азіргі Қазақстанның демографиялық саясаты.

Лекция № 8

  1. Қазақстан халқының демографиялық даму ерекшеліктері
  2. Демографиялық процестерді реттеудегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.
  3. Қазақстанның әлеуметтік құрылымы.

 

1. Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.

Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және миграцияның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мыс., белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады. Демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-экономикалық салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары айқындайды. Демография үшін бастысы – халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының құрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде «экономикалық демография» деп атайды. Демографияның міндеттерінің бірі – халықтың ұдайы өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау.

Демографиялық саладағы соңғы көрсеткіштерді жағымды деп айтуға болады. Агенттік төрағасының берген мәліметтері бойынша жыл басынан бері Қазақстанның халық саны 42 мың адамға өсіп, 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953 мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66,4 мың сәби дүниеге келді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 0,8 пайызға артық. Өлім көрсеткіші 2012 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 2,3 пайызға кеміп, 25 мың адам болды. Біздің елге келгендер – 3209 адам, елден кеткендер – 2650 адам, осылайша миграциялық сальдо 559 адамды құрады. Алдын ала болжанғандай осы жылы тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетеді.

Жалпы, демографиялық мәселе біздің ел үшін қазіргі таңдағы маңыздылардың бірі. Кеңес Одағы орнаған тұста қазақ халқының демографиялық потенциалы өте жоғары болатын. Сол кезеңде қазақтар Орталық Азияда басқа этностардың арасында саны жағынан ең көбі болды. Қазіргі күнді алатын болсақ, көршілес Өзбекстанның халық саны 30 миллионға жетіп отыр, ал Қазақстанда 17 миллионға жуықтап қалды (оның ішінде 11 млн. қазақ).

Кейбір тарихи оқиғалар қазақ халқының демографиясына үлкен соққы тигізді. Оның ішінде қазақ даласында орын алған ашаршылықтың зардабы ауыр болды. Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың айтуынша, аштық әсерінен қазақтар халық санының жартысына жуығынан айырылған. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыста 2 миллионнан аса қазақтың 350 мыңы соғыста қайтыс болды. Демографтың ойынша, егер осы оқиғалар болмағанда, қазақтардың саны осы күні 32-35 миллионға жетуі мүмкін еді.

Мемлекетіміздің қазіргі демографиялық бейнесіне толығырақ тоқталайық. Территориясының көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын Қазақстанда бір шаршы шақырымға не бары 6,2 адамнан ғана келеді екен. Халық тығыздығы бойынша мемлекетіміз әлем елдері арасында 184-орында тұр. Тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес Одағының көптеген бұрынғы мемлекеттеріндегідей Қазақстанда да демографиялық дағдарыс басталды. Экономикалық жағдайдың нашарлауы бала туу көрсеткішінің күрт төмендеуіне алып келген болатын. Бірақ соңғы жылдары әлеуметтік жағдайдың жақсаруы бала туудың үздіксіз өсуіне септігін тигізді. Төмендегі кестеде бала туу көрсеткіші бойынша ақпараттар берілген:

 

 
Қазақстан республикасы
1000 адамға шаққанда
Қазақстан Республикасы 16,63 18,19 18,42 19,71 20,79 22,75 22,00 22,53 22,50

Қазақстан Республикасының статистика агенттігі

Кестедегі сандарға сараптама жасайтын болсақ, 2003 жылмен салыстырғанда 2011 жылы туылған балалардың саны 1,5 есеге (124598 адам) өскен. 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 22,50 болып отыр. Бұл дегеніміз 2011 жылы халық санының 2,25%-на тең сәби дүниеге келді. Біріккен Ұлттар Ұйымы, АҚШ Орталық барлау басқармасы, Дүниежүзілік банк секілді құрылымдардың деректеріне сүйенсек, 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші бойынша біз бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттері арасында Тәжікстан мен Қырғызстаннан кейінгі үшінші орында тұрмыз.

Халық санының тиімді өсуі үшін туу көрсеткішінің жоғары болуымен қатар, өлім деңгейінің кемуі де қажет. Қазақстандағы 1000 адамға шаққандағы бұл көрсеткіш 2011 жылы 8,71-ге дейін кеміді. Біздің мемлекеттің экономикалық тұрғыда Орталық Азия елдерінен әлдеқайда озық тұрғанына қарамастан, өлім деңгейі ол елдерде біздікінен төмен: Қырғызстан – 6,9, Тәжікстан – 6,49, Түркіменстан – 6,21, Өзбекстан – 5,29.

 

 
Қазақстан республикасы
1000 адамға шаққанда
Қазақстан Республикасы 10,41 10,14 10,37 10,27 10,22 9,74 8,00 8,94 8,71

Қазақстан Республикасының статистика агенттігі

Сонымен қатар, Қазақстанның өзіне тән демографиялық ерекшіліктері бар. Ең басты үрдіс – әр түрлі этностардың әр түрлі демографиялық көрсеткіштерінде. Азиялық этностарда бала туу деңгейінің жоғары және өлім деңгейінің төмен болуы байқалуда. Керісінше, еуропалық халықтарда өлім туудан көп болып отыр. Осы орайда, саны жағынан ең көп екі халық – қазақ және орыс этностарын алып қарастырайық.

 

Бала туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда
Барлығы 22,22 22,53 22,50
Қазақтар 25,35 25,69 25,62
Орыстар 12,91 12,77 12,77

 

Қазақстан Республикасының статистика агенттігі

 

2011 жылы туылған 372544 баланың 272707-сі, яғни 73,2% қазақ ұлтының балалары, ал 47770-сі орыс ұлтының, яғни 12,8% болды. 2011 жылдың басына қазақ ұлтының үлесі 64,03 пайыз, орыс ұлтының үлесі 22,83 пайыз болғандығын ескерген жөн. Қазақтардың туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 25 (жалпы халықтың 2,5%-ы) болып отыр. Орыс халқында бұл көрстекіш 12 деңгейінде. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі дағдарыс болған қиын кезеңдердің өзінде қазақтардағы бұл көрсеткіш 17-ден кем болған жоқ, ал 80-жылдардың аяғында туу 1000 адамға шаққанда 30 болғанын ескеретін болсақ, әлі де өсудің потенциалы бар екендігі анық.

 

Өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда
Барлығы 8,87 8,94 8,71
Қазақтар 5,86 5,82 5,69
Орыстар 14,42 14,88 14,64

 

Қазақстан Республикасының статистика агенттігі

 

Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей қазақтардағы өлім көрсеткішінің деңгейі аймақтағы басқа елдермен шамалас деңгейде. Оған ең негізгі фактор қазақтардың жас халық болуы. Халықтың демографиялық ахуалының бір көрінісі ретінде халықтың орташа жас көрсеткіші маңызды болып табылады. Орташа жас дегеніміз – халықтың тең жартысы сол жастан төмен, тең жартысы сол жастан жоғары болатын көрсеткіш. Мамандардың айтуынша қазіргі таңда қазақ халқының орташа жасы 26-27 шамасында, орыс халқында әр түрлі деректер бойынша 45-47 төңірегінде болып отыр. Яғни, қазақтарда репродуктивті адамдардың үлесі жоғары. Ал еуропалық этностарда туудың төмен болуы және елден көшіп кетіп жатқандар арасында экономикалық белсенді адамдардың басым болуы олардың демографиялық жағдайларының нашарлануына өз септігін тигізуде.

2009 жылғы халық санағынан кейін қазақ халқының үлесі 63,1%, ал орыс халқы 23,7% болды, 2013 жылдың 1 қаңтарына қазақ халқының пайыздық үлесі 65-ті құрап отыр, орыстар 21,8 пайызға дейін қысқарды. Бұл ретте көпшілігі айтып жатқандай орыс ұлтының жаппай көшу мәселесі жоқ. Қазақтардың жылдам өсуі олардың үлесін көбейтуде (табиғи өсім 200 мың үстінде). Қазіргі үрдістер жалғаса беретін болса, болашақта біздің елдің демографиялық бет-бейнесі күрделі өзгереді.

Сондай-ақ, жақын болашақта демографияға төнетін қатерлер бар. Мамандардың айтуынша, алдағы жылдары Қазақстандағы туу көрсеткіштері төмендей бастайды. Қазақстан Республикасы статистика агенттігің төрағасы Әлихан Смайылов 2015 жылдан бастап Қазақстандағы бала туу саны төмендей бастайтыны туралы болжам жасады. Оны қазірдің өзінде анық байқауға болады. Алғашқы екі айда туу көрсеткіші не бары 0,8%-ға өсті. Оның айтуынша, оның себебі 90-жылдардағы демографиялық дағдарыс кезіндегі дүниеге келген балалардың репродуктивті жасқа түсуі. Ол кезде бала саны аз туылған болатын. Осы орайда, Қазақстан үкіметі бала тууды ынталандыратын шараларды қолға алғаны жөн болады. Сонымен қатар, шетелдегі қазақтарды көшіріп алып келу қарқынын үдету орынды болатын еді. Соңғы кездері жастар арасында жанұя құндылықтарының төмендеуі де демографияға әсер ететіні анық.

Біріккен ұлттар ұйымының классификациясы бойынша елдің қартаю дәрежесін көрсетудің жолдары анықталған. Ол бойынша 65 және одан жоғарғы жастағы адамдардың үлесі 4 пайыз немесе одан аз болса ол халық жас, 4-7 пайыз болса қартаюдың алдындағы халық, 7 пайыз және одан артық болса қартайған халық болып саналады. Қазақстандағы бұл көрсеткіш 6,6% деңгейінде. ҚР статистика агенттігінің болжамына сүйенсек, 7 пайыздық межеге біз 2017 жылы жетуіміз мүмкін. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 7,4 пайыз болады. Басқа елдермен салыстыратын болсақ, бұл көрсеткіш Германияда – 24%, Ұлыбританияда – 20%, Украинада – 18%, АҚШ-та – 16%, Ресейде – 15%. Әрине біздегі көрсеткіш жоғарыда көрсетілген мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Дегенмен экономиканың дамуы халықтың орташа өмір сүру жасының көтерілуіне әсер етіп отыр. Осының арқасында бұл процесс өзінің қарқынын ала бастаған секілді.

Жалпы, демография мен мемлекет дамуының арасындағы байланысты байқауға болады. Демографиялық жағдай елге оң немесе кері әсерін тигізе алады.

Қазіргі таңда біздің шығыс көршіміз Қытай экономика көлемі бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орынға жайғасты. Көптеген мамандардың пайымдауынша, оның қарқынды дамуына әсер еткен факторлардың бірі – халық саны. Соңғы деректерге сүйенсек, ҚХР халқы 1,3 млрд. болып отыр.

Батыстағы және Азиядағы дамыған елдердегі жұмыс күшінің қымбаттауы ондағы ірі компаниялардың арзан және сапалы еңбек ресурстарын іздеуге мәжбүрледі. Осы орайда, халық саны бойынша бірінші орын алатын Қытай мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, инвестициялардың келуіне тиімді жағдайлар жасады. Әлемнің әйгілі компаниялары өзінің зауыттарын аспан асты елінде сала бастады. Осылайша олар «әлемнің фабрикасына» айналды. Бұл ҚХР-дың дамуына үлкен бір серпіліс берді. Қазіргі таңда Қытай экспорт көлемі жөнінен әлем бойынша бірінші орында.

Бұрын Қытай әлемдік компаниялар үшін тек тауарды өндіріп, сосын оны басқа мемлекеттерге экспорттайтын ел ретінде пайдаланылса, қазір жағдай өзгеріп жатыр. Халықтың әл-ауқаты жақсарған сайын шетелдік өндіріушілер тікелей Қытайдың ішкі сұранысына бейімделе бастады. Әрине, қытайлардың сатып алу мүмкіндігі дамыған елдердің тұрғындарынан төмен болғанмен, ондағы халықтың көптігі шешуші рөл ойнауда. Жылдан-жылға дамып келе жатқан экономика сатып алу мүмкіндігін күшейтіп, оларды одан әрі ірі тұтынушыға айналдыруда. Мысалы, автокөлік нарығы бойынша Қытай бірінші орынға шығып отыр. Осы кезекте шетелдік автокөлік брендтері өздерінің зауыттарын Қытайда салуға мүдделік танытуда. Соның арқасында Қытай көлік өндіруден де әлемде бірінші орынға шықты. Сондай-ақ, басқа салаларда да тұтыну көлемінің ұлғаюы аспан асты елінің нарығын басқалар үшін бәсекелестік алаңына айналдырды.

Қытайға ұқсас мысалды Үндістан, Индонезия, Бразилия, Мексика, Түркия секілді елдерден көруге болады. Олардың бәрі адами ресурстарға бай.

Халық санының көп болуы экономика көлемінің үлкен болуына белгілі бір септігін тигізеді. Экономиканың көлемі G20 қатарына кіретін мемлекеттердің негізгі критериі болып табылады. Мысалы, Қытайда адам басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 6 мың доллар ғана, салыстырмалы түрде Қазақстандағы бұл көрсеткіш 13 мың доллар. Бірақтан халқының көптігі олардың экономикасының көлеміне әсер етіп отыр. Адам басына шаққандағы ІЖӨ жоғары болып табылатын Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Кувейт, Норвегия секілді мемлекеттер бұл тізімде жоқ, себебі халқының аз болуына байланысты экономикалары да кішкентай болып табылады.

Сондай-ақ, халық санының жылдам көбеюі кейбір елдерге кері әсерін тигізіп жатыр. Мысалы Африка мен Азия мемлекеттеріндегі бақылаусыз туу экономикаға, осылайша әлеуметтік жағдайға зиянын тигізуде. Ол елдердің бала туу көрсеткіштерінң тым жоғары болуы үлкен мәселеге айналды. Негізінен экономикасы нашар дамыған бұл елдерде жұмыссыздық мәселесі белең алып отыр. Ал бақылаусыз бала туу одан сайын жұмыссыздықты көбейтіп, халық арасындағы наразылықтарға алып келуде. Оның жарқын мысалы ретінде көптеген мамандар араб мемлекеттерінде болған төңкерілістерді айтуда. «Араб көктеміндегі» оқиғаларда ең негізгі қозғаушы күш жастар болды. Ел халқындағы жастардың үлесінің жоғары болуы және жастар арсындағы өршіп тұрған жұмыссыздық өз әсерін тигізді. Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық еңбек ұйымының деректеріне сүйенсек, әлемдік аймақтар ішіндегі жастар арасындағы жұмыссыздық Солтүстік Африка мемлкеттерінде ең жоғарғы көрсеткішке ие – 27,9%, Таяу Шығыс аймағында бұл көрсеткіш 26,5%-ға тең. Олардың болжауынша алдағы жылдары да осы аймақтардағы бұл көрсеткіш 25%-дың үстінде болады және тіпті қазіргіден де жоғары болуы мүмкін. Сондықтан болашақта да осы аймақтарда халық наразылықтарының көбеюі әбден мүмкін. Осылайша мелекеттің әлеуметтік саладағы саясаты тиімсіз болса, халықтың жылдам өсуі өз зиянын тигізу мүмкіндігі бар екендігі анық болып отыр.

Керісінше, әлемнің кейбір елдерінде демографиялық тоқырау орын алуда. Әсіресе бұл жағдай дамыған батыстық мемлекеттерге тән. Туу көрстекішінің төмен болуына байланысты пайда болған жұмыс күшіне деген қажеттілік ол елдерді экономиканың дамуы үшін сырттан мигранттарды шақыруға итермелеуде. Бұл өз кезегінде қабылдаушы жақтың тұрғындары мен тіпті саясаткерлері тарапынан наразылық тудыртуда. Олардың айтуынша, мигранттардың көп келуі елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Келімсектер арасындағы туу көрсеткішінің жоғары болуы олардың санының тез өсуіне септігін тигізіп отыр. Соңғы деректер бойынша, Еуропалық Одақтағы жалпы туылғандардың ішіндегі мигрант отбасыларынан туылған балалардың үлесі Ұлыбритания, Францияда – 11%, Испанияда – 13,8%, Австрияда – 15,2%, Люксембургте – 32,2%. Осындай жағдай Еуропаның және әлемнің көптеген дамыған елдерінде орын алып отыр. Осы елдердегі биліктер қиын таңдау алдында тұр: экономикаға ауадай қажетті мигранттардың ағымын тоқтату немесе жергілікті халықтың күннен-күнге өсіп келе жатқан наразылықтарын елемеу.

Көрсетілген мысалдардың ішінде бізге бақылаусыз бала туудың арту қаупі жоқ деп ойлаймын. Керісінше, болашақта қазіргі дамыған елдердің жағдайына келуіміз мүмкін. Яғни, экономиканың жұмыс істеуі үшін сырттан мигранттар шақыруға мәжбүр боламыз. Оның алдын алу үшін Қазақстанға жоғарыда көрсетілген мәселелерді ескере отырып тиімді демографиялық саясатты іске асыру маңызды болып отыр. Сондықтан қазіргі таңда елде орын алып отырған жағымды демографиялық көрсеткіштерді сақтап қалуға және оны одан әрі жақсартуға барлық шараларды жасау қажет.

2. Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2000 жылғы “17” тамыздағы № 1272 қаулысымен мақұлданған ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Мемлeкеттік демографиялық саясаттың тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) елдің демографиялық дамуының негізгі қағидаттарын, басымдықтарын және міндеттерін білдіреді. Аталған Түжырьімдамада демографиялық даму ретінде халық санының өсуін ынталандыруға бағытталған, ағымдағы және перспективадағы қажеттіліктерге жауап беретін саяси, әкімшілік, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық шаралардың кешені ұғылады.

Демографиялық даму экономиканың өсуіне, елдің қорғаныс кабілеті мен мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді.

Демографиялық саясат Қазақстанның мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Ел Президентінің "Қазакстан-2030" жолдауында күшті демографиялық саясат елдің үлттық қауіпсіздігінің жетекші басымдықтары қатарына шығарылды.

Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мемлекеттік демографиялық саясаттың субьектілері болып табылады. Мемлекеттік құрылымдардың демографиялық саясатты іске асыру жөніндегі әріптестері халықаралық, үкіметтік емес қоғамдық және басқа да ұйымдар болуға тиіс.

Тұжырымдама адамның негізге алынатын қүқықтарын сақтаудың негізінде жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, мемлекеттік демографиялық саясаттың негізін айқындайды.

Түжырымдама әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру мен елдің тұрақты экономикалық дамуға көшуінің қазіргі заманғы кезеңіне және ұзақ мерзімдік перспективасына есептелген.

Елдің қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайы белгілі бір жәрежеде таяу болашақта демографиялық ламуды реттеу жүйесінің шектеушісі болып табылады.

Мемлекеттқ демографиялық саясат халықаралық құқықтың жалпыға бірдей қагидаттары мен нормаларына жоне Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Зандарына, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге негізделген.

Түжырымдама демографиялық дамуды реттеудің дүние жүзілік тәжірибесін ескереді.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ

Қазақстандағы демографиялық ахуал соңғы жылдары республика үшін туудың едәуір томендеуіне, өлімнің көбеюіие (1996 жылдан бастап оның азаю тенденциясы байқалды) және халықтың көші-қондық кетуінің артуына орай қолайсыз ретінде бағаланып отыр.

Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінін алдын ала деректері бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 2000 жылдың 1 қаңтарында 14896,1 мың адамды құрады. Республикада 16426,5 мың адам тұрған 1993 жылдың басымен салыстырғанда, халықтың саны 1530,4 мың адамға немесе 9,3 пайызға кеміді.

1999 жылы туудың XX ғасырдың соңғы онжылдыгындағы ең төменгі коэффициенті байқалды, туу 1000 адамға 14,0-ден келді, бұл республикада туудың ең биік шыңы белгіленген 1987 жылғы деңгейдің 54,5 пайызын құрайтын болды.

1999 жылы халықтың табиғи өсуінің коэффициенті төмендсді және 1000 адамға 4,3 болып ең төменгі шегіне жетті.

1999 жылы, өлімнің азаюына қарамастан, оның деңгейі жоғары күйінде қалды. Өлім коэффициенті 1990 жылғы деңгейден 22,8 пайызға жоғары, 1000 адамға 9,7 болды.

Халық өмірінің орташа үзақтығы қысқарып барады. Оның деңгейі 1998 жылы 64,4 жасты, ал ер адамдарда небары 59 жасты қүрады.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында халықтың табиғи азаюы басталды. Мұндай тенденцияның сақталуы жағдайында таяудағы болашақта ел бойынша тұтас алғанда халықтың құлдырап азаюы күтілуде.

Республикада тұратын қазақтардың саны 1999 жылғы халық, санағының деректері бойынша 7985,0 мың адамды немесе республика халқының жалпы санының 53,4 пайызын құрайды Республикадағы орыстар - 4479,6 мың адам немесе 30,0 пайыз.

Мұның алдындағы (1989 жыл) санақпен салыстырғанда қазақтардың, уйғырлардың, дуңгендердің, өзбектердің саны ості. Немістердің саны күрт, жалпы алғанда 3 есеге азайды. Орыстардың, украйндардың, татарлардың және басқа ұлттардың саны да азайды.

Халықтың этникалық қүрылымындағы өзгерістерге репатриантардың (оралмандардың) қоныс аударуы жоне басқа ұлттардың өздерінің тарихи отанына көшіп кетуі себеп болды.

Тұтас алғанда халық санының төмендеуі табиғи осімнің төмендеуінен және халық көші-конының теріс сальдосынан болып отыр.

2. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАТТАРЫ

Демографиялық саясаттың мақсаты - дсмографиялық процестердегі жағымсыз тенденцияларды жою, құлдырап азаюды болдырмау, ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес халықтың сандық және сапалық өсуін қамтамасыз ету.

Демографиялық саясатты іскс асыру кезінде мемлекепік өкімет органдарының алдында мынадай міндетгер тұр:

  • осіп-өнуді қоса алғанда, халықтың денсаулық жағдайын жақсарту;
  • олімді азайту және соның көрінісі ретінде өмірдің үзақтығын ұлғайту;
  • тууды тұрақтандыру және оны болашақта ұрнақтарды толық алмастыруды және халықты ұдайы көбейтудің кеңейтілген режимін қамтамасыз ететін деңгейге дейін арттыру;
  • отбасының тыныс-тіршілігі жағдайын жақсарту, отбасы-неке қатынастарын нығайту;
  • көші-қон процестерін реттеу;
  • коғам және жеке адам деңгейінде халықтың денсаулығы үшін жауапкершіпікті арттыру;
  • экологиялық зілзаланың жағымсыз зардаптарын жеңу.

Мемлекеттік демографиялық саясат мына қағидаттарға негізделеді:

  • нәсіліне, ұлттына, дініне қарамастан елдін барлык, азаматтарының тендігі;
  • осіп-өнуді және өтбасын жоспарлауауды еркін таңдау;
  • аса маңызды әлеуметтік функция ретінде аналықты, БҰҰ-ның "Баланың құрықтары туралы" және "Әйелдеріс катысты кемеітушіліктердің барлық нысындарын жою туралы" Халықаралық Конвенцияларына сәйкес басының нелері ретінде балалардың мүдделерін сақтау кезінде өз балаларын тәрбиелеуде ата-ананың тең міндеттерін тану;
  • тууға, өлімге, өмірдің ұзақтығы меи демографиялық және коші-қондык процестердегі жаңа тенденцияларды ескере отырып, коші-қонға ықпал етудің түрлі шараларын қамтитын кешенді көзқарас;
  • демографиялық саясатты іске асыруда бірыңғай негізін қалайтын нормалардың негізінде орталық жәме аймақтық органдардың тиімді өзара іс-қимыльн қамтамасыз ететін аймақтық ерекшеліктерді есепке алу;
  • халықтың экологиялық қауіпсіздігі, биологиялық әралуандықты сақтау және табиғатты үтымды пайдалануды ұйымдастыру.

3. МЕМЛЕКЕТТІК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Демографиялық ахуалдың қазіргі колайсыз жағдайына және оның даму перспективаларына талдау жасау, біріншіден, демографиялық дамудағы басымдықтарды, екіншіден, негізгі багыттарды, өтпелі кезеңде оларды шешудің тетіктерін айқындауға және ұзақ мерзімдік перспективаға - әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық және елдің тұрақты дамуы кезеңіне арналған іс-қимылдардың стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Бірінші кезеңде халық санының азаю қарқынын бәсендету жөнінде шара қолдану және оны тұрақтандыруға қол жеткізу қажет.

Бұл:

  • туудың қулдырауын бәсендету және оны тұрақтандырудың;
  • өлімді азайтудың және өмірдің орташа ұзақтығын ұлғайту;
  • көшіп кетуді азайтудың және репатрианттардың (оралмандардың) қайтып оралуына қолайлы жағдай жасаудың есебінен шешілетін болады.

Екінші кезенде:

  • тууды материалдық және моральдық ынталандырудың;
  • көші-қонның оң сальдосына қол жеткізудің есебінен сан жағынан да, сапа жағынан да халықтың жалпы өсімі қамтамасыз етілуі тиіс.

Мемлекеттік демографиялық саясаттың халықтың дамуын реттеудегі негізгі бағыттары қазіргі заманғы ахуалды және әлеуметтік-экономикалық дамудың алғы шарттарын қатаң есепке алуға негізделген неғұрлым өзекті проблемалық бағыттар бойынша бағдарламалық-мақсатты іс-шараларды әзірлеу және іске асыру болып табылады.

Мемлекеттік демографиялық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары:

экономика мен әлеуметтік саланың барлық секторларының тепе-теңестірілген дамуын камтамасыз студің есебінен халықтың тұрмыс деңгейін көтеру, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру, шағын және орта көсіпкерлікті дамытуды;

санның ұлғаю серпінімен салыстырғанда елдің озыңқы экономикалық өсуі негізінде адамдардың тыныс-тірішілігі жағдайын сдәуір жақсартуды қамтамасыз ету;

салауатты өмір салтын насихаттаудың, адамның тыныс-тірішілігінің барлық элементтері профилактикасының, еңбек пен демалыстың, спорт ғимараттары мен спорт кешендерін пайдаланудың қол жетімділігі жөнінде шаралар қабылдаудың негізінде еліміз халқының денсаулық деңгейін көтеру;

халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту және оның санитариялық-гигиеналық сауаттылығын көтеру жөнінде шаралар қабылдау, мемлекеттік экологиялық бағдарламаларды, бірінші кезекте, экологиялық қолайсыз аймақтарда, іске асыру;

халықтың, бірінші кезекте, еңбекке қабілетті жастағы адамдардың еңбек жағдайының нашарлауына, нашақорлық пен алкоголизмнің таралуына байланысты жазатайым жағдайлардан, өдірісте улану мен жарақаттанудан өлімін азайту;

туберкулезбен, диабетпен және басқа да әлеуметтік маңызы бар аурулармен және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен науқастануды азайту;

өмірдің орташа ұзақтығын ұлғайту, денсаулық сақтаудың дамуы деңгейін арттыру есебінен әйелдермен салыстыргавда еркектер өмірінің ұзақтығы арасындағы айырмашылықты қысқарту, зейнеткерлерге арналған әлеуметтік көмек және емдеу-сауықтыру мекемелері желілерін кеңейту. Жасы келген азаматтар үшін күндізгі стационарларды дамыту;

туудың құлдырауын бәсендету және оны турақтандыру, бала туылған кездегі, көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар үшін материалдық жәрдемнің тізбесі мен көлемін ұлғайту жолымен тууды материалдық ынталандыру жүйесін құру;

өсіп-өну үшін денсаулықты сақтау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру, өсіп-өну қам-қарекеті, ана болудың қауіпсіздігі, адамгершілік-жыныстық және мәдени-этникалық тәрбие, отбасылық өмірге даярлау мәселелері бойынша ақпарат жүйе құру, халықтың контрацепцияның қазіргі заманғы құралдары мен әдістеріне деген қажеттігін қамтамасыз ету, оқу орындарының бағдарламасына валеология оқу пәнін енгізу;

ана мен баланың денсаулығын қорғауды денсаулық сақтау саласынлағы басымдықты багыт деп тану. Бұл бағыттың негізгімақсатты тапсырмасы: сәбилер олімінің коэффициентін томендету және құрылымын дамыған елдерге жақындату жағына өзгерту;

туу кезінде ана өлімін, жүктілік пен туғаннан кейінгі кезендегі асқынуды қысқарту;

адамның иммундық тапшылық вирусымен және СПИД-пен, және жыныстық жолмен жұғатын аурулармен зақымдануының алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

әйел бедеулігінің алдын алу және оны емдеу, аборттың алдын алу және аборттың зардаптарын жою;

отбасы-неке қатынастарын нығайту жөніндегі заңнаманы жетілдіру және насихаттау, отбасы мәртебесін көтеру;

еркекетің отбасы-неке қатынастарын нығайтудағы рөлі меп жауапкершілігін арттыру, жалғыз бастыларды таныстырудың түрлі клубтары желілерін дамыту;

эмиграцияны реттеу және ескертулік шараларды жузеге асыру жолымен көші-қондық азаюды бәсендету. Иммиграцияны реттеу, республиканың нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, этникалық, қазақтардың елге оралуы жөніндегі жыл сайынғы экономикалық негізделген квотаны белгілеу;

өз отанына оралған отандастарымызды қабылдау және жайластыру үшін қолайлы жағдай жасау, олардың әлеуметтік ортаға тезірек кірігуі үшін жағдайды қамтамасыз ету. Шет елдердегі қазақ диаспорасының қабілетті және дарынды балаларын, жасөспірімдері мен жастарын Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларымен бірдей оқу орындарына қабылдау. Шет елдердегі қазақ диаспорасымен сындарлы өзара қарым-қатынасты қолдау және дамыту;

этникалық қазақтар шығатын елдермен азаматтықтан шығудың оңайлатылған тәртібі туралы мемлекетаралық келісімдерге қол қою;

иммиграциялық бақылауды енгізу және жүзеге асыру жолымен иммиграциялық процестің бақылануын қамтамасыз ету;

әр азаматтың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру, халықтың өзін салауатты өмір салтын қалыптастыру процесіне тарту;

мемлекеттік мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарын қалпына келтіру және олардың тұрақты жұмыс істеуі жөнінде шара қабылдау, мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлер мен демалыс үйлерінде оқушыларды сауықтыруды қамтамасыз ету;

мемлекеттік білім беру ұйымдарына психологиялық қызметтерді құру, мектептерде, интернаттарда және мектеп жасына дейінгі ұйымдарда психолог және әлеуметтік педагог қызметін енгізу;

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жоніндегі шараларды жүзеге асыру;

арнаулы түзету мекемелерінің, балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің және мектеп-интернаттардың материалдық - техникалық базасын нығайту, балалық шақты әлеуметтік қорғаудың ғылыми-әдістемелік базасын құру, комелетке толмағандардың әлеуметтік-құқықтық кепілдіктерін кеңейту, корғаншылыққа мұқтаж балалардың мүліктік және басқа мүдделерін қорғау;

кәмелетке толмағандардың қылмыс, құқық бүзушылық жасауының және қадағалаусыздығының алдын алу жөнінде кешенді бағдарлама әзірлеу. Түзеу мекемелеріндегі өндірістің мүдделерін, сотталғандарды бостандыққа шыққаннан кейін еңбекке орналастырудың мүмкіндігін ескере отырып, оларды оқыту жүйесін құру.

4. МЕМЛЕКЕТТІК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік демографиялық саясаты тендестірілген идеологиялық және негізделген каржы-экономикалық саясаттың есебінен жүзеге асырылады. Демографиялық саясаттың негізгі әдістері ретінде ықпал студің экономикалық, әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-психологиялық шаралары пайдаланылады.

Демографиялық саясатты іске асырудың басты нысаны бағдарламалық мақсатты әдіс - мемлекеттік демографиялық бағдарламаны, демографиялық проблемаларды шешуге бағытталған өзге де республикалық мақсатты бағдарламаларды, аумақтық органдардың аймақтық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру болып табылады.

Демографиялық дамудың стратегияларын іске асыру:

бар нормативтік құқықтық кесімдерді, әлеуметтік-экономикалық және үйымдастырушылық-әкімшілік кадамдар мен іс-шараларды олардың демографиялық өсу жөніндегі жаңа міндеттерге сәйкестігі бөлігінде тексеруді және жаңаларын жасауды;

демографиялық даму жөніндегі саясатты, стратегияларды және бағдарламаларды әзірлеу үшін қажетті мемлекеттік ресурстар бөлуді, сондай-ақ халықаралық ұйымдар, донорлар және мамандардың тарапынан көмектерді тартуды және пайдалануды;

демография жөніндегі тұжырымдамалық, ал кейін стратегиялық нүскауларды жалпыұлттық және салалық жоспарлауға және олардың мониторингіне міндетті түрде енгізуді;

деректерді жинау және талдау үшін ұлттық олуетті тығыз үйлестіруді жүзеге асыруды және нағайтуды, демографиялық дамуды кешенді зерделеу, болжау және жоспарлау ушін стратегиялық зерттеулер жүргізуді және деректердің базасын әзірлеуді;

демографиялық даму процестерін реттеу нүсқауларын насихаттауда және іске асыруда мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын қолдауды көздейді.

3. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелчіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, ауан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейрамханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысып, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үдерістері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәулеті орташа, кедей адамдар пайда болды. Қоғам қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті.

Осы жағдайларды ескере отырып, қазақстандағы әлеуметтік иерархияны ұшбұрыш ретіе бейнелеуге болады. Көпшілікке мәлім, нарықтық экономика меншіктің алуан түрлігігін қажет етеді. Ал,осы жағдай Қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етті, өйткені меншік нысананың алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлшектелуін күшейтті, яғни қоғамдық меншікті жекешелендіру процесі басталды. Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтері қалыптасуда. Олар: жек, корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік, т.б. Орта, кішігірім мекемелерге, сауда үйлеріне, мейрамханаларға, дүкендерге, әр түрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін иелер пайда болды. Республикада меншік иелері табы әлі қалыптасу үстінде болғандықтан, оның көлемін санмен көрсету әзірге қиын.

Сонымен, Қазақстан ірі орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасып келеді.

Кәсіпкерлік – бұл заңды әлеуметтік-экрнрмикалық құбылыс. Кәсіпкерлік немесе бизнес қоғамның ілгерлеп дамуына елеулі ықпалын тигізеді. Сондықтан еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтануында ірі, ортажәне шағын бизнестің рөлі зор.

Академик К.А. Сағадиевтің пікірі бойынша, Қазақстан Республикасындағы бизнесмендерді 4 топқа жіктеуге болады.

1- топқа: номенклатуралық бизнес жатады, яғни бизнесмендердің бұл тобы өздерінің жоғары билікпен байланыстарын пайдаланып, мемлекеттік, несиелер алудың арқасында байлыққа, меншікке ие болған;

2- топқа табиғатынан бизнеске жақын адамдар жатады. Олардың бизнес өздерінің жинақтаған қорларының және сауда-саттықпен айналысуындағы тәжірибелердің негізінде қалыптасқан;

3-топқа кәсіби бизнестің өкілдері жатады. Бұлар өз күштерімен бастапқы кезден бастап қажымай-талмай еңбектену нәтижесінде қалыптасқан бизнесті негізгі кәсіпке айналдырған адамдар;

4-топқа жаппай бизнес жатады. Бұл топтағы адамдар қолда бар кез келген мүмкіндікті бизнес жасауға пайдаланады. Бұл топтағы адмдардың капиталының болмауы бизнесте көптеген қиындықтарды тудырып отыр. Соған байланысты олардың табыстарының өлемі де айтарлықтай емес.

Республика меншік иелері табынан басқа да таптар мен әлеуметтік топтар бар.

Жалпы алғанда, қазіргі Қазақстан қоғамында бір таптың, топтың, жіктің екінші бір тапқа, топқа, жікке ауысуы жиі болып отыр. Әрине, мұндай ауысу процесі Кеңес Одағы кезінде де болған. Біздің Қазақстан елінде бұл құбылыстың тік және көлденең сызықтары арқылы даму түрлері біршама айтарлықтай болып отыр. Бұларға қосымша әрбір таптың, топтың іштей бір-біріне өту, ауысу жиі кездеседі. Мысалы, республикада бұдан 4-5 жыл бұрын орташа табысы бар немесе кедей адамдар қазіргі уақытта бай коммерсанттарға, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, банкирлерге айналды, көбі өз алдына мекме, мейменхана, дүкендердің, т.б. қожайындары болды. Бірақ, бұлардың кейбіреулері қайтадан кедйшілікке ұшырап, қарыздар болып, төмен түсті. Өмірде мұндай жоғары көтерілу немесе төмен түсіп кету жиі болып тұрады. Мұндай құбылыстардың болып тұруы республика экономикасының тұрақсыздығынан болады.

Әлеуметтік мобильдік басқа да көрсеткіштерде кездеседі. Мысалы, жұмысшы немесе кеңсе қызметкері өздерінің мамандығының өсуіне және жаңа мамандық алуына байланысты екінші бір жоғары топқа өтуге тырысады. Қазақстанда бір әлеуметтік жағдайдан вертикальды жоғары бағытта екінші әлеуметтік жағдайға ауысу қарқыны төмен. Өйткені біздің өндіріс орындарымыз дағдарыста, олардың көпшілігі көптеген жағдайларға байланысты жұмыс істемей, тоқтап тұр. Осылардың нәтижесінде жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс орындарынан, мамандықтарынан, т.б. айырылып отыр.

Әлеуметтік мобильдік өкімет мекемелерінде де орын алады. Бұлар саясаттың өзгеруіне, парламенттің, үкіметтің, жергілікті басқару ұйымдарының жиі ауысуына, саяси реформалар мен басқарудың жаңа оңтайлы түрлерін іздестірумен, т.б. тікелей байланысты. Соның нәтижесінде біреулер бүгін министр немесе депутат болса, ертең жәй қызмет атқаруға мәжбүр болады немесе жұмыссыздар қатарына қосылады. Бұл процесс дамыған Еуропа елдерінде 2-5%-дан артпайды. Ал, ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда бұлар 15-25 %-ға дейін көтерілген.

Қалалардағы тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс, қызмет істеушілердің саны көбеюде. Кейбір дамыған елдерде бұл салада 50%-дан астам жұмысқа қабілеті бар адамдар істейді. Бұл құбылыстың да алуан түрлі себептері бар. Олардың бастылары: көптеген өндіріс орындары ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе, автоматтандыру, кибернетиканы кеңінен қолданып, уөптеген жұмыс қолын өндірістен босатты, олар жұмыссыз қалды. Сондықтан олар тұрмыстық, қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүр. Меніңше, ХХІ ғасырда дүние жүзіндегі халықтың басым көпшілігі осы салада жұмыс істеуге мәжбүр болатын түрі бар.

Қазақстанда да халықты осы салада жұмыс істеуге ықпал ететін кейбір жағдайлар төбе көрсете бастады. Әрине, біздің елде де тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелердің (қонақ үйі, ресторан, дүкен, сән, сауда үйлері, денсаулық сақтау кешендері, казино, туризм, санаторий, т.б.) көлемі ұдайы өсуде.

Дүние жүзінің дамыған елдерінде белгілі бір пайыздағы адамдардың жұмыссыздығы әдетте, жай құбылыс ретінде қаралады. Мысалы, көптеген елдерде жұмыссыздықтың көлемі 2-5% болады. Дамыған елдерде мұндай көрсеткіштер әдеттегі заңды құбылыс ретінде саналады. Бұрынғы Кеңес Одағы уақытында елде ешқандай жұмыссыздық жоқ деп жарияланды, мұны ашып айтуға тиым салынды. Бұрынғы одақтас республикалар өз алдында егемендік, тәуелсіздік алғаны мәлім. Олар өз бетінше өндірісті ұйымдаастырып дамытты. Көптеген өндіріс орындары экономикалық тұрғыда тиімсізболып жабылып қалды. өндірісте істейтін адамдардың көпшілігі жұмыссыз қалып, басқа салалардан жұмыс тауып алуға мәжбүр болды. Жұмыссыз адамдардың кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері кәсіпкер, бизнесмен, жалға беруші, жеке меншіктегі кәсіпорындарда, шаруашлықтарда жұмыс істей бастады, ал, жұмыссыздардың басқа бір көпшілік бөлігі, әсіресе, жастар, әйелдер, мамандандырылмаған немесе жартылай мамандандырылған жұмысшылар, олармен қатар қызметкерлер мен интеллигенция өкілдері жұмыс таба алмай қалды. Жалпы республиканың әр түрлі шаруашылық салаларында жұмыссыздық күн сайын өсу үстінде болды.

1997-1998-жылдары жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің кейбір деректеріне сүйенсек, республика бойынша жұмыссыздықтың ең үлкен пайызы оңтүстік аймақта болып отыр, бірақ, мұнда екінші бір фактор ескерілмеген. Бұл аймақтың ауыл шаруашылығанда көп адамдар өздерінің жеке меншік шаруашылығында жұмыс істейді, ал, мұны статистика мекемелері жұмыссыздық ретінде көрсетеді. Керісінше, қала мен ауыл-селодағылардың көпшілігі жұмыс орнын жоғалтса да жұмыссыздардың қатарына енгізілмеген. Кейбір адамдар уақытша жұмыс істемейді. Бұл да есепке алынбаған. Қоғамның әлеуметтік құрылымында әлеуметтік қорғауды ерекше тілейтіндер – зейнеткерлер,бұларға қоғам және үкімет тарапынан үлкен қамқорлық, көмек көрсету қажет.

(Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін басқарудың қолданыстағы бағыттарын жетілдіруге және оның сапалы жаңа бағыттарын дамытуға бағытталған. Бұл Тұжырымдамада көрініс тапқан көші-қон саясатының стратегиясы әлемдік шаруашылық байланыстарға Қазақстанның барынша кірігуі жағдайында еліміздің бәсекеге қабілеттілігі көбінесе адами әлеуеттің саны және сапасымен анықталатынынан негіз алады. Адамның жүріп-тұру еркіндігінің жалпы қабылданған құқықтарын негізге ала отырып, Тұжырымдама жалпы мемлекеттік мүдделерді іске асыру контексінде таяудағы орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға арналған көші-қон процестерінің негіздерін айқындайды.
Тұжырымдама "Қазақстан - 2030" еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімді стратегиясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Жолдауына сәйкес халықтың көші-қоны саласындағы негізгі бағыттарды білдіреді. Ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында Тұжырымдама ел келбетін ескеріп, көп ұлтты Қазақстанның этникалық, азаматтық алдыңғы тарихы ескеріле отырып іске асырылатын болады.
Тұжырымдама көші-қон процестерін реттеудің халықаралық тәжірибесі ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы қабылданған қағидаттары мен нормаларына, халықаралық шарттарға, Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге негізделеді).


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
азақстандағы ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар | Понятие, значение и объективный характер функций государства. Их соотношение с задачами и целями.




Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 15667;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.08 сек.