Азіргі Қазақстанның сыртқы саясаты.

Лекция

1. Қазақстан және әлемдік қауымдастықтар. Халықаралық ұйымдарға Қазақстанның мүшелігі мен әріптестігі.

2. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның геосаяси басымдылықтары.

 

1. Қазақстанның орасан зор табиғи байлық қоры және ядролық әлеуетінің болуы жас елге әлемдік қауымдастықтың назарын бірден аудартты. Көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар қазақстан жайлы мәліметті ескі ақпарат көздерінене алды. Бұл жағдай Қазақстан туралы біржақты пікір қалыптастыратындықтан, еліміздің жаңа келбетін әлемге танымал етіп көрсету қажет болды.

1990 жылдары халықаралық қатынаста бұрынғы ұстанымдар түбірінен өзгерді. Қазақстан егемендіктің алғашқы жылдарынан –ақ халықаралық саяси жүйеде өзінің бағыт –бағдарын анықтау мәселесін қойды. ҚР сыртқы саясатының тұжырымдамасын президент 1992 жылы мамыр айында «қазақстанның егемендік ел ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап көрсетті. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы төмендегі міндеттерді жүзеге асырудан басталды:

- Қазақстан Республикасының жаңа сипатын тану;

- Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындату;

- Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету;

- Әлемдік деңгейдегі шаруашылық жүргізу және экономикалық
байланыстарға белсене араласу.

Тәуелсіздік алғаннан кейін екі айдың ішінде Қазақстанды — әлемнің 92 мемлекеті таныды.

1992 жылдың 2 шілдесінде Республика Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы Ереже» қабылданды. Сыртқы істер министрлігін қүру оңай болған жоқ. Алғашқы кезде КСРО Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында істеген және шетелдерде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар елімізге қызметке шақырылды. Республикаға — 12 маманданған дипломат келді.

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан бергі жылдарда сыртқы істер министрлігіне — 1991—1994 жылдары Т. Сүлейменов, 1994 жылы Қ. Саудабаев, 1994—1999 жылдары және 2001 жылдардан 2006 жылға дейін Қасым-Жомарт Кемелүлы Тоқаев министр болды.

Қазақстан өзінің сыртқы саясат тұжырымдамасында көрші мемлекеттермен арадағы өзара қарым-қатынасқа айқын басымдық берді. Ресей Федерациясымен 1992 жылдың 25 мамырында «Достық ынтымақтастық және өзара көмек туралы» шартқа, 1994 жылдың 28 наурызында «Интеграция жөне экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы» шартқа, 1995 жылдың 20 қаңтарында «Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығык кеңейту және тереңдету туралы» бірлескен декларацияға қол қойып, олар мемлекеттік егемендікті және аумақтық тұтастықты өзара сыйлау, күш қолданбау, мәселелерді бейбіт түрде шешу, теңцік және бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпаушылық, адам құқығын жүзеге асыру үстанымдарын басшылыққа алатындығын жариялады. Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей:

Ұлттық белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу, жеке бас-
тың қүқығы мен бостандығын қатаң түрде сақтау, екі ел арасындағы
ғылыми, мәдени байланыстарды дамыту;

Алдағы уақытта ұлттық экстремизмнің, сеператизмнің кез келген көріністеріне табанды түрде қарсы шығу;

Қазақстан мен Ресей арасындағы өскери ынтымақтастық туралы
(1994 жылғы 28 наурыз) келісімді басшылыққа ала отырып, екі ел аймақтық қауіпсіздікті бірлесіп нығайту жөне қорғаныс саласындағы
ынтымақтастықты дамыту ұстанымын қойды.

Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынасқа ерекше маңыз берілді. 1992 жылы 3 қаңтарда дипломатиялық қатынастар орнату туралы мазмұндамаға, 1993 жылдың 18 қазанында және 1995 жылдың 11 қыркүйегінде бірлескен Декларацияға қол қойылды. Онда Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы сеператизмнің қандай түрі болса да, өрі сауда экономикасының өскери салаларда және халықаралық қатынас саласында ынтымақтастықта болатындығы мәлім етілді. Н.Назарбаев пен Цзянмин Қазақстан — Қытай шекарасы жөнінде 1994 жылы 26 сәуірде келіссөз жүргізді.

Сондай-ақ, Орталық Азиадағы көрші мемлекеттермен Одақтастық шарт жасалды.

1995 жылы 15 ақпанда сыртқы саясат мәселелеріне арналған мәжілісте еліміздің сыртқы саясатының тактикалық және стратегиялық міндеттері белгіленді. 1996 жылы 11 қыркүйекте екінші рет өткен Сыртқы Істер министрлігі алқасының кеңейтілген мәжілісінде Қазақстан дипломатиясының қызметі, міндеттері талқыланды. Қазір Қазақстанды өлемнің 120-дан астам мемлекеті мойындап, елде 68 елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері тіркелген. Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері әлемнің 100-ден астам елінде ашылған. Сондай-ақ, Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдарға мүше. Ортақ мұраттар төңірегінде берік байланыс бар.

Егемендік алғаннан бері республиканың дербес сыртқы саясаты берік орнығып, байыпты бағдарламалардың негізінде ұстанған бағыттың дұрыстығын дәлелдеді.

Әлемнің жетекші елдерімен стратегаялық одақтастық құру.АҚШ 1991 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасының төуелсіздігін таныды. Осы жылы мемлекеттік хатшы Дж. Бейкер Алматыға келіп, Президент Н.Ә. Назарбаевпен келіссөздер жүргізді. 1992 жылдың сәуір айында Қазақстанға АҚШ конгресінің Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастык бойынша делегациясы келді. Осыдан кейін толыққанды екіжақты дипломатиялық қатынастар орныға бастады. 1992 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасында ашылған алғашқы елшілік — Американың елшілігі еді.

Казақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев АҚШ Президенті Джордж Буштың шақыруымен 1992 жылдың 18—20 мамыры аралығында Америка Құрама Штаттарына алғашқы ресми сапармен барды. Бұл сапар Қазақстан — Америка қатынастарының негізін қалады. Онда екі мемлекет басшылары «жаңа қатынастар» орнағанын жария етті. Осы сапар кезінде «Сауда қатынастары жөніндегі келісім», «Қаржы салымдарын өзара қорғау жөніндегі шарт», «Қазақстан Республикасы және АҚШ үкіметтері арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум», «Қос қабат салық салуды болдырмау жөніндегі конвенция келісімі туралы» бірлескен мәлімдемелерге қол қойылды. Осылайша, Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасын-дағы екі жақты қарым-қатынастардың негізі қаланды.

Қазақстан АҚШ-пен қарым-қатынастарында 1994 жылы ақпанда қол қойылған басты құжат — «Демократиялық әріптестік туралы партияның» ережелерін негізге алады. Орталық Азиядағы АҚШ-пен әріптестік қатынастарды ресми белгілеген бірден-бір ел Қазақстан болды. Бұл қүжатта Қазақстанның бұрынғы КСРО-ның құқықтық мұрагер мемлекеті ретіндегі мәртебесіне байланысты КСРО мен АҚШ арасындағы стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту жөне шектеу туралы келісімді бекіткен. Сонымен қатар ядролық қарусыз мемлекет ретінде ЯҚТШ-ға қосылған, халықаралық қауіпсіздікті күшейтуге үлкен үлес қосқан мемлекет екендігі атап көрсетілді. 1994 жылы көктемде елде жүргізіліп жатқан жекешелендіруге АҚШ-тың компаниялары тар-тыла бастады. Қазақстан нарығына бірінші болып келген «Шеврон» мұнай компаниясы еді.

1994 жылы АҚШ-тың Қазақстанға берген экономикалық несие көмегі 311 млн долларды құрады. Оның ішінде Нанн-Лугар бағдарла-масының ядролық қаруды залалсыздандыруға бөлінген қаржысы 85 млн доллар шамасында болды. Жалпы, ТМД елдеріне 1,8 млрд доллар қаржы бөлінді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа 1997 жылғы қараша айында жасаған сапары барысындағы келіссөздер нәтижесінде 18 құжатқа қол қойылды. Оның ең бастысы «Экономикалық серіктестік туралы іс-қимыл» бағдарламасы болды. Бүл бағдарлама 1994 жылы қабылданған «Демократиялық серіктестік туралы партияға» елеулі толықтыру болды. Қол қойылған ресми қағаздарға «Ядролық энергияны бейбіт пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім», «Кеден қызметтері арасындағы өзара іс-қимыл және өзара көмек» туралы қүжаттар, сондай-ақ «Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнын игеру жөніндегі» және «Каспий қайраңының өнімдерін бөлу жөніндегі» екі ірі коммерциялық келісімшарт та кіреді. 2000 жылы екі жақты қатынастарда аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық лаңкестікке, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес іс-қимылы мен Қазақстан қоғамын демократияландыру, мүнай тасымалдау мәселелері бойынша қарқынды келіссөздер жүргізілді.

Әлемді дүр сілкіндірген 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестік актілерден кейін Қазақстан алғашқылардың бірі болып АҚШ халқына көңіл айтып, қолдау көрсетті. Халықаралық лаңкестікке қарсы күрес барысында біздің еліміз АҚШ әуе күштеріне «Мызғымас еркіндік» операциясын (Ауғанстан) жүзеге асыру үшін әуе жолын ашып берді.

Қазақстан — Америка қарым-қатынастарының тереңдеуіне екі ел парламенттерінің өкілдері маңызды үлес қосты. АКШ Конгресі Қазақстанда болып жатқан саяси, экономикалық реформаларға бірнеше рет жоғары баға беріп, еліміздің лаңкестікпен күресте және Иракты қалпына келтіру бойынша қосқан үлесіне алғыс білдірді. Әйгілі «Нанн-Лугар» бағдарламасының авторларының бірі АҚШ-тың сенаторы Р. Лугар 2003 жылы 17—18 тамыз аралығында Астанада болды. Кездесу барысында Р. Лугар халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі, жаппай қырып-жою қаруын таратпау бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытқаны үшін I дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

АҚШ-тың вице-президенті Р. Чейнидің Астанаға 2006 жылдың 5—6 мамыры аралығындағы ресми іс-сапары барысында Орталық Азия және Каспий қайраңының жағдайы, халықаралық саясаттың өзекті мәселелері талқыланып, екіжақты қарым-қатынасты жетілдіре түсу мәселелері қозғалды. 2007 жылы 5—9 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ. Саудабаев Вашингтонға сапары барысында қол жеткен негізгі нәтиже Қазақстанның ЕҚЫҮ-ға төрағалық етуге өтінішіне АҚШ-тың қолдау көрсетуі болды.

Кіші және орта бизнесті дамытуда біріккен бастамалар және Орталық Азия елдерінің экономикалық интеграциясы жөніндегі жобалармен толығып жатқан сауда экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық қарқынды түрде дамуда. 2007 жылы тараптар жаңа Қазақстан — Америка «Мемлекеттік жеке әріптестік» бағдарламасын жүзеге асыруды бастады. Оның мақсаты нақты инфрақұрылымдық жобалар бойынша екі елдің мемлекеттік органдары мен жеке секторы арасында өзара өрекеттесу үшін платформа құру болып табылды. АҚШ-пен өзара қарым-қатынаста экономикалық ынтымақтастыққа баса назар аударылады. Еліміз үшін Американың кен өндіру және өңдеуші компаниялармен ынтымақтастықтың маңызы жоғары.

2002 жылдың 12 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы мен АҚШ Үкіметінің арасындағы есірткіні бақылау мен құқықтың қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде өзара түсіністік меморандумына, 2007 жылы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен АҚШ Мемлекеттік департаментінің заңдылықты орындау және есірткімен күрес жөніндегі кеңсесі арасында, қосымша хаттамаға қол қойылды. Осы хаттаманың шеңберінде АҚШ Үкіметі есірткілерді қадағалау саласындағы жобаларға сәйкес тиісті оқыту мен құрал-жабдықтар беру арқылы көмек көрсетеді. 2007 жылы 13 желтоқсанда Вашингтон қаласында ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Е. Ыдырысов пен АҚШ Қорғаныс министрі Роберт Гейтс 1993 жылы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы құрылықаралық баллистикалық зымырандардың шахталық үшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімнің түзетуіне қол қойды. Аталған түзету «Қауіпті бірлесіп азайту» бағдарламасының жүмысын кезекті жеті жылдық мерзімге ұзартты.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында — Еуропалық Одақтың алатын орны ерекше. Ең алғаш 1993 жылғы 2 ақпан күні Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ (ЕО) арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. Осы жылы 1993 жылдың желтоқсанында Брюсселде ЕО жанынан Қазақстан Республикасы Өкілдігі ашылды. Қазақстанның Еуропалық Одақпен «Әріптестік жөне ынтымақтастық туралы» жасасқан келісімі кең көлемді қарым-қатынастың негізін қалады. Осы құжат елімізді халықаралық саяси, экономикалық қауымдастыққа кіруге жағдай туғызды және еуропалық жетекші мемлекеттермен сау-да-экономикалық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға қазіргі кезде септігін тигізуде.

Қазақстан мен ЕО арасындағы өзара ыкдалдастықтың жұмысшы органы — Серіктестік комитеті. Комитеттің жыл сайын өтетін мәжілістеріңце екіжақты қатынастардың келелі мәселелері талқыланады.

Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық «Серіктестік және ынтымақтастық туралы» келісім аясында жүзеге асырылады. 2004 жылғы 1 мамыр-дан бастап ЕО-ға 10 жаңа мүше елдің қосылғаны ескеріле отырып, 2004 жылғы 30 сәуірде Брюссельде келісімді кеңейтілген Еуроодақ шарттарына бейімдейтін Қазақстан Республикасы мен ЕО арасында «Серіктестік пен ынтымақтастық туралы» келісім хаттамасына қол қойылды. 2005 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойды.

Қазақстан Республикасы ЕО-ның Орталық Азиядағы ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы толыққанды тәуелсіз, егеменді мемлекет ретінде әлемнің бірқатар елдерімен екі жақты қарым-қатынас орнатқан. Азиялық бағытта Қазақстан Республикасының Моңғолия, Корея Республикасы, Жапония, Катар, Үндістан, Оңтүстік Африка Республикасы, Сингапур, Пәкістан, Малайзия, Иран, Бахрейн, Израиль, Оман Сұлтандығы, Кувейт, Сауд Арабиясы Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері, Палестина, Ауғанстан, Египет, Иордан Хашимит Корольдігі, Марокко Корольдігі, Сирия, Ливиямен шарттық-құқықтық негізде екіжақты саяси, экономикалық, мәдени қарым-қатынастар орнатылды.

Еуропалық және америкалық бағытта Қазақстан ел экономикасына құйылатын шетелдік капитал салымдарына қолайлы жағдай туғызу мақсатында Португалия, Австрия, Финляндия, Чехия, Болгария, Түркия, Словакия, Польша, Литва, Латвия, Армения, Бельгия, Германия, Грекия, Италкя, Гүржістан, Испания, Канада, Куба, Люксембург, Ни-дерланды, Норвегия, Румыния, Үлыбритания, Франция, Швейцария, Швеция мемлекеттерімен екіжақты байланыстар орнатты.

Сондай-ақ, Орта Азиялық республикалар, ТМД шеңберіндегі бұрынғы одақтас елдер Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Гүржістан, Белоруссия, Молдова, Украинамен толыққанды екіжақты қарым-қатынастар орнатылып, сауда-экономикалық, саяси, мәдени байланыстар жүргізілуде.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан қаланған сыртқы саяси келісімдер Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігу үдерісін жеңілдетіп, оның егемендігі, қауіпсіздігі, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жолында елеулі рөл атқарды. Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымы бүгінгі күнге дейін елдің ішкі экономикалық-әлеуметтік реформаларына ,оң ықпал етуде.

«Қазақстан—2030» Даму стратегиясының бекітілуімен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік саласында да сапалы өзгерістер орын алды. Ұжымдық даму стратегиялық бағдарламасындағы бірінші басым бағыт — ұлттық қауіпсіздік. Қазақстан 2002 жылы НАТО-ның «Жоспарлау және шолу үдерісі» бағдарламасына қосылды. АҚШ, ұлыбритания бөлімшелерімен бірге «Дала қыраны—2003» лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуына қатысып, әскери тәжірибе жинақтады.

Қазақстан бітімгершілік күштерін дамыту бағдарламасын әзірлеп, НАТО стандартына сай 2002 жылы «Қазбат» жасақталды. «Қазбат» бітімгершілік батальоны 2003 жылдың соңында меморандумға сәйкес БҰҰ-ның «Көгілдір каскалары» құрамына кірді.

Оңтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық әскери округтері кейіннен 2003 жылы 13 мамырда Астана, Батыс, Шығыс, Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы болып қайта құрылды. Қарулы күштерде қызмет ететіндердің саны - 74 мынды, ал әскери күзет құрылымдар саны - 34 500-ді құрады. Республиканың батыс аймағында Каспий теңізінің стратегиялық нысанында әскери теңіз инфрақұрылымы жасалды. Ол біздің шекараға тікелей қатысты жерлерге халықаралық лаңкестік, экстремизм, есірткі және қару-жарақ сатудың заңсыз айналымын өскери қақтығыстардың әктемдік саясатын болдырмауды қамтамасыз етеді.

2003 жылдың 13 мамырында Қарулы күштер әскери басқармасын күшейту бағытында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен - Штаб басшыларының комитеті қүрылды. Қазақстанның қарулы күштері мынадай әскери түрлерге бөлінген: Қүрлықтағы әскер, Әуе қорғаныс күштері, Әскери-теңіз күштері.

Ғасырлар тоғысында қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулер көбеюде. Осыған сәйкес, 2005 жылы 13 қаңтарда мемлекеттік органдардың қызметі мен өкілеттілігін үйлестіруге мүмкіндік беретін «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және қарулы күштері туралы» Заңы қабылданды. 2005 жылы 21 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы «Әскери міндеттер мен әскери қызметтер туралы» Заңға қол қойды.

2007 жылы 21 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бекітуімен жаңа Әскери доктрина қабылданды. Қазақстанның жаңартылған әскері жылдан-жылға өзінің күш-қуатын арттырып, жауынгерлік әзірлігін көтеріп, әскери қызметке келісімшарт негізінде кезендік өтуді жалғастыруда. Қазақстандық жас жауынгерлер буыны жаңа техникамен қарулануды меңгеріп, демократиялық жетістіктерді қорғауда.

Қазақстан жаңа доктринаға сәйкес халықаралық стандарттарға сай келетін әскер жасақтауды жоспарлауда. Басты мақсат еліміздің қорғаныс қабілетін арттырып, оның қауіпсіздігін сақтау болып отыр.

Қазақстан химиялық қаруды жасауға, өндіруге, жинақтауға және қолдануға тыйым салу туралы, оны жою туралы конвенцияға 1993 жылы 13 қаңтарда қол қойды. Ол — 1999 жылдың 24 маусымында бекітілді. Конвенцияның ережелерін орындау мақсатында үлттық орган құрылды. Конвенцияға қатысушы мемлекеттер конференциясы сессиялары мен жыл сайынғы отырыстарына Қазақстан өкілдері тұрақты түрде қатысады. Сондай-ақ, Қазақстан Бактериологиялық және токсиндік қаруды жасау, өндіру және жинақтауға тыйым салу туралы және жою туралы конвенцияға да қосылды. Ол 2007 жылғы 7 мамырда бекіді.

2002 жылғы 13 мамырда Қазақстан Ядролық жабдықтаушылар тобының (ЯЖТ) 40-мүшесі болып қабылданды. ЯЖТ-ға қатысудағы Қазақстанның мақсаты лаңкестікке қарсы күрес, жаппай қырып-жою қаруының таралуына қарсы тұру шараларын жандандыру, адролық жабдықтар мен қосарланған мақсаттағы өнімдердің пайдалануы мен қозғалысына бақылауды күшейту болып табылды.

2005 жылдың шілдесінде Қазақстан «Краков бастамасы» деген атпен белгілі жаппай қырып-жою қаруының таралуы жөніндегі қауіпсіздік бастамасына қосылды. Бұл бастаманың мақсаты — күдікті әуе және теңіз кемелерін, сонымен қатар жаппай қырып-жою қаруымен байланысты материалдарды тасымалдайтын құрлық көліктерін ұстау операциясына барлық мемлекеттерді жұмылдыру еді.

Қазақстан алғашқылардың бірі болып Ресей мен АҚШ Президенттерінің 2006 жылдың шілде айында ұсынған «Ядролық лаңкестік актілерімен қарсы күрес» жөніндегі жаһандық бастамаға қосылды.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамаларында (1995, 2000, 2005 жылдары қабылданған) еліміздің сыртқы саяси басымдықтары айқындалды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап сыртқы саясатта ортақ мүддені көздеу ескерілді. Қазіргі таңда да Ресеймен, Қытаймен, Орта Азия мемлекеттерімен, Еуропалық Одақ елдерімен, АҚШ-пен экономикалық және саяси әріптестігін жалғастырып, одан әрі нығайта түсуде.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы стратегиялық басым бағытгарының бірі — Ресей Федерациясымен сан-салалы қарым-қатынасты дамыту. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ, Қазақстан Ресеймен тату қарым-қатынас орнату жолын таңдады. Қазақстан мен Ресейдің «қоян-қолтық» араласып, ынтымақтастықта болуына себепші бірнеше фактор бар, бұл - ортақ тарих, 7 мың шаршы шақырымға созылған ортақ шекара, ұқсас діл, т.т.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың пікірінше, көршілес екі елдің арасында ортақ келісім мен өзара мүддемізді есепке ала отырып шешілмейтін мәселе жоқ. Бұл саяси жағдайларға да, экономикаға да қатысты. Ол барлық халықаралық мәселелерде Қазақстан мен Ресейдің ұқсас әрі жақын көз қарастар ұстануынан көрініс беріп отыр.

1992 жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев пен Ресей Федерациясы Президенті Б. Ельцин Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында достық, ыңтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа, Байқоңыр ғарышайлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды. 1993 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарба-евтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі ашылды.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев 1993 жылы Ресей Федерациясына ресми сапары барысында саяси, экономикалық және әскери мәселелер бойынша Ресей Президенті Б. Ельцинмен, Ресей Үкіметі басшысы В. Черномырдинмен келіссөздер жүргізді. 1994 жылдың 28—30 наурызы аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Ресей Федерациясында арнайы сапармен болды. Президент Н.Ә.Назарбаев М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзінде — Еуразиялық одақ идеясын ұсынды. Бағыттары мен маңызын көрсетті.

1995 жылы 20 қаңтарда Мәскеуде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Ресей Федерациясы Президенті Б.Н. Ельциннің арасында келіссөздер өтті. Келіссөздерден кейін Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы декларацияға, Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан Ресей Федерациясы азаматтарының және Ресей Федерациясында тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы ҚР мен РФ арасындағы келісімге, сонымен қатар Ресейге тұрақты тұру үшін көшіп барған Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп барған Ресей Федерациясы азаматтарының азаматтық алу тәртібін жеңілдету туралы келісімге қол қойылды.

Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың терендеп дамуында 1998 жылдың 6 шілдесінде Мәскеуде қол қойылған «Мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы» Декларацияның тарихи маңызы зор. Осы құжат негізінде Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселесін шешілмей тұрған жерінен алға қарай ілгерілетті. Екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді.

2005 жылы қаңтарда Ресей мен Қазақстан арасындағы — 7591 шақырымды қамтитын мемлекеттік шекара белгіленген тарихи маңызды құжатқа қол қойылды. 2006 жылы екі ел басшыларының кездесулері нәтижесінде 20-дан астам келісімдерге қол қойылды. 2007 жылдың мамыр айындағы Астана кездесуінде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Ресей Президенті В.В. Путин қол қойған үш үлкен құжат қабылданды. Оның алғашқысы - Қазақстан мен Ресейдің 2007—2008 жылдарға арналған стратегиялық жұмыс жоспары. Онда ғарышты бірлесіп игеру, жаңа үлгідегі әскери-техникалық ынтымақтастық, отын-энергетика кешені, атом қуатын бейбіт мақсатқа пайдалану және тағы басқа мәселелер қаралды. Екінші құжат - Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында сауда өкілдіктерінің бөлімшелерін ашу туралы келісім. Үшіншісі — екі ел Үкіметі арасындағы 2008 жылдан бастап уран байыту жөніндегі халықаралық орталық құру туралы келісім. Келесі — 2007 жылдың желтоқсан айында Мәскеу қаласындағы кездесуде Каспий бойына газ құбырын салу туралы келісім жасалды. 2008 жылы сайланған Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведев алғашқы ресми іс-сапарын Қазақстаннан бастады. Бұл шара Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты жаңа қырынан көрсетті. КСРО тарағаннан бергі кезеңдерде жүргізілген екіжақты ынтымақтастық қарым-қатынастардың нәтижесі Қазақстан мен Ресейдің сан ғасырлық тарихында бұрын-сонды болмаған жаңа деңгейдегі қатынастарды орната алды.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 3 қаңтарынан орныға бастады. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев 1993 жылдың 18—20 қазаны аралығында Қытайға жасаған ресми сапарында ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминьмен кездесті. Келіссөздердің нәтижесінде Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы достық қарым-қатынас негіздері туралы бірлескен декларацияға, әуе қатынастары, тұрғындарға визаларды рәсімдеу тәртіптері, халықаралық автокөлік қатынастары, қызмет бабымен азаматтардың сапарлары туралы бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды.

Бүгінгі таңда Қазақстан — Қытай қатынастары нәтижесінде қол жеткізілген келісімдер жүйелі жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуын «Тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шарт» (2002 жылғы 23 желтоқсан), 2003—2008 жылдардағы «Ынтымақтастық бағдарламасы» (2003 жылғы 3 маусым) және «Ынтымақтастық комитеті» (2004 жылғы 2 шілдеде қүрылған), «Стратегиялық әріптестікті орнату және дамыту туралы бірлескен декларациясы» (2005 жылғы 4 шілде) жан-жақты қамтамасыз етуде.

1994 жылғы 25—28 сәуір Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Пэннің Қазақстанға ресми сапары болды. Келіссөздер барысында Н.Ә. Назарбаев пен Ли Пэн Қазақстан-Қытай шекарасы жөнінде, Қытайдың Қазақстанға мемлекеттік несие мен гуманитарлық көмек беру, халықаралық жүк және жолаушылар тасымалын дамыту және т.б. келісімдерге қол қойды.

Екі жақты ынтымақтастықтың жетістіктерін еске алғанда, Қытайдың Қазақстанға қауіпсіздік саласында кепілдік беруін (1995 жылғы ақпан), шекара мәселесінің толық шешілуін, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуын (2001 жылғы 12 қыркүйек) атап өтуге болады. Қазақстан мен Қытай Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберінде берік байланыстар бар. Қытай Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары бойынша кеңесті шақыру үдерісінде, Бейжің Астанамен Әлем және дәстүрлі діндер жетекшілері съезінің шеңберінде өзара түсіністікті жұмыс жасауда. Бүгінгі танда екіжақты қатынастардың барлық бағыттарын ілгерілетуде сауда-экономикалық ынтымақтастық жетекші орынды алуда. Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелігіне қабылдау туралы екі жақты келіссөздер кезінде әлемнің ірі сауда державалары арасынан Қытай алғашқылардың қатарында қолдау білдірді.

Қазіргі кезде Қазақстан мен Қытайдың сыртқы саудасында өзара тауар айналымының көлемі жағынан Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орында. 2008 жылдың қаңтар-маусым айларында екі жақты тауар айналымы 8 млрд доллардан асты (35,3%-ға өсті). Қолданыстағы Атасу — Алашанькоу мұнай құбыры стратегиялық маңызға ие. Ол Қазақстанға мұнай экспортының бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік беруді және ҚР-дың транзиттік әлеуетін де толығырақ пайдалануға жол ашты. Екі ел арасындағы ынтымақтастық жаңа сапаға көтеріліп, шикізаттан тыс салалардағы әрекеттестік оң бағыт алуда. Осыған орай, 2007 жылы тараптар Экономиканың шикізат емес салаларындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Аталған құжат екі жақты тауарлар айналымын тиімді әртараптандыру мақсатында ынтымақтастықты дамытуды қарастыруда. Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссия шеңберінде ынтымақтастықтың құқықтық базасын нығайту жүмыстары жалғасуда. Екі ел арасында мәдени-гуманитарлық шаралар да жүзеге асырылуда. Бейжің қаласында Абайдың 150 жылдығын тойлауға байланысты салтанатты іс-шаралар (1995 жыл), Қазақстанның Қытайдағы Мәдениет күндері (2001 жыл), Қытайдың Қазақстандағы Мәдениет күндері (2002 жыл), Алматыда Қытайдың ғылыми-техникалық көрмесі ұйымдастырылды (2002 жыл), Алматының Шанхайдағы мәдениет күндері (2004 жыл), Шанхайдың Алматыдағы мәдениет күндері (2005 жыл) өтті. 2008 жылдың маусымында Қазақстан астанасының 10 жылдық мерекесін тойлау шеңберінде Астанада Чунцин қаласының (ҚХР, Сычуань провинциясы) Мәдениет күндері жоғары деңгейде өткізілді.

Франция Саяси зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Марлен Ларюэль Қытайдың экономикасы мен саяси ықпалының артуына байланысты: «Қытай геосаяси түрғьщан ықпалын арттырып жатқан сай-ын қауіп те өсуде», - деп сараптайды. Қытай мен Орталық Азияның әрқилы дамуы көп жылдар бойы біраз қиындық туғызып, қытай мен тепе-тендік табудың біраз қиынға соғатындығын, Қытайдың күллі өлемге өсер ететіндей қауқарға ие екендігін жазады. Қазақстан мен Орталық Азия үшін өзекті мәселе Ресей, Батыс және Қытаймен арада тепе-тендікке келу.

Қазақстанның сыртқы саясаты елдің тұрақты дамуы мен гүлденуіне бағытталған. Сондықтан Қазақстан өзінің сыртқы саясатында халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастықты жан-жақты дмытуда. Бүгінгі күні еліміз - 70-тен астам халықаралық және аймақтық үйымдардың мүшесі. Өзге елдермен қарым-қатынас барысында халықаралық қүқық ережесі - мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, егемендік пен тәуелсіздікті сыйлау қағидасын ұстанады.

XX ғасырдың 90-жылдарында әлемдік саяси қауымдастыққа ыдырау мен ықпалдасу үдерістеріне тән болды. Бір жағынан, әлемдегі ең ірі державалардың бірі КСРО-ның ыдырап, социалистік жүйедегі Чехословакия мен Югославия бөлшектенсе, екінші жағынан, екі герман мемлекеті – ГДР мен ФРГ бірігіп, батыс Еуропа елдерінің Еуропалық Одаққа ықпалдасу үдерісі арта арта түсті.

АҚШ –тағы 2001 жылғы 11 қыркүйектегі оқиға әлемдік қауымдастықты дүр сілкіндірді. Мемлекеттер өз күштерін біріктіргенде ғана заманауи қауіп –қаьерге қарсы тұрып, өз егемендіктерін сақтай алатындықтары дәлелденді.

Қазақстан халықаралық ұйымдар жүйесінде. Біздің мемлекетіміздің негізгі міндеттерінің бірі - елдің дамуына қолайлы жағдай туғызу.Оны тек қана екі жақты ынтымақ тастық жағдайында шешу мүмкін емес.Қазақстанға қатысы бар көп мәселелердің аймақтық (мысалы, халықаралық өзен суларын пайдалану) немесе тіпті дүние жүзілік (бейбітшілікті сақтау, қоршаған ортаны корғау, террор, заңсыз есірткі саудасы) сипаты бар.Оларға елдер тобының немесе бүкілдүниежүзілік қоғамдастықтың келісілген іс-шаралары қажет.Осы жағдай халықаралық ұйымдар дың құрылуына әкелді.

Халықаралық ұйымдар саны 3000-ға таяу. Олардың ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес, әлемдік және аймақтық, әмбебапты немесе маманданған ұйымдар бар.Ең маңызды әмбебапты әрі саны ірісі - Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе БҰҰ (штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан).Ол бейбітшілікті, қауіпсіздікті және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдау әрі нығайту мақсатында құрылған. Оған әлемнің 193 егеменді мемлекеттерінің 192-ы кіреді.

Қазақстан елдің ұлттық мүдделеріне қатысы бар көптеген халықаралық ұйымдарға мүше.

Әлемдік деңгейде алсақ, республика 1992 жылы, 2 наурызында (бірауыздан қабылдаған БҰҰ, оның арнаулы маманданған мекемелері - ЮНЕСКО (білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы), МАГАТЕ (атом куаты жөніндегі халықаралық игенттік ) , ДДҰ (Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы)және баскалар. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ ) мен халықаралық қайта құру және даму банкіне (ХҚҚДБ)мүше болуының ел үшін маңызы зор болды.Ол әлемдік қауымдастықтың ірі қаржы мекемелерінің несиелеріне Қазақстанның жолын ашты.

Біздің еліміз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше болды.Одан кейінгі маңызды халықаралық ұйым - Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ).Оны бұрынғы кеңес - қытай шекарасындағы даулы мәселелерді шешу мақсатында Ресей, Қазақстан , Қырғызстан,Тәжікстан және Қытай мемлекеттері («Шанхай бестігі»)құрды. Шекара туралы келісімшарт бекітілгеннен кейін «бестікті» ШЫҰ күрамындағы елдердің ынтымақтастығын кеңейтіп, қауіпсіздігін нығайту ұйымына айналдыруға шешім қабылданды. «Бестікке» Өзбекстан, Монғолия, Индия, Пәкстан, Иран және Ауғанстан бақылаушы статусын алды.

Біздің еліміз Кеңес Одағының мұрагерлерінің бірі ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ)жұмысында қатысады.Ол «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы бойынша Солтүстік Атлантика келісімі Ұйымымен (НАТО) қарым-қатынас жасайды.Бұл бағдарлама қарулы күштердің өзара байланысы, оқу үйрену жаттығуларын бірлесіп өткізу,офицерлерді даярлау мәселелерін карастырады. Республиканың әлемдегі аса ірі ұйым-ЕуропалықОдақпен (ЕО) өзара ынтымақтастық жайлы келісімі бар.ЕО құрамына 500 млн халқы бар 27 мемлекет енеді.Еуропалық Одақ - Қазақстанның маңызды сауда серіктесі.

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан тығыз экономикалық жақындасуға(интеграцияға)ұмтылды.Олар алдымен Кедендік Одақ, кейінірек - Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық немесе (ЕурАзЭҚ) құрды (2002 жылы). Осылайш еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Еуразиялық Одақ құру жөніндегі көзқарасы біртіндеп жүзеге асып келеді.ЕурАзЭҚ құрылуы ынтымақтастықтың мүлдем жаңа біртұтас экономикалық кеңістік құруға өту кезеңін керсетеді.

ЕурАзЭҚ халықтарының бейбіт өмірін ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы (ҰҚТКҰ) камтамасыз етеді.Бұл Келісім қауіп төнген жағдайда ҰҚТКҰ-ның кез келген мүшесін бірлесіп қорғауды қарастырады. Ол үшін ұйымда барлық қажетті жағдайлар, соның ішінде Ресейдің ядролық «калканы» да бар.








Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 5732;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.054 сек.