MS Access программасының негізгі объектілері
MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізгі объектілеріне кесте, сұраныс, есеп беру, қалып, макрос, модуль жатады.
Кесте объектісі мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Әр кестеде әртүрлі субъект жайлы ақпарат болады. Мәліметтер қорының кестесін бес түрлі режимде құруға болады:
1) Кесте режимі өрістердің атауларын өзгерте отырып, оған мәліметтерді енгізуге мүмкіндік береді. Өрістің типі автоматты түрде анықталады. Символдық және сандық мәліметтерді енгізуге тиімді. Бірақ, уақыттық және логикалық мәліметтерді енгізуде қиындықтар туындауы мүмкін.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 12258;