Windows операциялық жүйесінің жұмыс істеу жылдамдығын арттыру

Windows операциялық жүйесі бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін, әртүрлі программалар арасында мәлімет алмасуды, мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды қамтамасыз етеді. Қатқыл дискінің ақпаратты оқу жылдамдығы процессордың оны өңдеу жылдамдығынан біршама кем. Егер компьютер аяқасты өшіп қалса немесе белгісіз себептермен «тұрып» қалса, онда компьютерді міндетті түрде тексерген жөн. Ол үшін компьютермен келесі әрекеттер тізбегін орындау керек:

1) Қатқыл дискіні тексеру. Ол үшін Windows операциялық жүйесінің Norton Disk Doctor программасын қолданады. Аталған программа қатқыл дискідегі логикалық қателіктерді қалпына келтіріп, «жоғалған кластерлер» және «тоғысқан файлдық сілтемелер» проблемаларын шешеді. Қатқыл дискіні тексеру кезінде барлық жоғалған кластерлер файлдарға айналады, тоғысқан сілтемелер бөлінеді, дұрыс жазылмаған ұзын атаулар түзетіледі. Қалпына келтірілген файлдар түпкі каталогқа .chk кеңейтпесімен орналастырылады. Көп жағдайларды бізге бұл файлдардың қажеті жоқ, сондықтан оларды өшіріп тастауға болады.

2) Қатқыл дискіні тазалау. «Дискіні тазалау» программасы дискідегі қажетсіз, қолданылмайтын файлдарды жоюға арналған. Ол үшін System Mechanic, Easy Cleaner, Window Washer, Disk Cleaner немесе Супер Метла программаларын қолдануға болады.

3) Қолданылмайтын программаларды жою. Егер компьютеріңізге жаңа программаларды жиі орнатсаңыз, онда қолданылмайтын программаларды өшіріп отыруды әдетке айналдырыңыз. Windows операциялық жүйесіне орнатылған программалар неғұрлым аз болса, ол соғұрлым жылдам және қарқынды жұмыс жасайды. Қолданылмайтын программаларды жою үшін басқару тақтасындағы «программаларды орнату және өшіру» мәзірінің командаларын қолданады.

4) Реестрдітазалау. Қатқыл дискіден басқа реестрді де белгілі бір уақыт аралығында тазалап отыру қажет. Себебі: реестрде жинақталған қателіктер компьютер жұмысын айтарлықтай баяулатады. Өкінішке орай, Windows операциялық жүйесінде реестрді тазалау қызметін атқаратын стандартты программа жоқ. Реестрді тазалау үшін Norton Win Doctor немесе Registry Cleaner утилитін қолданады.

5) Реестрдітығыздау. Бұл процесс реестрді тазалағаннан кейін атқарылады. Реестрді тығыздау оның алатын көлемін айтарлықтай азайтып, нәтижесінде операциялық жүйенің жұмыс жасау жылдамдығы артады. Реестрді тығыздау процесі Registry Defrag және Registry Fixer утилитасының көмегімен жүзеге асады. Аталған программаларды пайдалану өте жақсы нәтиже береді.

6) Қатқылдискінідефрагментациялау. Жоғарыдағы әрекеттер тізбегін орындағаннан кейін операциялық жүйе жұмысының жылдамдығы артады. Бірақ, жұмыс жылдамдығын одан да арттыру үшін қатқыл дискіні дефрагментациялау қажет. Дефрагментациялау программасының мақсаты – файлдардың мазмұнын өзгертпей, олардың кластерлері бірінен кейін бірі орналасатындай етіп жазу. Бұл оңай әрекет көрінгенмен оған тиісті көңіл бөлу керек. Оның әрбір пайдаланушыға тигізер көмегі көп. Дефрагментациялау процесінің алдында қоржынды тазалап алған жөн. Дефрагментациялау әрекетінің ұзақтығы дискінің көлеміне, оның жүктелу дәрежесіне тәуелді. Бұл әрекет әдетте бірнеше сағатқа созылады және бұл уақытта компьютерді мүмкіндігінше пайдаланбаған дұрыс. Қатқыл дискіні айына бір немесе екі рет дефрагментациялап отыру ұсынылады. Қазіргі уақыттағы ең жақсы дефрагментатор – Norton Speed Disk.

Өкінішке орай, аталған әрекеттерді тізбектей бірден атқаратын программа жоқ. Бірақ, қазіргі уақытта осы әрекеттердің біразын атқаратын All in One Wizard программасы пайда болды.

Операциялық жүйенің жұмыс істеу жылдамдығы процессор, драйвер және қолданбалы программаларға ғана тәуелді емес. Жүйе жұмысының баяулауы операциялық жүйенің өзіне де байланысты. Қолданушының міндеті - жұмыс жылдамдығы мен қарқындылығын үйлестіре білу. Кей жағдайда операциялық жүйе жұмысына жүйеге орнатылған шрифттардың көптігі де кері әсер етеді. Көптеген қолданушылар операциялық жүйеге жүздеген, тіпті мыңдаған шрифттар орнатады. Шрифттарға толған терезенің іске қосылуы өте баяу. Операциялық жүйенің жұмысын жақсарту үшін утилиттер қолданылады.

 








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 2554;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.