Сурет. Кесте шебері режимінде кестені құру
4) Кестені кірістіру (импорттау) режимі қандай да бір мәліметтер қорынан дайын кестенің көшірмесін алуды ұсынады.
5) Кестемен байланыс режимінде жұмыс жасау үшін дайын кестенің адресін көрсету керек.
Access режимдері бас менюдің Вид пункті арқылы ауысады. Кестені біріктіру кезінде түсініктеме жазылады. Кестеде мәліметтерді бір өрістен екінші өріске орнын ауыстыру үшін Tab пернесі қолданылады. MS Аccess мәліметтер базасында есептеулердің нәтижелерін бейнелеу үшін өрнектерді тұрғызушыны (Построитель выражений) қолданылады.
Microsoft Access мәліметтер қорында кестелердің арасында байланыс орнатуға болады. Ол үшін «Мәліметтер схемасы» терезесі қолданылады. Мәліметтер схемасының міндеті: кестелер мен олардың арасындағы байланыстарды бейнелеу.
Сұраныс басқа кестелерден алынған өрістерден виртуалды кестелерді құруға мүмкіндік береді. Сұраныс (запрос) деп қандай да бір шарт бойынша мәліметтерді іріктеп алатын объектіні айтады. Ол мәліметтерді іздестіру үшін қолданылады. Мысалы, өте жақсы оқитын студенттерді анықтау.
Сұранысты конструктор режимінде құру терезесі екі бөліктен тұрады. Терезенің жоғарғы жағында мәліметтер таңдалатын кестелердің арасындағы байланыстар бейнеленеді. Терезенің төменгі жағына кесте өрістері, таңдау шарттары мен есептеу формулалары енгізіледі. Терезенің жоғарғы жағында тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы тізімге кесте қосуға болады. Кестені алып тастау үшін Delete пернесі қолданылады.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 5176;