Сурет. Диаграмма шебері терезесі
Егер нәтижеге көңіліңіз толмаса, қайтадан алдыңғы терезеге Кейін (Назад) батырмасы арқылы оралуыңызға болады. Диаграмма шебері арқылы диаграмма түрі таңдап алынғаннан кейін, Excel оның ішіндегісін де өзгертуге мүмкіндік береді. Диаграмманы түзету үшін оны тышқанды екі рет шерту арқылы ерекшелеп аламыз. Диаграмма оның элементтері деп аталатын бірнеше бөліктерден тұрады: диаграмманы тұрғызу аймағы, диаграмманың өз аймағы, түсініктеме мәлімет (легенда), тақырып, мәліметтер белгілеулері, мәліметтер. Дөңгелек диаграммалар - жиі пайдаланылатын график түрі. Олар бір бүтіннің құрама бөліктерін немесе пайызын бейнелеуге өте ыңғайлы.
түріндегі функциялар графигін тұрғызу үшін нүктелік диаграмма пайдаланылады. Мысалы, функциясының графигін аралығында қадаммен тұрғызайық. Алдымен, x-тің бастапқы мәнін, h-қадам мәнін енгізіп, осы мәндер арқылы x-тің қалған мәндерін есептейміз. Ол үшін x-тің екінші мәніне =A2+$C$2 формуласын жазып, толтыру маркерін x-тің соңғы мәнін алғанға дейін, яғни 2 санына дейін созамыз. y=sin(x) бағанасының алғашқы мәніне =SIN(A2) формуласын жазып, барлық мәндерді толтыру маркерінің көмегімен есептейміз. Нәтижесінде аралығында қадаммен функциясының барлық мәндері есептелді. Алынған мәндерді, яғни A1:B22 белгілеп, диаграмма шебері арқылы диаграмманың нүктелік түрін таңдап, функцияның графигін тұрғызамыз (13.6-сурет).
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 3005;