Бетон қоспасын дайындау технологиясы

 

Бетон қоспасын дайындау технологиясы жергілікті және орталық қондарғыларда, зауыттарда қолда бар құралдармен , сонымен қоса бетон қоспасының құрамымен және басқада факторлар бойынша белгілі технологиялық сүлбелер арқылы жүзеге асырылады. Алайда, бетон қоспасының сапасы технологиялық процесс сүлбесінен тәуелсіз жобалау тапсырмасының талаптарына сәйкес келуі керек. Бетон қоспасының сапасына әсер ететін негізгі фактор болып мыналар табылады: барабанның айналу жылдамдығы, барабанның жүктеме дәрежесі және араластыру ұзақтығы.

Бетон қоспасысын дайындаудың негізгі технологиялық операциясы болып бастапқы материалдарды мөлшерлеу және оларды араластыру болып табылады. Бетон қоспасын берілген құрылым көрсеткіштерімен дайындаудың ең маңызды шарты болып бетонның жұмыс құрамын құрайтын мөлшерлеудің дәлдігі болып саналады. Материалдарды периодты немесе үздіксіз әрекет мөлшерлегішпен мөлшерлейді. Біріншісі қолды, автоматты және жартылай автоматты басқаруға ие болады.

Зауытта және iрi қондырғыларда бетон қоспасын дайындау технологиясы келесi негiзгi операциялардан тұрады: жүк түсiру және материалдарын жинауы және бункерде олардың беруi; материалдарды мөлшерлеу; дозаланған материалдарды араластыру және көлiк қаржыларында даяр бетон қоспасының беруi.

Қатты және өте қатты бетон қоспасын дайындау үшін виброараластырғыштар ойлап табылған, онда құраушы материалдарды араластыру вибрация арқылы жүзеге асрылады.

 

 

Цементке арналған автоматтық мөлшерлегіш
1 —автоматтық таразы; 2 ·— цемент бункері; 3 — тұтастырғышты беру үшін арналған шнектер.

Қоспаны дайындау процесі тізбекпен орындалатын төмендегі операциялардан тұрады: араластырғыш машинаға дәлмөлшерленген құраушыларды тұтқырландырғыш, толтырғыш, су тиеу, құраушыларды араластыру және дайын қоспаны түсіру. Араластыру сипатына қарай машиналарды еркінше құлаған материалды гравитациялық араластырғыштар және мәжбүрлі араластырғыштар деп ажыратады.

Қызмет корсету аумағында жұмыс істеу мерзіміне қарай бетон заводтары тұрақты, жартылай тұрақты және жылжымалы деп ажыратылады. Тұрақты бетон заводтары дайын бетон қоспасын, құрғақ қоспаны және бетон, темірбетон бұйымдарын жасайды. Олар тәулік бойы жұмыс істейтін қондырғылармен жабдықталады. Жартылай тұрақты заводтар негізінен белгілі бір құрылыс объектісіне қызмет етуге арналады да, құрылыс жұмысы ол объектіде аяқталғанда, келесі жерге көшіріледі. Жылжымалы бетон заводтары, әдетте, бір жерде бір құрылыс маусымы бойы қызмет атқарады. Олар аз уақытта аз шығынмен жедел бөлектеніп-жинақталатын және жылжымалы, мобильді қондырғылармен жабдықталады.

Негізгі жабдықтарының типіне қарай бетон заводтары циклді және үздіксіз әсерлі болады. Циклді әсерлі заводтарда тиеу, араластыру, түсіру (арылу) сияқты жұмыс циклдері қайталанатын құрылыс машиналары қолданылады. Үздіксіз әсерлі заводтарда аталған жұмыс түрлері бір уақытта және үздіксіз атқарылады.

Негізгі жабдықтарының үйлестірілуіне қарай заводтар екі түрлі болады: (1) мұнара типті, онда қоспа құрамындағы зат­тар жоғарыда орналасқан (мұнарада) таратқыш құрылғыдарда көтеріледі де, олар темен орналасқан жабдықтарға өз салмақ күшімен гравитация әсерімен беріледі; 2) партер типті, онда жабдықтар екі-үш сатылы сұлбамен орналасады, қоспа құрамындағы заттар екі, үш рет көтеріліп-түскенде мөлшерленіп, араластырылып, соңында көлік құралдарына тиеледі. Құрғақ қоспаны беру үшін бетонның барлық құраушылары баламалаушы мөлшерлегішке, одан кейін автобетонарь ластырғышқа тиеледі. Дайындалған қоспаны беру үшін кұраушылар таратқыштан үздіксіз әсерлі араластырғышқа беріледі. Сол уақытта қатарлас араластырғышқа суқоймасына: сорғы-мөлшерлегіш арқылы үшжүрісті шүмектен су ағылады. Дайын қоспа араластырғыштан автокөлікке тиеледі.

 

Бетон дайындау технологиясының сүлбасы

Бетон мен оның қоспаларын дайындау технологиясының барысы келесі суретте берілген.

 

толықтырғыштары қо­ректендіргіштерден (1) тасымалдағыштармен (2) шанақтарға (3) беріледі, одан дәлмөлшерлегіштер (4) арқылы тасымалдағыштаг мен (5) таратқыштарға (15) түсіріледі. Цемент тарату шанағынан (1) өз ағымымен цемент дәлмөлшерлегішіне 6, одан ары тараткышқа (15) түсіріледі.

 

Гравитациялық араластырғыш - горизон­таль немесе көлбеу осьте (еңгіштік бұрышы 15° дейін) айналатын, ішкі беткейіне қалақ орналасқан . Қалақтар қоспа құраушыларын үздіксіз іліп алып, белгілі бір биіктікке кетереді сол биіктіктен құраушылар ағыны салмақ күшінің әсерінен еркінше құлайды, құлаушы құраушылар ағынының соқтығысуынан олар араласады. Қоспаның атанақ ішінде еркінше айналуына кедергі болатын центрден тепкіш күшті болдырмау мақсатында атанақтың айналу жиілігі 0,3...0,4 с-1 артпайды. Мәжбүрлі араластырғыштарда қоспа құраушылары қозғалмайтын атанақта горизонталь немесе вертикаль қалақты біліктермен немесе қалақты ротормен араластырылады.

 

 

Араластырғыш машиналарда материалдарды араластыру сұлбалары

 

Бетон араластырғыштар.

 

Бетон араластырғыш - материалдарды араластыру арқылы бетон қоспасын дайындауға арналған машина. Бетон араластырғыш жылжымалы және стационарлы болады. Материалдарды араластыру тәсіліне байланысты бетон араластырғыштар гравитациялык әсер ететін (материалдардың еркін құлауымен) және ықтиярсыз араластыратынға ерекшелінеді. Жұмыс істеу өзгешелігі бойынша бетон араластырғыштар циклдік әсер ететін (оқтын- оқтын) және үздіксіз машиналарға бөлінеді.

Әр бетонараластырғыш паспортында көрсетілген барабанның айналу жылдамдығымен жұмыс жасауы қажет. Заводта әр машинаға айналу саны бекітіледі. Ол бетон араластырғыш каплуатациясының қалыпты шартына сәйкес келеді. Қалыпты жағдайға қарсы айналу санын жоғарлату барсында бетон қоспасын араластыру дәрежесі төмендейді. Қандайда болсын барабанның айналу жылдамдығын өзгерту бетонның тығыздығын не жоғарлатады не төмендетеді.

Гравитациялық циклді бетонараластырғыштарды илемді бетон қоспаларын дайындауға пайдаланады. 65; 165 және 300 л қоспа көлемін дайындайтын машиналарды жылжымалы, ал 500...3000 л қоспа көлемін дайындайтындарды тұрақты етіп жасайды.

Жылжымалы гравитациялық бетон араластырғыш-құраушыларының кесектігі 70 мм-ге дейін шағын көлемді жұмыстарға пайдаланады. Төңкерілгіш атанақпен және су дәл мөлшерлегіші мен қамтылған жылжымалы бетонараластырғыштың кинематикалық сұлбасы 8.3 -суретте берілген.

 

Бетономешалка непрерывного действия СМ-314 Үздіксіз әрекеттегі бетонараластырғыш

Электрқозғалтқыштан 1 көпқатарлы сына-қайысты беріліс 2, білік 3 және тістегерішті беріліс 4 арқылы білік 5 айналады. Ол білік конусты тістегеріш және тәж 6 арқылы араластырғыш атанақты 7 вертикаль ось 10 бойымен айналдырады. Қозғалыс шынжырлы беріліс арқылы 12 шөмішті 19 көтеу механизмінің атанағына 15 беріледі. Иінтірек 14 арқылы конф­еты фрикционды 16 іске қосқанда арқан 17 атанаққа 15 оралып, шөмішті көтереді. Шөміш 19 жоғары көтерілгенде төңкеріліп ішіндегілері араластырғыш атанаққа 7 түседі. Сол сәтте шөміштің тірегі қосқышқа 13 түйісіп, фрикционды ажыратады да, атанақты 15 түсіру күйінде үстап түратын таспалы тежеуіш 18 іске қосылады. Шөміш тежеу күйінен басқарушы иінтірек 14 арқылы босайды. Араластырғыш атанакты тиегенде еңкейту, босатқанда төңкеру тістегеріші тісті сектормен 8 іштей ілініскен штурвалды 9 бұру арқылы жасалады. Штурвалды бұрғанда сектор траверсаны 11 еңкейтеді де, араластырғыш атанақ төңкеріледі. Атанақ еңкейген күйінде тежегішпен немесе қырылдақпен ұсталынады. Тұрақты бетонараластырғыштардың қос конусты атанағы екі қиылған конустан тұрады: қысқа (тиегіш) және ұзартылған (түсіруші). Олар өзара цилиндрлі үстемемен косылған. Оның атанағы, шетмойынтірегі қаңқаның тіректеріне сүйенген бұрылмалы траверсаға жинақталады. Араластырғыштың жұмыс барысында атанақ өзінің бойлау осінде үздіксіз айналады да, дайын қоспаны түсіру үшін көлденең осіне еңкейтіледі. Атанақтың конусты бөліктерінің іш жағына болаттан жасалған, қырлары тозуға аса төзімді кронштейндер арқылы қалақтар бекітілді. Араластыру барысында айналыста тұрған атанақтың орта елінде, қалақтардың әсерімен қоспа құраушылары, көтеріліп-құлап, ерсілі-қарсылы қозғалған атанақтың осін бойлай жылжиды. Ол қоспаның біртектілігін жақсартумен қатар, араластыру әсерлілігі мен араластырғыштың өнімділігін арттырарады. Араластырғыштардың атанақтары механикалық гидравликалық және пневматикалық жетектер арқылы еңкейтіледі. Бетон қоспасының сапасына араластырылуының ұзақтылығы зор әсерін тигізеді. Араластырылу ұзақтылығының жоғарлату бетон қоспасының біртектілігін, тығыздығын нығайтады.

Құраушы мөлшерлеменің дұрыстығы бетон қоспасының сапалы түрін алудың негізі болып табылады.

 









Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 8038;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.