Жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс
Ұдайы өндіріс процесінде әлемдік шаруашылықтың дамуымен, өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының артық бөлігі соған бағытталатын, экономикалық ресурстар сарқылып алынатын сыртқы орта (халықаралық сауда) үлкен рөл атқарады.
Экономиканы басқару жүйесі (өзін-өзі реттейтін нарық, мемлекеттік аппарат) өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну арасындағы өзара байланысты және келісімді жүзеге асырады. Ұдайы өндіріс процесінде: өндірістің материалдық-заттық факторларын ұдайы өндіру, жұмыс күшінің ұдайы өндірісі және өндірістік қатынастар (экономикалық) ұдайы өндірісі сияқты әлеуметтік экономикалық аспектілер үлкен маңызға ие. Қоғамдық капиталдың бұл үш жағы оның тұтастай ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Олардың ең болмағанда бірінде ұдайы өндіріс болмаса - тұтастай түрде ол жоқ деген сөз. Ұдайы өндіріс жай (қарапайым) және кеңейтілген вариантта (формаларда) жүзеге асырылуы мүмкін. Жай (қарапайым) ұдайы өндіріс сол көлем мен санды бұрынғы өндірісті қалпына келтіру. Бұл, яғни қоғам барлық жаңадан өндірілген өнімді (қосымша) тұтынуға жұмсайды. Мұндай қарапайым ұдайы өндіріс кейбір азиялық, латынамерикалық және африкалық елдерде басым, ал ықшамды ұдайы өндіріс қайта құрудың алғашқы кезеңіндегі ТМД елдері үшін тән болып саналады.
Кеңейтілген ұдайы өндіріс - тұрақты түрде ауқымы өсіп отыратын, материалдық игіліктер мен қызметкердің өндірістегі белгілі-бір пропорциясы сақталып отыратын, яғни қоғамдық өнім бөліктері: өндіріс құралдары мен жұмыс күші, сондай-ақ өндіріс құралдары өндірісі мен тұтыну заттары арасындағы тепе-теңдік сақталатын, өндіріс процесі. Демек, қоғамдық ұдайы өндіріс екі бөлім: К.Маркс бойынша төмендегіше білдіруге болатын өндіріс құралдары ұдайы өндірісі мен тұтыну заттары ұдайы өндірісінен тұрады:
І w = c + v + m
П w = c + v + m
Мұнда:
І және П қоғамдық ұдайы өндіріс бөлімдері;
w - І және П жиынтық қоғамдық өнім;
с - өндіріс құралдары (тұрақты капитал);
v - жұмыс күші және өзгермелі капитал;
m - қосымша өнім құны.
Нарықтық экономиканың негізгі мәселелерін шешу үшін жиынтық қоғамдық өнімді өткізу қажет, яғни кәсіпкерлердің бүкілі өз өнімдерін сата алатын, содан соң қажетті өндіріс құралдары мен жұмыс күшін алатындай болуы қажет. Сонымен, бір мезгілде кәсіпкерлер мен жұмыскерлердің өздеріне қажетті тұтыну заттарын сатып ала алатындай болуы тиіс.
Мұндай проблемалар екі құрылымдық бөлім арасындағы келесідей пропорциялардың сақталуы жағдайында шешіледі, яғни нарықтың өзін-өзі реттейтін қызметі көрініс береді:
1) І (v + m) > П с
2) І (c + v + m) > І с + П с
3) П (с + v + m) < І (v + m ) + П (v + m)
Мұнда:
Бірінші, басты жағдай - жаңадан жасалған құн (таза өнім), І (v + m) І құрылымдық бөлімшеде П құрылымдық бөлімшенің тұрақты капиталынан көп болуы тиіс, қалған екеуі - туынды, тәуелді.
Егер екі құрылымдық бөлімшелердің кәсіпкерлері, жинақтау үшін қосымша капитал табатын болса, ол орындалатын болады, яғни өндірісті ұлғайту екі жолмен: капиталды шоғырландыру және орталықтандыру жолымен шешіледі. Мұндай қажеттілік жинақтауды жүргізе отырып, өз әріптестерін бәсекелестік күресте жеңу үшін туындайды, яғни пайданың бір бөлігінің (қосымша құнның бөлігі) өндірісті ұлғайтуға, қосымша капиталға айналуы:
W = c + ∆c + v ∆v + m;
m = m1 + m2
Мұнда:
m - қосымша құн;
m1 - жинақтау қоры;
m2 - шаруашылық субъектілерінің, кәсіпкерлердің
тұтыну қоры.
Әрбір нақты тарихи-экономикалық бөлу пропорциясының сәті, яғни m - қосымша құнның m1 және m2-мен қатаң айқындалған және келесідей факторлармен анықталады
- қосымша өнімнің шамалық құны;
- еңбек өнімділігінің деңгейі;
- өзі қызмет ететін (жұмыс істейтін) капиталдың мөлшерлері;
- капиталдың техникалық құрылысының деңгейі.
Капиталдың жинақталу мөлшеріне оның шоғырлануы: жұмыскерлердің саны; жұмыс уақытының ұзақтығы; орташа еңбекақы; пайдалы кен қазбаларының болуы; құнарлы жерлер; озық технология, ақпарат және т.б. белгілі бір әсерін тигізеді.
Сонымен, капиталдың шоғырлануы, оның жинақталуы, қоғамдық байлықтың өсуі - бұл аңыз, ішкі әсер етуі. Қорытынды - капитал қосымша құн әкелетін құн, капитал - үнемі қозғалыста болатын, қозғалыссыз бола алмайтын өзінен өзі өсетін құн.
Капиталдың өз-өзінен өсуінің өзге формасы оны орталықтандыру болып саналады.
Капиталды орталықтандыру - шағын және орта кәсіпорындарды ірі кәсіпорындарға күштеп біріктіру (басып алу) немесе оларды өз еркімен біріктіру және (бәсекелестік) үшін) қаржы өнеркәсіп топтарын құру, акционерлік компаниялар, холдингтер құру, бақылау акция пакеттерін, сатып алу, қатысу жүйесі және т.б.
Өндірісті екі жолмен ғана кеңейтуге және дамытуға болады, өндіріс факторларын көбейтумен - экстенсивті түрде немесе өндіріс технологиясын жақсартумен интенсивті түрде.
Экстенсивті экономикалық өсу:
- жұмыс істейтіндер біліктілігін олардың санын арттырусыз көтеру;
- өндірістің материалдық факторын ұлғайту (шикізат, материалдар, отын, жарамды жерлер және т.б.);
- технологияларды жақсартусыз капитал жұмсауды көбейту жолымен өндіріс факторларын сандық тұрғыдан кеңейту есебінен өндірісті көбейту.
Интенсивті экономикалық өсу:
- негізгі қорларды (өндіріс құралдарын) жаңарту, ҒТП арқылы жаңа, неғұрлым тиімді технологияларды енгізу есебінен материалдық байлықтар мен қызметтерді өндіруді кеңейту;
- өндірісті ұйымдастыруды жақсарту (шаруашылық байланыстарының жаңа құрылымдары, басқару, маркетинг, кооперация);
- негізгі және айналым қорларын пайдалануды жетілдіру, олардың айналымдылығын, амортизациясын жеделдету және т.б.;
- жұмыс күшінің біліктілігін тұрақты өсіру, еңбегі ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруды жетілдіру жолымен өндірістің қолдағы бар факторларын неғұрлым тиімді (интенсивті) пайдалану есебінен өндірістің өсуі.
Интенсивтік жол - неғұрлым үнемді, сонымен бірге еңбек, капитал және ресурс сыйымдылығы аз өндіріс. Мысалы, КСРО-да соңғы қырық жылда мемлекеттік астық өндірісі, ескі техника негізінде, экстенсивті жолмен, тың игеру есебінен 2,5 есе өсті. Сонымен бір мезгілде Батыста астық өндіру тура сол көлемде өсті, бірақта ол интенсивті технология нәтижесінде жалпы егістік жер көлемін қысқарту жағдайында болды. Қазіргі уақытта әлемде ҒТП дамуын ескергендегі екі жолдың комбинациясы орта есеппен интенсивтік факторлар есебінен өндіріс дамуының 70-75%-ын береді, экстенсивтілік есебінен - 25-30%. ХІХ ғасырдың соңында, капитализм терең және кең ауқымда дамыған кезде экономиканың дамуы керісінше болды.
Өндіріске салынған барлық кез келген капитал өзінің қозғалысын ақша сомаларының (А) үздіксіз айналысын (ақшаның өзі әлі капитал болмаса да), тауар формасында (Т1) қосымша құнға енгізілген белгілі бір тауарларды (…О…) өндіру мақсатымен пайдаланылатын өндіріс құралдары мен (ӨҚ) жұмыс күшін (ЖК) сатып алудан бастайды.
Өндірілген тауарларды (Т1) өткізіп болғаннан кейін, ең алдымен авансыланған капитал (А) оған қосымша құн әкеле отырып (А1-а+∆а), өзінің иесіне қайтарылады. Осыдан барып капиталдың қозғалысы (оны авансылау, өндірісте қолдану, тауарларды өткізу және бұрынғы (бастапқы) ақша формасына қайтару) капиталдың үздіксіз айналымы деп аталады және мынадай формуламен жазуға болады:
ӨҚ
А - Т …Ө…Т1 - А1
ЖК
Мұнда:
А - бастапқы бетте авансыланған ақша;
Т – тауар ол:
ӨҚ - өндіріс құралы;
ЖК - жұмыс күші;
…Ө… - өндіріс;
нүкте қозғалыстың (айналым жасаудың)
тоқталғандығын білдіреді.
Т1 – шығарылған жаңа тауар;
А1 – тағы да ақша формасындағы авансыланған
капитал, бірақта пайдамен (А1 = А + ∆а)
Капиталдың үздіксіз айналымы 3 сатыдан өтеді:
1. Сатып алу (А-Т);
2. Өндіріс (…Ө…);
3. Сату (Т1 - А1).
Авансыланған құнның (А) өндіріс сатысында және айналым сатысынан өту уақыты және қосымша құнмен бастапқы формасына қайтуы капитал айналымы уақытын құрайды. Капитал айналымының жылдамдығы жыл ішінде авансыланған айналым санымен өлшенеді. Айналым процесінде қызметін жүргізуші капитал негізгі және айналым капиталына түседі.
Негізгі капитал - бұл өндірісте тікелей қатысатын және өзінің құнын жаңадан жасалатын өнімге бөліктер бойынша ауыстыратын өнімді капиталдың (ғимарат, құрылыс, машиналар, өзге еңбек құралдары) бөлігі.
Айналым капиталы - бұл өндіріске тұтастай қатысатын және өзінің құнын жаңа жасалатын өнімге бірден ауыстыратын өнімді капиталдың (шикізат, қосымша материалдар, жұмыс күші және т.б.) екінші бөлігі.
Пайдалану процесінде негізгі капитал физикалық және моральдық тозуға ұшырайды.
Физикалық тозу - негізгі капиталдың оларды ұзақ уақыт және интенсивті пайдалануы нәтижесінде өзінің тұтыну құнын жоғалту процесі, сондай-ақ ыстықтың, ылғалдың, суықтың, желдің және т.б. табиғат күштерінің әсерімен тозуы.
Моральдық тозу - негізгі капитал жаңа машиналар өндірісі және жабдықтар шығарудан өзінің құнын жасалатын өнім құнына ауыстыруымен ғылыми-техникалық прогрестің тигізген салдары. Моральдық тозудың екі түрі бар. Біріншісі, өндіріс құралдарын өндіретін салалардағы экономикалық жағынан неғұрлым тиімді жаңа машиналар еңбек өнімділігін көтеру нәтижесінде, тауарларды неғұрлым аз шығынмен өндіруі. Мұндай машиналардың қоғамдық құны ескі, неғұрлым қымбат машиналарға құнсызданады және өзінің бүкіл құнын өнімге ауыстырып үлгере алмайды. Екінші түрі бірдей мақсаттағы жабдықтардың пайда болуымен байланысты, бірақ та құрылысы жетілдірілген болады, ол еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімдер бірлігіне, оның шығындарын төмендетуге әкеледі. Нәтижесінде жұмыс істеп тұрған жабдықтар жартылай (ішінара) құнсызданады. Негізгі капиталдың тозуына қарай амортизациялық қор өзінің құнын өндірілетін өнімдерге бірте-бірте ауыстырады. Пайыздар түрінде білдірілген негізгі капитал құнына амортизациялық аударымдар (жарналар) сомасының қатынасы амортизация нормасы болып саналады.
Негізгі капиталдың тозуы кезеңіне банктерде жинақталған амортизациялық қор оны айырбастауды немесе жөндеуді қамтамасыз етуі тиіс.
Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 1537;