орналасқан.

Мәжбүрлі әсерлі циклді бетонараластырғыштың кинематикалық сұлбасы


 

Үздіксіз әсерлі мәжбурлі бетонараластыргыштарды катаң және жылжығыш, толықтырғыштарының максимал ірілігі 40 мм қоспаларды және кұрылыс ерітінділерін дайындауға пайдаланады. Олардың құрылымы бір типті, өзара өнімділігімен, жұмыс мәрімдерінің өлшемі және пішінімен ажырасады да, қосбілікті болып орындалады. Екі горизонталь қалақты біліктер қимасы астау тәрізді тұрқының (8) ішінде орналасады да, сына-қайысты беріліс (2) екісатылы цилиндрлі бәсеңдеткіш (3) және ашық қостістегеріштер (4) арқылы электрқозғалтқыштан жиілігі 0,6... 1,0 с"' қарама-қарсы бағытта айналыс алады. Болаттан құйылған қалақтар 7 білікте бұрама сызық бойымен орналасқан, ол араластырылушы қоспа құраушыларьна араластырғыш осін бойлай жылжып, өзара бірқалыпты таралуын қамтамасыз етеді. Мөлшерленген құрғақ және сұйық бастапқы құраушылар тиегіш арнашық (5) арқылы үздіксіз ағыммен араластырғышқа түсіріледі. Дайын қоспа түсіргіш (9) арқылы тиеледі. Қоспаны үздіксіз бергенде бекітпе (9) үнемі ашық, ал циклді бергенде - тиеу мезгілінде ғана ашық Өнімділігі сағатына 5 м3 бетон араластырғыштар жылжымалы араластырғыш қондырмалардың атаутізіміне кіреді, маркалы бетондар мен құрылыс ерітінділерін дайындау үшін бытыраңқы орналасқан, жұмыс көлемі шамалы объекттерде пайдаланады. Өнімділігі сағатына 30 және 60 м3 араластырғыштарды тұрақты қондырмаларда қолданады.

 

 

Қосбілікті үздіксіз эсерлі бетонаралас-тырғыш: а - жалпы көрінісі; б - кинематикалық сұлбасы.

 

Дайын қоспа түсіргіш б г кітпе (9) арқылы тиеледі. Қоспаны үздіксіз бергенде бекітпе (9) үнемі ашық, ал циклді бергенде - тиеу мезгілінде ғана ашық Өнімділігі сағатына 5 м3 бетонараластырғыштар жылжымалы араластырғыш қондырмалардьщ атаутізіміне кіреді, оларды мен маркалы бетондар мен құрылыс ерітінділерін дайьи үшін бытыраңқы орналасқан, жұмыс көлемі шамалы объект лерде пайдаланады. Өнімділігі сағатына 30 және 60 м3 араластырғыштарды тұрақты қондырмаларда қолданады.








Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 3352;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.