азақстан және әлемдік қауіпсіздік мәселелері.
Лекция
- Қазақстанның әлемдік қауіпсіздік мәселесін шешудегі орны мен рөлі.
- Аймақтық қауіпсіздіктің әлеуметтік-экономикалық мәселелері.
1. Ядролық қарудан бас тарту және қауіпсіздік нығайту. Қазақстанның ядролық қаруды таратпаудандағы алғашқы қадамы – 1991 жылы Семей ядролық сынақ полигонын жабудан басталды. КСРО өмір сүріп отырған кездің өзінде жасалған бұл батыл қадам – Қазақстанның әлем алдындағы абыройын асқақтатып, беделін өсірді.
КСРО ыдырағаннан кейінде Қазақстан аумағында әрқайсысы 10оқтұмсықтан тұратын 108 зымыран қарулы кезекшілігін атқара берді. Олардан өзге 240 қанатты ядролық зымыраны бар ТУ-95 МС 40 стратегиялық бомба тастағыш ұшықтары қалды. Байқоныр, Семей және Сарыөзекте ядролық құрылғыларды сынауға және зымыран-ғарыштық техниканы ұшыруға арналған ерекше нысандар орналасты. Бұл жылдары ядролық қарудың ел аумағында болуының өзіндік жағымды. Кейбіреулер ядролық қарудың болуы мемлекетіміздің халықаралық беделін өсіреді десе, ал басқалар Қазақстанның Орталық Азияда ғана емес, сондай-ақ Оңтүстік Азия, Таяу және Орта Шығыста жетекші күш болып, тұрақтылықтың кепіліне айналатындығын алға тартты.
Қазақстан дипломатиясының негізін қалаушылардың бірі Қ.К.Тоқаев өзінің «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» еңбегінде: «Мемлекетіміздің ядролық әлеуетіне кейбір экстремистік режимдердің үлкен үмітпен қарағаны да құпия емес. Жекелеген алдерде тіпті «тұңғыш мұсылман атом бомбасын» жасауды көксейтін азғыру сөздері де айтыла бастады. Осындай қауіпті мұра әлдебір жауапсыз әрі дәлдүріш саясаткердің қолына түссе ядролық бопсалаудың құралына айналуы да ғажап емес еді» деп, сол кезеңнің шындығын жазған-ды. Сондай-ақ, Қазақстанның толыққанды ядролық державаға айналуына кедергі болған бірқатар сыртқы саяси факторларды да атап өтуіміз керек. Мәселен, өзін КСРО-ның мұрагері санаған Ресей белсенді әрі ашық қарсылық танытты. Қарудың көп тарап кетуінен сескенген АҚШ та өз наразылығын көрсетті.
Республика басшылығына ядролық қаруды елден шығару талап етіле бастады. 1991 жылы наурызда Қазақстанға ресми сапармен кенген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д.Бэйкер, Ұлыбритания сыртқы істер министрі Д.Херд (1992жыл), Франция сыртқы істер министрі Д.Дюма, АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Р.Бартоломью ядролық державалар қатарының артуын қаламайтындықтарын, Қазақстанның ядролық қарудан бас тарқаны жөн болатынын ескертіп айтты. Осылайша, Қазақстан ядролық қарудан бас тартты. Бұл – Президент Н.Ә.Назарбаевтың елімізді әлемдік қауымдастыққа мойындатқын оң шешімі болды. Қазақстан әлемның алпауыт елдеріне өз тарапынан ядролық қаруды таратпау, халықаралық қауіпсіздік саласына өзіндік үлес қосуға деген талпыныстан туындаған екі талап қойды: біріншіден, ядролық державалар біздің елдің қауіпсіздігіне кепілдік берулері, екіншіден, Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту туралы шарт екі жақтыдан – көпжақтыға айналуы шарт.
Қазақстанда 1992 жылдан Қауіпті Бірлесіп Қысқарту бағдарламасы іске асырыла бастады. « Нанн-Лугар бағдарламасы» деп аталатын бұл бағдарлама аясында тәуелсіздік алғанна кейін Қазақстан аумағында қалған ядролық, химиялық және биологиялық қарудың нысандары мен инфрақұрылымдарын жою және залалсыздандыру жөніндегі жобалар кешені, стратегиялық шабуыл қаруын бөлшектеу, экспорттық бақылау жүйесін құру жүзеге асырылды. Бағдарламаның шеңберінде Америка Құрама Штататтары Семей полигонында ядролық сынақ кешенін толық консервациялау, осы мақсатта мамандар даярлауға, ядролық қарудың инфрақұрылымын қауіпсіз жоюға көмек көрсетуді өз мойнына алды.
1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда Қазақстан Ресей, Украина, Белоруссия мен АҚШ өкілдері аталған төрт мемлекеттің аумағында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қолданылатын «Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту мен шектеу туралы шарттың» ережелерін іске асырумен жауапкершілік аясын нақтылайтын бес жақты «Хаттамаға» қол қойды. Лиссабон Хаттамасында Белоруссия, Украина және Қазақстанның ядролық қаруға ие емес елдер ретінде « Ядролық қаруды таратпау ттуралы шартқа» қосылу міндеттемелері тиянақталды.
1993 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі «Ядролық Қаруды Таратпау Шартын» (мұнан кейін ЯҚТШ) бекітті. Қазақстанның ЯҚТШ-ға қосылуы еліміздің сыртқы саяси бағытын іске асырудың маңызды кезеңіне айналды. Қазақстан ЯҚТШ-ға мүше бола отырып, осы шартқа сәйкес ядролық қарусыз ел мәртебесіне сай басты ұстанымдары мен міндеттемелерін қатаң сақтады.
1994 жылғы 5 желтоқсада ЕҚЫҰ-ның Будапешт саммитінде ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қосылған мемлекеттерге « Қауіпсіздік кепілдігін беру туралы меморандумға» Ресей, Ақш және Ұлыбритания қол қойды. Кейінірек Қазақстанның қаіпсіздігіне Франция және Қытай тарапынан да кепілдік берілді.
Ядролық арсеналды шығару бойынша өз міндеттемелерін орындай отырып, Қазақстан өз жеріндегі ядролық қарудың инфрақұрылымын жою мәселесімен және бұрынғы әскери өндірістерді азаматтық мақсаттарға көшумен айналысы. Осы мақсатта Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) аясында ядролық материалдарды бақылау мен есепке алу, АЭС-ті пайдалану, ядролық маьериалдар мен қондырғылардың физикалық қорғалуының мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру бойыншв Қазақстанға техникалық көмек көрсетудің үйлестіру жоспары жасалды. Оған Ұлыбритания, АҚШ, Швеция және Жапония қатысты.
1994 жылғы 14 ақпандаҚазақстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агентікке (МАГАТЭ) мүшелікке қабылданды. ЯҚТШ ережелеріне сәйкес 1994 жылғы 26 шілдеде Алматыда Қазақстан Үкіметі мен МАГАТЭ арасында – Кепілдіктер туралы келісімге қол қойылды. Қр Президентінің Жарлығымен бекітіп, 1995 жылдың 19 маусымынан күшіне енді. 1995 жылдың мамырына қарай Қазақстан аумағынан ядролық қару әкетілді және барылқ ұшыру қондырғылары жойылды.
1995 жылы шілде айының 29-ында Қазақстанның Семей полигонында, Қазақстанның ядрофизигі әлем мемлекеттерінің бақылауында басқару орталығындағы қызыл кнопканы басты, сол сәтте Семей полигонының ең соңғы сынақ құдығы 100тонна жарылғыштың жарылуымен бүтіндей күйреді. Осы оқиғаға куә болған әлем ғалымдары мен коммиссия мүшелері еріксіз шапалақ соқты. Соңғы сынақ құдығының түбегйлі құтылуы – Семей полигогыгда енді сынақ жасалмайтындығының белгісі болды.
Семей полигонын толығымен құрту үшін Қазақстан мемлекетінің ядролық қару орталығы АҚШ үкіметімен 5жыл жұмыс істеді. Қазақстан үкіметі 1991 жылдың 28 тамызында Семей полигогыг жабу туралы Жарлыққа қол қойғаннан кейін Қазақстан және АҚШ үкіметі полигонды жарып құрту жөнінде ақылдаса бастады. АҚШ үкіметі Семей полигогыг жарып құртуға 172 миллион доллар беріп көмектесті. 1995 жылы – Қазақстан шын мәнісіндегі ядролық қарусыз мемлекетке айналды.
Семей полигонының жабылуы ерекше мән-мағынаға ие. Оның басты бір себебі, бұл әлемдегі ең ірі полигон, оның жалпы жер көлемі 85 мың шаршы метді құрайды. 118 жер асты каналы мен 13 құдығы бар. 1949 жылдан 1989 жыл аралығындағы 40 жылда 470рет құпия түріндегі ядролық сынақ өткізілген, оның ішінде 100 рет сынақ жер бетінде өткізілген болатын. Алайда КСРО кезінде Семей полигоны жайлы үкіметтің ең жоғарғы басшылықта отырған бірнеше адамына ғана белгілі болатын. Әдеттегі жер карталарында мүлдем көрсетілмеген бұл полигоннан тіпті жергілікті үкімет басшылары да хабарсыз еді.
1991 жылы полигон жабылғаннан кейін ондағы әскерлер мен ғалымдар кете бастады. Олар өздерімен бірге бүкіл материалдарды да алып кетті. Тек бос қалған полигон мен зардап шегушілерді қалдырып кетті. Полигонға жақын жерде орналасқан ауыл тұрғыны, полигонның мыңдаған зардап шегушілерінің айтуынша, Семей полтгоны сырттағылар үшін құпия болғанмен, полигондағы жауапты адамдар оларға полигонда жүргізіп жатқан ядролық сынақтар еш зияндық әкелмейді деп жұбатқан.
Семей полигонының себебінен зардап шеккендердің жалпы саны – 1,5 миллион адам. Семей полигонында жасалған ядролық сынақтардаң зардабы екінші дүниежүзілік соғыста АҚШ-тың Жапонияға тастаған ядролық бомбасының зардабынан 1000 есе жоғары. Демек, ядролық сынақ – адамзаттың қасіреті, ұлт пен ұрпақ үшін мәңгілік жазылмас жара, бедерлі таңба еді.
2. 2005 жылы ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құру туралы басмасын аймақ басшылары оң қабылдады. 2005 жылы «Орталық Азия Ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшыларынығ саммитінде бұл аталған ұйым Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа (бұдан әрі – ЕурАзЭҚ) бірікті.
ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК қарым-қатынас жүйесінде. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұййым ретінде Кедендік Одаққа қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған ЕурАзЭҚ құру туралы шартқа сәйкес құрылады. ЕурАзЭҚ бастауы 1994 жылы Чолпан ата қаласында (Қырғызстан) Орталық Азия Одағы шеңберінде өткен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекет басшыларының кездесуінде Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы қабылданған шешіммен байланысты.
ТМД шеңберінде Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың қалыптасуы Достастық елдерінің ықпалдастықтың жаңа деңгейіне ұмтылатындығын көрсетті. ТМД-ның ішкі мәселелрі де ықпалдастықтың жаңа деңгейін қажет етті.
Бұл ұйымға Қазақстан, Белоруссия, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Молдова республикалары мүше, ал Украина бақылаушы мемлекет болып табылады. ЕурАзЭҚ құру негізіне «Кедендік одақты және Біртұтас экономикалық кеңістікті тиімді қалыптастыру» мақстаында қалыптастырылған сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымы алынды. Мемлекетаралық Ассамблея және Қоғамдастық Соты ЕурАзЭҚ-тың басқару органдары болып табылады.
2003 жылы мамыр айында БҰҰ ЕурАзЭҚ – ты халықаралық ұйым ретінде мойындады. ЕурАзЭҚ-тың 2003 жылдың 27 сәуірде Душанбе қаласында өткен Мемлекетаралық Кеңесінде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы іс-ахуалы және интеграциялық ынтымақтастықты жеделдету жөніндегі ұсыныстар туралы» баяндамасы тыңдалды.
Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы келесі қадам — Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҮ). Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт 1992 жылы ТМД шеңберінде Достастық елдерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери-саяси ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылғандығы белгілі. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа ресми түрде 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында қол қойылды. Келісімге ТМД-ның алты мемлекеті — Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қол қойды. Кейіннен Белоруссия қосылды. Ұйымның жоғарғы органы — Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі. Сонымен бірге, өкілетті өкілдерден тұратын Тұрақты Кеңес, Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі, Қауіпсіздік кеңестер хатшылық комитеті, ұйымның бас хатшысы, ұйым хатшылығы қызмет жасайды.
Тәуелсіз Қазақстан кеңестік жүйеден кейінгі кеңістікте орналасқан елдермен ТМД, ЕурАзЭҚ ұйымдары шеңберінде экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды қалыптастырды. Бүгінгі күні бұл ұйымдар шеңберіндегі қарым-қатынастың басым бағыттарының бірі — көші-қон мәселесін шешу болып отыр. Ал аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруда ҰҚШҮ-ның маңызы зор.
Қазақстан тек Орталық Азия аймағында ғана емес, Еуразия аймағында да ықпалдастыққа ұмтылуда. Әсіресе, Шанхай ынтымақтастық ұйымының алатын орны ерекше. Ол бүгінгі күні қол жеткізген нәтижелерімен ерекшеленеді. Олар: аумақтық мәселені шешу; лаңкестікке қарсы күрестегі жетістіктер; әскери саладағы тығыз ынтымақтастық; басқа халықаралық ұйымдармен байланыс орнату; экономикалық ынтымақтастықты терендету жолындағы нақты жобалар.
1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда бес мемлекет — Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан «Шекара аймағында әскери салада сенімді бекіту туралы келісімшартқа» қол қойып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының негізін қалады. Сол кезде ұйым «Шанхай бестігі» деп аталғанымен, кейін 2001 жылғы саммитте «Шанхай бестігіне» Өзбекстанның кабылдануымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы деп аталды. Саммиттен кейін «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құру туралы» декларация жарияланды. Сонымен бірге «Лаңкестік, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы» деп аталатын тағы бір маңызды құжат қабылданды. Сөйтіп, аймақтық саясатта алғаш рет лаңкестік, сепаратизм және экстремизм үғымдарына анықтама берілді. Ақиқатында, бұл құжат АҚШ-тағы 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасына 3 ай қалған уақытта қабылданған еді. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы әскери одақ емес, ол аймақтық қауіпсіздік саласындағы ықпалдастықпен қатар, экономика саласындағы байланыстарға ұмтылатын ұйым болып табылады.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК).АӨСШК-ні құру туралы идеяны ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы 5 қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынды. Ұйымның негізгі мақсаты — Азия аймағындағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты көп жақты қарым-қатынастарды орнату жоне осы мәселелерді шешу барысында ынтымақтастықты нығайту.
I саммитте екі маңызды құжатқа — Алматы актісі мен АӨСШК Лаңкестікті жою және өркениеттер арасындағы диалогқа қолдау көрсету туралы декларацияға қол қойылды. Осы құжаттар негізінде АӨСПІК Азиадағы дау-жанжалдар мен қақтығыстарды реттеу мақсатындағы форумға айналды.
2004 жылы қазан айындағы АӨСШК-ге мүше елдерінің II кездесуінде Сенім шаралар каталогы қабылданды. Бұл әскери-саяси, экономикалык, гуманитарлық және басқа салалардағы шаралар жиынтығынан тұрды. АӨСШК-ге мүше мемлекеттер басшыларының шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылы БҰҰ 47-сессиясында кеңесті құру туралы идеясын қолдау ретінде 5 қазан Азия кеңесі күні болып жарияланды. АӨСШК аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторына айналды.
II саммит 2006 жылы маусым айында өтті. 2007 жылғы желтоқсан айынан бастап Азия кеңесі БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды. Қазақстан — АӨСШК-ні құру туралы идеяны ұсынушы ғана емес, осы идеяны іс жүзіне асырушы мемлекет. Бұл еліміздің ұйым төрағалығына екі мерзімге, яғни 2002—2006 жылдардағы (бірінші мерзім) және 2006-2010 жылдардағы (екінші мерзім) сайлануынан да көрінеді. Бүгінгі күні еліміз АӨСШК-тің 2010 жылы өткізілетін III саммитіне дайындык үстінде.
ШЫҰ мен АӨСПІК — тұрақтылық пен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жағынан мақсаттары мен міндеттері ұқсас құрылымдар. Бірақ бұл екі ұйым бірін-бірі қайталамайды әрі бір-біріне қайшы келмейді. Керісінше, Азиядағы қауіпсіздіктің ұжымдық жүйесін толықтырып отыр. Егер Шанхай ынтымақтастык ұйымы оған мүше мемлекеттердің нақты құқықтары мен міндеттемелеріне негізделген бірлестік болса, АӨСПІК өзекті де өткір мәселелерді еркін талқылауға және оны шешу жолдарын іздеуге арналған кеңейтілген форум болып табылады. ШЫҰ мен АӨСШК Азия құрлығындағы қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы айрықша маңызы бар фактор ретінде танылып отыр.
2003 жылғы 19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті (мұнан әрі — БЭК) құру туралы келісімге қол қойды. БЭК Достастық кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастықты жүзеге асырудың бір жолы. ТМД құрамына кіретін төрт мемлекет ықпалдастықтың жаңа деңгейіне кошу туралы шешім қабылдады. БЭК қызметіне экономикалық сипат тән. 2004 жылы 20 мамырда БЭК-ті құру туралы заң күшіне енді. 2004 жылы 24 мамырда Ялтада БЭК-тің дамуының басым бағыттарын анықтаған мүше мемлекет басшыларының кездесуі өтті.
Каспий қайраңын бөлу: Казақстанның ұстанымы. КСРО-ның ыдырауы салдарынан туындаған күрделі мәселелердің бірі - ауқымы 440 мың шаршы шақырымға жуық әлемдегі ең ірі құрлықішілік су айдыны Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі. Бұл әлі күнге дейін шешілмей келеді. Егер 1991 жылға дейін Каспий екі елге тиесілі болса, енді ол бес мемлекетке Қазақстан, Ресей, Иран, Әзербайжан, Түрікменстанға ортақ болып отыр. Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымы Каспийге БҰҰ-ның Теңіз құқығы жөніндегі 1982 жылғы конвенциясының теңіздің әртүрлі бөліктерінің режімдері мен еніне қатысты жеке ережелерін қолдану больш табылады.
Қазақстан жағалаудағы мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерін тиімді қамтамасыз ету мақсатында БҰҰ-ның көрсетілген Конвенциясының ережелеріне сәйкес Каспийде аумақтық теңіз, балық аулау аймағын және ортақ су кеңістігін орнатуды ұсынды.
Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері басшыларының екі саммиті (2002 жылғы 23-24 сәуірде, Ашхабад және 2007 жылғы 16 қазанда, Тегеран) және Сыртқы істер министрлерінің үш кеңесі (1996 жылғы 11- 12 қарашада, 2004 жылғы 6 сәуірде, 2007 жылғы 20 маусымда) өтті. Бірақ Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері басшылары әлі күнге дейін ортақ шешімге келген жоқ. Мемлекет басшыларының 2008 жылы Бакуде өткізілуі тиіс деп жоспарланған III саммиті жағалау мемлекеттерінің (Түрікменстан) түгел келе алмауына байланысты 2009 жылға шегерілді. Басты келіспеушілік — Түрікменстан мен Әзербайжан арасындағы кен орны үшін талас және Иранның 20%-ға тең үлестік бөлуді талап етуі болып отыр. Әлемдік тәжірибедегі жалпыға бірдей қабылданған орта сызық әдісі бойынша су кеңістігін бөлу қағидасы басшылыққа алынса, Каспий теңізінің бүкіл аумағының шамамен 29% Қазақстанға, 21%-ы Әзербайжанға, 19%-ы Ресейге, 17%-ы Түрікменстанға және 14%-ы Иранға тиесілі болып еді. Ал 20% бөлу идеясы Каспийде қалыптасқан тарихи және саяси болмысты бүзуды білдіреді.
Қазақстан Каспийдің түбін межелеу ісіне асқан жауапкершілікпен қарайды. Осыған орай, еліміз Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша ұстанатын саясатында өз мүддесін қамтамасыз етуді әрі жағалау мемлекеттерін жақындастыруды мақсат етеді. 2009 жылы 11 қыркүйекте Қазақстанның Ақтау қаласында Каспий жағалауындағы мемлекеттердің жетекшілері бейресми саммитке жиналды.
Еуропа Одағы, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Сирия, Түркия және тағы басқа елдер Каспийдің энергия ресурстарына қол жеткізгісі келеді. Сонымен қатар аймақтағы табиғи газ қорларына да қызығушылық танытып отырғандар аз емес. Еуропа Одагы қолдап отырған Набукко газ құбыры жобасы Әзербайжан мен Түрікменстаннан газ алуды көздеуде. Бұл жоба арқылы Еуропага жылына шамамен 31 миллиард текше метр газ тасымалдануы мүмкін деген болжам да бар. Набукко жобасы арқылы ЕуроОдақ Ресейдің газына деген тәуелділігін азайтқысы келеді.
Халыкаралық ұйымдар. Жаһандық әлемдегі Казахстан тұғырының ұстанымының нығаюы. Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасымен және тағы басқа құрылымдарымен ынтымақтастық негіздегі қарым-қатынас өрісін кеңейтті. Қазақстанда БҰҰ жүйесінің 16 ұйымы қызмет жасайды: БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ Балалар қоры, БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қылмыс мәселелері жөніндегі басқармасы, БҰҰ Жоғары комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы, БҰҰ Еріктілері, БҰҰ әйелдерді дамыту қоры, Халықаралық еңбек ұйымы, БҰҰ Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ өндірісті дамыту жөніндегі ұйымы, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілеттілігі, БҰҰ гуманитарлық қызметті реттеу бойынша басқармасы, т.б.
БҰҰ бағдарламалары аясында бөлінген қаржылар елдегі экологиялық білім беру және денсаулық сақтау салаларының өзекті мәселелерін шешуге жұмсалуда. БҰҰ білім, ғылым жөне мәдениет саласының мәселелері бойынша ұйымның Бас конференциясында (27-сессиясы) Абайдың 150 жылдық мерейтойын атап өту туралы шешім қабылданып, қазақ халқын, руханият әлемін дүние жүзіне таныту мақсатында ірі қадамдар жасалды.
Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мүдделерін халықаралық деңгейде қамтамасыз ету, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты дамуды қалыптастыруға үлес қосып, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіру.
Еліміз 1997 жылы Еуроатлантикалық әріптестік кеңесі болып қайта құрылған ірі халықаралық ұйым саналатын Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне 1992 жылдан бастап мүше. 1994 жылы 27 мамырда Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» құжатына, ал 1996 жылы Қазақстан мен НАТО арасында қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды. Осыған орай Қазақстан НАТО-ның дағдарыс жағдайларын басқару бойынша жаттығуларына белсене қатысуда. 2002 жылы Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде алғашқылардың бірі болып НАТО-ның «Жоспарлау және шолу үдерісі» бағдарламасына қосылды. Сонымен бірге бітімгершілік күштерін дамыту бағдарламасын әзірледі. 2002 жылы НАТО елдерімен әскери-техникалық ынтымақтастықтың нәтижесінде НАТО стандарттары бойынша «Қазбат» жасақталды.
Қазақстан Республикасының ЕКЫҰ-ға мүше болып қабылдануы, Қазақстанның 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісіне негізделген жалпыеуропалық үдерістерге еркін қатысуға, тәжірибе алмасуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Қазақстан ЕКЫҰ-мен ынтымақтастық барысында үлкен жетістіктерге қол жеткізді: ЕҚЬІҮ Орталық Азиядағы экономикалық жағдайға байланысты, аймақтың нарықтық экономикаға өтуіне қатысты, экономикалық реформалар жүргізу, адам құқықтарын қорғау, аймақтық қауіпсіздік салаларында бірқатар семинар өткізді.
ЕКЫҰ-мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында өзара түсіністік және Алматыдағы ЕҚЬІҮ орталығын ашу жөнінде, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросымен өзара түсіністік меморандумдары қабылданды. Өзара түсіністік меморандумына негізделіп демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы Қазақстанда сайлау заңнамасын, соттық жүйені реформалау сияқты жұмыстарды атқаруда. ЕКЫҰ қауымдасқан 56 мемлекеттің Сыртқы істер министрлері 2007 жылы қарашада Қазақстанның 2010 жылы ЕКЫҰ-ға төрағалық етуін қолдады. Алайда Қазақстанға қойылатын мынадай талаптар бар: меншік иелерінің орташа табын қалыптастырған нарықтық экономика; азаматтар құқықтарының қорғалуы; қоғамда тұрақты даму мен үкіметтік емес секторлардың көрініс табуы ЕКЫҰ Қазақстанға демократиялық өзгерістерді тереңдету, әсіресе әділ де таза сайлау ұйымдастыру, БАҚ пен журналистерге қатысты саясатты демократияландыру шараларын жүзеге асыру, т.т. Сөйтіп, «БАҚ туралы», «Сайлау туралы», «Саяси партиялар туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді.
ЕКЫҰ-ға төрағалық ету еліміздің әлемдік қоғамдастықтағы рөлін нығайтады. ЕКЫҰ-ға төрағалыққа сайлану арқылы Қазақстан қоғамы кезекті жаңа даму сатысына өтті. Елбасы 2008 жылдың басында Қазақстан халқына арнаған «Еуропаға жол» атты Жолдауында еліміздегі экономикалық жетістіктерді — Еуропаның стандарттарына сәйкестендіруді мақсат етті.
Бүгінгі күні Қазақстан халыкаралық және аймақтық ұйымдар мүшесі ретінде Азияда сенім шараларын орнату, Еуразия кеңістігінде ықпалдастық үдерістерді нығайту, өркениеттер мен діндер сұхбатына шақыру, аймақтағы ұжымдық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру бағыттарында тиімді әрі нәтижелі жұмыстар аткаруда.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 29 тамыз №653 Жарлығымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы (Астана, 2008 жыл) Елбасының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленді.
Қазақстан Республикасының стратегиялық мүддесі — Сыртқы саясаты тұжырымдамасына сәйкес Еуропа елдерімен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту. Қазіргі уақытта Еуропа елдерімен екіжақты қарым-қатынастардағы технологиялық, энергетикалық, сауда және көліктік ынтымақтастық әлеуеті толық іске асырылмауда. Еуропалық Одақ елдері Орталық Азия мемлекеттерімен, атап айтқанда, Қазақстанмен ынтымақтастыққа да айрықша назар аударады. Олардың ортақ ұстанымы -2007 жылғы маусымда Еуроодақтың саммитінде қабылданған «ЕО және Орталық Азия: әріптестіктің жаңа стратегиясы» атты құжатта көрсетілген. Басты мақсат - Қазақстан Республикасының Еуропаның жетекші елдерімен стратегиялық серіктестік деңгейіне шығу.
Еліміз Еуропа мемлекеттерімен технологиялық, энергетикалық, көлік саласындағы техникалық реттеу және метеорология саласындағы; сауда-экономикалық; шағын және орта бизнесті дамытудағы; өмір сүру сапасы саласында гуманитарлық өлшем тұрғысындағы ынтымақтастықты дамытуды көздеп отыр. Сонымен бірге еуропалық тәжірибені пайдалана отырып, қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетілдіру мен Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕКЫҰ-ға төрағалық етуі үшін жан-жақты жағдай жасау - басты мақсаттардың бірі.
Еуропа елдерінің мамандарын шақыра отырып, технопарктердің аумағында инновациялық менеджмент саласындағы мамандарды даярлау және инженер кадрларды қайта даярлау жөнінде бірқатар оқу іс-шараларын өткізу, Қазақстанда бар көлік коммуникацияларын реформалау және жаңаларын құру жөнінде еуропалық технологияларды пайдалануда ынтымақтастықты дамыту көзделіп отыр. Еуропада пайдаланылып жүрген аграрлық технологиялар үлттық ауыл шаруашылығын елеулі түрде дамытуға қызмет етеді. Қазақстанның Еуропа нарығында орнығуы және үзақ мерзімді сипатта қатысуы мақсатында қазақстандық тараптың Еуропа елдерінде айлақтар, терминалдар, мұнай өндеу зауыттары, автомай қүю стансалары және басқа инфрақұрылымдық нысандарды сатып алуы жөнінде жұмысты жалғастыру көзделуде. ЕО-ның жаңа энергетикалық стратегиясының негізгі бағыттарының бірі — ғаламдық жылыну мәселесі. ЕО қалпына келтірілетін энергия саласындағы технологиялар бойынша әлемдік көшбасшы саналатынын, Қазақстанда осы энергия түрінің елеулі әлеуеті бар екенін ескере отырып, энергия үнемдейтін және экологиялық таза технологияларды енгізу мен дамыту мәселелері бойынша ЕО елдерінде таныстыру және оқу-үйрену семинарларын ұйымдастыру, халықаралық конференция л ар мен көрмелерге қатысу арқылы тәжірибе алмасу көзделіп отыр. Сонымен бірге қауіпсіздікті арттыру арқылы еуразиялық құрылықаралық көлік дәліздерін одан әрі дамыту жоспарланған. Соңғы жылдары Қазақстан және Еуропа елдері арасындағы сауда айналымы қарқынының үлғаю үдерісі байқалады. Алайда экспорт құрылымында дәстүрлі түрде шикізаттық тауарлар басым түсіп жатыр. Қазақстан мен Еуропа елдерінің арасындагы сауда-экономикалық байланыстарды терендету мақсатында Қазақстанның Еуропадағы сауда өкілдігін және бірқатар Еуропа елдерінде оның бөлімшелерін ашу да көзделіп отыр.
Салық салуды, оның ішінде шағын және орта бизнеске қатысты мемлекеттік қолдау саласында тәжірибе алмасу мақсатында көптеген іс-шаралар да көзделген. Климаттық өзгерістердің алдын алу саласында, Астана қаласында Еуразиялық су орталығының әлеуетін пайдалана отырып, су ресурстарын қорғау және зерттеу мәселелерінде іс-қимылды үйлестіру жөнінде шаралар жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Ұлттық медициналық холдингті, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау ұйымдарын және университет клиникаларын басқарудың осы замангы тәсілдерін жасау, көпжақты байланыстарды кеңейтуге ықпал ету, түрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуде еуропалық тәжірибені зерделеу кажеттілігі туындап отыр. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіби білім беру салаларында, жоғары білім саласындағы өзара іс-қимылда, студенттерді және профессор-оқытушы құрамын алмасуда, оның ішінде «Erasmus Mundus» және TEMPUS багдарламалары аясында, сондай-ақ Еуропа елдерінің білім беру ұйымдарымен екіжақты шарттар негізінде ынтымақтастықты дамыту жүзеге асырылуы тиіс. Қазақстандық және еуропалық оқу орындары арасындағы байланыстарды кеңейтуге ықпал етуді, білім сапасын басқарудың университеттік жүйесі мен Қазақстан-Британ техникалық университетінің және Қазақстан-Неміс университетінің базасында жоғары білім беру саласындағы білім беру орталықтарын құру, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби даярлауда және қайта даярлауда еуропалық тәжірибені зерделеу де жоспарланған. Әскери білім беру және әскери-ғылыми қызмет, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою салаларында да атқарылатын көптеген іс-шаралар айқындалып отыр.
Соңғы жылдары Қазақстанда ұлттық заңнаманы жетілдіру жөнінде үлкен жұмыс жүргізіліп, 2007 жылғы мамырда Конституцияға өзгерістер енгізілді. Мадридте Сыртқы істер министрлері кеңесінде қабылданған (2007 жылғы қараша), Қазақстанның 2010 жылы ЕКЫҰ-ға төрағалық етуі туралы шешім нәтижесінде еліміздің төрағалық етуінің басымдықтары егжей-тегжейлі қаралуда. Олардың қатарына мынадай мәселелер жатады: ЕКЫҰ кеңістігінде демократиялық институттарды дамыту үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-қимылды жалғастыру; ЕКЫҰ-ның барлық мемлекеттерінің транзит-көлік әлеуетін, еуразиялық құрлықаралық көлік дәліздерін дамыту, экология лык проблемаларды шешу; Қазақстанның бейбітшілікті, қауіпсіздікті және ядролық қарусыздануды қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып, сенім білдіру шаралары мен өңірлік қауіпсіздікті нығайту; ЕКЫҰ қызметіндегі қауіпсіздіктің әскери емес аспектілерін, атап айтқанда, лаңкестікке, экстремизмге, есірткі құралдарының заңсыз айналымына, ұйымдасқан қылмысқа, қару-жарақпен және адамдармен сауда-саттыққа қарсы күрес салаларын дамыту, сондай-ак ЕКЫҰ-ның әріптес елі - Ауғанстанды қалпына келтіру. Аталған мәселелердің қай-қайсысы да маңызды. Жүйелі жұмысты, жауапкершілікті талап етеді.
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |
азақстан және халықаралық ұйымдар | | | Н.Ә. Назарбаев - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. |
Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 9301;