Азіргі Қазақстандағы экологиялық мәселелер және оны шешу жолдары
Лекция 10
1.Қазіргі Қазақстандағы экологиялық проблемалар.
2.Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі бағыттары мен механизмдері
3.Қоршаған ортаны қорғау
1. Өткен ғасырдың аяғында "экология" деген терминді маман биологтар ғана қолданса, бұл күндері осы ұғым әмбебапты мағынаға ие болған. Оның басты себебі көне заманнан табиғатты шексіз, қалай илесең, соған көне беретін материал деген түсінік XX ғасырда өзінің негізсіздігін аңғартты. Геологиялық күш сипатын алған адамзаттың табиғатты пайдалану принциптері қоғамның өзін былай қойғанда мәңгі деп келген қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Жақында ғана адамзатты барлық нәрселердің өлшемі деп алып, оның ақыл- парасатының шексіздігіне кәміл сенген ғылым, XX ғасырдың ортасынан бастап ғылыми-техникалық экспансияға шектеу қою керек дегенге жетті. Одан түнілген кейбір ойшылдар "адамзат табиғат денесіне жабысқан кесел, түбінде оны құртпай тынбайды" дегенге дейін барды. Табиғи ортаның дағдарысқа түсуін аңғарудың нәтижесінде экология ғылымы қалыптасты. "Экология" терминін 1866 неміс жаратылыстанушысы Э. Геккель енгізген. Бұл ұғым гректілінен "үй туралы ілім" деп аударылады. Биологияның бөлігі ретінде экология тірі жандардың өзі өмір сүретін ортасымен қарым-қатынасын зерттейді. Қазіргі мағынасында экология пәні жалпыламалық сипатқа ие болып, бүкіл тіршілік заңдылықтарын зерттейтін ғылымға айналып отыр.
Экологияның өзі табиғатты қорғаумен байланысты екендігі түсінікті. Ғылыми әдебиетте оған табиғатты сақтау және қорғау, оған ұқыпты қарау: 1) табиғаттың толық тазалығын; 2) табиғаттың сұлулығын; 3) табиғаттың мол байлығын сақтап, қорғай отырып, табиғатты адам қажетіне толық пайдаланудан тұрады делінген анықтама берілген.
Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауіпсіздік ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, біздің елімізде экологиялық дағдарыстың неғүрлым қауіпті көріністері белең алған, олар:
1)аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы;
2) су ресурстарының тартылып, ластануы;
3)атмосфераның ластануы;
4) ормандардың селдіреуі, биологиялық әр алуандылықтың тоқтаусыз азайып, тірі табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі;
Тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, қауіпті әрі улы қалдықтардың қордалануы.
Енді осыларға жеке тоқталып өтелік.
1. Аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы. Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салаларынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. га немесе 60 % шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн га жазық жерлер, 185млн. га жайылым және 34 млн. га таулы аймақтар алып жатыр. Осы аталған 235 млн. га құнарлы жердің 180 млн.га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн.га топырақ эрозиясы 60млн.га тұздану, 10млн.га химиялық және радиактивті заттармен ластанған.
Табиғат қорғау ұжымдарының деректері бойынша, республика жерінің 42 проценті (87,7 млн. га) жел және су эрозиясына ұшыраған, оның ішінде - ауыл шаруашылығы алқаптары (1 млн. га), сортаңдар (38,6 млн. га), батпақтаңғандары (2,1 млн. га), тастақтары (40 млн. га). Қазіргі кезде әр түрлі жер пайдаланушылары 185,6 мың га өңірді бүлдірген. Агромәдени тәсілдерді дұрыс қолданбаудың салдарынан топырақ құнарлы гумустың 20-70 процентін жоғалтқан. Ресми деректерде 1993 жылдан бері 11,2 мың га жер қалпына келтіріледі деп жазылған [79, 63 б.]. Яғни рекультивациялық жұмыстың қарқыны табиғи құлазудан кем болып тұр.
Республиканың 30 млн.га жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып жатыр. Кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендерінің су бассейнінің азаюы, Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағының экологиясына байланысты 2 млн.га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңадария өңіріндегі 3мң га қара сексеул орманы біржола жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың химиялық улы заттармен және радионуклидпен ластануы жалдам жүреді.
Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтард қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс – өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму аймағында ерекше жылдамжүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3 млрд.т жетсе, ал 529 объектіде радиактивті қалдықтар сақталған. Өнеркәсіптерден шығарылған химиялық заттар Шығыс Қзақстан бойынша жылына 5 млн.т жетіп отырғаны тіркелшен. Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Мұғалжар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Кастий маңы ойпаты, Іле Алатау жазықтарында тым жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор, бор, мыс, пестицидтер және нитраттармен ластанған.
Өскемен, Риддер, Зырян қалалары маңындағы жерлерде қорғасынның мөлшері 100 РЗШ, кадмий, мырыш 8-14 РЗШ, мыс 100 РЗШ-ға жеткен.
Павлодар, Екібастұз, Қартау, Тараз т.б. өнеркәсіп орындары аймағы геохимиялық ауытқуларға және уытты заттармен ластануға ұшыраған. Семей зңірінің радиактивті заттармен ластануы өте жоғары. Осы жерлерде шоғырланған жылына 294 мың т улы зат қоршаған ортаға шығарылады. Мәселен, мыс 100 РЗШ, қорғасын 100 РЗШ, мырыш 300 РЗШ, хром 100 РЗШ, кобальт 50 РЗШ икель 50 РЗШ, т.б. ауыр металдардың шекті мөлшерінің тіркелгені Семей қаласы бойынша жарияланған әдебиеттерде келтіріледі.
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстан аумағында ядролық қарулар сыналған жерлердің көлемі Ақтөбе облысында – 4207,5; Атырау – 1635,3; Шығыс Қазақстан – 11,1; Жамбыл – 2576,1; Жезқазған – 4900; Батыс Қазақстан – 1558,8; Семей – 941,2 мың га жерлерді қамтыған. Осы жерлерде 50 жыл бойы (1949-1996) бұрынғы Кеңес соғыс ведомстволары 503 ядролық сынақ жасап, Қазақстанның шырайлы жерінің 20 млн.га жарамсыз етті.
Батыс Қазақстан аймағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 ядролық қару сыналған, олар Маңғыстау облысында – 3, Батыс Қазақстанда – 4 және Атырауда – 17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыз полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Зертеулер нәтижелер бойынша Нарын, Азғыр құмдарында радиактивті элементтер: кадмий – 80-120, стронций – 150, қорғасын – 80 және нитрат – 8,8 есе шекті мөлшерден көбейіп кеткен. Үстірт платасында 1968-1970 жылдары жер асты ядролық сынағы жасалған. Осы жерлердің бәрінде де суға, топырақ пен өсімдік және жан-жануарлар дүниесіне бұрын сонды болмаған залалдар келді.
Республика аумағында ірі ракеталылық полигондар Атырау облысының «Тайсойған», Балқаш көлі мңында «Ташкент-4» және «Байқоңыр» ғарыш айлағында орналасқан. Бұл жерлерде топырақ беті өте қауіпті улы гептил жанармайы мен және ракета «қоқыстарымен» ластанған.
2. Су ресурстарының тартылып, ластануы.Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесн бүлдірумен аяқталады. Су айдындарының ластануын былайша топтаймыз:
- Биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;
- Химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрмын бүлдіретіндер;
- Физикалық ластану: жылу, қызу, электрмагнитті өріс, радиактивті заттар.
Судың сапасы, ластану, деңгеі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшекиер, температура әр түрлі болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал, Қазақстанда ауызсу сапасы МемСТ 287482 бойынша 30түрлі міндетті көрсеткішпен анықталады.
Су бассейнінің ластануының негізгі себептері – тазартылмаған суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
- Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
- Өнеркәсіп орындары;
- Ауыл шаруашылығынын химияландыру;
- Халық шаруашылығының басқа да ластануы.
Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары ластанып отыр. Негізгі ластанушы көздер мыналар:
- өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
- химиялық заттар және тыңайтқыштар;
- тұрмыстық қалдықтар;
- жер асты суымен жалғанатын құбырлар;
- ірі құрылыс учаскілрі;
- сүзгі алаңдар, бұрғы-скважиналар болып табылады.
Жер асты суларында әр түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар,вирустар кездеседі.
Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбінесе өнеркәсіп шоғырланып аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.
Өзендердің ішінде Ертіс су алабы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырян зауыты секілдіөндіріс орындарының сарқынды ас сулармен ластануы. Су құрамында қорғасын, мырыш, сынап, т.б. ауыр металдар шекті мөлшерден кетуі байқалады.
Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Көксу өзендерінің сулары біршама аза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас өзендері ауыл шарашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда. Әсіресе, Арыс, Келес өзендері күріш пен мақта егісінде жиі қоданылатын пестидциттермен ластанып отыр.
Соңғы жылдары Каспий теңізінде мұнай өндіруге байланысты және теңіздеңгейін табиғи көтерілуі аймақтық экологилық тыныс-тіршілігін шиеленістіріп отыр. Теңіздің көтерілуі жүздеген мұнай бұрғы-скважиналарын, мұнай қоймалары мен өндеу объектілерін істен шығарады. Қазір бұл жерлерде 6 мұнай газ кені, жүздеген елді мекендер, коммуникациялар, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Нәтижесінде, теңізге көптеген мөлшеде лас заттар, мұнай өнімдері, органикалық қосылыстар, ауыр металдар суға араласуда. Оның үстіне Еділ және Жайлық өзендерінің лас сулры иеңіз суын уландыра түседі.
Атырау, Ма ңқыстау аймақтарында техниканың ескілеген бұрғы- скважиналардың бүлінуі, мұнайдың жерге, суға төгілуі қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Жерге сіңген мұнайдың қалдығы 10 метрге жетіп жер асты суына қоосылуда. Қазір мұнаймен ластану аймағы 200 мың ға алып жатыр. Қоймаларда 200 мың т. мұнай қалдығы, 40мың т. көмірсутегі жинақталған.
Ақтөбе, Елік өзені амин өнеркәсібі есебінен және бормен ластануда. Қорғалжын, Наукрызым, Марқакөл, Алакөл, Зайсан көлдерінің экологиялық біршама тәуірлеу деп есептелінеді. Десе де су айдындары Оррталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда өнеркәсіп орындары, полигондар есебінен ластануда.
Оңтүстік Қазақстан облысында ең көп ластану Бадам, Сайрам кен орындарында байқалуда. Әсіресе, Бадам өзені бойындағы қорғасын, фосфор, химия өнеркәсіптерінен бөлінетін қорғасын, мырыш, сынап кей жерледе шекті мөлшерден 50 есеге дейін кететіні тіркелген. Су ресурстарының биологиялық ластануы Арал аймағы мен Батыс Қазақстанда жирік ұшырасуда.
Қазақстанның су ресурстарының сапасын жақсарту және қорғау шараларын жүзеге асыру бағытында мемлекет тарапынан көптеген игі істе жүргізіледі.
Қазақстандағы теңіздердің экологиялық ахуалдары (Арал, Балқаш, Каспий). Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км2, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12 пайыз болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Арал өңірінің тұрғындарды 1970 жылдарға дейін әлеуметтік – экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
3. Арал теңізін сақтап қалу.
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
5. Жер асты суларын пайдалану.
6. Арал теңізінің өзігінен табиғи реттеудің немесе толысуын күту.
Әрине, бұл жобалар болашақ ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.
Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш – Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі – 501 мың км2, ұзындығы – 605 км, ені – 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері – 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзедерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендрі Балқашқа құяды. Балқаш көлі шөлейт және шөл таиғат белдемдерінде рналасқан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судыңдеңгейі тез өзгеріп отырады.
Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары.Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оны сағасындағы қамыс-қошағының жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтеілі. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.
Болашақ көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.
Каспий теңізі – жер шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі – 380 мың км2. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан шығысқа дейін 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік-шығыс бөлігінің климаты континеталды, ал оңүстік-батыс субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайрандардан тұрады.
Каспий теңізі кәсіптік балықтарға бай. Теңізде балықтың 76 турі кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз жағалауларында 3-3,5 млн. құстар қыстап қалса, ал жыл құстарының саны 1012 млн-ға жетеді.
Теңіз экожүйесінде туындап отырған проблемаларды саралап және баға бере отырып, экологиялық аппараттаа жол бермеуге және тез арада шешуге мақсат қойылды. Бұл игі істер адам баласының дүниежүзілік маңызы бар Каспийй сияқты су айдынын сақтап қалу шараларының бастамасы.
3. Атмосфераның ластануы.Атмосфера – бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан – трофосфера, озон, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосферадан тұрады. Әрбір қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, трофосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден нашарлауда. Оның негізгі себептері – ауаға аданың іс-әрекетінен болатын әр түрлі газдардың шығарылуы. Олардың біз ауаны ластағыш заттар дейміз. Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қыземті өте жоғары. Атмосфера – бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен байыттыра және Жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан клетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергия алмасуларын, ауа райының қызметін рттеп, жалпы жер, шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.
Бірақта адм баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең бастысы ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалы күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшері концепциясы қалыпты құрамнан асып кетсе, онда ауаны ластанған деп санайды.
Ластағыш затардың негізгі көздері – өнеркәсіп, автокөліктер, зауыт, жылу энергетикасы, соғыс қаруларын сынау, космос корабльдері мен ұшақтар т.б. жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрмынындағы компоненттердің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, жерге түсіп, барлық тірі организмдерді, ғимараттарды, құрылыс материалдардын бүлдіреді.
Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінінің тепе-теңдігіне әсер етеді. Мәселен, оттегі тірі организмдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағжайда жануарла мен адамдар тұншыға бастайды. Оның өндіруші көзі – жасыл өсімдіктер әлеміндегі үздіксіз жүріп жатқан фотосинтез процесі. Көмірқышқыл газының да ауадағы шекті мөлшері көбейсе адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа құрамындағы негізгі екі газдың тепе-теңдік мөлшері қатаң сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдегі атмосфера экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шаарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгеціне қарай түрліше үлес қосып отыр.
Біздің республикамызда атмосфераға шығарылатын зиянды заттар мен газдар, т.б. бөгде химиялық қосылыстар Қазгидромет ғылымизерттеу институтының үнемі бақылауында болып отырады. Ол көрсеткіштер әр жылға және тоқсанға жіктеліп «Ақпараттық экологиялық бюллетень» журналы арқылы көпшілікке хабар етеді.
"Экокурьер" газетінде жарияланған деректер бойынша, жыл сайын республикада атмосфераға 4 млн. т. ластандырушы қоспалар жіберіледі. Бұлардың арасында, әсіресе, жылу электр бекеттерінің үлесі тым қомақты. Осының нәтижесінде, мысалы, Павлодар облысындағы әр шаршы километр жерге өте қауіпті 2602 кг. диоксид пен 770 кг. азот қышқылы түседі екен. 1997 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 56875 табиғатты ластау көздері бар екен, олардың 39872-і қолдан жасалған екен. Бұлардың тек үштен бірінде арнаулы тазарту қондырғылары бар.
Республика жағдайында атосфераның ластануына өнеркәсіптердің техникалық жағынан ескіруі әсер етеді, яғни, ескірген технология нәтижесінде құрамында қатты және сұйық бөлшектері бар газ тәрізді заттар ораса көп мөлшерде бөлінеді және осы химиялық ққосылыстар өе қауіпті улы келеді. Олар негізінен күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот оксиді, күкіртті сутегі, амиак және әр түрлі қатты және сұйық заттар.
Тұрақты көздерден атмосфераға жалпы шығатын зиянды заттардың мөлшері: Павлодарда 763,0 мың т., Қарағандыда 601,6 мың т., Шығыс Қазақстан қалаларында 170,0 мың т., Қостанайда 170,0 мың т., Ақмолада 120,0 мың т., Атырауда 90,0 мың т., болды. Бұл аймақтарда жылу энергетикасы, металлургия, мұнай-газ кәсіпорындары шоғырланған. Сондықтан атмосфераға көтерілген қоқыстар мен газдардың көпшілігі осы облыстар мен қалалардың аумағына түсіп, өсімдіктерді, суды, жер ресурстарын, ғимараттарды жалпы қоршаған ортаны ластап жатыр. Қазгидромет мәліметі бойынша республликаның әрбір километріне жылына орта есеппен 1,13 зиянды заттар келетіні байқалған. Қазақстан жағдайында көптеген қалалардың ауа бассейні автокөліктерден шығарылатын зиянды заттармен ластнып отыр. Мәселен, автокөліктерде бөлінетін қоқыс заттар қалалар бойынша: Қостанайда 119,4 мың т., Оңтүстік Қазақстанда 87,3 мың т., Алматыда 85,0 мың т., Павлодарда 74,7 мың т., Көкшетауда 53,6 мың т. Көрсеткішке жетіп отыр. Автокөліктерден бөлінетін көміртегі оксиді барлық шығарылатын заттарды 70-80% құрайды. Соңғы 2000жылдың мәліметі бойынша Өскемен қаласының ауасында күкірт диоксиді және фенол формальдегид, азот диоксиді қалыпты деңгейден 1-4 РЗШ-ға жетіп отыр. Сол сияқты ауаның ластануы Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз қалаларында өсе түседі. Әсіресе, улы формадегидтің 3 есе көбейгені Шымкент, Тараз және Петропавол қалаларында байқалып отыр. Ауадағы аммиак пен фенолдың мөлшері Теміртауда 2,3 РЗШ, Петропаволда 3 РЗШ-ке жетсе, ал Астанад фторлы сутегі 4 РЗШ мөлшерін көрсетеді.
Қазақстан жағдайында ауа бассейнінің ластануы көбінесе қатаң континентальды ауа райына да байланысты. Жауын-шашын мөлшері өте аз болғандықтан табиғи тазаруы нашар. Оның үстіне үнемі соғатын күшті желдер біркелкі емес. Ауа бассейнінің құрамында ауыр металдардың болуы да өте қауіпті. Әсіресе қорғасын, мырыш, сынап мөлшері үнемі бақылауға алынады. ауыр металдармен ауаның ластануы республика бойынша жоғары болмағанымен жекелеген қалалар бойына жағдай мәз емес. Мәселен, қорғасын көрсеткеші Лениногорде – 17 РЗШ, Балқашта – 8, Шымкентте – 6 есе болып отыр. Бұл көрсеткіштер кейбір жылдары 17-81 РЗШ-ға жететіні қауіпті болса да шындық.
Қазақстанда ауа бассейнінің ластануы көршілес мемлекеттердің ауаға шығарылатын зиянды заттардың есебінен де көбейе түседі. Өйткені, ауа бассейнінің бәрімізге ортақ екенін айтқанбыз. Төмендегі қызықты мәлімет осыны дәлелдейді. Мәселен, Қазақстанның өз ластану көздерінен түскен (1) және шекаралас ауа (2) арқылы өткен заттардың үлесі төмендегідей болған:
1. Күкірт – 46% немесе 380000 т.
Азот (тотыққан) - 19% немесе 46400 т.
Азот (тотықсызданған) - 51% немесе 11300т.
2. Күкірт - 54%.
Азот (тотыққан) - 81%.
Азот (тотықсызданған) - 49%.
Әрине, өз кезегінде Қазақстанның ауа бассейнінен де Ресей, Қырғыз, Өзбек республикаларына да күкірт пен азот қосылыстры ауысып отырады.
Атмосфера ауасын ластайын заттардың мөлшері дүние жүзі бойынша жылына 200млн. тннаға жетіп отыр. Ал, оның құрамы 20 химиялық элементтен тұрады. Соның ішінде қорғасын мен мырыштың ауада таралуы және онымен адамдардың улануы жиі байқалуда. Олардың мөлшері ауада 0,0003мг/м3 аспауы керек. Оныңнегізгі көзі – автокөліктер мен оған қолданылатын қорғасын аккумиляторы.
Сондықтан, ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу, технолгияны жетілдіру, өндірске қалдықсыз және аз қалдықты технологияны енгізу мен шығарынды заттарды қайта өңдеп пайда асыру бүгінгі күннің қатаң талабы бомақ.
4. Ормандардың селдіреуі, биологиялық әр алуандылықтың тоқтаусыз азайып, тірі табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі.Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми лабораториялара олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтпаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі таралмаған.
Қазақстанда орман қоры 21,8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3,35%-ын құрайды. Біздің еліміздегі ормандар жүйесі, негізінен, солтүстік және шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар – сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын, қайын ормндары, тоғайлар мен бұталар. Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая түсуде. Құрылыстың 62 млн. км2 жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр. Республикамызда ормандар өз және олардың жағадайы мәз емес. Оның негізгі себептері – адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруі мен айнала қоршаған ортаның ластануы.
Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін мпңызы зор. Орман топырақтағы ықпалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ормандардың егістік алқаптарын қорғайда да ролң зор. Орманды жерде топырақ, су және жел эрозиясы болмайды. Ал армансыз жердіңтопырағы кеуіп, шөлге айналды. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады.
Орманның ауаны тазартатын да касиеті бар. Мысалы, 1га орман бір кунде 220-280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200кг оттек бөліп шығарады. Яғни, ауаның құрамын толықтыратын отырады. Орммн соныме бірге денсаулық сақта ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кшендер, т.б.демалыс орындаының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек емес.
Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылымдар басым. Өсімдіктң біөдің жерімізде 57000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды қаже етіп тұр. Жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы «Қзыл кітап» шығарылды. Оның мақсаты құрып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік шаралар жүргізіледі.солардың бірі – сиреп бара жатқан өсімдіктер өскен жерлерді адам қамқорлығына алып қорықтар ұйымдартыру. қорық ұйымдастыру ісіне біздің республикамызда соңғы жылдары көп көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 9 мемлекеттік қорық, 5 ұлттық парк, 17 ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық-геологиялық қорыққорлар құрылған.
Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары, Қаратау тау жоталарында көп шоғырлаған. Әсіресе, алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар жапырақ, т.б. өсімдіктер медецинада кеңінен қолданылады. Мәселен Шымкент, қалаысында осындай дәрілік өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын формоцептік зауыт жұмыс істейді.
Сирек өсімдіктердің қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесіп, отын, құрылыс материалы үшін пайдалануды азайту керек. Қазірдің өзінде Іле шыршасы, самырсын, шетен, тораңқыл, долана, емен, т.б. ағаштары қорғауды қажет етіп отыр. Әсіресе орман ағаштарды кесу етек алуда.
Орманды жерге саяхат жасағандағы ең қауіпті нәрсе – өрт. Өрт көбінесе адамдардың жіберген ағаттығынан болады. Олар негізінен отқа деген жауапсыздықтан туады. Яғни, сіріңкені, темекі қалдығын өшірмей тастаудан болатын ормн өрті өте қауіпті.
Орманның өрттен де басқа жаулары бар. Олар – орман зиянкестері – кемірушілер, ұса жәндіктер, өсімдік аурулары, паразиттер, саңыра-құлақтар, вирустар. Зиянкестердің кесірінен құрылы материалдары үшін дайындалатын ағаштардың 45 пайызы – сапасыз болып шығады. Кейбір жылдары жүщздеген гектар ормандардағы зиянкестермен үзбей күресуге тура келді.олар химиялық және биологиялық күрес жолдарымен жүзеге асады. Химиялық күресте химиялық заттарды қолдану тәртібін қатаң сақтау қоршаған орта мен барлық тірі организмдер үшін ұқыптылықты қажет етеді.
Жануарлар – табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің де маңызы зор. Жануарлардың ерекшелігі – олар жер шарында қозғалып, кең таралды. Жануарлар мен құстардың ішінде алыптары да кездеседі. Дүние джүзінде жан-жануарлардың 1,5 млн. түрі бар деп есептелген. Бірақ жыл сайын ғылымға жаңа үрлер белгілі болып отыр.
Жануарлардың тіршілік үшін қзметі сан алуан. Оларды адам баласы қолға .йретіп, өзінің материалдықигілігі үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың жүні, терісі, еті, сүті өте бағалы. Адам баласы ерте кезден бастап-ақ жабайы аң мен құстарды қолға үйреткен. Саналы адам бүгінгі күнге дейін жануарларды пайдаланумен бірг олардың кейбір түрлерінің жойылуына себепші болып отыр. Мысалы, Д.Фишердің мәліметі бойынша 1600-ші жылдан бері қарай сүтқоректілердің 36, құстардың 94 түрінің жер бетінен біржола жойылып кетуі адамдар тікелей әсер еткен. Олардың қатарына – ароит, кезен кептер, қанатсыз гагарка, лабродор гагасы, каролин тотысы, көгілдір жылқыкиік, жүндес мүйізтұмсық, т.б. жатады.
Жануарлар дүүниесін қорғау және қалпына келтіру жолдары. Жануарлар дүниесін қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тиым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге бейімделу, лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жұмыстары.
Жануарларды сақтап қалудың ең басты жолы адам баласының саналы өзін туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сезіне отырып, табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.
Тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, қауіпті әрі улы қалдықтардың қордалануы.
Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негзгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады. Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отрып, соңынан адам организіміне келіп түседі. Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті еш қандай өнеркәсіп орындары жоқ Антрактиданы алайық. Бұл жерде адамдар кішігірім ғылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғылыммдар осы заманғы өнер-кәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антрактидадан да тапқан. Олар бұл жерге басқа жерлерден ауа ағындарымен келіп түскен. Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттарр өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақтына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады.
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортанының ластанушы көздерінін ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:
1. Физикалық ластану – радиактивті заттар, электрмагниті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.
2. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар.
3. Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
4. Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т.б.
Биосфередағы ластану процесін 3 кезеңге бөлеміз:
- Ластаушы заттардың таралуы;
- Ластағыштардың биомассаға енуі;
- Ластағыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы.
Адам баласының организмі жоғарыдағы ластаушы заттарды қабылдаған кезде белгілі бір деңгейге (мөлшерге) дейін ғана көтере алады. Ал зиянды заттардың одан әрі организмде көбейе түсуі денсаулықты бұзып, ауруға шалдықтырады.
Қоршаған ортаның хииялық ластануының кейбір түрлері қазіргі кезде глобальды экологиялық проблемаларды туғызып отыр. Олар жер шарындағы жиі-жиі байқалып отырған «Жылу эфектісі», «Озонның жұқаруы» (ХІХ ғасырдың 80-жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жұқаруы байқалған. Мәселен, 1987 жылы Антрактида тұсында байқалып озонның мөлшері күрт азайып, (космостық станциясының фотосуреті бойынша) ол 7 млн км 2 аумақты қамтыған. Ал осы жағдайда 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында байқалған. Жұқару көзі – хлорфоркөміртекті (фреомдар) қосылыстар екені анықталды. Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұшырап, хлор тотығын түзеді. Нәтижесінде озонның жұқару процесі басталып, Космостан келетін зиянды ультракүлгін (УК) сәулелердің еркін өтуіне жол беріліпғ бүікіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ВОЗ) ұйымының мәліметі бойынша атмосферадағы озонның 1%-ке азайуы қауіпті ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталған. Сол УК сәленің жерг көбірек өтуі адам баласының иммундық қорғасын қабілетін кемітіп, жұқпалы аурулардың меңдеп кетуі жол ашатыны дәлелденіп отыр. Осыған орай, 1985жылы озон проблемасын шешу үшін халықаралық Конвенция қабылданды. Оның мақсаты – озон қабатын бүлдіртін заттарды шығаруды тежеу неесе тоқтату. Осы бағытта Ресей мен ТМД елдерінің біріккен ғалымдар ұжымы еңбек етуде), «Қышқыл жауындар» (атмосфераға байланысты қазіргі кезеңдегі үлкен проблема. Оның негізгі көздері күкіртті ангидрид пен азот тотығы (азот қос тотығы) және азот тетраоксиді), «Фотохимиялық тұмшалар» (Атмосфера қабатында азот оксидтері, көмірсулар, озон, күннің радиациясының фотохимялық реакцияға ұшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түтін), «Смог» (улы тұман, смог ағылшын сөзі, түтін деген мағынаны береді. Аталған улы түтін өнеркәсіп, басқа да қажеттіктер үшін көмір мен мазутты жаққанда пайда болады. Тұманның 2 типі бар. Лондондық тұман типі – негізгі көзі көмір мен мазуты пайдаланғанда түзілетін күкіртті газдың атмосферада консентрациясының көбейіп кетуі. Бұл құбылыс Лондон қаласында ауа басейінінде алғаш рет есепке алынған. Мәселен, 1952 жылы ауа бассейінінде (үстінде) улы қара тұмандық (смог) 2 жұма бойы тұрып аған. Нәтижесінде 4000-нан астам адам қаза болған. Осы азапты тарихы оқиғадан Лондон тұрғындары 1873, 1882, 1891, 1984, т.б. жылдары зардап шекті) және осылардың әсерінен туындайтын аурулар.
Өндіріс қалдықтары. Ірі өнеркәсіп пен қалдықтар, т.б. құрылыстар көбінесе суы мол,адамдар үшін қолайлы жерге салынады. Ол үшін ормандар қырқылып, құнарлы пайдаланылады. Осының бәрі қоршаған табиғи ортаға өзімен бірге қалдықтары мен түрлі тұтыну қалдықтарын көбейтіп үлкен проблема туғызады. Қалдықтарды біз көбіне қоқыстар дейміз. Ал әрбір отбасындағы бір адам тәулігіне 1,2-1,4 кг қоқыс шығарады.
Нағыз тұрмыстық қалдықтарға: қағаз, тамақ, шыны, металл, тоқыма бұйымдары, пластмасса, резиа өнімдерінің қавлдықтары, т.б. жатады. Осы қалдықтарды біз күнделікті шығарып отырамыз.
Ал өнеркәсіп қалдықтары көлемі мен зияндылығы жөніінен өте күрделі әрі қауіпті болып келеді. Олар су, дала, орман, т.б. кешендерді ластап қоршаған ортаға зиянын игізеді. Бұдан бүкіл тіршілік атауы жағдайында қалдықтарды қайта өңдеп, тұрмысқа пайдалану жұмыстары жүргізіледі. Көбіне металл қалдықтары балқытылып, қайтадан жаратуға келсе, пластмассадан жасаған бұйымдары жоюға тура келеді. Қвалдықтарды көніне құрылыфс материалдарын шығаруға, шикізат өндіруге жұмсайды. Ал кейбіреулерінен кәдімгі тыңайтқыштар алынады. Оргаикалық қалдықтар құрамында элементтер: азот, фосфор, калий көп болады.
Өндіріс және тұрмыс қалдықтарын заласыздандыру халықаралық проблема. Ең бастысы зиянды заттарды пайдалы заттарға айналдру. Ол үшін үлкен қалаларда қалдықтадрды өндейтін зауыт салынуы керек. Алғашқы осындай зауыт 1981 жылы ГФР-де ашылған. Оның қуаттылығы – тәулігіне 300т, ал жылына 75 мың т қоқыс өңдейді.
Қазір Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Швеция т.б. елдерде қалдықты өңдеудің жетілдірілген технологиясы қолданылады.
Қазақстанда қалдықтарды өңдеу проблемасы әлі шешілмей келеді. Көптеген қалаларымыз (Қарағанды, Екібастұз, Рудны, Жезқазған, Риддер, т.б.) өнеркәсп шоғырланған жерлерге салынады. Өнеркәсіп қалдықтары тау-тау болып үйіліп жатады. Оны өңдеу баяу жүргізілудіе. Осының бәрі желмен, сумен, ауаға, топыраққа тарап, қоршаған ортаны ластап жатыр.
1994 жылғы мәлімет бойынша Қаазақстанда жинақталған қалдықтар 20 млн. тоннадан асып келеді. Оның үстіне жыл сайын шамамен өнеркәсіптерден 1 млн. қалдық шығарылса, тұрмыстық қалдықтар 14 млн. тоннаны құрайды. Қалдықтардың ішінде ең улысы түсті металлургия ксіпорындаынан бөлінеді. Олардың көлемі республика жерінде 54 млн. т деп есептелінеді.
Қалдықтарды өңдеу Қазақстан бойынша Алматы қаласында ғана жүзеге асырылуда. Республикада өнеркәсіп, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды есепке алу, заласыздандыр мен көму шаралары өте нашар дамыған. Оның үстіне мұнай қалдықтар ешқандай қоршасыз ашық аспан астында жатыр.
Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30млн. гектардан асады. Мұнда соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау объектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен – Семей, Нарын, Азғын, Тайсойғай, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарыағаш сынақ полигондары.
Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жоюға бола ма? Өркениетті елдерде бұл проблема жақсы жолға жолға қойылған. Мәселен, Жапонияда қалдықтарды өңдеудің бірнеше сатылы жүйесі бойынша жұмыс істейтін зауыттар бар. Олар қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиямен жұмыс істейді. Өндеудің соңғы өнімі – құрылыс материалдары немесе тыңайтқыш. Міне, осындай деңгейге жету барлық мемлекеттердің алдағы жоспары. Біздің республикамызда бұл бағытта біраз жұмыстар жүргізуде. Мәселен, Алматыда біраз зауыттар өндірістік қалдықтардан шлакті блоктар, құрылыс материалдары және жол төсемдерін жасауда. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар және қоршаған ортаны корғау министрлігінің және заңдары еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту барысында жасалынып жатқан игі істердің бастамасы деп білеміз.
Қазақстан полигондары. Республикамыздың аумағында ядроық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн. га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр. Нарын, Тайсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғаты әлем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада, 183-і бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы сыналған елдермен слыстырсақ Ресей – 225, АҚШ-та – 1032, Қазақстанда – 500-ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбритания, Қытай, Франция, Үндістанда және Пәкістанда сыналғанын білгеніміз жөн. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр (Ресей) мен Лобнор (Қытай) Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар.
Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тасталды. Адамзат тарихындағы бұл қасіреттің ізі бүгінге дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал Қазақстан жеррінде сыналған 500-ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті болар. Ядролық қарудан тек атом бомбаларынсынаумен шектелмей полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникаларды да сынақтан қатар өткізіп отырған. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Осы амақтарда радиактивті заттардың шекті рауалы мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткені анықталған. Мұндай сынақтар Үстіртте де 1986-1970 жылдары жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңында Сарышаған, Ташкент – 4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Сынақтар кезінде апатқа ұшыраған ракеталар, соғыс техникалары қоршаған ортаға өте қауіпті.
1991 жылы 20 тамызда елбасының бұйрығымен Қазақстан жерлерінде атом қаруын сынау біржола тоқтатылды. Бұл оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы қуана қарсы алды. Халықаралық деңгейдегі бұл шешім «Семей-Невада» қоғамдық қозғалысының жемісі болды.
Полигондар «Семей полигоны аймағындағы тұрғындардың денсаулығын зертеу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру» (1992, 1995) туралы маңызды құжаттар қабылданды. Ал полигондардың қоршаған табиғи ортаға тигізген зардабын және радиактивті қалдықтарды жою проблемасы, халықаралық деңгейде жүргізілуде. Болашақта полигондар аймағындағы бүлінген жерлердің қалпына келіп, табиғат тыныштығы орнайтынына сеніміміз зор.
2.Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі бағыттары мен механизмдері.Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі мен проблемалары Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін — қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» - делінген. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті.
Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан әзірге экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ әрі ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің тозуымен сипатталады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен мақұлданған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп, онда өтпелі кезеңнің экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендірудің экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттік бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерінің, қоршаған орта мониторингінің жүйесін құру қажеттілігінің мәселелері қарастырылған болатын.
Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды.
Мысалы, 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық сараптама туралы», 1998 жылы — «Радиациялық қауіпсіздік туралы» Заңдар, ал 2002 жылы — «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (1996 жыл) және «Мұнай туралы» (1995 жыл) заң күші бар Жарлықтары, 2003 жылы — Орман, Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік құқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді.
Заңнаманы жетілдіру мақсатында республикада оны дамыған елдердің заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгізу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жөніндегі іс-қимылды ұлттық жоспарлары әзірледі. Экологиялық сараптау жүйесі, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жұмыс жолға қойылды.
Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту және міндетті экологиялық сараптаманы енгізу есебінен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуір төмендеді. Алайда, мемлекеттің экологиялық осал аумақ және шешілмеген экологиялық проблемалар мәртебесі сол күйінде қалып отыр. Сондықтан да, ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004 — 2015 жылдарға арналған жаңа экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы қабылданды. Жаңа Тұжырымдамада іске асырылмаған міндеттерді шешу ұсынылады. Олардың ішінде: экологиялық қауіпсіздік пен табиғат пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердің, оның ішінде іргелі ғылыми зерттеулердің ілгерілемелі дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингтің бірыңғай жүйесін енгізу; Қазақстан Республикасының аумағын экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау ұсынылады.
Бұл экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы «Қазақстан — 2030″ Стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес және XXІ ғасырдағы Күн тәртібінің негізгі ережелері мен Қоршаған орта және даму жөніндегі 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай-ақ Йоханнесбургге өткен (2002 жыл) Тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік саммиттің шешімдерін ескере отырып әзірленген.
Қоршаған ортаның жай-күйінің нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, экологиялық қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету осы Тұжырымдаманың ережелерін кезең-кезеңмен іске асыруды көздейді.
Бірінші кезең (2004 — 2007 жылдар) — қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және оны тұрақтандыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу.
Екінші кезең (2008 — 2010 жылдар) — қоршаған ортаның сапа көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетілдіру.
Yшінші кезең (2011 — 2015 жылдар) — қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу.
Экологиялық қауіпсіздікке қол жеткіз
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |
ХУДОЖЕСТВЕННОЙ КОВКИ | | | Лекарственные вещества группы арилалкпламинов, дигидроксифенилалкиламинов |
Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 14396;