Азіргі Қазақстандағы білім мен ғылым

Лекция

1. Қазақстандағы білім беру жүйесінің реформалары.

2. Білім мен ғылымдағы жаһандану процестері.

3. Қазақстандағы ғылымды дамытудың негізгі бағыттары.

 

1. Қазақстандағы білім беру жүйесінің реформалары.Мемлекеттік тәуелсіздікке ие болған Қазақстанда оқу-білім реформаларының себептері экономикалық және саяси қайта құрулардың алғышарттарынан принципті түрде өзгешеленеді. Экономикалық және саяси қайта кұрулар экономиканың терең дағдарысымен, саяси катынастардың тарихи баламасыздығымен, өндірістің құрылымы мен нәтижелерінде, халықтың тұрмыс деңгейі мен сапасында, мемлекеттік басқарудың тиімділігінде озық елдерден елеулі артта қалушылықпен байланысты болды. Осыған қарамастан тәуелсіз Қазақстан ыдыраған Кеңес Одағынан мұраға алған білім беру жүйесінде дағдарыс та, артта қалушылык та болған жоқ.

Егер экономикалық дамудың көптеген көрсеткіштері бойынша республиканы 1990 жылдардың басында дамушы елдердің катарына жатқызуға болатын болса, онда халықтың білім мен біліктілік деңгейі, оқу үрдісінің тиімділігі, ғылыми әлеуеті бойынша ол көптеген дамыған елдерден алда тұрды.

Іс жүзінде халықтың жаппай сауаттылығы, орта білімнің жалпыға бірдейлігі және жоғары білімге қол жеткізудің жоғары деңгейі, оқу-білім бағдарламаларының ғылыми сипаты және іргелі негізділігі, білім мен ғылымның кез-келген халықаралық өлшем бойынша қуатты кадрлық әлеуетті кеңестік кезеңнін даусыз тарихи жетістіктері болатын.

Білім мен ғылым Кеңес мемлекетінің ерекше қамкорлыққа алған саласы болды. Мұндай қамқорлықтың нақты уәждемесі туралы дауласуға болар - оның негізінде социалистік идеяның ізгілікті компоненттері жатыр ма немесе оны революциялык, мессиялық, сонан соң тоталитарлык режимнің державалық астамшылығы итермеледі ме, бірақ нәтиже айдан анық.

Білім мен ғылымда пайда болған аса өткір проблемалар негізінен іште емес, зияткерлік аядан сыртта болған факторлардан туындады. Зияткерлік ол жеткілікті дәрежеде дені сау, бірақ ана сүтінен мақұрым қалған сәбиді еске салды.

Бірнеше жыл бойына Қазақстанда мектеп жасына дейінгі тәрбие жүйесі толық дерлік қиратылды.

Бұдан кейінгі құрбандыққа кәсіптік-техникалық білім беру шалынды, ол экономикалық құлдыраудың соққысына ұшырады. Кәсіптік-техникалық мектептердің саны 1991 жылмен салыстырғанда 1997 жылы 40%-ға дерлік, ал олардағы оқушылар саны 40%-дан астамға қысқарды.

Жалпы білім беретін мектептерді жаппай жабу болған жок. Алайда жұмыссыздық пен кедейліктің, әсіресе ауылдық жерлерде өсуі салдары­нан интернаттық мекемелердің саны үш еседен астамға қысқарды, мектеп жасындағы балалардың басым бөлігінің мектепке бармауы бұрын мемлекетке белгілі болмаған проблема туғызды.

Бюджеттен қаржыландыру мүмкіндігінің шектелуі мемлекеттік жоғары оқу орындарына қабылдау жоспарының қысқаруына тез әкелді. Ол 1991 жылғы 59 950 адамнан 1995 жылы 40 160 адамға дейін азайды, яғни 33%-ға дейін шегерілді. 1991 жылдан 1997 жылға дейін мемлекеттік жоғары оқу орындары студенттерінің саны 288 371 адамнан 246 390 адамға дейін құлдырады. Бұл орайда 1997 жылы студенттердің төрттен бірінен астамы шарт негізінде оқыды.

Бұл елеулі қысқартудың орны мемлекеттік жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқытуға кабылдауда өсуімен және жеке меншіктегі оқу орындарының ашылуымен толтырылды.

Қазақстандағы білім беру саласын реформалаудың мынадай міндеттері болды:

1. жаңа жағдайда нарыққа бейімделу жолымен даму;

2. кеңестік жүйенің «кемістіктерінен», эконо­мика мен қоғамдық қатынастардың жаңа сипатынан, жаңа саяси, мәдени және адамгершілік кұндылыктардан туындаған құрылымдық қайта құру мен жаңғыртуды жүзеге асыру;

3. халықаралык стандартпен үйлесімділік негізінде білім жүйесін интеграциялау.

Мектеп пен жоғары білім реформалары.

Қазақстан мектебінің осы бағыттағы барынша жаңа экономикалык, саяси және мәдени ортадағы алғашқы кадамдары артқы шептегі ұрыстарды еске салады. Мектеп жасына дейінгі және орта білім беру жүйесі шабуылға шықкан нарықпен тең емес күресте бюджеттен қаржыландырудың бұрынғы көлемін сақтап қалуға тырысты. Мектеп ісін ұйымдастыруға жаңа тұжырымдамалык көзқарасты әзірлеу сипаты бойынша ағымдағы, бірақ ауқымы бойынша болып көрмеген каржылық киындыктармен көрінеу тежелді.

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 қаңтарда қабылданған «Білім туралы» Заңышындығында алдағы негізгі мақсаттардың декларациясына айналды. Ел жалпы адамзаттық кұндылықтарға, ұлттық және әлемдік мәдениетке, оқу тілін және жеке адамды қалыптастыру мен дамытудың базалық принциптері ретіндегі оқу орнының тұрпатын тандау бостандығына адалдықты жариялады. Білім мекемелері оқу бағдарламаларын, нысандары мен әдістерін таңдауда бұрынғыдан айтарлықтай көп дербестік алды. Алайда заң басты міндетті - мектепті мемлекеттік қолдаудың, жалпыға бірдей орта білім берудің конституциялық талабын іске асыруды шешпеді. Реформалардың стратегиясы да жеткілікті дәрежеде айқын көрсетілмеді.

Мемлекеттік тәуелсіздік жылдары мектепті дамытудын алғашкы елеулі нөтижесі — білім беруді элиталы ету, ол өте тез түрде әлеуметтік теңсіздіктің елеулі факторларының біріне айналды. Мектеп жүйесінің бір қиырында тереңдетіп оқытатын және мамаңдандырылған, «көрсетілетін қосымша кызметтерге» ақы төленетін мектептер көбейді. 1990/91 оқу жылынан 1995/96 оқу жылына дейін кейбір пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептердің саны екі есе дерлік көбейді, гимназиялардың саны 16-дан 131-ге дейін, лицейлердің саны - 10-нан 112-ге дейін артты. Бұдан кейінгі жылда­ры мамандандырылған мектептердің саны азая бастады, ал лицейлер мен гимназиялардың саны өсуін жалғастырды, әйтсе де жоғары қарқыны едәуір белсендеді (1998/99 оқу жылы Қазакстанда жекелеген пәндерді терендетіп оқытатын 1964 мектеп, 195 гимназия және 149 лицей болды).

Мектеп жүйесінің анағұрлым кең ауқымдағы басқа бір қиырында, «бұқаралық мектепте» оқыту сапасы айтарлықтай төмендеді. Тандаулы педагогикалық күштер «элиталык» секторға ауысты немесе өзінің қызмет өрісін мүлде өзгертті. Көптеген мектептердің, әсіресе бюджеттің болмашы қаржыландыруында ғана калған, дәстүрлі ауыл мектептерінің материалдық базасы құлдырады.

90-жылдардың ортасында мектепте берілетін білімді дамытуда енді әлеуметтік-экономикалық ортаны өзгертумен байланысты емес, білім беруді басқару органдарының «реформистік» әрекеттерімен байланысты келеңсіз үрдістер пайда болды. 1995-1997 жылдары оқу-білім мекемелерін «оңтайландыру» дейтін жүргізілді, оның барысында 3000-нан астам шағын мектеп жабылды. Бұл мектепке бармайтын ауыл балаларының санын көбейтіп қана қойған жоқ, сонымен бірге көптеген ауылдық қоныстарды соңғы мәдениет ошақтарынан айырды.

Мектеп проблемаларын тікелей мемлекеттік қаржыландыруесебінен шешу мүмкіндіктері жылдан-жылға қысқара берді. 1990 жылдан 1998 жылға дейін ЖІӨ-нен білім беруге жұмсалатын шығыстың үлесі 5,7%-дан 3,7%-ға дейін азайды, ал мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы- 24,5% дан 11,2%-ға азайды.

Мектепті «элиталы ету» үрдісіне кейбір тәртіп енгізілді. 1993 жылы Қазақстан Үкіметі Жеке меншік оқу орындарын лицензиялау тәртібі туралы бірінші ережені, 1995 жылы Білім беретін мемлекеттік емес мекемелер туралы ережені бекітті.

1996 жылы Гимназия және лицей туралы ереже қабылданды.

Н.Ә. Назарбаевтың «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы»өкімі Қазақстан мектебін сапалык, жаңғырту жолындағы нағыз стратегиялық мәні бар алғашқы елеулі қадам болды. Осы өкімге сәйкес дарынды балаларға арналған «Дарын» республикалық мектебі ашылды.

2004 жылға карай республиканың жалпы білім беретін мектептерін 100% компьютерлендіру жетістігі бағдарламаны іске асырудың нәтижесіне айналды.

Республикада орта білім реформасы 1998 жылы неғұрлым жүйелі сипат алды. Шағын мектептер қалпына келтірілді. Президент Н.Ә. Назарбаевтың жеке өкімі бойынша жергілікті өкімет органдары мек­теп сыныптарын тастап кеткен барлық мектеп жасындағы балаларды қайтару шараларын жүзеге асырды. Нәтижесінде білімді басқару органдарының есептері бойынша тек 1998 жылы ғана 21000 бала мектеп парталарына қайтадан отырды.

1998 жылғы тамызда Үкіметтің «Қазақстан Республикасында орта білім беру жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» қаулысы қабылданды, осы қаулыға сәйкес барлық мектептердің жанында жалпыға бірдей оқу қоры кұрылды. Ол мектептерді ағымдағы ұстауға жергілікті атқарушы органдардың бюджетінде көзделген шығыс сомасының кем де­генде бір пайызы мөлшеріндегі аударым; мектеп көрсететін қызметтерді сатудан түсетін түсімдердің; демеушілік және гуманитарлық көмек есебінен құралатын ақшалай және материалдық қаражат түрінде жасақталды. Қорлар киім-кешек, аяқ киім, оқулыктар, оқу құралдарын, мектеп үшін жазу керек-жарақтарын, мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру, акшалай көмек көрсету, шипажай-курорт мекемелері мен демалыс лагерьлеріне жолдамалар сатып алуға, сондай-ақ мектеп оқушыларының мәдени-бұқаралык және спорт іс-шараларына қатысуын қамтамасыз етуге арналды.

Сөйтіп, орта білім алудың жалпыға бірдей болуына кол жеткізу мектеп реформасы саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналды. Білім берудің мазмұнында акпараттандырумен қатар жаңа оқу-білім стандарттарын енгізу және оқулықтардың жаңа буынын жасау жетекші бағыттарға айналды. 1999-2000 жылдары мұғалімдіктің материалдық жағдайы жақсару жағына қарай өзгерді. 1998 жылғы дағдарыстан кейін басталған экономикалық ерлеу, ақыр соңында, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, оның ішінде ең алдымен мұғалімдерге жалақыны уақытында төлеуді камтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мұның өзі барлық жерлерде педагог кадрлардың тұрақтылығын нығайтуға жәрдемдесті.

Ауылда мұғалімдік кызметтің әлеуметтік беделі күрт артты. Социологиялык зерттеулер 2000-2001 жылдары ауыл халкының мұғалімдерді қазақстандық ауылдың өлшемі бойынша табысы жоғары және тұрақты, материалдык жағынан неғұрлым камтамасыз етілген тобы ретінде қарайтынын көрсетті.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы маусымда қабылданған «Білім туралы» Заңы орта білім алудын міндеттілігі мен тегіндігінің конституциялық принципін, сондай-ақ орта білім берудің үш сатылы жүйесін бекітті: бастауыш саты (1-4-сыныптар), негізгі саты (5-9-сыныптар) және жоғары саты (10-12-сыныптар). Орта білім алудың түрлі жолдары айқындалды - жалпы білім беретін мектепте (күндізгі, кешкі, қашықтан оқыту), кәсіптік мектеп (лицей) және колледж арқылы білім беру, мұнда оқушылар кәсіп алумен катар мектептің жоғары сатысының жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқуды тәмамдайды.

90-жылдардың аяғында мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беру калпына келтіру туралы мәселе қайтадан қойылды.

2004 жылы қабылданған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында прблеманы мектеп жасына дейінгі мекемелерді әртараптандыру, атап айтқанда, отбасылық балабақшалар, жалпы білім беретін мектептер негізінде мектепке дейінгі кішігірім топтар, «мектеп-балабақша» кешендерін құру жолымен шешу межеленді.

2001 жылы оқу-білім саласын қаржыландыруда көптен күткен бетбұрыс байқалды. Ол көп жылдардан бері тұңғыш рет 19,3 миллиард теңгеге айтарлықтай көбейді. Осының есебінен, ең алдымен, мұғалімдерге төленетін жалақы арттырылды (басқа да бюджет мекемелерінің кызметкерлеріне көбейтілгені сияқты 30%-ға артты), сынып жетекшілігі мен демалыс кезіндегі жұмыс үшін үстеме ақы қалпына келтірілді.

Сонымен, тәуелсіздіктің алғашқы он жылында Қазақстан мектебі нарыққа көшумен байланысты елеулі материалдық, кадрлық және моральдық кедергілерге тап болды. Алайда халықтың көпшілігі үшін тегін орта білім берудің материалдық және кадрлық базасын сақтап қалудың сәті түсті. XX ғасырдың соңғы онжылдығында қазақ мектептері әлемдік тәжірибе тұрғысында ұлттық дәстүрлер мен кұндылықтар ескеріле отырып, біртіндеп жаңғыртыла бастады.

Жоғары мектеп халық шаруашылығы мен ғылымны, негізгі салалары жайында айтпағанда, оқу-білім кешенінің басқа буындарымен салыстырғанда, аз кедергілермен әлеуметтік-экономикалық өзгерісті бастан кешірді. Мемлекеттік жоғары оқу орындары оқу-білім жүйесінің басқа буындарының мекемелерінен гөрі нарықтың әлдеқайда жоғары бейімділікпен жұмылушылық танытты.

Алғашқы жеке меншік университеттер 1991-1992 жылдары пайда болды. Кейінгі жылдары олардың саны айрықша жоғары қарқынмен көбейді және 90-жылдардың екінші жартысында мүлдем шамадан асып кетті.

1993 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының «Жоғары білім туралы» Заңы қабылданды. Жоғары білім үздіксіз білім беру жүйесінің аса маңызды кұрылымдык буыны деп жарияланды. «Қазақстан Республикасының жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясаты» деп аталатын арнаулы бабында саясаттың нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталатыны паш етілді, меншік нысандарына қарамастан жоғары оқу орындарына мемлекеттік қолдау көрсету мағлұмдалды.

1996 жылғы қантарда Қазақстан Республикасы Президентінің «Білім туралы» және «Жоғары білім туралы» Заңдарға бірқатар түзету енгізген заң күші бар Жарлығы шықты. Оған «Мемлекеттік білім мекемелерінде ақылы білім беру қызметтерін көрсету» деген бап енгізілді, онда көрсетілетін осындай қызметтердің тізбесі айқындалды. Мұндай қызметтер бюд­жет қаражатынан қаржылаңдырылатын негізгі оқу-білім қызметінің орнына және соның шеңберінде көрсетілмейді. Барлық мемлекеттік оқу орындарының ақылы білім беру қызметтерін көрсету тәртібін Білім министрлігі колданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды. Бұл бап ең алдымен білім беретін мемлекеттік мекемелердің өзінің ақылы білім беру кызметтерін көрсетуге құқығын зандастырды, сондай-ақ оқу орындарының қаржылық жағдайын жақсартуға және жергілікті жерлердегі орын алған норма жасаушылык «дербестігін» тоқтатуға мүмкіндік берді.

Арнаулы орта оқу орындары жоғары білім беру құрылымына енгізілді. Колледждердеоқыту тек толық орта білім негізінде ғана жүргізіле бастады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын үйлестіру колледждердің таңдаулы түлектерінің жеделдетілген бағдарламамен жоғары білім алуына мүмкіндік берді. Жоғары оқу орындары сиякты колледждер де өзінің жанында екі жылдық бейіндік мектептері - лицейлері мен гимназиялары болуына мүмкіндік алды.

Оқу орындарының желісін жетілдіру үрдісі олардың құрылымын жақсартумен қатарлас жүргізілді. Барлық жоғары оқу орындарында кафедралар мен факультеттер ірілендірілді, артық кұрылымдық бөлімшелер таратылды.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы 1999 жылы 7-маусымда қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.

Қазақстанның жоғары мектептері реформаларының сапалык жаңа кезеңі 1999 жылы басталды.

Реформалардың жаңа кезеңінің түйінді тармақтары:

1. студенттер құрамын жасақтаудың жаңа жүйесіне көшу;

2. көптеген жоғары оқу орындарын мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары оқу орындарының студенттер кұрамын жасақтаудың жаңа үлгілері туралы» каулысы бойынша студенттерді мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдау мемлекеттік оку-білім гранттары мен несиесі негізінде жүзеге асырылуға тиіс болды. Сонымен бірге мемлекеттік жоғары оқу орындары­на окуға түсу емтихандары мамандандырылған кешенді сынақтама орта-лыктарының бірыңғай технологиясы бойынша жүргізілетін болып белгіленді. 2001 жылы бұл ереже меншік нысандарына қарамастан барлық жоғары оқу орындарына қолданылды.

Мемлекеттік гранттар мен несиелер жүйесі, окуға түсу емтихандарын бір орталықтан ұйымдастыру мен сертификаттау тәжірибесі дамыған елдердің үлгісінен алынды.

Жоғары мектепті реформалаудың жаңа кезеңінің екінші бағыты — мемлекеттік жоғары оқу орындарын жекешелендіру.

2000 жылы көктемде жоғары оқу орындарын жекешелендіру тұжырымдамасы қабылданды.

Батыс Еуропа құрлығындағы елдердің көбінде жоғары оку орындарының көпшілігі мемлекеттік әрі тегін екені белгілі. Жеке меншіктегі жоғары оқу орындары АҚШ пен Жапонияда елеулі рөл атқарады. Алайда жоғары мектептегі меншік нысандарына бөлінуге қатысты американдык және жапондық көзқарастың принципті айырмашылықтары бар.

АКШ-та жоғары оқу орындарының 55%-ына жуығы мемлекеттік, бірақ таңдаулы жоғары оқу орындары - жеке меншіктегі жоғары оқу орындары. Құрама Штаттар қазір шынымен мактаныш тұтатын алғашқы американ­дык университеттер жеке меншікте болды, ал оку неғұрлым арзан мемлекеттік жоғары оку орындарын жоғары білімге көбірек кол жеткізуді қамтамасыз ету үшін штаттардың өкімет орындары құрды. Олар американдық білім беру жүйесінде осындай міндеттерді орындайды және күні бүгінге дейін - өзінше бір «қолдаушы жоғары оқу орындары» болып табылады.

Жапонияда университеттердің 70%-ы - жеке меншікте. Бірақ ең таңдаулы, ең беделді, үлгілі жоғары оқу орындары- мемлекеттік жоғары оқу орындары.

Жоғары мектепті жекешелендіру үрдісі 2001 жылы басталды. Алматы технологиялык университеті мен Қазақ мемлекеттік басқару академиясы мемлекет иелігінен алынған алғашқы жоғары оку орындары болды.

2003-2005 жылдары мемлекеттік жоғары оқу орындарын жекешелендіру практикасы елеулі өзгерістерге ұшырады. Олар ашык акционерлік қоғамдар болып қайта кұрыла бастады, олардағы акциялардың бақылау пакеттерін ірі компаниялар сатып алды. Мысалы, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті акцияларының бақылау пакетін АТФ-банк сатып алды.

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы онжылдығының аяғына қарай жоғары мектептің алдында стратегиялық маңызы бар жаңа проблемалар тұрды, олар:

1. мамандыктар бойынша кадрлар дайындау құрылымындағы тепе-тендіктің бұзылуы;

2. мемлекеттік реттеудің тиімсіздігі және білім беру қызметтерін көрсе­ту нарығының ұлттык өзін-өзі реттеуінің әлсіздігі, осы нарықта жоғары білім беру сапасының төмендеуіне және отандық жоғары оку орындары дипломдарының құнсыздануына әкеп соқтырған арамзалық бәсекенің елеулі түрде етек жаюы.

Бұл екі проблема әуелгіде нарық жағдайында казакстандык жоғары мектептің аман калуы қажеттігінен, сонан соң жоғары білім беруді жаңа әлеуметтік-экономикалық катынастарға кіріктіруге тырысушылық пен көдеге жаратушылық және қазіргі сәттік көзқарастардан туындады.

2001 жылдың басында Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының желісін «тазартып», келешекте олардың санын елеулі түрде қыскартатынын жариялады.

41 жоғары оқу орнын тексерудің нәтижелері бойынша 2001 жыл бойына лицензиялардьщ қодданылуы токтатылды, 6 жоғары оку орнында лицензиялар қайтарып алынды. Министрлік жоғары оқу орындарының 50-ден астам филиалын жапты.

2004/2005 оқу жылында мемлекеттік емес жоғары оқу орындары оқу орындарының жал-пы санының 72%-ын кұрады және бүкіл студенттер кұрамының 46%-ын даярлады. 2002 жыддан бастап ЖОО-лардың санының ретсіз өсуіне токтау салынды, 2004 жылдан ЖОО-лар жоспарлы түрде оңтайландырыла бастады.

2005 жылы мемлекеттік оку-білім гранттарының санын айтарлықтай көбейту есебінен мемлекеттік білім беру несиелері алып тасталды. Гранттардың кәсіптік құрылымы техникалық және педагогикалык мамандардың пайдасына өзгертілді.

2005 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарында екі деңгейлі «бака­лавр-магистр» жүйесін енгізу аякталды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007 жылғы 27 шілдеде қабылданды. Бұл заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазакстан Республикасында Білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасығылым мен білімді ықпалдастыру негізінде елдің индустриялық-инновациялық дамуы міндеттерін шешуге қабілетті жаңа формациядағы кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін құруды көздеді.

Қазақстан Республикасын дамытудың 2010 жылға дейінгі стратегиялык жоспарына сәйкес жоғары мектепте ерекше бейінді мамандықтар кадрларын даярлаудан ірілендірілген бағыттар бойынша бакалаврлар мен магистрлер даярлауға біржолата көшті.

Ірілендірілген мамандықтардан тұратын бакалавриат пен магистра­турамамандыктарының жаңа Классификаторы іске косылды, олар: бакалавриаттын 126 мамандығы, магистратураның 126 мамандығы, жоғары арнаулы білімнің 9 мамандығы бойынша жұмыс істейді.

Бакалавриат пен магистратура мамандықтарының мемлекеттік стан-дарттары жетілдірілуде. Экономикалык мамандықтар бойынша 37 жоғары оқу орнында окыту эксперимент режимінде несиелік негізде жүргізілді.

Инновациялык қызметті дамыту үшін кадрлар даярлаудың қолданыстағы тетіктері жетілдірілуде және жаңа тетіктері енгізілуде.

Кластерлік бастамаларды ескере отырып, жоғары білімді мамандар даярлау үшін басым мамандыктардың тізімі айқындалды, олар: «Мұнай-газ ісі»; «Металлургия»; «Көлік, көлік техникасы мен технологиясы»; «Құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндірісі»; «Тоқыма және жеңіл енеркәсіп бұйымдары мен тауарлары технологиясы»; «Туризм».

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен

бекітілді. Бағдарламаның мақсаты: экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру.

Бағдарламалық мақсаттар:

· білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;

· педагог мамандығының беделін көтеру;

· білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру;

· білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;

· балаларды мектепке дейінгі сапалы тəрбиемен жəне оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың əр түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;

· жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру,

· еліміздің экономикалық əл-ауқаты үшін бəсекеге қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу;

· қоғамның жəне экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сəйкес техникалық жəне кəсіптік білім (бұдан əрі – ТжКБ) жүйесін жаңғырту, əлемдік білім беру кеңістігіне бірігу;

· еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын жəне білім беру саласындағы үздік əлемдік тəжірибелерге сай

· келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу;

· өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

· жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, əлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік жəне көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру

Міндеттері:

· сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталған білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін əзірлеу;

· білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету;

· педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту;

· білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке əріптестік жүйесін қалыптастыру;

· білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру;

· оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау;

· мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту;

· мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту;

· мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету;

· 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғыртумен қоса жүзеге асыру;

· шағын жинақталған мектептердің (бұдан əрі – ШЖМ) проблемаларын шешу;

· мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру;

· экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнының құрылымын жаңарту;

· экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту;

· ТжКБ-да оқудың беделін арттыру;

· еліміздің индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай келетін жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету;

· жоғары білімнің еуропалық аймағына бірігуді қамтамасыз ету;

· білімнің, ғылымның жəне өндірістің бірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммер цияландыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми жəне ғылыми – педагог кадрларды даярлау;

· өмір бойы оқыту, баршаға білім алу үшін жағдай жасау;

· жастарды отансүйгіштікке тəрбиелеу жəне олардың азаматтық белсенділігін, əлеуметтік жауапкершілігін жəне əлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру

Бағдарлама екі кезеңде іске асырылатын болады:

бірінші кезең: 2011 – 2015 жылдар;

екінші кезең: 2016 – 2020 жылдар.








Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 12052;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.048 сек.