Дәріс. Mac OS X операциялық жүйесі.

 

 

Mac OS X Darwin деп аталатын негізі еркін бағдарламалық қамтама болып табылатын, Mac OS операциялық жүйесінің мүлдем жаңа версиясы. Darwinда Mach технологиясының қолданылуы және BSD стандартты сервистері арқылы құрылған XNU ядросы бар. Бұл технологиялардың басты артықшылығы оның негізі Mac OS-ті жаңа жоғарғы тұрақтылықпен, көпфункциональдылықпен, жұмыс істеу жылдамдығымен, қауіпсіздікпен және сенімділікпен қамтамасыз ету үшін барлығына белгілі UNIX жүйесінде негізделгендігінде[1].

Mac OS X операциялық жүйесінің барлық модификациялары мысық тұқымдас жануарлардың әр түрлі атауларымен аталған.10.0 версияларынан бастап 10.8 версияларына дейін операциялық жүйелердің атаулары: Cheetah (Гепард), Puma, Jaguar, Panther, Tiger, Leopard, Snow Leopard, Lion болса, ең соңғы версиясы Mountain Lion (Тау арыстаны) деп аталады. Әр версияның өзінің жетістіктері мен кемшіліктері бар, бірақ олардың барлығына тән ортақ жаңалығы - Mac OS X-тің Mac OS 9-ке мүлде ұқсамайтыны, бұл Mac OS-тің алдыңғы версияларында жазылған қосымшалар Mac OS X-те жұмыс істемейтінін тұжырымдайды. Mac OS 9-да жазылған қосымшалардың бастапқы жұмысы виртуальдық эмуляциялар арқылы жүзеге асады, алайда уақыт өте келе одан мүлдем бас тартты.

Mac OS X -тің Aqua деп аталатын графикалық бұлтар жаңа интерфейсі оның даусыз артықшылығы болып табылады. Aqua графикалық интерфейсі сулы ортада мөлдірлік, тереңдік және қимыл сезімдерінің елесін құрады.Ол Mac OS X-тің барлық модификацияларында іс жүзінде өзгеріссіз қалады, бірақ бұл уақыт аралығында ол өзінің өзектілігі мен балғындығын жоғалтпайды. Aqua тек әдемілік үшін ғана емес, сонымен қатар қолданушыларға жайлы және қолайлы болу үшін құрылған. Жаңалықтардың бірі жұмыс үстелінде пайдалы кеңістікті толтыру қажетсіз болғанда, еркі бойынша көру аймағынан жасыруға болатын белсенді қосымшалар терезесін жеке секцияларға бүктеу мүмкіншілігі.

Mac OS X-тің жаңа версияларында барлық жүйеде өзінің жұмысы кезінде қосымшалардың біреуінің жұмыстан шығуы, сондай-ақ көптапсырмалықты және симметриялы көппроцессолықты ығыстыру барысында шығарылатын қорғану жады сияқты функция тартылған. Mac OS X-те жадыны программаның тікелей жұмысы барысында бөлетін және босататын динамикалық жадының бөлінуі тартылған. Бұл «out of memory» хабарламасының пайда болуын шығарады және әр қосымшаға тиесілі жадының санын жөндеуді қажет етпейді.

Mac OS-тің қолданушылар үшін бірінші кезектегі қолайлылығы оның артық дәйектермен зерттелуі және желіде автоматты түрде бірігеді. Бұл функцияның қолданылуы ғаламтор желісіне қолданушы тарапынан ешқандай қосымша жөндеусіз, кез келген байланысу әдісі арқылы қосылуға мүмкіндік береді. Энергияүнемді жаңа технология компьютерге ұйқы режимінен лезде шығуға мүмкіндік береді.

Mac OS X-те көпқолданушылық мүмкіндігі, рұқсаттың шектеулігі, қолданушылардың мәліметтерді қорғаудың жоғарғы деңгейі, админстраторлық жүйенің қарапайымдығы, интерфейстің шрифт және шрифт жиынтығымен басқарылуы ыңғайлы әрі икемді бола түсуі, сондай-ақ Mac OS X енді мынадай форматтарды тікелей қолдайды: TrueType, Type1 және OpenType. Енді Mac OS X жүйесінде Epson, Hewlett-Packard және Cannon фирмаларының принтерлерін қолдау кірістірілген.

Mac OS X-те екіөлшемді визуалицазия мен құжаттарды басып шығару бұрынанн айтылып жүрген, кеңейтілген шрифттерді қолдайтын және басқа да графикалық мүмкіндіктері бар стандартты графикалық формат PDF қолданылатын Quartz технологиясы арқылы жүзеге асырылады. Mac OS X-те аудио және видеомен жүмыс істеуге арналған, жүйені интегралдайтын, 3D графикасы мен ойындарда қолданылатын OpenGL технологиясы бар

патенттелген QuickTime технологиясы қолданылады.

Mac OS X-тің Mac OS-тің бұрынғы версияларынан белгілі айырмашылығы бар. Жүйенің негізін POSIX-пен үйлесімді, еркін программалық қамтама болып табылатын Darwin операциялық жүйесі құрастырылған. Оның ядросы Mach ядросы және BSD стандартты сервисі қолданылатын XNU («Xnu is Not Unix» — «Xnu — бұл Юникс емес») болып табылады. Unix-тің барлық мүмкіндіктері консоль арқылы қол жетімді.

Бұл жүйенің жоғарылығы Apple компаниясында API Cocoa және Carbon, Quartz сияқты приоритетті компоненттері жетілдірілген.

Mac OS X бұрынғы Mac OS 9 версиясына қарағанда оны тұрақтырақ ететін көптеген мүмкіндіктері бар.

Mac OS X-те программаны Си, C++, Objective-C, Ruby және Java сияқты тілдерде жетілдіруге мүмкіндік беретін Xcode программалық қамтамасы бар. Ол бірнеше платформаларды жүргізетін ″әмбебап бағдарламалар″ (Universal Binary) деп аталатын компилияцияны қолдайды.

Mac OS X-тің негізі болып табылады:

– Darwin (Mach ядросы, BSD утилит жиынтығы) ашық кодты ішкі жүйесі.

– Core Foundation (Carbon API, Cocoa API және Java API) бағдарламалау ортасы.

– Aqua (QuickTime, Quartz Extreme және OpenGL) графикалық ортасы.

– CoreImage, CoreAudio және CoreData технологиялары.


1.2 Mac OS X ОЖ-нің жетістіктері

 

 

Apple компаниясының Mac OS X операциялық жүйесі қазіргі кезде екі нұсқада ұсынылған: жұмыс станцияларына және ноутбуктерге арналған версия және локальдік жүйенің жұмысын ұйымдастыратын серверлерге арналған версия. Mac OS X-тің 10.0 версиясы шыққаннан соң тағы оның сегіз модификациясы шықты, олардың әрқайсысының мысық тұқымдас жануарлардың атауымен аталатын атаулары бар.

Mac OS X 10.0 Cheetah (Гепард): Mac OS операциялық жүйесінің бірінші жаңартылған версиясы. Ол 2001 жылдың наурыз айында пайда болды және UNIX ОЖ-сі мен FreeBSD сервисі негізінде құрылды. Жаңа технология жаңа операциялық жүйенің функциональдығын, сенімділігі мен қауіпсіздігін жоғарылатуға мүмкіндік берді. Бірақ 10.0 Cheetah версиясы жұмыс істеу барысында тұрақсыз болды, онда Mac OS жүйесінің соңғы версияларында бар функциялар қатары болмады, сондықтан Apple компаниясы тегін жаңарту шығарды.

Mac OS X 10.1 Puma: Apple компаниясымен құрастырылған тегін жаңарту, ол Mac OS X 10.0 Cheetah операциялық жүйесін алғашқы версиядағы жеткіліксіз қатарларды жөндеуге және жұмыс тұрақтылығын жоғарылатуға мүмкіндік беретін 10.1 (Puma) версиясына жаңартуға мүмкіндік берді. Оның мынадай функциялары пайда болды: дербестілік, графиканың жоғары сапасы, жүйелік параметрлердің жылдам мүмкіншілігі, желілік спектрлер мен сыртқы құрылғылардың кеңейтілу мүмкіндіктері, қалпына келтіру мен DVD дискілік жазбалар.

Mac OS X 10.2 Jaguar: Mac OS X операциялық жүйесінің жаңа версиясының 150 -ге жуық әр түрлі өзгерістері мен толықтырулары болды, оның бастылары қолданушылар интерфейсінде аппараттық тездеткішті қолдайтын Quartz Extreme технологиясының қабылдануы, оның нәтижесінде процессор видеокартасындағы көріністердің өңделуі жүзеге асырылады. Бұл версияда QuickTime 6 мультемедиялық ортасы, iChat тез хабарлама алмасатын ғаламтор программасы, бірыңғай адрес кітапшасы, қолжазбалық енгізуге арналған Inkwell жүйесі пайда болды. Спамдарды фильтрлеу пайда болған mail программасы , Finder дисксінен файлдарды іздеу мен Sherlock 3 ғаламторында мәліметтерді іздеу жақсарды.

Mac OS X 10.3 Panther: нарықта 2003 жылдың 24 қазанында пайда болды, оған FileVault шифрлеу технологиясы енгізілді. Жүйенің келесі жаңартылуы тағы мынадай өзгерістер алып келді: кейбір қауіпсіздік мәселелері жөнделді, аралас желілерде жоғалған файлдармен жұмыс істеу сенімділігі артты, сымсыз желілерде файл алмасуды қолдау жүйесінің жақсарды. Safari браузеріне, mail почталық клиентіне, адрес кітапшасына, Stickies және QuickTime орталарына өзгерістер мен түзетулер енгізілді.

Mac OS X 10.4 Tiger: 2005 жылы сәуір айныда шықты және компьютердің неғұрлым тез және тұрақты жұмысы үшін оның 200-ге жуық өзгерістері мен толықтырулары болды. Mac OS X операциялық жүйесінің бұл версиясының басты жаңалықтары Spotlight жылдам іздеуге арналған әмбебап функциясы мен Dashboard виджеттерге арналған интерфейсінің, әрекеттерді үнемі қайталайтын қатарлардың жұмысын бір рет басу арқылы орындауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған Automator қосымшасының болуы.

Mac OS X 10.5 Leopard: нарықта 2007 жылы 26 қазанда пайда болды, оған 300-ге жуық жақсартулар мен толықтырулар енгізілген. Бірінші кезектегі өзгеріс – бұл операциялық жүйе ядросының тиуі, онда енді DTrace динамикалық трасса белгілеуінде фреймворк интегралданды, сонымен қатар Ruby және Python программалау тілдерінде қосымшаларды құрастыру үшін Cocoa Bridges ортасы бар, Scripting Bridge Mac-қосымша программасын Objective-C, Ruby және Python тілдері арқылы автоматтандырады. Сондай-ақ жүйеге Rails, Mongrel және Capistrano қосылған. Қазіргі кезде Mac OS X 10.5 Leopard UNIX құнды жүйесін мойындайды. Осы версиядағы Boot Camp программасының пайда болуы маңызды оқиға болды, оның көмегімен Macintosh компьютерлеріне екінші операциялық жүйе ретінде Windows ОЖ-ін орнатуға болады. Mac OS X -тің жаңа версиясында Finder және басқа да пайдалы қосымшалар толығымен жаңартылған, Stacks, Quick Look, Spaces сияқты функциялар мен жүйенің резервтік көшірмелерін құруға арналған Time Machine программасы енгізілген.

Mac OS X 10.6 Snow Leopard: 2008 жылдың маусым айында ұсынылған және түбегейлі өзгерістер енгізілген. Ол тек Intel процессорлерінде ғана жұмыс істейді, жұмыс барысында 64-разрядты технологияны қолданады, бір мезгілде 64-разрядты және 32-разрядты қосымшалармен жұмыс істейді, дискде екі есеге аз орын алады, жылдамырақ орнатылады, жүктеледі және жұмыс істейді. Mac OS X -тің барлық стандартты қосымшалары (Finder, Mail, Safari, iCal және iChat және т.б.) жаңа версияда өнімділіктің артуы үшін 64-разрядты кодка ауыстырылған. Grand Central Dispatch диспетчері көпядролық жүйенің мүмкіндіктері мен компьютер өнімділігін ұлғайтуға толығымен мүмкіндік береді. Интерфейсті масштабтау енгнізілген. Snow Leopard ОЖ-і файлдар алмасу және программа терезесімен жұмыс істеу үшін Bonjour технологиясын пайдаланады, сонымен қатар мұнда Expose функциясы жаңартылған.

Mac OS X 10.7 Lion – Apple компаниясының операциялық жүйесі. Мұнда 250-ге жуық жаңа функциялар бар.

Соңғы версияның сатылымы алдын ала хабарланғандай, 2011 жылдың 20 шілде күні, үшінші кварталда басталды. Операциялық жүйенің Mac App Store-дегі белгіленген бағасы – $29,99 (~4385 теңге). Apple корпарациясының сатылым туралы хабарлауы бойынша сатылымның алғашқы күнінен-ақ OS X Lion жүйеснің 1 миллионға жуық көшірмесі сатылған[2].

 








Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 4383;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.