азақстандағы ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар

Лекция

  1. Ұлттық саясаттың негізгі мақсаты мен міндеттері.
  2. Этносаралық келісімнің қазақстандық моделінің қалыптасуы.
  3. Конфессияаралық қатынастың қазақстандық тәжірибесі

 

1. Ұлттық саясаттың басты ұстанымы – ұлттық құндылық­тар негiзiнде Қазақ елiнiң экономи­калық, саяси, рухани тәуелсiз­дiгiн, ел қауiпсiздiгiн қамтама­сыз етуге және жердiң бiртұ­тас­тығын мәңгi сақтауға, жер мен жер қойнауы байлы­ғын (ұлттық байлығын) тек халық игiлiгiне жұмсап, жұрты­ның әлеуметтiк жағдайын үне­мi жақсартып оты­руға мемле­кеттi мiндеттеу. Әр­кiмнiң аза­маттық құқығының мүлтiксiз сақталуын қамтамасыз ет­пейiнше, заң алдындағы бәрi­не бiрдей жа­уап­тылық болма­йын­­ша ел iшiн­де дұрыс түсiнiс­тiк бол­майды.

Қазақстан Республикасының ұлт­тық саясатының басты мақ­саты – байырғы қазақ жерiнде құрылған ұлттық мемлекеттi сақтау және нығайту.

Осы мақсатта: барша азамат­тарды қазақ ұлтының маңында топ­тастыру, тәуелсiздiгiмiз бен егемен­дiгiмiздiң баянды болуын қамта­масыз ету;

қазақ ұлтының тарихи жадын, тiлiн, дiлiн сақтау мен жан-жақты дамыту, оның жаһандану заманын­дағы өзiндiк ұлттық-мәдени ерекше­лiгiн қалыптастыру және әлемге паш ету;

елiмiзде тұрып жатқан барлық этностық топтардың өз тiлi мен мәдениетiнiң дамуына шек қоймай, олардың барлығының ортақ Отаны – Қазақстан Респуб­ликасына адал қызмет етiп, оған деген сенiмiн арттыру қажет.

Бұл үшiн мемлекет пен қоғам өздерiнiң ерiк-жiгерiн төмендегi негiзгi мiндеттердi атқару үшiн жұмылдыруы керек:

Қазақстан Республикасы қо­ға­мының негiзгi ұлттық құнды­лықтарын қалыптастыру және дамыту;

қазақ тiлiн шын мәнiндегi мем­лекеттiк тiл деңгейiне жеткiзiп, оны барша Қазақстан азамат­тарын бiрiктiретiн факторға айналдыру;

этносаралық және дiнаралық саладағы мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институт­тарының өзара тиiмдi және пәрмендi қарым-қатынастарын қамтамасыз ететiн жүйенi қалыптастыру.

Егер де Қазақстан халқының ұлттық құрамына назар аударсақ, республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2013 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар - 65,2%, орыстар - 21,8%, өзбектер - 3%,украиндар - 1,8%, ұйғырлар - 1,4%, татарлар - 1,2% , немістер - 1,1%, корейлер - 0,6%, түріктер - 0,6% .

Салыстырмалы кесте (1897—2012)
Ұлт |2009 1.01.2012 бағасы
қазақтар 3 392 751 3 627 612 2 327 625 2 794 966 4 161 164 5 289 349 6 534 616 7 985 039 10 096 763 10 979 511
орыстар 454 402 1 275 055 2 458 687 3 974 229 5 449 826 5 991 205 6 227 549 4 479 620 3 793 764 3 726 722
өзбектер 29 564 129 399 120 655 136 570 207 514 263 295 332 017 370 663 456 997 493 783
украиндар 79 573 860 201 658 319 762 131 930 158 897 964 896 240 547 052 333 031 313 698
ұйғырлар 55 815 62 313 35 409 59 840 120 784 147 943 185 301 210 365 224 713 228 582
татарлар 55 984 79 758 108 127 191 925 281 849 312 626 327 982 248 954 204 229 204 171
немістер 2 613 51 094 92 571 659 751 839 649 900 207 957 518 353 441 178 409 180 832
корейлер   96 457 74 019 78 078 91 984 103 315 99 665 100 385 103 456
түріктер   9 916 18 397 25 820 49 567 75 900 97 015 98 013
әзірбайжандар     12 996 38 362 56 166 73 345 90 083 78 295 85 292 87 190
белорустар   25 584 31 614 107 463 197 592 181 491 182 601 111 927 66 476 63 694
дүңгендер 4 888 8 455 7 415 9 980 17 283 22 491 30 165 36 945 51 944 55 819
күрдтер     2 387 6 109 12 299 17 692 25 425 32 764 38 325 40 026
тәжіктер   7 666 11 229 8 075 7 166 19 293 25 514 25 657 36 277 37 112
поляктар 1 254 3 762 54 809 53 102 61 335 61 136 59 956 47 297 34 057 33 901
шешендер   2 639 130 232 34 492 38 256 49 507 31 799 31 431 31 809
қырғыздар         9 612 9 352 13 718 10 925 23 274 б/з
башқұрттар 2 528 3 450 8 742 21 134 32 499 41 847 23 224 17 263 17 073
ингуштар   47 867 18 356 18 337 19 914 16 893 15 120 б/з
молдовандар   2 855 2 992 14 844 25 711 30 256 33 098 19 458 14 245 б/з
гректер   1 374 55 543 39 241 49 930 46 746 12 703 8 846 б/з
мордвалар 11 911 27 244 25 334 25 499 34 129 31 424 30 036 16 147 8 013 б/з
шуаштар   2 267 6 590 11 255 22 690 22 310 22 305 11 851 7 301 б/з
еврейлер 1 651 4 499 19 240 28 048 26 954 22 762 18 492 6 743 3 485 б/з
басқалары   30 591 70 342 101 379 136 606 142 668 17 4670     б/з
барлығы 6 198 469 6 151 102 9 309 847 12 848 573 14 684 283 16 464 464 14 953 126 16 009 597 16 675 392

 

Сондықтан да, ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды. Мұнда Түркия тәжірибесін мысал ретінде алуға болады. Кемал Ататүрік халқын біртұтас ұлттық қозғалысқа біріктіре отырып, ұлттық идеологияны қалыптастырды. Түркияның бүгінгі басшылары Ататүріктің жолын қуып, қазіргі заманға лайықты ізгілікті мақсаттарды көздейтін ұлттық мемлекетке айналған. Қазақстан да жаңа дәуірге бейімделген өзіндік жолын таңдап алды.

Кеңес Одағы ыдырар алдында елде бұрын байқалмаған толқулар күшейді. Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабында: «Ең қауіптісі — олар таза ұлттық cипат ала бастады. Ұлт мәселесінің соншалық асқындауы әуелі теориялық дәрменсіздіктен етек алды», — деп жазды. Ал XX ғасырдың соңында тек Кеңестер елінде ғана емес, бүкіл әлемде ауқымды ұлттық оянудың үдере бас көтеруі басталған болатын.

Тоталитарлы жүйе тұсындағы жалпы мемлекеттік саясатқа эклектизм, яғни қарама-карсы әр түрлі философиялық көзқарастарды, теориялық алғышарттарды, саяси тұжырымдарды қалай болса солай дәйексіз біріктіре салу тән болды. Соның нәтижесінде ұлттарды аға мен ініге теңеу саясаты, келеңсіз көріністер орын алды. Кеңес халқы тоталитарлық-саяси әдістермен біріккен қауым, оның мәдени негізі идеологияландырылған кеңес мәдениеті болды. Сол себепті саяси қатаң тәртіп сол әлсіреген кезде «адамдардың жаңа тарихи қауымдастығы» ыдырап кетті. Кеңес өкіметі құлағаннан кейін бұрынғы ұлт саясатындағы бір ұлтты жоғары қою арқылы, екіншілерін төмендету, екінші қатарға ысырып тастауға, империялық көңіл күйге, экстремистік әрекеттерге тосқауыл қойылды. Ұлт мәселесі «атылмаған жанартау» болудан қалып, ұлт мәселесінің ақылды, парасатты шешімдерді қажет ететіндігі мойындалды.

Бұл парасаттылықтың астарында әрбір қазақстандықтың өзін, ең алдымен, қазақстандық екендігін, сонан кейін өз ұлтының перзенті екендігін сезінгенде ғана ұлтаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениеті қалыптасады. Сонда ғана шынайы ұлттық келісім мен шынайы саяси және қоғамдық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Ол қазақстандық патриотизмге негізделуі қажет. Ұлтаралық, этностық топтар арасындағы келісім — барша азаматтың нәсіліне, ұлтына, діни сеніміне қарамастан қашанда бір-біріне көмекке келуге әзірлігі, психологиялық тұрғыдан дайындығы, достық қарым-қатынасын бейнелейді.

Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі — ұлттық келісім, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі екені даусыз. Әрине, ұлттық келісімге келгенде, әрбір адамның азаматтық құқы сақталуы шарт екендігі түсінікті. Сонымен қатар елдегі саяси тұрақтылықтың кепілі ретінде ұлтаралық келісіммен бірге халықтың әл-ауқатының жақсаруы да өз әсерін тигізеді.

Қазақстан Республикасындағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі болып қала бермек. Күллі қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттік принципі мен ұлтаралық татулық санасын қалыптастыру маңызды. Осыған орай еліміздегі қазақ ұлты мен басқа этикалық топтардың мәдениетін, жан-жақты дамуын қамтамасыз етудің маңызы зор.

Қазақтар Кеңес Одағы ыдырап, көптеген ұлттық топтардың өз отанынан жырақта қалған жағдайын жақсы түсінеді. Тоталитаризм жылдарында қазақтардың өзі оның зардаптарын басынан өткерді, миллиондаған қазақтаршетелге кетуге мәжбүр болып, демографиялық апатқа ұшырады. Ендеше кеңестік тоталитаризм қазақ халкының басына да орны толмас бақытсыздықтар әкелді. Әрі халқымыздың басым көпшілігі өздерін Қазақстанныңазаматы ретінде танитыны айдан айқын. Сондықтан азаматтық қоғам идеяларын жалпы ұлттық идеялармен үйлестіре отырып, республикадағы азаматтық қауымдастықты қалыптастыруға әбден болады.

1999 жылғы Бүкілхалықтық санақ Қазақстан тұрғындарының ұлт құрамында саны жағынан бірінші орында қазақтар, екінші орында — орыстар, үшінші орында — украиндар, төртінші орында — өзбектер, бесінші орында —немістер және т.с.с. болғандығын көрсетті.

Қазақтар Оңтүстік Қазақстан облысында — 13 мың, Алматы облысында — 925 мың, Шығыс Қазақстан облысында — 740 мың, Жамбыл облысында — 640 мың адам. Ал орыстарШығыс Қазақстан облысында — 700 мың,Қарағанды облысында — 610 мындай, Қостанай облысында — 430 мыңдай, Солтүстік Қазақстан облысында — 360 мыңдай, Павлодар облысында — 330 мың, Ақмола облысында — 330 мың адам орналаскан. Украиндардың ең көбі Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында шоғырланған. Беларустар Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарына көптеп түрақтаған. Өзбектердің көпшілігіОңтүстік Қазақстан облысында түрады. Немістер Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында топтаскан. Татарлар Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар,Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында көптеп мекендейді. Ұйғырлардың көп бөлігі Алматы облысында, дүнгендер — Жамбылда, түріктер Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түрады.Корейлер — Алматы облысында, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күрділер — Алматы мен Жамбылда, ал тәжіктер, негізінен, Оңтүстік Қазақстан облысында көп шоғырланған.

Тек 1989, 1999 жылғы санақ нәтижелері республикадағы этникалық топтардың қатарында орыстардың үлес салмағы төмендегенін көрсетті. Оған көші-қондық ағымдар, табиғи өсімнің азаюы, әлеуметтік жағдайдыңнашарлауы кері әсер етті. Қазақстанға алыс және шетелдердегі қазақтардың көшіп келуі де жергілікті халықтың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштеріне өзгерістер әкелді.

1989—1995 жылдардағы орыстардың көші-қондық кері ағымдары қарқынды жүрді, нәтижесінде барлық облыстарда олардың абсолюттік санының азаюы байқалды. Қоныс аударушылардың көпшілігі 1979—1989 жылдарыОңтүстік Қазақстан, Жезказған, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан шыкса, 1989—1993 жылдары Маңғыстау, Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Талдықорған, Ақтөбе облыстарынан кете бастаған.

Ал Қазақстандағы жалпы демографиялық жағдайға байланысты туудың кеми түсуі мен оның табиғи өсімге әсер етуі де орын алуда. Оған төмендегідей жағдайлар: қазақтарда көп балалы отбасынан орташа отбасыларға, орыстарда орташа отбасылардан аз отбасыларға ауысу жүріп жатыр. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрмысының шапшаң өзгеруі, көші- конның барлық түрлері және т.б. факторлар ықпал етті. Табиғи өсімнің азайып, өлімнің көбеюін және жастық құрылымның қартаюын 1991—1995 жылдарда туған балалардың саны кестесінен көруге болады.

Әсіресе демографиялық өсу қарқынының баяулай түсуі, негізінен, қала жұртының, кейіннен ауылдық жерлерде бала санының шектеле бастағанын білдіреді. Ал ұлттар аралас тұратын ірі қалалар мен өндіріс орталықтарындағы халық саны ауылдан келушілер есебінен толығуда, яғни кенттену барысы жылдам жүруде. 1989 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстанның 50 қаласының 6-уында ғана қазақтар 50%-дан артады. Қалған қалаларда орыстар мен басқа ұлттар басым. Бірақ алдағы кезеңде кала тұрғындарының ішінде қазақтардың үлесі арта түспек деп күтілуде.

Қазақстан халқы Ассамблеясы - заңды тұлға құрылтай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылатын мекеме.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.

Өз тарихында Ассамблея ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті. 2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.

2008 жылғы 20 қаңтарда еліміздің Президенті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды. Ассамблея мемлекеттік ұлттық саясаты әзірлеуге және жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал жасайды.

Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету.

Ассамблеяның негізгі міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi.

Ассамблея құрылымдық жағынан Ассамблея сессияларынан, Ассамблея кеңесі мен Хатшылығынан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларынан тұрады.

Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) – оның жоғары басшылық органы. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады.

Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері енеді.

Ассамблея Төрағасының этномәдени бiрлестiктерден тағайындалатын орынбасарлары алмастыру тәртiбiмен Кеңестiң ұсынымының негiзiнде ҚР Президентiнiң өкiмiмен тағайындалады.

Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылады. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осы тетіктер Ассамблеяның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардағы нақты әрекет етуі мен тиімділігінің негізі. Ассамблеяның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарын - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғаларды қамтиды.

Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.

Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.

Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутат еліміздің барлық этностары атынан өкілдік етеді. Бұдан басқа қазақстандық этностық қоғамдастық өкілдері Парламенттегі өкілдігі өкілді органдарға саяси партиялар арқылы сайлауға тікелей қатысу негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.

Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты.

Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.

3.Конфессияаралық қатынастың қазақстандық тәжірибесі.Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын құбылыс. Қазақстандағы этносаралық, дінаралық татулық көптеген елдерге үлгі болып отыр. Елімізде дінаралық қақтығыс орын алған емес, Ата заңда жазылғандай, еліміз –зайырлы мемлекет. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары мемлекет органдары діни ұйымдардың жұмысына тікелей араласпады. 1992 жылы қабылданған –«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заң бойынша азаматтар діни бірлестіктер құра отырып, ұйымдаса алады. Қазақстан БҰҰ –на мүше ретінде 1995 жылғы 16 қарашадағы ЮНЕСКО бас конференциясы қарарымен бекітілген – Төзімділік пен бейітшілік қағидаттарын қолдайтындықтан, діни төзімділік пен бейбітшілік қағидалары еліміздің саясатында басты орын алады. (әлемде мұсылмандар саны -1,5миллиард, Ислам конференциясына мүше елдер саны -55, ислам әлемі өндірушіден гөрі тұтынушылық сипатымен ерекшеленеді).

Қазақстан мұсылмандарының діни істерін ұйымдастырып, діни бірлестіктер, мешіттер мен шетелдердегі мұсылман ұйымдарымен халықаралық қатынасты реттейтін дербес мекеме «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» 1990 жылы құрылды, баста төрағалық қызметті Рәтбек қажы, ал 2000 жылдан Ә. Дербісәлі атқарды.

Әділет министрлігінің мәліметтері бойынша 1990 жылы елде 671 діни бірлестік бар екен. Олардың саны 2002 жылы -2618-ге, 2004 –жылы – 1648 –ге, 2007 жылы – 3429-ға жеткен. Мешіттердің саны 1990 жылы -25, 2004 жылы – 1534, 2007 жылы – 1757 –ге жеткен. Қажыға 2000 жылы – 80, ал, 2002 -400, биыл – 4000 астам адамға жеткен.

2006 жылы 40 –тан астам конфессия мен деноминация өкілі болып табылатын діни бірлестіктердің жалпы саны -3420 –ны құрады. Оның -1853 –і ислам, 267 –сі Орыс православие шіркеуі, 94 –і римдік католик шіркеуі, 1101-і протестантизм, 78 –і дәстүрлі емес әрі жаңа құрылымдар (бахайлар, кринша санасы қоғамы, соңғы өсиет шіркеуі және басқалары) және басқа саны аз діни құрылымдар -349.

Діни бірлестіктерде – 2565 діни ғибадат құрылыстары бар. Олардың 1727 –і –мұсылман мешіттері, 241 –православие,74 католик, 10 –синагога және 5000-ден астампротестанттық, басқа шірккеулер. Діни бірлестіктердің 38 атаулы мерзімді баспасөз басылымдары бар. Ел азаматтарының шетелге ұйымдасқан шығуының ең бұқаралық сипаты –қажылық сапар.

Қазақстанда – 8 жоғары (2 – ислам, 1-католик, 1 –лютерандық, 4 –протестанттық), 6 арнаулы орта және 3 жалпы білім беретін оқу орындары бар. Қазіргі кезде елде – 22елден 413 миссионер жұмыс істеуде. 2010 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша діни оқу орындарының саны -26 болған, оның -2 –мұсылман ЖОО, 1 – имамдардың білімін жетілдіру инстиуты, 6-медресе, 1-православие рухани ущчилищесі, 1 –католик семинариясы, 15 –протестанттық оқу орындары. Мемлекеттің қолдауымен ислам мәдениеті мен білім беру қоры құрылуда.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда дінді әртүрлі бағытта түсіндірулер көбейіп, соның салдарынан азаматтар түрлі діни ағымдардырдың ықпалына түскені мәлім. Діни плюрализмнің болғаны жақсы, бірақ, діннің негізгі қағидалары бұрмаланбауы тиісті. Сондықтан, дінді түрлі мақсатпен түсіндіруге тосқауыл қойылып отырады, 2001 жылы қаңтарда «Әкімшілік заң бұзушылықтар жөніндегі кодексі» ҚР соттарына белгілі тәртіп бойнша тіркелмеген діни бірлестіктердің жұмысын тоқтатуға не айыппұл салуға құқық берген.

Дінге сенушілер саны жыл сайын өсуде. Қазір қазақстандықтардың 62% -ы өздерін дінге сенуші санайды. әсіресе, еврейлердің діни бірлестк саны өскен, 2006 жылы -25 –« тіркелген («Шалом» деген газеті бар). Протестанттар қарқынды миссионерлік шаралар жүргізді, Елулік, Методистер, мун сектасы, меннондар, жаңа апосталдара шіркеуі, Әлемдік қырман шіркеуі, Ізгі хабар, Иегова куәгерлері, т.б.

Соңғы жылдарда Қазақстанда үгіт жұмыстарын күшейткен дәстүрлі емес діни ағымдар қатарына –сайентология шіркеуі, бахаизм, Кадияния, Кришна қоғамы, Сатанизм, Виссарионство кіреді. Ислам атын жамылып әртүрлі негізсіз, зиянды үгіт –насихат жүргізіп жатқан діни ағымдар бар, олар – «Хизб-ут –тахрир», Құранда «халифат құру» туралы ешқандай мәліметтердің жоқтығына қарамай, олар Орталық Азия елдерінде халифат орнатуды көксейді. Қазір қазақстанда қызметініе тиым салынған діни ұйымдар : 1. «Аль-Каида», 2. «Асбат аль-ансар», 3. «АУМ Синрике» («Алеф»), 4. «Боз гурд» немесе «Сұр қасқыр», 5. «Мұсылман бауырлар» трансұлттық, діни-саяси, террористік ұйымы, 6. «Орталық Азиядағы моджахедтер жамағаты» басқаша атауы – «Исламдық жихад, 6. «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс», 7. «Өзбекстанның ислам қозғалысы», 9. Түркістанның ислам партиясы, 10. «Күрд Халық Конгресі, 11. «Лашкар-е-Тайба» Пәкістанның әскериленген лаңкестік топтастығы, 12. «Әлеуметтік реформалар қоғамы», 13. Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы, 14. «Талибан қозғалысы» Ауғанстандағы діни саяси ұйым, 15. «Хизб-ут-Тахрир» .

2001 жылы елге Рим папасы Иоанн павел ІІ келуінің маңызды қоғамдық –саяси мәні болды.

2005 жылы ҚР Әділет министрлігінің дін істер комитеті құрылды, қазір ол –дін істері жөніндегі агенттік деп аталады. Оның мақсаты – діни бірлестіктердің қызметін бақылау, реттеу. Сонымен бірге ҚР Үкіметі, облыс, Астана, Алматы қ-ң жанынан құрылған діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес те қызмет жасауда.

Елбасы дін мәселесін өткір назарда ұстап отыр. Дін ұстараның жүзіндей өткір ұғым. Қазақстан көп ұлтты ғана емес, көп дінді мемлекет. Сондықтан ел іші тыныш болуы үшін дінаралық татулық саясатын да берік ұстану – елдік мұрат, басты ұстаным.

ҚР азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасында белгіленген адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау аясында ҚР парламенті «Қр кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдады. Мұнда діни сенім бостандығы бойынша азаматтардың құқықтарын қорғау, діни бірлестіктер қызметін реттеу туралы айтылды. Бұл мәселелер халықаралық құқықтық актілер жайларына қатысты туындады, соның ішінде дін мен діни сенімге негізделген кемсітушілік пен төзімсіздік танытудың барлық нұсқасын болдырмау туралы декларация. Азаматтардың құқығын қорғауға бағытталғын 12 норманың ішінде азаматтардың жеке денсаулығына, адамгершілікке зиян келтіретін, өз істеріне күшпен тартушы және отбасылардың ажырасуына әкелетін, міндетті білім алуға кедергі келтіретін діни бірлестіктерге жол бермеу туралы айтылады. Сондай-ақ, мүлкін алу, діни дәстүрді орындау кезінде көршілер құқықтарын қорғау, балалары үшін ата-аналардан балаларына рұқсат алу, қоғамдық орындарды діни материалдар тарату үшін азаматтардың келісімі болу керектігі ескерілген. Азаматтардың діни сенімі мен салт –дәстүрлерін қорлауы мүмкін ашық мерекелер өткізуге, мәтіндер таратуға тиым салынады. Еуропада діни ұйымдарды тіркеуге қойылатын заң талаптары өте қатал. Мысалы, Австрияда 16, Румынияда 20 мың адамсыз діни бірлестік тіркей алмайсын. Ал, бірлестіктің мерзімі де шектеулі, австрияда -10, Румынияда -12 жыл.

Жоғарыда айтып өттік, егемендік жарияланғаннан кейінгі бір ай ішінде, яғни 1992 жылдың 15 қаңтарында «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданды. Бұл құжат діни бірлестіктер заңнама шеңберінен шықпаған жағдайда мемлекет тарапынан олардың ісіне қол сұғылмайтындығына кепілдік берді. Бұл заңның жекелеген тұстарына жеті рет өзгеріс енгізілді. Алайда олар түбегейлі өзгерістер әкелмей, тек діни бірлестіктердің қызметіне қатысты кейбір мәселелерді реттеуге ғана бағытталды. Өйткені, «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданғаннан кейін, 20 жыл ішінде қоғамдағы діннің рөлі кеңейіп, елдегі діни жағдай да барша әлемдегідей өзгерістерге ұшырады. Осыған орай, 2011 жылы Үкімет тарапынан дін саласына қатысты жаңа заң жобасын жасау туралы бастамалар көтеріле бастады. Заң дайындаушылар алдына діни бірлестіктер мен миссионерлердің қызметтерін белгіленген тәртіп бойынша реттеуге оңтайлы жағдай жасау, сонымен қатар, діни сенім бостандығы қағидасының демократиялық негіздерін сақтау міндеттері қойылды.

Аталмыш заң жобасын даярлау барысында халықаралық тәжірибе, атап айтқанда ТМД елдерінің, оның ішінде Ресей Федерациясы, Армения, Әзірбайжан, Қырғызстан және де бірқатар Еуропа елдерінің тәжірибелері сарапқа салынды. ТМД елдерінде дін саласына қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу тәжірибесі кеңінен қолданылады. Мысалға, 1997 жылы Ресей Федерациясында ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктерге қатысты жаңа заң қабылданса, осыдан кейін Өзбекстан (1998 жыл), Белоруссия (2002 жыл), Түрікменстан мен Украина (2003 жыл), Әзірбайжан (2005 жыл), Молдава (2006 жыл), Қырғызстан (2008 жыл) және т.б. елдерде жаңа заңдар қабылданды немесе дін саласына қатысты қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер енгізілді.

2011 жылдың 11 қазанында қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының преамбуласында тәуелсіздік алған жылдардан бері тұңғыш рет Қазақстан үшін дәстүрлі болып саналатын діндердің басымдылығы көрсетілді. Аталған құжатқа сәйкес, мемлекет халықтың рухани өмірі мен мәдениетінің дамуында исламның ханафилік бағыты мен православие дінінің тарихи рөлін мойындайды, сондай-ақ Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін барша өзге діндерді құрметтейді (Қазақстан жұртында 75% мұсылмандар (этникалық мұсылмандармен қоса алғанда), 25% христиандар өмір сүреді).

Халықтың басым бөлігі ұстанатын конфессияға айрықша мәртебе беру тәжірибесі көптеген Еуропа елдерінде кездеседі. Мұндай мемлекеттерде дәстүрлі болып табылатын діни ұйымдарға конституциялық-құқықтық тұрғыдан айрықша мәртебе беру тәжірибесі қазіргі таңда қолданысқа ие. Мысалға, Австрияда қауымдастықтың үш түрі қалыптасқан. Олар – құрамында 300-ден кем емес мүшесі бар қоғамдық ұйымдар, 10 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан қоғамдық ұйымдар және саны 16 мың адамды құрайтын, қаржылық жеңілдіктерді иеленетін ресми діндер.

Жаңа заңның басты жетістігі – діни бірлестіктерді тіркеу/қайта тіркеу рәсімдері мен олардың қызметтерін реттеу. Діни ұйымды тіркеу рәсімдерін жетілдіру мақсатында заңның жаңа нұсқасында діни бірлестіктерді тіркеуде назар аударылатын ерекше белгілер де берілген.

Талапқа сәйкес, билік органдарында тіркеуден өту үшін діни бірлестіктердің төмендегідей белгілері болуы тиіс:

– ортақ діни ілімі;

– діни жораларды, рәсімдер мен уағыздарды орындау;

– өз қатысушыларын (мүшелерін) және дін ізбасарларын діни тәрбиелеу;

– қызметінің діни бағыты.

ҚР Заңының өзге де тармақтарына тоқталар болсақ, қайырымдылық қызметтерінің реттелгенін атап өткен абзал. Заңға сәйкес, қайырымдылық қызмет діни сенімнің таралуына материалдық ынталандыру ретінде, халықтың белгілі бір діни ұстанымдарды қабылдауына ықпал ету үшін жасалмауы тиіс, яғни қоғамның аз қорғалған, жағдайы төмен топтарының мұқтаждығы нақты мақсат үшін пайдаланылмауы тиіс. Аталған ереже бұзылған жағдайда заң жүзінде әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған.

Бұған дейін атап өтілгендей, жаңа заңның алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі – деструктивті діни және жалған діни бірлестіктер әрекеттерінің алдын алу мен сақтандыру болып табылады. Осы орайда дінтанулық сараптама жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу тиімді әрі нәтижелі әдіс болып табылады. Сондай-ақ діни әдебиеттердің таратылуы да көкейкесті жәйттер қатарынан табылады. Осыған орай, ҚР Заңында енгізілген ережеге сай, діни мазмұндағы материалдар мен әдебиеттер тек қана культтік ғимараттарда, діни білім беруге арналған ұйымдарда, арнайы стационарлық орындарда ғана таратылады.

Қорытындылай келе, Қазақстанның дін туралы заңнамасы діни бірлестіктер іс-әрекетін шектемей, тек олардың іс-әрекетін реттейтінін атап өту керек. Заңның преамбуласында: «Бұл заң… әркімнің ар-ождан бостандығы құқығын растайды…» деп көрсетілген. Ар-ождан бостандығы құқығы – бұл әр тұлғаның дінге қатынасын айқындау құқығы мен белгілі бір дінді ұстану немесе ұстанбау, діни және өзге де, соның ішінде атеистік сенімде болу, өз діни сенімін тарату және соған сай әрекет ету құқығы.

Ескі және жаңа заң арасындағы негізгі айырмашылықтар:
1.Бұрынғы заң бойынша республикамызда діни ұйымдар діни бірлестік және аз санды діни топтар ретінде құрылатын. Жаңа заң бойынша діни ұйымдар жергілікті, аймақтық және республикалық діни бірлестіктер статусында құрылады. Және бұрын діни бірлестікті құру үшін 10 діни қауымының мүшесі жектілікті болатын, кәзір жергілікті діни бірлестікті құру үшін ем кемінде 50 құрылтайшыларының болуы қажет, аймақтық діни бірлестікке - 500 адам, республикалық - 5000 адам.

2. Жаңа заң бойынша діни қызметті (құдайға құлшылықету, діни жоралар, рәсімдер, жиналыстар) тек қана діни ғибадаттарда өткізуге рұқсат.

3. Сондай-ақ, діни мазмұндағы әдебиеттермен материалдар діни ғибадаттарда және жергілікті атқарушы органның қауылсымен бекітілген арнайы тұрақты үй-жайларда таратуға рұқсат.

2003 жылы Елбасының бастамасымен қауіпсіздік пен бейбітшілік жолындағы күреске әлемдік діндердің күш –жігерін жұмылдыру, түрлі конфессиялар арасында жүйелі сұқбатты жолға қою мақсатында Әлемдік және дәстүрлі діндердің сьезі ұйымдастырылып, ол Астанада өтті және онда маңызды декларация қабылданып, оны өткізу дәстүрге айналды. Бұл да Қазақстанның әлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілік жолындағы күреске қосқан зор үлесі.

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Тұрғын үй-коммуналдық сектор саласындағы саясат | азіргі Қазақстанның демографиялық саясаты.




Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 5088;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.046 сек.