ТСP/IP жүйелік хаттамасы. Web-беттер
Интернетпен жұмыс істейтін арнайы серверлерге ғылыми–техникалық жаңалықтар, бизнестік мәліметтер, файлдар (программалар, архивтер, анықтамалық құжаттар) енгізіліп қойылады. Серверлерге күнделікті жаңа мәліметтер де қосылып тұрады.
Интернет серверлері әртүрлі типті, яғни бір программалық жабдықтау бойынша жұмыс істей бермейді. Олардың бірі арқылы жіберілген деректерді басқаларының түсініп, оқуы үшін олар интернетте қолданылатын бір стандартты тілге аударылады. Ол жүйелік хаттама (протокол) деп аталатын TCP/IP (Transmission Control Protocol/ Internet Protocol Тасымалдауды басқару протоколы) атаулы жіберу тілі(программасы). Яғни, TCP/IP - Интернетпен жұмыс істейтін барлық компьютерлердің негізгі тілі. Хаттамалар дегеніміз деректерді толық және қатесіз беруге келіскен және бекітілген ережелер.
IP дегеніміз желілік деңгейінің хаттамасы, ол ақпараттың қайда берілгенін анықтайды. TCP хаттамасы ақпараттың беруін басқаратын, мәліметтерді жөнелту ісін атқаратын транспорттық деңгей хаттамасы.
Хаттаманың қызметі – сервердегі бір тақырыпқа арналған мәліметтерді блоктарға бөліп, бір бумаға кірістіру және қабылдаушы сервер дұрыс түсінуі үшін оған тақырып атын жіберуші сервер адресі мен файл адресін енгізу. Әрбір қызметші сервердің IP – адрес деп аталатын тұрақты адресі бар.
Интернет тек дүниежүзілік желі емес, оның жұмысы – ақпараттық кеңістікке түрлі форматта қызмет көрсету. Қызмет ақпарат алмасатын түрлі хаттамаларға негізделген. Олардың ең көп тарағаны 1990 жылдардан бастап шыға бастаған. “Дүние жүзілік өрмек” - World Wide Web(WWW). Көбінесе оны қысқа түрде Web (Веб) деп атайды.
Веб–тің негізгі қызметі - қажетті ақпаратты іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететіні – мәліметтер, графиктер, фотосуреттер, Веб–беттер түрінде дайындалып сақталған электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы - оның жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML атаулы арнайы тіл пайдаланылады (Hyper Text Markup Language – гипермәтіндік белгілеу тілі). Яғни веб – беттер серверде ерекше HTML форматында сақталады.
Web-бет дегеніміз желідегі барлық ақпаратты сақтайтын құжат. Web-бет кішігірім мәтін не үлкен мәтіннің бір бөлігі. Мысалы, жоғарғы оқу орны үшін мынадай Web-беттерді дайындалуы мүмкін:
- Факультет атаулары, мамандықтар;
- Кафедралар, олардың қызметкерлері жөнінде мәліметтер;
- Әр жылда оқу орнын бітіруші студенттер тізімі.
Web-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Web-бетте жазылған сөз не сөз тіркестері арнайы команда бойынша белгіленіп қойылады. Оны гиперсілтеме деп, сілтеме енгізілген мәтінді гипермәтіндеп атайды. Гиперсілтеме үшін мәтін үзіндісінің қысқаша мазмұнын, тақырыбын не суретті белгілеуі мүмкін. Экранда көрінген Web-бетте гиперсілтеме басқа түске боялып, асты сызылып көрсетіледі. Гиперсілтеме бойынша келесі Web-бетті экранға шығару үшін сілтемеге көрсеткішті әкеліп, ол сұқ саусағы мәтінге бағытталған қол түріне айналған кезде тышқан түймесін шерту жеткілікті.
Интернеттің глобальды жүйесі 40-мыңнан аса әр түрлі локальды жүйелердің қосындысын құрайды. Әрбір локальды жүйе түйін немесе сайтдеп, ал сайттың жұмысын қамтамасыз ететін заңды тұлға – провайдер. Сайт әдетте бірнеше компьютер – серверден тұрады. Олардың әрқайсысы ақпараттың анықталған түрін сақтауға арналған. Ақпаратты іздеу жүйесінің потенциалы (ИПС) (АІЖ) бүгінгі күнде жақсы дамыған. Қарапайым ортада кілттік сөз арқылы құжаттың арасынан ғана емес желілік адрес URL, серверлер атының арасынан, каталог және соңғы ақпараттық файлдар арасынан іздеуге мүмкіндік алуға болады.
World Wide Web жүйесін аралап көруді жүзеге асыратын арнайы программалық жабдықтамалар - web–броузерлер болады. Бүгінгі күнге дейін ең кең таралған браузерге Microsoft компаниясының Internet Explorer программасы жатады, ол Windows нұсқаларының кез келгенінің құрамында бар.
Web-беттерді көруге арналған программа броузер деп аталады. Браузер дегеніміз WWW қызметінің ресурстарын шолу бағдарламасы.
Броузермен жұмыс істеу өте қарапайым боп келеді, оның адрестік өрісіне web сайт немесе басты парақ адресін енгізіп, Enter пернесін басу жолымен Интернет арқылы сол адрестегі Web-бет мәліметі алынып, экранда бейнеленеді. Интернетке қосылу жылдамдығы мен web–сервермен байланысу сапасына және де парақ мәліметі көлеміне байланысты экранға керекті мәлімет бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылады. Web парақтың кеңейтілуі: .htm.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 5526;