Сарапшы қорытындысының түсінігі.

Істі занды, негізді және әділ шешу үшін маңызы бар мән-жайлар дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және пайдалану процестерінен тұратын дәлелдеулер арқылы анықталады.

Дәлелдемелердің катарына заң сарапшының қорытындысын да жатқызады (ҚІЖК-нің 120-бабы). «Сарапшы қорытындысы» деген терминнің екі жақты мағынасы бар: біріншіден, ол сот дәлелдемесінің түрі, екіншіден, ол осы дәлелдеме баяндалған іс жүргізу актісі.

Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес сарапшы қорытындысы – ол осы занда көзделген жазбаша нысанда ұсынылған, қылмыстық процесті жүргізуші орган немесе тараптар сарапшының алдына қойған мәселелер бойынша көрсетілген объектілерді зерттеуде арнаулы ғылыми білімін пайдалана отырып жүргізілген нәтижелерге негізделген қорытындылар.

Заң іс бойынша дәлелдеме ретіңдегі сарапшы қорытындысының мына ерекшеліктеріне аса назар аударады:

- корытындының ҚІЖК-нің 251-бабында белгіленген міндетті жазбаша нысаны болады. Сарапшыдан жауап алу барысындағы оның ауызша жауаптары қорытындыны түсіндіреді, бірақ оны ауыстыра алмайды;

- дәлелдеме ретіндегі сарапшының қорытындысына оның тұжырымдарымен бірге, сараптама жүргізудің негіздерін, тапсырмаларды, зерттеу барысы мен сарапшы тұжырымдарының негіздеуі сипаттамалары да кіреді. Сонымен, сарапшы қорытындысы тек қойылған сүрақтардың жауаптарын тұжырымдаумен ғана бітпейді. Зерттеулерді сипаттаудың болмауы қорытындыны дәледемелік мәнінен айырады;

- қорытынды берілгеннен кейін сарапшыдан жауап алу жүргізу жағдайында, тіптен арнаулы ғылыми білімдерге негізделсе, одан алынған өзге мәліметтер емес, алдында берілген қорытындыны түсіндірулер дәлелдеме болып табылады. Сарапшыдан жауап алу барысында оған қойылған сұрактарға сарапшының жауаптары кррытындының к9рамдас бөлігі болып табылады;

- сарапшының қорытындысы қылмыстық процесті жүргізуші орган үшін міндетті болып табылмайды, сондықтан қорытындыға сыни емес көзқарастан көрінетін мүмкін болатын қателерді болдырмауға назар аударылады

Қорытындыларды тиісінше пайдаланбау әр түрлі нысандар-да көрінуі мүмкін:

- үкімде және баска да іс жүргізу акітлерінде корытындыны дұрыс түсіндірмеу (мысалы, тектік (топтық) қатыстылықту ралы тұжырым жеке тепе-тендік туралы тұжырым ретінде, ыкти-малды нысандағы тұжырып кесімді тұжырым ретінде баяндалады);

-корытындыны толық пайдаланбау – сарапшының бір тұжырымдары ескеріледі де, екіншілері еленбей қалады;

- сарапшының аңықтаған фактілерін дұрыс түсіндірмеу.

Сот сарапшысы (сарапшылар) зерттеулердің нәтижелері бойынша өз атынан жазбаша қорытынды жасайды және оны өз қол қоюымен және жеке мөрімен куәландырады. Сот сараптамасын сот сараптамасының органы жүргiзген жағдайда, сот сарапшысының (сарапшылардың) қолы көрсетілген органның мөрiмен расталады.

Сарапшының қорытындысында: оның ресімделген күні, сот сараптамасын жүргізудің мерзімдері мен орны; сот сараптамасын жүргізудің негіздері; сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) туралы мәліметтер; сот сараптамасын жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сот сарапшысы (сот сарапшылары) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі); көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы өзінің ескертілгені туралы сот сарапшысының (сарапшылардың) қол қоюымен куәландырылған белгі; сот сарапшысының (сарапшылардың) шешуіне қойылған мәселелер; сот сараптамасын жүргiзу кезінде қатысқан процеске қатысушылар туралы және олар берген түсіндірмелер туралы мәліметтер; зерттеу объектілері; қолданылған әдістемелер көрсетілген зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негіздемесі және тұжырымы көрсетілуге тиіс.

Егер Заңда /32-бабында/ көрсетілген мән-жайлар сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған болса, қорытындыда сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған барлық сұрақтарға немесе олардың кейбіреуіне жауап қайтару мүмкін еместігінің негіздемесі қамтылуға тиіс. Сарапшы қорытындысының құрылымын және мазмұнын, оның ішінде комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сот сараптамасын жүргізу нәтижелерін ресімдеу ерекшеліктерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы айқындайды. Заңда көзделген тәртіппен куәландырылған, сарапшының қорытындысын көрнекілейтін материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер де, оның ішінде үлгілер қоса берілуге тиіс.

Сарапшының қорытындысын берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама. 1. Егер сот сарапшысы (сарапшылар) зерттеу жүргізілгенге дейін оның алдына қойылған мәселелер өзінің арнаулы ғылыми білімінің шегінен тыс екеніне не оған ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз екеніне және орнын толықтыру мүмкін еместігіне не ғылымның және сараптама практикасының жағдайы қойылған мәселелерге жауап қайтаруға мүмкіндік бермейтініне көз жеткізетін болса, ол қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді хабарлама жасайды және оны өз қол қоюымен және жеке мөрімен куәландырады. Сот сараптамасы органы сот сараптамасын жүргізген жағдайда сот сарапшысының (сарапшылардың) қолы көрсетілген органның мөрімен куәландырылады. Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламада: оның ресімделген күні, сот сараптамасын жүргізудің мерзімдері және орны; сот сараптамасын жүргізудің негіздері; сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) туралы мәліметтер; сот сараптамасын жүргізу тапсырылған сот сараптамасының органы туралы және (немесе) сот сарапшысы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі); көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы өзінің ескертілгені жөнінде сот сарапшысының (сарапшылардың) қол қоюымен куәландырылған белгі; сот сарапшысының (сарапшылардың) шешуіне қойылған мәселелер; зерттеу объектілері; сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелерге жауап қайтарудың мүмкін еместігінің негіздемесі көрсетілуге тиіс. Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаның құрылымын және мазмұнын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы айқындайы. Егер сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда көрсетілген бір мәселелер бойынша сот сарапшысы қорытынды берсе, ал басқалары бойынша қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама жасау үшін негіздер бар болса, ол бірыңғай құжатты – сот сарапшысының қорытындысын жасайды.








Дата добавления: 2015-10-05; просмотров: 3765;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.