азақстан және халықаралық ұйымдар
ТДМ-ның құрылуы. Қазақстан ТМД және Орталық Азия кеңістігінде. 1991 жылы қарашада Ново-Огаревода жеті республика (Ресей, Белоруссия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғыстан, Түрікменстан, Тәжікстан) жаңа мемлекетаралық құрылым – Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру жөніндегі ниеттерін білдірді. Одақтың сақталуына мүдделілік танытқан «жетілік» басшылары 1991 жылдың 25 қарашасы күні жаңа одақтық келісімге қол қоюға уағдаласты. Алайда ол бірнеше себептерге байланысты жүзеге аспады. Бұл келісімге тек М.Горбачев қана қол қойып, жобаны басқа республикалардың қарауына жіберді. Шын мәнінде республикалар 1991 жылдың 1 желтоқсанына белгіленген Украинадағы жалпы халықтық референдум қорытындыларын күтіп отырды. М.Горбачевтың КСРО-на сақтап қалуға жанталасқан «жігерін құм қылып» Украина халқы толық тәуелсіздікті қолдап дауыс берді. Бұрынғы одақтың ішінде Ресейден кейінгі екінші орын алатын-Украина бірауыздан тәуелсіздікті таңдады.Осының жалғасындай,1991 жылғы 8 желтоқсанда Брест маңындағы Беловеж орманында Белоруссия,Ресей,Украина басшылары «1922 жылы одақтық келісімге қол қойған КСРО құрылтайшылары КСРО халықаралық құқықтың толыққанды субъектісі ретінде өз ғұмырын тоқтатынын» мәлімдеді.Бұл келісім 1922 жылғы КСРО-ның құрылуы туралы келісімді тоқтатып,Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының құрудың алғышартын қалыптастырды.Осы келісіснен кейін КСРО-ның құрамындағы одақтас республикалар құқықтық кеңістіктен шығып қалды.Осындай қиын-қыстау сәтте Қазақстанның басшысы Н.Ә. Назарбаев 1991 жылдың 13 желтоқсанында Ашхабадта түркі тілдес республикаларға кездесуді ұсынды.Бұл кездесу барысында олар Беловеж келісімінің маңыздылығын саралап,Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіру жөніндешешім қабылдады. Алайда ең шешуші кездесу 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматы қаласында өтіп, КСРО-ның ыдырап, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы заңдастырылды. Орталық Азия республикалары және Қазақстан басшылары Алматыда бұрынғы КСРО құрамына кірген он бір мемлекет басшыларының саммиті аясында бірқатар ресми құжаттарға, яғни 1991 жылғы 8 желтоқсандағы Минск қаласында Беларуссия, Ресей, Украина қол қойған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімнің хаттамасына «Алматы декларациясына, ТМД-ның координациялық институттары туралы келісімге, ТМД елдері басшылары Кеңесінің БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдарда мүше болу туралы шешімдеріне қол қойылды. Бұл кездесуде КСРО-ның құқықтық мұрагері ретінде Ресей Федерациясының БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі туралы өте маңызды мәселе шешілді. Алматы кездесуіне қатысушылар бірнеше маңызды құжаттар қабылдады. Саммитте достастықа кірген мемлекеттер аумағының тұтастығын мойындау; әскери-стратегиялық күштерді біртұтас басқару және ядролық қаруға біртұтас бақылау орнату келісілді. ТМД-ның жоғары басқару органдары Мемлекет басшыларының және үкімет басшыларының кеңесі құрылып, достастықтың ашықтығы жарияланды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Егеменді ел ретіндегі Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының стратегиясын жемісті жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы саяси жағдай қалыптастыру керек. Ол үшін мемлекеттілікті нығайту, модернизацияға бағытталу, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамассыз ету, азаматтық татулық пен ұлтаралықкелісімді сақтау, сонымен қатар ТМД, әлемдік қауымдастық шеңберінде ықпаласуды арттыру, - деді. Сыртқы саясаттың негізгі мақсаты – қолайлы сыртқы саяси ортаны қалыптастыру және саяси, экономикалық реформалардың негізінде елдің тұрақты дамуына оңтайлы жағдайды туғызу болып белгіленді.
1992 жылы қаңтар айында Қазақстан Еуропалық қауіпсіздік жән өзара көмек Ұйымына (ЕҚӨКҰ) кірді. Ал 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданды. Елбасы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-сессиясында баяндама жасады.
Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы саяси доктринасының дінгегі – көпбағытты саясат ұстану қағидасы. Көпбағыттылық – әлемде елеулі рөл атқаратын және Қазақстан үшін қарым-қатынаста маңызды болып табылатын мемлекеттердің барлығымен достық әрі әріптестік байланыс орнату деген сөз. Президент сөзімен айтсақ: Қазақстан геосаяси жағдайы және экономикалық әлеуетіне орай тар, аймақтық деңгейдегі мәселелрмен шектеліп қалуға құқығы жоқ. Бұлай істеу, тек елдің көпэтникалы халқына ғана емес, сонымен қатар әлемдік қауымдастыққа да түсініксіз болар еді. Қазақстанның болашыға – Азиямен де, Еуропамен де, Батыспен де, Шығыспен де байланысты.Осындай саясат жүргізгенде ғана біз Қазақстанның қауіпсіздігіне төнетін қатерлерден сақтана аламыз. Елдегі экономикалық және саяси жаңаруларға орта қолайсыз болса, таяу және ұзақ мерзімге белгіленген мақстаттарымызға жетуіміз екіталай». Елбасының көпбағыттылық қағидассы өзін толық ақтады. Көпбағытты саясатты ұстанудың арқасында Қазақстан ұлттық мүддесін тиімді қорғап, халықаралық кеңістікте өз алдына дербес әрі ықпалды мемлекетке айнала алды.
Әлемде мұнай, газ, көмір және уран кендері қоры жағынан жетекші орындарлың бірін алып отырған Қазақстанға әлемдік қауымдастық ХХІ ғасырдығы негізгі қуат көздерінің бірі ретінде қарайды. Сонымен қатар экспортқа шығаратын астық көлемі де үлкен. Қазақстан сыртқы саяси қызметінің басты бағыттарын анықтауда осы геосаяси факторларды ескереді.
Қазақстан Республикасы көпбағытты саясат ұстану негізінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ сыртқы саяси басымдықтардың тұрақты жүйесін қалыптастырды. Қазақстан өзінің сыртқы саяси стратегиясын қалыптастыруда әлемдік қүштердің алуан түрлілігін ескерді.
Қазақстан өз қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамассыз ету үшін ең жақын және тарихи дос көрші мемлекеттермен де, Таяу және Орта Шығыс елдерімен де, демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен де берік байланыстар орнатып, интеграциялық үдерістерді күшейте түсу бағытын ұстанып отыр.
Қазақстан ТМД, ОАЭО және ЕурАзЭҚ сияқты ұйымдар арқылы посткеңестік кеңістіктегі ықпалдастыққа ұмтылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Сыртқа саяси тұжырымдамасында ТМД шеңберіндегі ынтымақтастыққа басымдық берілген. ТМД-ны құру туралы декларация 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматы қаласында қабылданды. Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы – бұрынғы Кеңес Одағының елдерін біріктіретін әрі сяаси, экономикалық, мәдени және басқа да байланыстарды өрбітетін жалғыз ұйым болып табылады. ТМД-ның құрылу тарихында Қазақстанның да шешуші рөл атқаратындағын ескеруіміз керек. Қазақстан Президентінің ТМД шеңберіндегі ықпалдастық пен ынтымақтастық үдерістерін тиімді ету мақсатындағы бастамалары, ұйымға мүше мемлекеттердің экономикалық және әсери-саяси өзара қарым-қатынастарын кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашты. Олар: Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін (Азия кеңесі, АӨСШ), Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын, Еуразиялық экономикалық қауымдастықты және Біртұтас экономикалық кеңістікті құру болып табылады.
Қазақстан ТМД кеңістігіндегі Шанхан ынтымақтастық ұйымы, Орта Азиялық ынтымақтастық ұйымы сияқты басқа да аймақтық ұйымдар қызметіне белсене араласады. Ең басты мақсат – жаңа әлемдік тәртіп жағдайында аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қазақстан экономикалық, ұлттық қауіпсіздікті қамтамассз етіп, гуманитарлық салада ТМД шеңберінде ынтымақтастықты кеңінен жүзеге асыруда. Қазақстан экономика саласындағы ықпалдасуды өзара қарым-қатынастың іргелі қағидасы ретінде ұстануда. Себебі сауда-экономикалық мүдделерін үйлестіруге мүмкіндік береді. ТМД елдерінің экономикалық дамуының әртүрлі деңгейлерін ескерсек, онда олардың экономикалық тұрғыдан бірлесу үдерісінің оңай шаруа еместігін де аңғарамыз. Кедендік одақты, Валюталық Одақты құру және қаржылық ықпалдастықты дамыту мәселелерін шешу ісі қарама-қайшлықтарға толы әрі күрделі жағдайда жүзеге асуда. Дегенме, нақты іс-шаралардың орындалғандығын да айтуымыз қажет. Мәселен, 1994 жылы ТМД елдері Еркін сауда аумағын құру туралы келісімшартқа қол қойылса, 1995 жылы Қазақстан, Ресей және Белоруссия мемлекеттері арасында Кедендік одақ құрылды. Кедендік одаққа 1996 жылғы наурызда Қырғыз Республикасы, 1998 жылы сәуірде Тәжікстан Республикасы қосылды. Кедендік одақтың атқарушы органдары Мемлекетаралық кеңес пен Интеграциялық комитет болып табылады. Кедендік одақты құрудағы негізгі мақсат тауарлардың, көрсетілетін қызметтің, капиталдың, жұмыс күшінің ортақ нарқын белгілеу болды. Кедендік одақ шеңберінде салық заңнамасы мен көлік саласына қатысты бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Елбасы Кедендік одақтың Мемлекетаралық кеңесінің төрағасы ретінде 1998 жылдың басында ТМД-да біртұтас гуманитарлық және ақпататтық кеңестік құру жөніндегі ұсыныстардан тұратын – «Қарапайым адамдарға қарапайым он қадам жасайық» атты бастамасын ұсынды. Бұл – билік пен халық арасын жақындата түсті.
Сонымен, Қазақстан ТМД шеңберінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ынтымақтастықты кеңінен жүзеге асырып келеді. Қазақстан үшін күн тәртібінен түспейтін өткір де өзекті мәселе – халықаралық лаңкестік және экстермизммен күрес болып табылады. Елбасы Қазақстан халқына арнаған 2006 жылғы Жолдауында «Лаңкестікке, ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз қару-жарақты таратуға, есірткі саудасы мен басқа да осындай қатерлерге қарсы күрестегіхалықаралық ынтымықтастықты нығайту және кеңейту қажеттігін баса айтты. Еліміз ТМД елдерінің әскери жаттығуларына, лаңкестікке қарсы орталық қызметіне, халақаралық лаңкестікпен және экстремизммен күресу бағдарламасына, есірткіге қарсы күрес мақсатында жүргізілетін әскери жаттығуларға қатысып, тәжірибе алмасып келеді.
ХХ ғаысрдың 90-жылдарында басталған ықпалдасу үдерісі ХХІ ғасырдың басында жаңа деңгейге көтерілді. Достастық аумағында ықпалдасудың бағыттар мен соңғы кезеңі басталды. Қазақстан Республикасының өзіндік ықпалдасу ұстанымдары қалыптастырылды. Ол, біріншіден, кез келген ықпалдасу төменнен шынайы экономика секторымен қолданыу керек, ал саясаткерлер ісі – осы үдеріске бағытталуы керек; екіншіден, ықпалдасу үдерісі обьективті себептерден туындауы керек және мемлекеттердің бірігуге ұмтылысынан, еркіндік ұстанымына негізделуі тиіс; үшіншіден, ықпалдасудың нақты стратегиясы мен шынайы мақсаттары қажет; төртіншіден, мемлекеттің сыртқы саясатының басым бағыты ретінде мойындалуы керек; бесіншіден, көп деңгейлі ықпалдасу, ықпалдастық орталықтарын қалыптастыру. Қазақстан басшысы интеграциялануды елімізді тұрақтылыққа, прогреске, экономикалық және әскери-саяси тәуелсіздікке апаратын жол ретінде анықталды. Осыған орай ТМД ұйымын реформалаудың қазақстандық бағдарламасын ұсында. Президент «Независимая газетаға» берген сұхбатында: «ТМД елдері үшін ықпалдастық, ынтымақтастық – экономикалық тиімділік қана емес, ертеңгі күнге деген сенімділік, рухани-психологиялық тұрақтылық та болып табылады», - деп мәлімдеді.
Қазақстан ықпалдасудың негізгі бес бағытын негізг алады. Олар: көші-қон саясатын, біртұтас көлік-коммуникациялар жолын дамытуды, білім мен ғылым интеграциясын дамыту, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен шекаралық қылмыспен күрес. Жалпы, бүгінгі күні ТМД қызметі нәтижесінің мардымсыздығы мүше мемлекеттердің басқа деңгейдегі байланыстарды орнатуға итермеледі. Мәселен, ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастық нәтижеліболмағандықтан, мүше-мемлекеттер өзара екі жақты қарым-қатынас арқылыықпалдастықты жүзеге асыруда. Соның бірі – Орталық Азия аймағындағы үдерістер.
Орталық Азия мемлекерттеріне кезінде КСРО құрамына кіргн Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан жатады. 4млн шаршы километр аумақты алып жатқан бұл мемлекеттер – пайдалы кең қазбаларына бай өлке. Батыс пен Шығыс елдерінің қызығушылыған тудырыпотырғаны да анық. Бүгінгі күні Орталық Азия аймағы жаһандық һәм әлемдік саяси картадан өз орныніздеуде. Аймақ тұрақтылығы мен үдемелі дамуының басты жолы – аймақтық ықпалдасуды Қазақстан сыртқы саясатында жаһандану қауіптеріне қарсы тұрудың ең тиімді тәсілі ретінде таңдап отыр. Бұл үдеріс су-энергетикалық қорларын және транзиттік-көліктік әлеуетін ұтымды пайдалану, аймақтық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құру, лаңкестікке, діни экстремизмге және есірткі бизнесіне қарсы күресті біріге отырып шешуге мүмкіндік береді. Орталық Азиядағы ықпалдастық үдерісі 1994 жылы Орталық Азия Одағын құрудан басталды. Оның негізі Қазақстан, қырғызстан және Өзбекстан мемлекетттері арасындағы Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы (БЭК) жасалған келісімшартепн қаланды. Аймақтық ықпалдастыққа 1997 жыл Бішкек қаласында қол қойылған Мәңгілік достық туралы келісімшарттың маңызы зор. Келісімшарттаөзара қауіпсіздікті қамтамассыз ету мен халықаралық аренада өзара қарым-қатынасты орнату мәселесі басты орынға қойылған.
Аймақтық өзара қарым-қатынастағы қарама-қайшылықтарға байланысты Орталық Азия ынтымақтастық жобасы бірнеше мәрте қайта қаралып, аймақтық құрылымдар жетілдірілді. Нәтижесінде, 1998 жылы Орталық Азия Одағы Орталық Азиядағы экономикалық қауымдастыққа айналды. 1996 жылдан Ресей, 1999 жылдың шілдесінен Грузия, Түркия және Украина бақылаушы мәртебесіне ие болды. Орталық Азиядағы экономикалық қауымдастық Орталық Азиядағы ынтымақтастық ұйымына (ОАЫҰ) айналды. ОАЫҰ шеңберінде президенттер халықаралық су-энергетикалық консорциум және есірткіге қарсы коалиция құру туралы шешім қабылдады. 2004 жылы Душамбе қаласында өткен Орталық Азиядағы ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттетр басшылары кеңесінің отырысында ұйымға Ресей Федерациясы қосылды.
Казақстан және түркі елдері әлемі.1991 жылдан бері Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар, өзара сыйластық пен сенімділік ахуалы негізінде тұрақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жан-жақты тығыз ынтымақтастықты одан әрі тереңдетумен ерекшеленді. Тұрғыт Өзалдың ұсынысымен (1992 жылдан) түркі тілдес елдер мемлекет басшыларының жыл сайын жоғары дәрежелі бас қосуын өткізу дәстүрге айналды. Екіжақты қатынастар-дың бастамасы 1994 жылы қол қойылған «Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы өзара достастық және ынтымақтастық шартынан» басталды.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2003 жылғы мамырда Түркияға жасаған ресми сапары барысында Астана мен Анкара арасындағы қатынастардың үзақ мерзімдік әріптестік деңгейге жеткендігі айтылды. 2004 жылдың маусым айында Стамбулда өткізілген НАТО саммиті және 2005 жылдың 25 мамырында Бакуде өткен «Баку - Тбилиси - Жейхан» мұнай құбырының әзербайжандық учаскесінің іске косылу рәсімі де берік достығы мен шынайы ынтымақтастықтың айғағы. Сондай-ақ, Қазақ-стан Республикасы Президент Н.Ә. Назарбаев пен Түркия Президенті А.Н. Сезердің кездесулерінде көп қырлы байланыстың орнағандығы да кең көлемде айтылды.
2007 жылы казанда Түркия президенті А. Гүлдің Қазақстанға сапарында Н.Ә. Назарбаев түркі тілдес елдердің Парламентаралық ассамблеясын құру туралы өз ұсынысын білдірді. Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 1,5 млрд долларды құрап отыр. 2008 жылы кездесуде екі ел басшылары 2010 жылға дейін осы көрсеткішті 5 млрд долларға жеткізуге уәделесті. Қазақстан нарығында түрік капиталының қатысуымен 1674 кәсіпорын жұмыс жасауда. Жалпы түрік инвестициясының көлемі 560 млн долларды құрайды. Қазақстандағы екі қазақ-түрік университеті мен 27 қазақ-түрік лицейі білім беру саласындағы ынтымақтастықтың көрінісі болып отыр.
Түркия сыртқы саясатты дамыту үдерісінде Қазақстанды Орталық Азиядағы ең сенімді саяси және экономикалық әріптес ретінде таниды. Сонымен бірге екі ел арасында мәдени ынтымақтастықта жақсы жолға қойылған. Мәселен, 1992 жылы коктемде Стамбул қаласында (Тур-кия) түркітілдес мемлекеттер мәдениет министрлерінің I кездесуінде — Түрксойдың негізі қаланды. Ұйымның негізгі мақсаты — түркі мәдениеті және өнерін зерттеу және оны әлемдік деңгейде насихаттау. Ұйымды құрушы мемлекеттер қатарында: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан республикалары бар.
Түрксой ұйымы шеңберінде түркі тілдес мемлекеттердің мәдениетін әлемге танытуда көптеген шаралар жүзеге асырылды. Қазақ жазушылары мен ақындарының танымал шығармалары түркі тілдеріне аударылды. Өнер күндері жыл сайын өткізілетін дәстүрге айналды. Түрксой ұйымының жетекшісі болып қазақ мәдениетінің жанашыры, қоғам қайраткері Д. Қасейінов сайланды.
1992 жылы 27 тамызда Қазақстан мен Әзербайжан мемлекеттерінің арасында дипломатиялық қатынастар саяси мекемелердің нота алмасуы арқылы орнатылды. 1994 жылы Әзербайжан Республикасында Қазақстан Республикасының, ал 2004 жылы — Қазақстан Республикасында Әзербайжан Республикасының елшіліктері ашылды.
Екі елдің қорғаныс мекемелері, ұлттық қауіпсіздік органдары, шекара қызметтері, құқық қорғау құрылымдары арасындағы ынтымақтастық дамуда. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау мәселесінде де ортақ ұстанымдар болғандықтан, осыған орай екі ел арасында Каспий теңізінің түбін белгілеу туралы келісімге қол қойылған. Қазіргі кезде Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі жұмыстарын жалғастыруда. Сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан — Әзербайжан үкіметаралық комиссиясы екі жақты қатынастарды дамытуда үлкен жұмыстар атқаруда. Комиссияның 2006 жылы мамыр айында Бакуда өткізілген төртінші отырысы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымын камтыды. Тоқтала кетсек, өнеркәсіп жөне ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жөнелтуді жандандыру; мұнай-газдық машина жасау, химия жөне мұнай-химия, көлік саласында; отын-энергетика кешенінде; агро-өнеркәсіп кешенінің өнімдерін қайта өндеу; Каспий теңізінде қоршаған ортаны сақтау, мәдени-гуманитарлық байланыстарда өзара ынтымақтастықты дамыту кең өріс алды.
Экономикалық ынтымақтастыктың маңызды бір саласы — мұнай-газ секторы. Осы орайда, Қазақстан мұнайын «Баку — Тбилиси — Жейхан» құбыры арқылы тасымалдаудың жолдарына қатысты жүргізіліп жатқан екіжакты келіссөздерді атап өткен жөн. Қазақстан мен Әзербайжанда көмірсутегі шикізатын өндіруді ұлғайту жоспарларын ескере отырып, екі ел үшін мұнай-газдық машина жасау саласында ынтымақ-тастықты жандандыру көзделген. Көлік саласында екі елдің «Еуропа — Кавказ — Азия» (ТРАСЕКА) халықаралық көлік дәлізі жобасына қатысуы да маңызды мәселелер қатарына жатады.
Сонымен, еліміз түркі әлемі елдерімен түрлі саладағы ынтымақтастықты дамытуда. Қазақстан Каспий мәртебесі арқылы әлемдік нарыққа шығудың балама жолдарын да тиімді қарастыруда.
2. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның геосаяси басымдылықтары. Геосаяси жағдай туралы түсінік. Кеңес Одағының ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы -олардың қазіргі әлемдік жағдайын немесе геосаяси жағдайын (ГСЖ) айтарлықтай өзгертті.
Геосаяси жағдай - елдің стратегиялық маңызы бар шет елдік мемлекеттерге, олардың одақтарына және дүние жузінің аудандарына қатысты алғандағы саяси картадағы орнын анықтайды. Бірак «елдің орны » дегенде, оның географиялық мекенжайы туралы түсінік қарастырылмайды. ГСЖ-ға баға беру - қоршаған әлемге елдің мемлекеттік(ұлттық)мүддесі тұрғысынан қалыптасатын көзқарас болып табылады. Бұл үшін ұлттық мүддені «көре білу», мүмкін болатын қауіп-қатерді айқындау және оларды болдырмауды қамтамасыз ету қажет.
«Геосаяси» және «экономикалық-географиялық » жағдай түсініктері бір-бірімен байланысты, бірақ өзара айырмашылықтары да бар. Елдің көлік жағдайына талдау жасаған кезде ЭГЖ көзқарасы бойынша көлік түрі мен тасымал қашықтығы есепке алынады.Ал ГСЖ тұрғысынан әлемдік рынокқа көліктік шығарылымның саны мен бағыты,олар дың қауіпсіздігімен сенімділігі назарда ұсталады.
ГСЖ өзгеріссіз, бірқалыпты тұрмайды.Уақыт өткен сайын жақсаруы немесе керісінше, нашарлауы да мүмкін.
Геосаяси жағдайға әртүрлі деңгейде баға беруге болады:
Әлемдік деңгейде - дүние жүзіндегі «куатты орталықтарға (АҚШ,Еуропа Одағына, Жапонияға,содан соң Қытай мен Ресейге) қатысты алғанда;
Аймақтық деңгейде - өз аймағындағы елдерге, әсіресе шекаралас мемлекеттерге(іргелес орналаска көрші мемлекеттерге)қатысты алғанда.
Қазақстанның геосаяси жағдайына баға беру. Ең алдымен Қазақстанның негізгі геосаяси ерекшеліктерін қарастырайық.
Біріншіден - минералдық ресурстар байлығы. Барланған пайдалы қазбалардың құны бойынша Қазақстан дүние жүзінде алтыншы орында.Бұл—біздің еліміздің үлкен артықшылығы,оның әлемдік позициясының негізі.Осы жағдай біздің елімізге ірі шетелдік компаниялардың келуіне әсерін тигізді.
Екіншіден, жер көлемінің ауқымды болуы немесе аумағы мен тұрғын халық санының арасындағы сәйкессіздік. Экономикалық қызметтің шағын мөлшері - елдің өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлетін қаржының да аз көл емде болуына әсерін тигізеді.
Қазақстанның 2008 жылы қорғаныс шығыны 185 млрд теңгеден аспайды (қазіргі 6 соғыс ұшағы «Стелс» құнындай ғана).Біздің армиямызда әскери қызметкерлердің саны бар болғаны 74 мыңдай ғана.
Сондықтан ел ішіндегі «Қазақстан-2030» стратегиясы халық санын 25 млн адамға жеткізуді көздейді.
Сыртқы саясат елдің қауіпсіздігін саяси құралдар арқылы шешіуге бағытталған. Осыған байланысты Қазақстан шет елдермен қарым-қатынасын дамытып, кептеген халық аралық ұйымдарға қатысуда. Шекара бойы толығымен достас мемлекеттер белдеуіне айналды. Біртіндеп ел қауіпсіздігінің көп деңгейлі жүйесі калыптасуда. Оның бірінші деңгейінде - ЕурАзЭҚ жәнө ШЫҰ,екіншісінде - Азиядағы қарым-қатынас пен сенім шаралары жөніндегі Кеңеске(АҚСШК)мүше елдер бар.
АҚСШК-і еліміздің. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен жұмыс істейді.Оған 20-дан астам елдер катысады, оның ішінде Қытай, Ресей,Үндістан жөнө Пәкстан бар.
Қазақстанның ГСЖ төмендегідей негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады.
Біріншісі - құрлықішілік жағдайы (ашық теңізге шығу жолының болмауы).Мұның өзі елді көрші мемлекеттерге тәуелді етеді.Қазақстан осы тәуелсіздікті бәсеңдету үшін әлемдік нарыққа шығаратын жаңа қөлік «коридорларын» жасауға қатысуда.Олар барлық бағыттар бойынша - Ресей, Қытай ,Орталық,Оңтүстік—Батыс (Иран, Түркия)және Оңтүстік (Пәкстан) Азия арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Трансазия темір жолын салуға, Қазақстан - Қытай мұнай құбырларын жүргізуге қатысты.Біздің елімізде Әзірбайжан, Грузия және Түркия арқылы Жерорта теңізіне қарай мұнай құбырын тартуға қызығушылық туып отыр.
Екінші ерекшелігі - әр түррлі мәдениеттердің, атап айтқанда -ислам (Орталық және Оңтүстік-Батыс Азия),орыс және қытай мәдениеттерінің түйіскен жерінде орналасуы. АҚШ пен Еуропаның геосаясаткерлері, мәдениеттер арасындағы күрес адамзат болашағына әсер ететінін тұжырымдайды. Еліміздің үкіметі өз ішіміздегі Бейбітшілікті қамтамасыз етіп, мәдениеттердің бір-бірін толықтыруына жағдай жасауда.Үкімет халық аралық деңгейде әлемдік және ұлттық діндер Форумын өткізді.
Үшінші ерекшелігі - Еуропа мен Азияның арасында орналасуы.Қазақстан Батыс пен Шығыстың арасындағы өзгеше көпі р тәрізді.Үкімет аумақтың, транзиттік мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануға тырысуда. Осыған байланысты аумақта көліктік құрылыс басталды.Қазақстан арқылы шет елдік үлкен тауарлар ағынының өтуі олардың, республик аның қауісіз болуына тәуелділігін арттырады.
Төртінші ерекшелігі - екі ірі державаның - Қытай мен Ресейдің арасында орналасуы.Бұл елдер Қазақстан мен бірге ШЫҰ мүше болып табылады. Олардың елдің егемендігі мен біртұтастығының кепілі ретіне маңызы зор. Бұл ар біздің ірі сауда серіктестеріміз. Аталған мемлекеттерде 2 млн қазақ этносы тұрады. Осындай көршілік жағдаға байланысты Қазақстан екі мемлекеттің де мүдделерімен санасып, келісімге келіп отыруға тырысады.
Бесінші ерекшелік - Қазақстанның шекара аймақтарында шиеленісу ошақтарының («ыстық нщтелердің») пайда болуы. Олардың ішіндегі ең қауіптісі - Ауғанстан(халықаралық террор, есірткі саудасы).Қырғызстан менТәжікстанда ғы(ішкі кақтығыстар), Өзбекстандағы (террор мен экстремистік сипат) күрделі жағдайардың болуы.
Алтыншы ерекшелігі - Каспий теңіз- көлінің статусы туралы келісім жасалмаған Каспий бойы аймағындағы жағдай.
Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 7730;