Тұрғын үй-коммуналдық сектор саласындағы саясат
Дағдарыс сабақтары тұрғын үй құрылысын дамыту саясатын жетілдіруді талап етеді. Ол үшін тұрғын үй құрылыс салымдары жүйесінде зор әлеует бар деп есептеймін. Азаматтардың, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің, мемлекет пен құрылыс компанияларының тең құқылы әртіптестігі қағидатын пайдалану қажет.
Үкіметке 2010 жылы “Жол картасы-2009” жоспары бойынша басталған тұрғын үй-коммуналдық сектор нысандарын қайта жаңғыртуды жалғастыруды, ал 2011 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кең ауқымды жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі жоспарын жасауды тапсырамын.
Ауылдық жерлерді құбырлы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру қажет. Шағын қалаларда халықтың 100%-ы үшін сапалы су қолжетімді болуы тиіс.
3.ҚР Президентінің Қазақстан халқына«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» аттыЖолдауының (14.12.2012ж.) 3-ші бөлімінің 3-ші тарауы «ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ЖАҢА ПРИНЦИПТЕРІ – ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР ЖӘНЕ ЖЕКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК» деп аталып онда «Біздің басты мақсатымыз – әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтарымыздың бақуаттығы. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі. Біздің қоғамда уақыт сынына төтеп бере алатын жаңартылған және әлдеқайда тиімді әлеуметтік саясатқа деген сұраныс өсіп келеді. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидалары төмендегідей көрсетілді:
Біріншіден, мемлекет, әсіресе, жаһандық дағдарыс жағдайында, азаматтарға ең төменгі әлеуметтік стандарт кепілдігін беруі тиіс.
Басты міндет – кедейшіліктің өсуіне жол бермеу.
Екіншіден, мемлекет әлеуметтік қолдауды тек бұған мұқтаж топтарға ғана көрсетуі тиіс.
- Мемлекет қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтарына – зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарамсыздарға, науқас балаларға және т.б.атаулы көмек үшін толық жауапкершілік алатын болады.
- Ұдайы әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіріпотыру, ананы және баланы жан-жақты қорғау қажет.
- Бізде жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлаудың еңбек нарығына бейімделген айқынбағдарламалары болуы керек. Мемлекет жұмыссыздарға әлеуметтік қолдауды бұл санатқа жататын адам жаңа мамандық игеруіп, қайта даярлықтан өтуге бет бұрған жағдайда көрсетуі керек.
- Жұмыс берушілер халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын жұмысқа белсене тартып, оларды еңбекақымен қамтамасыз ететіндей жағдай туғызу қажеттігі маңызды. Ең алдымен, бұл мүмкіндігі шектеулі адамдарғақатысты. Әлемнің дамыған елдерінде осылай жасайды. Біз олардың толыққанды еңбек етуіне жағдай туғызуға тиіспіз. Мемлекеттік жәрдемақыны тек шынымен нақты жұмыс істей алмайтындар ғана алуы тиіс. Жұмысқа мүгедектерді алып, оларға жағдай жасайтын компаниялар мен корпорацияларды көтермелеу керек.
Үшіншіден, біз өңірлерді дамытуда әлеуметтік теңгерімсіздік мәселелерін шешуге назар аударуға тиіспіз.
Үкіметке облыстардың әкімдерімен бірлесіп, 2013 жылы шағын қалаларды дамытужөнінде бағдарлама қабылдауды тапсырамын. Бұлолардың базасында көптеген индустриялық жобалар жасай отырып, ұзақ мерзімге арналуы керек. Олардың міндеті – өңірлердің салаларға мамандану жүйесін құруға көмектесу, ірі агломерациялардың индустриялық-өндірістік серіктес қалаларына айналу, ақыр соңында, жергілікті халықтың тұрмыс деңгейін арттырып, ауыл жастарын жұмыспен қамтамасыз ету.
(3) Бізге көші-қон мәселелерін кешенді түрде шешу бойынша ел өңірлеріндегі еңбек нарығына ықпал ететін шаралар қабылдау қажет. Шектес елдерден келіп жатқан көші-қон ағынына бақылауды күшейту керек.
Төртіншіден, біз еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және еңбек төлемі саясатын жаңғыртуға тиіспіз. Кәсіпкерлікті дамыту және бизнесті қолдау жөніндегі бұрын қабылданған барлық бағдарламаларды ықпалдастыру. Бюджеттік қаражатты жұмыссыздардың және кірісі аз адамдардың көрсеткіші жоғары өңірлерге бөлу тетіктерін әзірлеу.
Кәсіподақтар және еңбектің реттелуі туралы Заң әзірлене бастады. Біздің мақсатымыз – еңбеккерлер мүддесін ескерген кәсіпкерлік қолдауын қамтитын еңбек қатынастарының түбірімен жаңа үлгісін жасау.
Күшіне еніп, барлық еңбеккерлердің мүддесін қорғауы үшін бұл заңның қабылдануын жеделдету қажет.
Жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды жариялаймын. Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты. Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар – болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары. Біз Қазақстан қыздарының сапалы білім алып, жақсы жұмысқа ие болуы және тәуелсіз болулары үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Олар банк карточкаларына ие болуға, көлік жүргізіп, қызмет жолын қалыптастыра алуға, заманға сай болуға, сәнденуге тиіс және біздерде ешқашан киілмеген, салтымызға жат киімдерге оранып-қымтанбауға тиіс. Біздің халқымыздың өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар.
Халқымыз «Қыздың жолы жіңішке» дегенге ерекше мән беріп айтады. Бойжеткеннің жолы, қыздың жолы – қылдай, оны үзуге болмайды. Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның тең құқылы мүшесі, ал ана – оның ең ардақты тұлғасы болды.
Баланы қорғау.Бейбіт өмірдің өзінде бізде мыңдаған жетімдер бар – балалар үйлері толы. Мемлекетіміз бен қоғамымыз жетімдерді асырап алуды және отбасы типіндегі балалар үйлері салынуын көтермелеуі қажет. Мен ажырасуға қарсымын, жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек, өйткені, оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап шегеді
Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі.Аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емдеуменқамтамасыз ету. Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса ден қою. «Смарт-медицина», қашықтан профилактика және емдеу, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу. Медицина қызметтерінің бұл жаңа түрлері біздікі сияқты аумағы үлкен, кең байтақ елде ерекше сұранысқа ие.
2. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары мен қағидаттары. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтерудің өзекті мәселелері. Әлеуметтік мемлекеттің қайнар көзі - әлеуметтік саясаттан басталады. Әлеуметтік саясат – мемлекет пен өзге де саяси-әлеуметтік институттардың қоғамның әлеуметтік өмірін прогрессивті дамытуға, азаматтардың өмір сүру деңгейін, сапасын жетілдіруге, олардың өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, оларға қажетті әлеуметтік қолдау көрсетуге, осы бағытта тиісті қаржылық институттар мен басқа да қоғамдық потенциалды қолдануға бағытталған іс-әрекеті.
1990 жылдардағы нарыққа өту кезеңі өзінің күрделігімен таңқалдырды. Қазақстан шаруашылық жағынан Ресейге тәуелді болғандықтан, нарыққа өтудің тез және ауыр жолын таңдауға мәжбүр болды. Бір шаруашылық жүйесінен екінші шаруашылық жүйесіне өту аса қиыншылықтармен қатар жүрді: эконмика терең дағдарысқа ұшырады, инфляция шарықтады, банктердің кембағалдығынан төлем төлеу айларға созылды. Қазақ елінің басым көпшілігінің өмір сүру деңгейі нашарлап, кедейшілік белгісі біліне бастады. Сондықтан мемлекет тарапынан әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудың материалдық және қаржылық негізін жасайтын экономикалық реформалар қолға алынды. Бірақ Қазақстанда да басқа республикалар сияқты тәжірибе мен теория болмады. Сондықтан, 90 жылдардың басында әлеуметтік саясатта патерналистік сақталды, екінші жағынан көптеген түйінді мәселелерді шешу адамдардың өз иығына түсті. 1991 жылы Қаз КСР-і «Еңбек саласындағы мемлекеттік әлеуметтік кепілдік және жалақының ең төменгі мөлшері туралы» заң қабылдады. Енді басты мақсат – қайта құрудың тежелуіне жол бермеу болды. Өйткені, кез-келген тежелу – қоғамдық қайшылықтар туғызып, қайта қатаң кеңестік диктатураға әкелетін еді. Ел басына соғыс пен күйзеліс заманындағыдай ашаршылық пен жүдеп –жадау қатері төнді. 1992 жылдың басында 70,5 жұмыссыз адам тіркелді, 160 кәсіпорын толық тоқтаса, 40 кәсіпорын толық емес жұмыс істеді. 43 мыңнан астам жұмысшы амалсыз еңбек демалысына шықты. Айлық өте төмен болып, 75 сомнан табысы төмен халық елдің 15,5 %-н құрап, қазақстан кедейшілік жағынан тәжік, өзбек, түрікмен, әзірбайжан, қырғыз елдерінен кейін 6 орында тұрды (1989 жылғы мәлімет). . БҰҰ ДБ есебі бойынша Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанда адам дамуының индексінің көрсеткіштері құлдырап кеткен. 1991 жылы оның төмендеп кетуінің себептері 84%-ы экономикалық құлдыраудан, 13%-ы адам жасының ұзақтығының қысқаруынан және 3%-ы білім берудің сапасының төмендеуінен болған. Осындай дағдарысты кезеңде мемлекет халықты әлеуметтік қолдау шараларын іздестіріп, осы саладағы дағдарыстан шығудың жолдары мен нақты бағдарламаларын ұсынды. Ол төмендегідей кезеңдермен іске асырылды:
1991 -1994 жылдардағы бірінші кезең – егеменді елдің алғашқы қадамдары, өндірістің жаппай құлдырауы кезі. Экономикалық дағдарыс бағаны еркіне жіберуге ( либерализация), ақшаның құнсыздануына, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне алып келді. 1991 жылға дейінгі қабылданған нормативтік акт ең төменгі жалақы көлемін анықтады. Бала туғанға және баланы күту демалысы жеңілдігі, кәсіпорындардың әлеуметтік жеңілдігі, т.б. мәселелер реттелді. 1991 жылы –«халықты жұмыспен қамту туралы» Заң қабылданды.
1992 жылы 4 желтоқсанда Қр президенті «Көп балалалы отбасыларды әлеуметтік жағынана қолдау жөніндегі шаралар туралы», 1993 жылы әлеуметтік –экономикалық реформаларды тереңдету мақсатында «ҚР Экономикалық өзгерістер Ұлттық кеңесін құру туралы» жарлықтарға қол қойды. Қалыптасқан ахуал еңбекті қорғаудың жаңа механизмін жасауды талап етті. Еңбекті қорғаудың құқықтық негізі ҚР «еңбекті қорғау туралы» заңы болып табылады. Бұл заң 1993 жылы 22 қаңтарда күшіне енді. 1994 жылы желтоқсанда ел президенті әлеуметтік –экономикалық, еңбек қатынастары саласында әлеуметтік серіктестікке қатысты үш тарапты мемлекеттік комиссия құру туралы қаулыға қол қойды. Ол әлеуметтік салада үштарапты қатынастардың дамуына жол ашты. 1995 жылы қазаннан жәрдемақы көлемі ең төменгі жалақы мөлшерімен анықталатын болды. Жұмыстан қысқарып қалғандарға үш ең төменгі жалақы көлемінде жәрдемақы берілді. Жұмысыздыққа байланысты жәрдемақыны тек арнаулы әлеуметтік қорғау орындарына тіркелгендер ғана алды.
Алға қойған экономикалық мақсаттарға жету үшін бюджеттік, салықтық, қаржы-несиелік, әлеуметтік саясатты жүзеге асыру басталды. Ең алдымен макроэкономикалық (тұтас экономика) тұрақтылыққа жету және шектен тыс инфляцияны тежеуге бағытталған монетарлық стратегияны жүзеге асыру қажет болды. Біздің рублдік аймақта болуымыздың ұзап кетуі – қаржылық қорлардың құнын өсірді, республика кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттігін төмендетті, жалпы бұрынғы одақтың ақша, қаржы, экономикалық жүйесінде қалуымыз нарықтық қатынасқа көшуді күрделендірді. Сол жылдары «Қвзвқстан уақытша құбылыс, ол тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүре алмайды, банкротқа ұшырап, ресейге тізерлеп өзі-ақ келеді» деп сәуегейлік жасаушылар (Жириновский, солженицын, экономистер) пайда болды.
Қазақстан үкіметі 1992-1994 жылдардағы қиындықтарға қарамастан, экономиканы ырықтандыруға, нарықтық қатынастардың заңдық, институттық базасын жасауға, нарықты тұтыну товарларымен толтыруға ұмтылды. Ұлттық тенгенің енгізілуі 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге, 1995 жылы инфляция үдерісін ауыздақтауға мүмкіндік берді. Сыртқы саудадағы шектеулердің көпшілігінің алынып тасталуымен Қазақстаннан активтер (табыстың шығыннан артқан бөлігі, құны бар және компания жай қайта сату үшін емес, тауар өндіру немесе қызметтер көрсету мақсатымен сатып алатын мүлік) шығарыла бастады.
Реформаның алғашқы кезеңі нәтижесі нарыққа өтудің қысқа мерзімді іс емес екенін көрсетті. Керісінше, бүкіл әлеуметтік – экономикалық жүйені қайта құрудың күрделі, кезеңдік, ұзақ уақытқа белгіленген үдеріс екендігін көрсетті. Қазақстандағы реформа экономиканың, шаруашылық әдістерінің ілгерілеуін ғана емес, қоғамның даму үлгісінің, оның әлеуметтік, құндылық бағыттарының алмасуын да айқындады. Қазақстан Ресейдің нарыққа жеделдетіп өтудің монетарлық үлгісін таңдауға мәжбүр болды, ал бұл жоба батыстан алынғандықтан. Елдің даму ерекшеліктеріне онша сай келе бермеді. Сөйтіп, нарықтық экономиканы дамытудың стандартты жолы бағаны ырықтандыруға және қаржы-несиелік саясатты шектеуге қабілеті жетпеді. Ұлтттық өндіріс дамымағандықтан, қаржы дағдарысы қайта орнықты. Қазақстандық кәсіпорын, ең алдымен ауыр өнеркәсіп өнімдеріне сұраныс төмендеді. Өнімге сұраныс болмағандықтан, экономикадағы құлдырау 1995 жылға дейін созылды. Халықтың төзімділігі, аз нәрсеге қанағат ететін тәубешілдігі, тоталитарлық кезеңде жоқшылыққа үйрену ұстанымдары, ннарыққа өту кезінде қарулы қақтығыстарға, азамат соғысына жол бермегендігін де біле жүргеніміз дұрыс. Енді, экономиканы жандандыру үшін түбегейлі шешімдер қабылдау қажет болды.
Екінші кезең 1995-2000 жылдар аралығын қамтыды. 1995 жылғы конституцияда Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет деп бекітті. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбекке жарамды адамдардың жағдайын жасау сияқты әлеуметтік саясат тетіктері қарастырыла бастады.
Қазақстанда 1996 жылдың соңында 391, 7 жұмыссыз тіркелді, оның 41 % -ын 16 мен 29 жас аралығындағылар, 60%-ын әйелдер құрады. Халықтың 44%-ын ауыл тұрғындары құраса, жалпы жұмыссыздардың 43,6 %-ы солардың үлесіне тиді. Ең жоғары жұмыссыздық 1992 жылы байқалды (48 %). 1991 -1996 жылдары ауыл тұрғындарының 22 %- ы ғана еңбекпен қамтылса, жұмыссыздық 40-48 % -ы құрады. Бұл цифрлар ауыл адамдарына нарыққа өтудің қандай қиыншылықпен келгендігін және жүргізілген реформалардың олврдың өміріне онша әсер етпегендігін көрсетеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы нарықтық қатынастарға көшуде ең консервативті әрі күрделі сала болып қала берді. Оған үкіметтің ауыл шаруашылық қорын дайындықсыз, жедел, алдын—ала бағасын белгілемей (жер) құқықтық негізін, кадрлармен қамтамасыз етпей жүргізуі де кері әсер етті. Дағдарыстан шығу үшін –шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау саясаты енгізілді, үкімет әлеуметтік –эконмикалық, құқықтық шараларды жүзеге асыруға кірісті.
Қазақстанға шетелден мамандықсыз жұмысшылар мен шетел жұмысшы күшін тартуға қатаң бақылау қойылды және қазақстан еңбекшілерді өндірісте қорғаудың халықаралық 148, 155 конвенцияларына қосылды.
Кез-келген нарықтық экономика түбегейлі үш ұстанымғы негізделеді: 1) эконмикалық еркіндік, 2)экономикалық шарттық қатынастар, 3)жеке меншік. Экономикалық еркіндік әркімнің сауда жасауға, тапқан табысын өз қалауымен жұмсауға еркіндік құқығын береді. Бірақ, нарықтан бейхабар тұрғындар оны тез үйрене алмады. Өйткені, ешқандай үйренетін дайын үлгі болмады. Жоспарлы экономиканың еш жарлықпен алып тастауға болмайтын әдістері мен тетіктерін ұзақ уақыт бойы өзгертуге тура келді. Нарықтық экономика баяу, әрі ұзақ қалыптасатындықтан халықтың көпшілігі оның инфляция, жұмыссыздық, өндірістің кемуі, өмір сүрудің төмендеуі сияқты болмай қоймайтын салдарларын саналы түрде қабылдауға дайын болмады. Сондықтан халықтың қолдауынсыз реформаны түбегейлі жүзеге асыру қиынға соқты. Әлеуметтік –экономикалық дағдарыс, экология ушығып, реформа жүргізуді одан әрі күрделендіріп, оған айрықша сипат берді. Оны шешудің оңды жолдары қарастырыла бастады.
2000 жыл – республиканың тұрақты экономикалық дамуға бетбұрыс жылы, әлеуметтік реформаны іске асыруға қолайлы жағдайдың туған кезі саналады.
2001-2007 жылдары әлеуметтік саясат тұрақты экономикалық өсу жағдайында жүргізілді. Инфляция үш мың алпыс бір пайыздан жеті пайызға төмен мөлщерге түсті. Зейнетақы мен жалақы мөлшері өсіріле бастады. 2002 жылы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заң қабылданды. Жұмыссыздық деңгейі 2001 жылы – 10,4 %-ы құрап, бұрынғыға қарағанда 11,5 % адамға азайды (89,6,адамға). 2000-2002 жылдары кедейшіліпен, жұмыссыздықпен күрес бағдарламасы қабылданды. 2002 жылға қарай жұмыссыздықты 2 пайызға қысқартып, 400 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп, отбасында кем дегенде бір адамды жұмыспен қамту мақсат етілді. Жағдайы төмен отбасылардың картасы жасалды. Нәтижесінде аймақтарда жұмыссыздық деңгейі төмендеді, тоқталсақ, атырауда – 9,4; Қызылордада – 14,5; Жамбылда 10,8 %-ға төмендеді. Жұмыспен қамтуда Алматы, Ақтөбе облыстарының көрсеткіші жоғары болды. Бірақ, республика бойынша ауыл шарушылығының үлесі 1999 жылғы 11 %-дан 2003жылы 8,2%-ға дейін төмендеді. Ауыл тұрғындары жұмыспен барынша төмен қамтылды, себебі өтініш бергендердің әрбір үшіншісі ауыл тұрғындары екен. Республика бойынша 2004 жылдың қаңтарында 1 бос орынға - 10 жұмыссыздан, ал ауылдық жерлерде -55 жұмыссыздан келді. 2009 жылдың өзінде жұмыссыздар саны -539,9 мың адам болып, жұмыссыздық деңгейі -6,4 % көрсетіп, олар белсенді халықтың 1 пайызын құраған.
Жылы қаңтар –қазанда орташа айлық 22 967 тенге болыпты, ал 2013 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 112 792 теңгені құрады деп хабарлайды ҚР Статистика. Жалақының ең төменгі мөлшері 2003 жылы – 5500 тенге болып, табысы төмен халықтың үлесі – 20 % -ы құраған. Олардың үлесі ОҚО-да -29,3%, Қызылорда, Маңғыстауда – 28, Алматы – 26,8 көп болды. Осы жылы ең төменгі күнкөріс – 5114 тенге көлемінде (4 тоқсанда) болды (2013 жылғы тамызда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 19 351 теңгені құрады).
2005-2007 жылдары әлеуметтік реформаларды тереңдеуі мақсатында қабылданған бағдарлама аясында әлеуметтік қамсыздандырудың 3 деңгейлі жүйесі құрылды. 2005 жылғы 18 ақпандағы президенттің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауы зейнетақы, шәкіртақы, бірқатар халыққа төленетін төлемдер көлемін арттырды.
2005-2007 жылдарға арналаған тұрғын үй құрылысын дамыту Мемлекеттік бағдарламасы құрылыс саласына қарқын беріп, пәтер саудасы нарықтың негізгі сегментіне айналды. Ипотека, құрылыс өндірісінің тиімді нарқын қалыптастыру арқылы 4 мыңнан астам осы бағдарлама бойынша пайдалануға берілді.
2005-2007 жылдарға арналған шағын және орта бизнесті жедел дамыту шаралары бағдарламасының негізінде осы кәсіпкерлікті белсендіру Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін арттыру болып табылдаы. Бірақ бұған көптеген кедергілер: әкімшілік бақылау, заңдардың жартыкештігі, бақылау органдарының жемқорлығы, несиенің жоғарылылығы, кәсіпкерлердің жеткілікті білімдерінің болмауы ықпал етіп, бұл қадам кең нәтиже бермеді. Келе кәсіпкерлер өз мүдделерін қорғау үшін 1992 жылы маусымда форум өткізіп, өз ассоциацияларына бірікті. 2005 жылы сәуірде «Атамекен» атты жұмыс берушілер мен жалпыұлттық кәсіпкерлер одағы құрылды. Оның мүшелері –экономиканың жетекші салаларының өкілдері. Бірақ, бұндай бірлестіктердің қызметінің тиімділігі әлі де төмен болып отыр.
2003-2005 жылдары ауылды дамыту бағдарламасы қабылданып, депресивті, экологиялық ахуалы нашар аймақтарды, ауылды дамытуға бағытталды.
2008 жылы жастар халықтың 29,5 %-ын (4,5 млн.) құрапты. Сондықтан жастарға мемлекет үлкен назар аударуда. 2005 жылдан «Жасыл ел» бағдарламасы, 2008 жылы президент жанынан жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылып, ол осы мәселеге қатысты талдау жасап отырады. Дегенмен, жастар мәселесінде шешілмеген проблемалар өте көп. 2007 жылы тамызда басталған әлемдік дағдарыстың салқыны қазақстанға да тиді. 2009 жылы 25 кәсіпорын қызметін тоқтатып, 234 кәсіпорын жартылай жұмыс істеді. Сондықтан, 2009 жылғы ҚР парламентінің 3 сессиясында әлеуметтік салаға үлкен көңіл бөлінді. Елдегі жағдайды тұрақтандыру мақсатында мемлекет 19 миллиард доллар бөлді. Аймақтарға 191 миллиард тенге тартылып, 400 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. 2008-2009 жылдар халықтың табысы 5, зейнетақы мен өтемақылар 3, шәкіртақы 6 есеге өскен. Жеке көлігі барллардың саны – 2,5 есеге артып, тұрғын үй 24 млн. Шаршы м. Көбейді. Жаңа 616 мектеп, 125 аурухана, 29 мың шаршы жол салынған. 2005жылдан бастап балаларға дәрі –дәрмек, жүкті әйелдер құрамында темір мен йоды бар препараттармен тегін қамтамасыз етілді. 2010 жылдан бастап, 7 баласы барларға алтын, 6 балаға күміс медаль беріле бастады. Алиментті төлету де баланың құқығын қорғау ретінде басты проблемалардың бірі болып отыр.
Қоғамда қартаю үрдісі байқалуда. 1990 жылы 60 жастан асқан тұрғындар -10%-дан аспаса, 1995 жылы -12%-ға жеткен. Қазақстандағы дағдарыс зейнеткерлер өмірінен көрініс береді. Қалыптасқан экономикалық, демографиялық ахуалға байланысты байланысты үкімет зейнетақы саласын реформалау жолдарын қарастыра бастады. 1996 жылы «Республика азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу», «Мемлекеттік зейнетақы қоры туралы», «Мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандыру қорлары туралы» деген 3 заң жобасы дайындалды. Олар зейнеткерлерді қорғау және болашақ зейнеткерлерге жағдай жасауды мақсат тұтты. 1997 жылы наурызда ҚР Үкіметі «ҚР-дағы зейнетақы жүйесін реформалаудың тұжырымдамасын» мақұлдады және 20 маусымды «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң қабылдады. Жаңа реформаға сәйкес зейнетақы жасы ұзартылды –ерлер -63 жа, әйелдер – 58 жас. Зейнетақы орталығынан пенсия алу үшін 1998 жылдың қаңтарынан ерлер -25 жыл, әйелдерден – 20 жыл еңбек өтілі талап етілді.
Қазақстан Чили үлгісіне негізделген зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне көшті. Ол салымшылар зейнетақы жарналарының жеке капиталына негізделген ынтымақты түрде біртіндеп өтеуі бар жүйе. Әркім өз қарттығын қамсыздандыруға жауапты.
1998 жылы 1 қаңтардан» Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң күшіне енді. Зейнетақы екі жүйеден:1) мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыз ететін зейнетақы төлеу жөніндегі ортақ жүйе, 2) жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесі.
Зейнетақы реформасындағы батыл қадам оны саралап арттыру болды.зейнетақыны қайта есептеу бойынша төмен пенсия алатындардың саны екі есеге қысқарды, ал мөлшері 23,4 %-ға өсті.
Жинақтаушы зейнетақының дамуы үш кезеңнен тұрады: 1) 1998-2001 жылдар –жүйенің және оның қатысушыларының қалыптасу уақыты. 1999 жылы зейнеақы қарызы толығымен жабылды. «поколение» қоғамы ашылып, зейнеткердерді қолады; 2) 2001-2004 жылдарды қамтыды, зейнетақының сақталуына мемлекеттік кепілдік берілді, қауіпті жұмыстағылар жұмыс берушінің есебінен қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандырылды, жасына және жинақ мөлшеріне қарай төлемдер берудің жаңа жүйесі енгізілді; 3) 2005-2006 жылдар, бұл жылдары 14 зейнетақы қоры жұмыс істеді, басты назар елбасының тапсырмасы бойынша « зейнетақы қорларындағы қаржының аман сақталуына, екінші оның өсімділігін арттыруға» аударылып отыр.
Қазіргі таңдағы халықтың әлеуметтік жағдайын көтерудегі өзекті саяси мәселелер 2011 жыл, 28 қаңтардағы елбасының «БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!» деген жолдауында нақты қаралып, жаңа әлеуметтік саясаттың басты аспектілеріне «Әлеуметтік жаңғырту – жаңа әлеуметтік саясат» деп аталған бөлімде назар аударылады. Онда президент былай деген:»Біз өзіміздің индустрияландыру және экономиканы технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі жоспарларымызды нақпа-нақ айқындап алдық. Біздің бағдарламаларымыздың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын нығайту. Сондықтан да мен биылғы Жолдауда әлеуметтік жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударып тұрмын. Мен үш аса маңызды мемлекеттік бағдарламаларды – білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағдарламаларын бекіттім. Үкіметке әкімдермен бірлесе отырып биылғы 1 мамырға дейін мынандай қағидатты түрде жаңа бағдарламаларды, яғни: жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту; халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламаларын жасап, қабылдауды тапсырамын. Бұл бағдарламалар елдің миллиондаған қарапайым адамдарының күнбе-күнгі мәселелерін шешуге бағытталған. Олар қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартады»
Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 2185;