Күн сайынғы пайдалы прораммалар

 

 

Адрес кітапшасы – байланыстағы достардың, таныстардың немесе жұмыс барысындағы клиенттердің дерекқорын құруға мүмкіндік береді. Мұнда аттарды, адрестерді, телефондарды, электрондық почта немесе сайт адрестерін енгізуге, одан соң барлық дерек бойынша глобальдық іздеуді жүзеге асыруға болады. Адрес кітапшасы іскер адамдардың жұмысы барысында қолайлы құрал бола алады.

iCal – бұл ыңғайлы және көпфункциональді күнтізбе, мұнда қажетті күнді көруге ғана емес, сонымен қатар жұмыс графигін жоспарлауға, маңызды оқиғалар туралы ескертулер құруға, белгілер қоюға болады.

Finder – қатқыл дискте файлдармен оңай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ыңғайлы файлдық менеджер. Finder файлдарды көшіруге, өшіруге және ауыстыруға, дискте мәліметтерді іздеуді жүзеге асыруға, сондай-ақ көріністерді үшөлшемді түрде көруге мүмкіндік береді.

Preview – суреттер файлдарын ғана емес, сондай-ақ файлдарды PDF форматында көруге мұмкіндік беретін көріністерді қарапайым бақылаушы.

Spotlight – локальдік желілерде компьютерге кірістірілген мәліметтерді іздеу. Spotlight тек қажетті құжаттарды немесе атауы бойынша файлдарды тез табуға ғана емес, сондай-ақ оның мазмұны бойынша табуға да мүмкіндік береді. Іздеу жолы Finder құралдық панельдер терезесінің және басқа да программалардың бір бөлігі болып табылады.

Spaces – терезелер қосымшасымен жұмысты реттейтін және жеңілдететін утилит. Ол бір уақытта көптеген программамен жұмыс істейтіндерге таптырмайтын құрал болып табылады. Spaces тек бірнеше виртуальді жұмыс үстелін құруға емес, сондай-ақ экранда олардың миниатюраларын шығаруға және тышқанның көмегімен құжаттарды бір үстелден екіншісіне алып баруға болады.

Time Machine – компьютердегі операциялық жүйенің немесе басқа да мәліметтердің резервті көшірмесін құруға мүмкіндік беретін пайдалы утилит. Компьютер жұмысы бұзылған жағдайда Time Machine арқылы ішкі винчестерге жазылатын ″снимка″ деп аталатын жүйе көмегімен қалпына келтіруге болады. Программа папкалардағы, файлдардағы және құжаттардағы барлық өзгерістерді әр сағат сайын көшіреді, дискте орын болмаған жағдайда ең ескі көшірмелерді өшіру арқылы орын босатады.

Automator – файлдармен бір түрдегі әрекеттерді жиі орындайтындарға қажетті утилит.

 

 

3.2 Мультимедиялық деректермен жұмыс істеуге арналған программалар

 

 

iPhoto – жеке фотоархив құруға арналған программа. iPhoto көмегімен цифрлық фотографияларды фотоаппараттан архивке импорттауға, альбомдар құруға, редакциялауға, ғаламтордан экспорттауға және дискке жазуға болады. iPhoto фотографиялардан күнтізбелер мен ашық хаттар құруға, оларды PDF форматында сақтауға немесе принетерге басып шығаруға, сондай-ақ арнайы эффектер мен әуендер арқылы барлық фотографиялар галереясын көру үшін презентациялар жасауға болады.

iTunes – бұл музыкалық және бейне файлдармен жұмыс істеуге арналған медиаплеер, оның көмегімен компьютерде медиадеректерді системалауға, әуенді тыңдауға және фильм көруге, әр түрлі музыкалық форматтар мен музыкалық дисктерді конверттеуге, iPod, iPhone және Apple TV плеер арқылы жұмыс істеуге болады. iTunes браузері on-line режимінде iTunes Store ғаламтор дүкенінен әуен сатып алуға, сондай-ақ кез келген радиостанцияны тыңдауға мүмкіндік береді.

iMovie – бейнероликтер құруға арналған программа. iMovie көмегімен цифрлық бейнекамерадан бейне деректерді импорттауға, бейнефайлдарды қиюға, бейнежолдар дыбысын құрастыруға, фотографиялар мен әр түрлі арнайы эффектер қосуға, қабылданған жазбаларды әртүрлі бейнеформатта экспорттауға болады.

Garage Band – жеке музыкалық компазициялық жазбаларға қызығатындарға арналған программа. Garage Band бірден бірнеше дыбыстық жолдармен жұмыс істеуге, дыбыстық сэмплдер қосуға, дауыс немесе микрофон көмегімен дыбыс жазуға мүмкіндік береді. Garage Band-тің соңғы версияларында дыбысқа бейне қосуға болады.

iDVD – дискге жазбалар жазуға арналған программа, оның көмегімен слайд-шоу, DVD дисклерге бейне фильм жазуға және әртүрлі арнайы эффекттер мен әуендер қолданылатын жеке меню құруға болады.

 

 

3.3 Ғаламтормен жұмыс істеуге арналған программалар

 

 

Safari – ғаламтор желісімен жұмыс істеуге арналған веб-браузер, Mac OS X-тің 10.3 Panther версиясынан бастап ОЖ жиынтығына кіре бастады. Safari бір терезеде бірнеше бетті ашуға және текстік жолдың көлемін масштабтауға мүмкіндік береді, кірістірілген іздеу және вирустардан, желілік шабуылдардан қорғау мүмкіндігі бар. Safari автотолтыру формасын, қатынау тарихы енгізілмейтін веб-бетті жиі қарауды қолдайды, мәтінді және RSS-агрегаторды тексереді.

Mail – POP, IMAP және Exchange протоколдарын қолдайтын почталық клиент. Mail хат алуға, спамдарды фильтрлеуді бақылауды, корреспонденциялардың белгілері бойынша тізімін реттеуге, маңызды күндерді хаттан күнтізбеге енгізуге, бір немесе бірнеше хатты бірден өшіруге, хат жіберуге және жасырын көшірмелерін жіберуге мүмкіндік береді. Мail программасында хатты әдемілеп әшекейлетін және мерекелік ашық хаттар құратын 30 үлгі бар.

iChat – веб-камера қолдауымен тез хабарлама алмасуға арналған чат-клиент, бір немесе бірнеше сұхбаттасушыларға бейнеконференциялар мен аудиоконференциялар жіберіп, достарыңмен тектік форматта сөйлесіп қана қоймай, сонымен қатар оларға iChat Theater функциясы арқылы құжаттарды, суреттер және бейне файлдарды көрсетуге болады. iChat сұхбаттасушының кеңейтілуі барлық әңгімені жазуға мүмкіндік береді.

iWeb – жеке веб-беттер, сайттар құруға және оларды ғаламтор желілеріне таратуға арналған қосымша. iWeb веб-программалады және сайт құруды білмей-ақ, сайтты тез құруға және редакциялауға мүмкіндік береді. iWeb үлгілері көмегімен сайт пен блогты оңай құруға, интернетке фотографиялар, бейне роликтер мен аудиожазбалар салуға болады.

Mac OS X операциялық жүйесің құрамына Dashboard виджеттер интерфейсі кіреді, ол қосылғанда экранда қолданушыларға пайдалы болатын кішкене программалар терезесінің жиынтығы пайда болады. Mac OS X-ке арналған стандартты виджеттер жиынтығында 14 қосымша бар: адрес кітапшасы, калькулятор, күнтізбе, сөздік, телефон кітапшасы, аудармашы, өлшеу бірлігінің конвертері, белгілеулер, «пятнашки» ойыны, валют курсы, әлемдік уақыт, ауа-райы, авиа анықтама, акциялар мен iTunes бақылаушысы. Apple компаниясының сайтында компьютерге жүктеп, орнатуға болатын әр түрлі виджеттердің жүзден астам түрлері бар. Стандартты жиынтыққа кіретін виджеттердің саны мен сыртқы түрі Mac OS X версияларына байланысты өзгеріп отырады.

Mac OS X-тің соңғы версияларында тағы екі жаңа функция бар. Олардың біреуі ата-аналық бақылау деп аталады және ата-аналарға балаларын бақылауға мүмкіндік береді. Ол сайттарды жүктеу алдында қажетті емес веб-беттерді жою үшін тексеруі мүмкін, компьютерде жұмыс уақытында қандай әрекеттер орындалғанын жазады, файлдарға өзгертулер тарихын енгізеді. Ата-аналық бақылау компьютердің өшірілуіне таймер орнатады.

Boot Camp программалық қамтамасы Intel Macintosh компьютерлеріне Windows XP немесе Windows Vista операциялық жүйелерін жүктеуге мүмкіндік береді. Boot Camp дискте тағы бір бөлімді белгілейді және бұл бөлімге Windows орнатылғасын Fat32 немесе NTFS файлдық жүйесін форматтайды.

Boot Camp Mac OS X 10.5 Leopard версияларынан бастап Mac OS X-тің құрамына кіре бастады, бұрын оның beta версиясы болған. Қазір Mac OS X жиынтығында Windows-ке драйверлер пакеті беріледі. Windows ОЖ-нің сатылымымен және таралуымен Apple компаниясы айналыспайды. Boot Camp барлық жай компьютерден Macintosh компьютерлеріне өту үшін, сондай-ақ Mac OS жүйесінің әлі орнатылмаған қосымшаларын шығару үшін құрылған.

 

 








Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 1826;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.