Сот сараптамалық қызметті лицензиялау және аттестациялау тәртібі.
Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары «Сот сараптама қызметі туралы» заңда көрініс тапқан. Яғни, Заңды тұлғаларға сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласында сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия беріледі. Заңның 15-бап 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, жеке тұлғаларға сот-сараптамасының өзге түрлері саласында сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия беріледі. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия басты лицензия болып табылады. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасымен белгіленеді.
Сондай-ақ «Сот сараптама қызметі» туралы заңда сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату және одан айыру мәселелері қарастырылған. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың, тоқтатудың және одан айырудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасымен белгіленеді. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиясының қолданылуы:
1) ол мемлекеттік қызметте болған;
2) ол өз қызметін Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін тұрақты немесе босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған;
3) сот сараптамасы органдарында сот сарапшысы лауазымында жұмыс істеген;
4) мерзімді әскери қызметті өткерген кезеңде тоқтатыла тұрады.
Көрсетілген жағдайларда лицензияның қолданылуы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен тоқтатыла тұрады. Лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адам, Қазақстан Республикасының соттары, құқық қорғау органдары және адвокатура органдары қабылданған шешім туралы хабардар етіледі.
Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиясының қолданылуын тоқтату:
1) мынадай: адам сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел не бірнеше қайтара бұзған; адамды аттестаттау нәтижелерімен расталған кәсіптік даярлығының жеткіліксіз деңгейі салдарынан оның сот сарапшысы міндеттерін атқаруы мүмкін болмаған; адам аттестаттаудан өтуден жалтарған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талап-арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады;
2) мынадай: адам соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кеткен деп танылған; адам Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылған; адам қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; адамға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жүзеге асырады.
4. Заңның 16-бап 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ұсынуымен талап-арызды дайындау туралы Қазақстан Республикасы Әділет министріне жүгінеді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі сот шешімі негізінде сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адамға жіберіледі. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының соттары, құқық қорғау органдары және адвокатура органдары хабардар етіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адамға жіберіледі. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының соттары, құқық қорғау органдары және адвокатура органдары хабардар етіледі.
Сот сарапшысын аттестаттау
Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары, сондай-ақ сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдар олардың кәсіптік даярлығының деңгейін анықтау мақсатында бес жылда бір рет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының аттестаттау комиссиялары жүргізетін аттестаттаудан өтеді. Сот сарапшысының кәсіптік даярлығының тиісті деңгейіне негізді күмән туындаған кезде ол кезектен тыс аттестаттаудан өткізіледі.. Сот сарапшысын аттестаттау, оның ішінде кезектен тыс аттестаттау жүргізудің тәртібін, сондай-ақ аттестаттау комиссиялары қызметінің тәртiбiн және олардың құрамын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.
Дата добавления: 2015-10-05; просмотров: 1797;