азақстандағы ғылымды дамытудың негізгі бағыттары.
Жас тәуелсіз мемлекеттің басшылығы елдін ғылыми күштерін сактау үшін жігерлі күш-қайрат жұмсады. 1993 жылға дейін мемлекеттік ғылыми саясат ғылымды каржыландыру проблемаларын әкімшілік жолмен шешу әрекеттерімен айқындалды. Бұл орайда Ғылым академиясы мемлекеттік қолдаудың басты нысаны болды. 1990 жылғы шілдеде, 1991 жылғы наурызда, 1992 жылғы сәуірде Қазақстан Ғылым академиясын материалдық-техникалық камтамасыз етуді жақсарту жөніңде Үкіметтің арнаулы қаулыларықабылданды.
1992 жылы Қазақстан ТМД-да бірінші болып «Ғылым және ғылыми-техникалық саясат туралы» Заң қабылдады. Ғылым туралы Заң да жаңа проблемаларды шешу үшін негіз болудан гөрі ғылымның принципті түрдегі мағлұмдамасы ғана болып қалды.
1993 жылы Қазақстан ғылымын ұйымдық реформалау басталды. Осы жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлігі құрылды. Сонымен бір мезгілде республикалық Ғылым академиясының рөлі үйлестіруші және реттеуші орган ғана емес, ғылымға тікелей мемлекеттік басшылықты жүзеге асыратын мекеме ретінде сақталды.
Академияньщ мөртебесі жоғарылатылды. Ол Ұлттык Ғылым академиясы (ҚР ҮҒА) болып өзгертілді, ал 1994 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өз қызметін өзін-өзі басқару принципі негізінде жүзеге асыратын жоғары мемлекеттік ғылыми мекеме деп жарияланды.
1996 жылы мемлекет ғылымды басқаруды батыл да түбегейлі реформалау жолына түсті. 1996 жылғы 11 наурызда Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазакстан Республикасында Ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыкка кол қойды. Бұл жарлықпен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кұрамында жаңа атқарушы орган - Ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасының Ғылым ака-демиясы құрылды. Ол ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты реттейтін және тәуелсіз мемлекеттік сараптаманы қолдана отырып, конкурстық негізде іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулердегі мақсатты бағдарламаларын каржыландыратын бірыңғай мемлекеттік басқару органы деп жарияланды.
1999 жылғы Президент сайлауынан кейін Қазақстан Республикасы жаңа Үкіметінің құрамына Ғылым және жоғары білім министрлігі кірді.
Бір жылға жетпейтін уақыттан кейін жаңадан қайта құру болды және ғылыми кешен Білім жөне ғылым министрлігінің айрықша құзыретіне айналды.
2003 жылғы наурызда Ұлттық Ғылым академиясы республикалық коғамдық бірлестікболып кайта құрылды. Қоғамның көз алдында, оның үстіне ҰҒА-ға мүшелік жоғары деңгейде танылған ғылыми жетістіктердің куәлігі және ғылыми элитаға жататындығының басты көрсеткіші болып калды.
2001 жылы Қазакстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңының қабылдануының зор маңызы болды.
Бұл ғылыми қызмет пен оның инфрақұрылымының кейбір негізгі көрсеткіштеріне тез арада әсерін тигізді. Мәселен, ғылыми-техникалық саланың негізгі қорларының орташа жылдық қүны 2000 жылдан 2004 жылға дейін 1,7 есе ості, ал негізгі құрал-жабдықтың актив белігінің күны 3 есе-ден астамға көбейді. Ғылыми және ғылыми-техникалық ұйымдардың кормен жарактандырылуы 1,5 еседен астамға өсті.
Қазақстан ғылымы каржыландырудың тиімді нарықтық тетіктерін әлі күнге дейін таба алмай отыр. Ғылымды жалпы қаржыландырудағы бюджет-тің үлесі 50%-дан асумен шектеліп келеді.
XXI ғасырдың алғашкы бес жылында жас кадрлардың ғылым саласына келуінің біраз өскені байқалды. 2000-2004 жылдар аралығында 40 жас-қа дейінгі ғылым кандидаттарының саны 12%-ға өсті, нак сол кезенде 60 жастан жоғары жастағы ғылым докторларының саны 16%-ға көбейді.
Одан әрі даму және реформалар барысында экономикамыздың орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін кажетті жаңа білімдер мен идеяларды игеруге қабілетті негізгі ғылыми ұжымдардың қызметін сақтап, дамытудың сәті түсті. 2008 жылы Қазақстанда түрлі ведомстволарға тиесілі жөне түрлі меншік формасындағы 300-ден астам ғылыми ұйым жұмыс істеді, оларда 18 мыңнан астам адам жұмыспен қамтыдды, олардың ішінде 1000-нан астам ғылым докторы, 3000-ға жуық ғылым кандидаты бар. Қазіргі кезде ғылымды басқарудың жаңа үлгісі әзірленді және оны іске асырудың құралы ретінде Мемлекет басшысының 2007 жылғы шілдедегі Жарлығымен Ғылымды дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді, ол егеменді Қазақстанның тарихында тұңғыш рет әзірленді және ғылым саласының сапалық жаңа деңгейіне көшуін қамтамасыз ететін бірқатар міндеттерді шешуге бағытталды.
Ғылымды одан әрі дамытудың негізгі міндеттері:
· Ғылымды дамытудын 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асыру;
· оның бәсекеге кабілеттілігі үшін әлемдік ғылыммен жеделдетілген түрде ыкпалдасу;
· халықаралық стандарттарды енгізу және оның менеджменті;
· ғылыми жобаларды жоспарлау мен оның мониторингінің қазіргі заманғы халықаралық түрғыда танылған жүйесін енгізу, ол әлемдік ғылымда жалпы жұрт таныған критерийлер негізінде ғылыми жұмыстың сапасын бақылауға мүмкіндік береді;
· инфрақұрылымды жетілдіру (тәжірибелік-конструкторлық институттарды, зертханалар мен бюроларды қалпына келтіру, жаңаларын құру);
· ғылымды қаржыландыруды молайту жөне оны дамыған елдердің ғылымды қаржыландыруы деңгейіне дейін жеткізу;
· мұның өзі ғылым саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін, ғалымның жалакыға ғана емес, сонымен бірге медициналык қызметтер көрсетілуіне, түрғын үйге, зейнетакыға кепілдік беретін әлеуметтік мәртебесін түбегейлі түрде арттыру үшін мүмкіндік жасайды;
· ғылым саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту және жеңілдіктер жүйесін жасау (пұрсаттылықтар, салық тыныстамалары т.б.) арқылы жеке меншік секторды ынталандыру;
· іргелі бейіндегі ғылыми-зерттеу институттарын түрлі министрліктер мен агенттіктерге беруге және одан әрі акцияландыруға тыйым салуға бағытталған шаралар қолдану;
· басқа ведомстволарға берілген және акцияландырылған ғылыми ұйымдарды Білім және ғылым министрлігінің қарамағына қайтадан қайтару;
· ғылымды кадрлармен қамтамасыз ету әрі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келешекке арналған шараларды әзірлеу:
- ұзақ мерзімді шаралар - жоғары оқу орындарында болашақ ғалымдарды даярлау сапасын арттыру;
- ғылым-оқу-білім және инновациялық-оқу-білім консорциумдарын одан әрі дамыту;
- қыска мерзімді шаралар - ғылыми кызметкерлердің біліктілігін арттыру (таяу және шалғай шетелдерде тағылымдамадан ету);
- «Болашақ» бағдарламасының стипеңдиаттарын ынталандыру.
ҚР «Ғылым туралы» Заңы2011 жылы 18-ақпанда қайта қабылданды. Заң ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасы ұлттық ғылыми жүйесінің жұмыс істеуінің және оны дамытудың негізгі қағидаттары мен тетіктерін айқындайды.
Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 4506;