Векторлық диаграмма

Жиіліктері бірдей екі токты (і1 және і2) қосу керек болсын дейік. Сонда олардың қосындылары сондай жиілікті токты береді:

(34)

Демек, і - тогының Im - амплитудасын, ψ - бастапқы фазасын анықтау қажет. Осыған сәйкес комплекстік жазықтықта (14-сурет) і - тогын , ал і2 - тогын векторлары түрнде бейнелейміз. - және - векторларының геометриялық қосындылары қосынды, токтың комплекстік амплитудасын береді. Токтың -амплитудасы қосынды вектордың ұзындығы, ал бастапқы - фазасы осы вектор мен +1өсінің арасындағы бұрыш ретінде анықталады.

Екі токтың (э.қ.к-нің, кернеудің) айырымын анықтау үшін, комплекстік жазықтықта қосу операциясын емес, қайта, тиісті векторлардың айырымын анықтау операциясын жүргізу керек.

Егер , және - векторлары координата бас нүктесінің айналасында -бұрыштық жылдамдықпен айналатын болса, онда векторлардың бір-бірімен салыстырғандағы орналасулары еш өзгеріссіз қалатынына көңіл аударуымыз керек.

Векторлық диаграммадеп уақыт бойынша бірдей жиілікпен синусоида заңымен өзгеретін, фазаларына байланысты бір-біріне салыстырғанда, дұрыс бағытталулары сақтала отырып салынған, комплекстік жазықтықтағы векторлардың жиынтығын айтады. Векторлық диаграмманың мысалы 14-суретінде берілген.

Электр тізбегінің бөлігі арқылы синусоидалық токтар жүргенде ток көзінің энергиясын тұтыну процесі жүріп жатады. Энергияның келіп тұру жылдамдығы қуатпен сипатталады. Тізбектің бөлігіндегі ілездік қуатты табу үшін ілездік кернеудің (и) мәнін ілездік токтың (і) мініне көбейту қажет

(35)

мұндағы р - уақыттық функциясы.

 








Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 10896;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.