Ақшаның пайда болуы, мәні және теориясы
Әр халық бағалылығы жойылмайтын, әрі көпке әйгілі түрлі бағалы заттарды ақша ретінде пайдаланды. Оған жататындар: балта, пышақ, найза, қалқан, садақ және т.б. Осындай сан алуан заттардың ақша қызметтерін атқарды, кейбір экономистердің ақша дегеніміз - тауарлар мен қызмет көрсетуде айырбастауға жарайтын «түрлі заттар» деп мәлімдеуіне себеп болды. Бірақ, бұлайша, тегін зерттеу себебінен субъективтік және объективтік екі көзқарас қалыптасты.
Субъективтік көзқарастар - адамдардың бұл жөнінде өзара келісімдер жасауының нәтижесінде “ақша” пайда болған деп пайымдалды.
Объективтік көзқарастар - тауар-ақша қатынастары-ның дамуы нәтижесінде, бүкіл тауарлар арасынан дара бөлініп шыққан, әрі жалпыға бірдей баламалы рөл атқаратын ерекше тауарды “ақша” деп аталды.
Бұл теория тауар айырбасының дамуын және ақшаның пайда болуын өзара байланыстырып зерттеді. Қоғамның бастапқы даму сатыларында, бір өнімді екінші өнімге тікелей алмастыру кезінде кездейсоқ сәттерде, айырбас пайда болды.
Екі тауарды өзара алмастыру кезінде біреуінің құны екіншісінің құнына теңестірілетін болды. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы салдарынан нарыққа тауарлар көптеп түсетін болды. Біреудің қолындағы артық, жалғыз тауарын басқа тауарлардың құнын кездейсоқ теңестіру, заман талабын қанағаттандыра алмады.
Уақыт озған сайын бүкіл тауарлар арасынан бір зат (мысалы, қой) дара бөлініп шықты, ол өзінен басқа тауарларға айырбасталды. Мұндай жалғыз тауар басқа тауарлардың құнын анықтайтын болды. Айырбастың тарихи ұзақ даму нәтижесінде айрықша тауар, яғни ақша пайда болды. Ақша дегеніміз - жалпылама балама рөлін атқаратын ерекше тауар.
Түрлі елдерде бірнеше ғасырлар бойы ақшаның рөлін әртүрлі заттар атқарып келді.
Жылдар өткен сайын жалпылама баламалық рөлді алтын атқаратын болды. Оған себепші оның төменде аталған қасиеттері, яғни алтынның: :
1) сапасының біртектілігі;
2) бөлінгіштігі;
3) икемділігі (портативтілігі);
4) сақталғыштығы.
Алтын - сирек кездесетін және еңбек шығындарын көп қажет ететін металл. Алтынның басқа тауар сияқты тұтыну құны және өзіндікқұны болады. Алтынның тұтыну құны әсемдік заттарды жасау, әшекейлеу мен безендіру үшін қажет, сонымен бірге оны өнеркесіпте және т.б. пайдаланады. Алтынның құнын, құнның еңбек теориясы, оны өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек арқылы анықтайды.
Алтынның жалпылама баламалық қызметі, оған ғана тән ерекше қасиеттерге, яғни айрықша тұтыну құны мен құнының болуына байланысты.
Алтынның айрықша тұтыну құны оның басқа тауарларды өзіне бағындырып, олардың құн мөлшерін белгілеуіне байланысты пайда болады. Алтынның құны оның ақша ретінде жалпыға ортақ өтімді затқа айналуына байланысты қалыптасады.
Қазіргі кездегі ақша тұжырымдамалары ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. өмірге келген теориялармен өзара сабақтас. Оларға жататындар ақшаның металдық, номиналды және мөлшерлік теориялары.
Бұрынғы теориялар өзгерістерге ұшырап, олардң жаңа түрлері пайда болды. Бұрынғы теориялар ақшаның шығу тегі, мәні, ақша құнының қалыптасу проблемаларына баса назар аударған еді, ал қазіргі кездегі ақша теориялары нарық экономикасының дамуына ақшаның әсер етуі жөніндегі мәселелерді зерттейді.
Ақшаның металдық және номиналды теориялары - осы теориялар авторларының ақшаның қандай қызметтеріне баса мән беруіне байланысты бір-бірінен өзгешіліктеріне байланысты.
Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері У.Стаффорд. Т.Манн, Д.Норс және басқа да меркантилистер болды. Олар ақшаның қазына құралы және дүниежүзілік ақша қызметтерін шектен тыс бағалап, соның салдарынан ақшаны асыл металдармен шатастырды. Мемлекеттің монеталарды көздің қарашығындай сақтауын талап етті. Ақшаны әлеуметтік қатынастар ретінде емес, оны зат ретінде қарастырды.
Ақшаның номиналды теориясын Римнің және орта ғасырдың заңгерлері жасады. Кейінірек оны Дж.Беркли мен Стюарт одан әрі дамытты. Олар ақшаның металдық теориясын сынады, ал өздері ақшаның айналыс құралы және төлем құралы сияқты қызметтерін шамадан тыс бағалады.
"Номиналистер" - ақшаны - тауарлар айырбасына - қызмет ететін шартты белгілер, есеп айырысу өлшемдері деп жариялап, оны мемлекет үкімінің жемісі ретінде түсіндірді.
Ақшаның мөлшерлік теориясының іргетасын қалағандар Дж.Локк, Ш.Монтескье, Д.Юм, Д.Рикардо болды. Олар ақшаның құн мөлшері қызметін жоғары бағалады. Бүл теорияны жақтаушылар құнның ақшалай құнның ақшалай өлшемі мен тауарлар бағаларының деңгейін - айналыстағы ақша массасы анықтайды деген пікірді қуаттайды. Ақшаның мөлшерлік теориясын осы заманға лайықты жетілдіруге үлес қосқандар И.Фишер мен А. Пигу болды. Олардың көзқарастарына алдағы тақырыптарда тоқталамыз.
Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 4334;