Launch Services қызметі күйінің өзгерісі
Finder қосымшасының Қасиеттер (Get Info) терезесінен сіз кез келген нақты файл түрі үшін Launch Services қызметтері қосымшасының күйлерін өзгерте аласыз. Бұл күйге келтіру пайдаланушы деңгейінде сақталады, сондықтан бір пайдаланушының қосымша таңдауындағы артықшылық басқаның таңдауына қосылмайды. Бұл пайдаланушылық күйге келтіру әрбір пайдаланушының -/Library/Preferences папкасында com.apple.LaunchServices.plist күйге келтіру файлында сақталады. Finder қосымшасында Launch Services қызметінің күйін өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындаңыз.
► Finder утилитінде Launch Services қызметінің күйін өзгерту талап етілетін файлдарды немесе бірнеше файлды таңдаңыз, одан кейін Қасиеттер (Get Info) немесе Инспектор (Inspector) терезесін ашыңыз.
► Қасиеттер (Get Info) терезесін ашу үшін төменде келтірілгендердің (егер осы қадамдарды I Opti on I пернесін ұстап тұрып орындасаңыз, Инспектор терезесі ашылады) біреуін орындаңыз.
► Мәзір панелінен Файл > Қасиеттер (File > Get Info) таңдаңыз.
► | Command I + (Т) пернелер комбинациясын қолданыңыз.
► Finder терезесінің құралдар панеліндегі Action қалқымалы мәзірінен (жұлдызша таңбалы перне) Қасиеттер (Get Info) командасын таңдаңыз.
3. 1 Control 1 пернесін басып тұрып тышқанның оң немесе сол жағын нысанға апарып шертіпFinder утилитінің контекстік мәзірінен Қасиеттер (Get Info) командасын таңдаңыз.
4. Қасиеттер (Get Info) терезесі ашылғанда Launch Services қызметі таңдаған қосымшаны көрсету үшін Программада ашу (Open with) ашатын үшбұрышты шертіңіз.
Тек таңдалған үшін арналған жасырын түрде қолданылатын қосымшаны өзгерту үшін қалқымалы мәзірден басқа қосымшаны таңдаңыз.
5. Осы типті барлық файлдарға арналған жасырын қолданылатын қосымшаны өзгерту үшін Күйге келтіру (Change All) пернесін басыңыз.
6. Launch Services қызметінің барлық өзгерісі дереу күшіне енеді.
Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 1269;