Адам және оның экономикалық қызметі

Экономикалық теория адамдардың мінез-құлқын зерттейді, адам өзінің еңбегінің арқасында қоғамдық тіршілік иесі болды деп анықтайды. Еңбек - адамның саналы түрде және мақсатты бағытталған қызметі ретінде барлық жануарлар әлемінен бөлектеп, адамға сана берді және оның өмірінің қоғамдық сипатын анықтады. Қоғамдық өндірісті оқып-үйрену кезінде, адам бір мезгілде өндіруші және экономикалық байлықтарды тұтынушы болып саналады. Ол тек қана байлықты жасап қоймай, сонымен бірге техника мен технологияларды пайдалану тәсілдерін анықтап, оны іс-қимылға келтіреді. Өндірістің бұл құралдары өз кезегінде, өндірістегі адам факторларының физикалық және интеллектуалдық параметрлеріне жаңа талаптар білдіреді.

«Адам факторы» термині мен ғылыми түсінігі, экономикалық теорияға өте ертеде енген сияқты, алайда содан бері оның әлі нақты анықтамасы жоқ. Себебі ешкім де күрделі қоғамдық қатынасты зерттеп-үйренумен айналысқан жоқ деп ойлаймыз. Дегенмен, адам - қоғамның басты өндіргіш күші деген марксистік тезиспен барлық экономикалық мектептің өкілдері: классиктер, неоклас­сиктер, кейсиандықтар, монетаристер, институционал­шыл­дықтар және т.б. келіседі. Адам ғана өндірістің заттық факторларын жандандырады: капитал мен жер өндіріс технологиясының өте күрделі жүйесін құрады, өзіне және қоғамға қажеттерінің барлығын өзі өндіреді. Адам - өндірістің басында тұр, ол өндірісті мақсатқа жұмыл­дырушы болып саналады, сол сияқты кез келген өндірістің мақсаты ретінде оның соңында тұр. Демек, адам капиталы капиталдың өзге түрлерімен қатар экономикалық теория­ның басты, негізгі категориясы ретінде қарастырылады. Соны­мен, адам капиталы - экономикалық қызмет объектісі ретінде, капитал салу объектісі ретінде, өндірістің кез келген өзге факторына қарағанда пайда табу объектілері ретінде танылады және негізделеді. Философиялық және әлеуметтік түсінік тұрғысынан адам капиталы адам өмірінің барлық аспектілерін қамтиды, өндірістің барлық факторларымен қосылады және оларды іс-қимылға келтіре отырып, оларға үстемдік етеді. Адам капиталының аспектісі: білім беру, денсаулықты дамыту, ақпараттар алу, жұмыс күші миграциясы шығындарынан тұрады, осылар­дың барлығы қоғамдағы еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі. Адам өндіргіш күштердің тірі таратушысы ретінде көптеген қасиеттер мен сапаларға ие, яғни алуан түрлі қажеттіліктер мен қабілеттердің жиынтығына ие. Адамның өндіргіш күштерінің құрылымында екі қасиет бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілет және тұтыну күші (қасиеті) немесе еңбекті тұтыну қабілеті. Мұнан шығатын қорытынды, еңбек - жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну - адамның тұтыну күшінің қызметі.

Сондықтан да, адамның еңбекке және тұтынуға қабілеттері ретінде адамның қалыптасуы мен даму әдістерін оқып-үйрену қажет. Мұндай қажеттілік, қоғамдық өндірісті дамытудағы адам ролін сипаттау кезінде туындайды, қазіргі экономика ғылымы: «экономи­калық адам», «өндірістегі жеке фактор», «басты өндіргіш күш», «адам капиталы» және т.б. түсініктер мен анықтама­лардың тұтастай арсеналын пайдаланады.

Экономикалық категориялардың ішінен, адам фак­торының анықтамалары мен атаулары көп кездеспейді. Мұндай категория жоқ деп айтса да болады. Бұл мынадай жағдайлармен түсіндіріледі: адам капиталы теориясы түсінігі - экономикалық салымдар объектісі және пайда әкелуші экономикалық қызмет объектісі ретінде адамның негіздеуі мен тануы. Дегенмен, өндіріс құралдарына жеке меншік пен адам факторына пайдалар мен инвестицияларды сіңіру нарықтық форма­лары кезінде біліктілікті өсіру, жұмысшы денсаулығы, оның миграциясы ешқандай мәнге ие болмайды. Тек соңғы 40-50 жылдары әлемдік экономиканың дамуымен, дамыған елдерде әлеуметтік проблемаларды шешумен, адам капиталы проблемалары пайда болды.

Адам капиталына салынатын инвестиция - бұл өмір жағдайын жақсартатын жеке адамның біліктілігін арттыратын, шығаратын тауарлардың сапасын жақсартуға ықпал ететін кез келген әрекет. Өндіріс үшін станоктар мен құрал-жабдықтар сатып алушы кәсіпкерлердің шығындары, еңбекке инвестиция ретінде қарауға болады. Бұл ағымдық шығыстар немесе шығындар, болашақта өсіп отыратын кірістермен көп қайтара өтеледі және адамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру үшін, сондай есеппен жүзеге асырылады.

Жұмысшыларды оқытуға арналған инвестицияны жабдықтар­ды сатып алуға жұмсалған инвестициялармен салыстыру таң қаларлық, тіпті мағынасыз болуы мүмкін. Дегенмен, нақ­тысында екі көзқарас бір-біріне өте ұқсас. Қосымша білім алуға арналған инвестициялар, сондай-ақ білімнің 7-8 жыл ішінде ескіріп қалатындығынан, ал бұл кезеңде адам білімінің көлемі екі еселенетіндіктен қажет болады. Сөйтіп, білім беру қоры көлемінің 6-7%-ы, екінші мамандық алу, біліктілікті көтеру, қайта даярлық қоғамдық өндірістің өсу объективті қажеттілігіне жұмасалады.

Дамыған нарықтық елдерде соңғы 30-40 жылдары адам капиталына құйылатын инвестициялар өндірістің мате­риал­дық-заттық факторларына қарағанда маңызды түрде тез өсуі туралы мәліметтер «адам капиталы» маңызын растайды. Мәселен, АҚШ-та білім факторы ұлттық табыстың 14%-ын құрайды.

Тұтастай алғанда адам капиталына салынатын инвес­тициялардың төрт түрі болады:

1. Білім беруге жұмсалатын шығындар жұмыс күшін құрайды, олар, неғұрлым білікті және неғұрлым өнімді бола түседі

2. Денсаулық сақтауға, аурудың алдын алуға, медициналық қызмет көрсетуге, диеталық тамақтануға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған шығындар - осылардың барлығы өмір сүруін ұзартады, жұмыс қабілеті мен еңбек өнімділігін арттырады.

3. Солардың арқасында жұмысшылар өндірісі шектеулі орындардан өндірісі жоғары дамыған жерлерге қоныс аударуына жұмсалатын шығындар еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі және инвестицияны ақтайды. Білім беру сияқты, географиялық миграция алдағы уақытта олардың еңбек қызметі мен нарықтық құнының өсуінен пайда табуға жағдай жасайды.

4. Адам капиталы теориясына сәйкес еңбек өнімділігі мен еңбек қызметінің (еңбекақы) нарықтық құны маңызды дәрежеде жеке адамға немесе оның отбасы және жалдаушыға білім беруді, денсаулық сақтауды және жұмыс орнын көбейтуді қажет деп санайды.

5. Экономикалық теория адам өмірінде ғылыми талдау жасағанда, оның жеке басының алуандылығын, жеке даралығын, алуан түрлі экономикалық себептерін және мінез-құлқын ескере отырып, модель жасауға, ол жеке адамның экономикалық белсенділік мотивтерін, мақсаттарын сипаттайтын параметрлер негізінде құрылған.

Экономикалық ғылым адам моделін жасай отырып, адам болмысының көптеген белгілері мен сапаларын абстрак­циялайды. Экономиалық ғылымның шаруашылық өміріне теория­лық талдау жасау кезінде нақты адамдар қасиеттеріне сүйенуге болмайды, өйткені олардың жеке басының мінездемесі тым күрделі, қарама-қайшылықты болып саналады.

Экономикалық теория адам моделін зерттеу инструменті ретінде немесе соның негізінде зерттеуші-теоре­тик­тер сұраныс, ұсыныс, бәсекелестік, пайдаларды бөлу, тұтынушылардың мінез-құлықтары сияқты теорияларын жасайтын белгілі бір теориялық алғышарт ретінде қарастырады.

 








Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 3343;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.