Желілік техникалық құралдар
Желілік техникалық құралдар:
- кабельдер;
- серверлер;
- желілік интерфейс тақшалары (МС, Network Іnterface Cfrd);
- концентраторлар;
- коммутаторлар;
- бағдарлауыштар (маршуртизаторлар);
- модемдер.
Түрлі жергілікті желілерді бір–бірімен кабель арқылы қосуға болады. Кабель – ортақ қоршамның ішінде орналасқан бір немесе бірнеше параллель өткізгіштер. Коаксиальды кабель жоғарғы жылдамдықты терминалдарда және басқа да компьютер құрылғыларында пайдаланылады.
Мекемеде бірнеше компьютерлерді порт құрылғылары арқылы байланыстырып, бір–бірімен ақпарат алмасатын жергілікті компьютерлік желі құру қиын емес. Олардың бірін бірнеше компьютерлерге ортақ, басқа компьютерлердің кейбір ақпарат ауыстыру жұмыстарын орындайтын түйінді компьютер етіп дайындайды да, оны сервер (қызметші қойма) деп атайды. Клиент/сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверде желілік операциялық жүйе (NIC, Network Ореratіng System) орнатылып, ол шеткері құрылғыларды (принтерлер тәрізді) да басқара алады.
Кейбір компьютерлер Интернетке тұрақты қосылып, желіге келіп түскен мәліметтер қозғалысын басқарып тұрады. Оларды Интернет серверлері деп атайды. Сервер арқылы Интернетке жеке компьютерлердің қосылуы да мүмкін.
Желілік интерфейс тақшалары (NIC, Network Ореratіng System) үстелге қойылатын және портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желідегі басқа құрылғылармен қатынас құру үшін қажет. Компьютер жұмыс өнімділігіне бірсыпыра талаптар қоятын әртүрлі дербес компьютерлерге арналған желі тақшаларының көптеген түрлері бар. Олар мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының өзгеруі мен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.
Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді және қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.
Коммутаторлар – екі және одан да көп құрылғылар арасындағы мәліметтер ағынының бағытын өзгертіп тұратын құрылғы.
Бағдарлауыштар (маршуртизаторлар) – мәліметтер жеткізудің оңтайлы жолын таңдауға арналған құрылғы (компьютер). Ол желілер арасында мәліметтерді бағдарлайды. Оның өзінің меншікті желілік адресі болады.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 7201;