Дәріс. Mac OS X жүйелік баптаулары.
Әр файлнемесе қапшық бір пайдаланушыға немесе топқа тиесілі болады және барлық басқа да пайдаланушыларға арналған иеленушілік параметрін ие болады. Бұл үшдеңгейлі құрылым иемденушілігі файлды жүйенің рұқсатнама негізін құрайды.
► Owner – (Owner) иесі болып Мае –ге обектті қалаған немесе көшірме жасаған автоматты түрде объект пайдаланушысы болады. Мысалы, пайдаланушы өзінің мекен-жайындағы қапшығындағы біршама көп объектерге ие болады. Root пайдаланушысы әрқашан операционды жүйедегі объектерге ие болады. Дәстірлі жағдай бойынша тек иеленуші ғана объекттің рұқсатын немесе тиеслігін өзгерте алады. Соған қарамастан, объектің иесі кім болғанына қарамастан Lion әр әкімшіге тиесілікті немесе рұқсатнаманы өзгертуге мүмкіндік беріп, басқаруды әлдеқайда жеңілдетеді.
► Group – (Group) объект тобы өзі шығарылған қапшықтан мұрагерленеді. Сондықтан да көпшілік объектілер staff, wheel немесе admin топтарына жатады. Топтарға тиесілік иесі саналмайтын пайдаланушыларға объекттерге қолжетімділік қылады. Мысалы, /Бағдарлама (/Applications) қапшығының иесі root пайдаланушысы болса, оның тобы admin деп белгіленген, сондықтан да әкімші осы қапшыққа өзгерістерді енгізе алады.
► Everyone - (Everyone) Бәрі параметрлері кез – келген пайдаланушыға объектің иесі,топ мүшесі болмаса да қолжетміділік береді. Басқаша айтқанда, «басқалары» деген мағынаны білдіреді. Мұнда Guest пайдаланушысы мен орта қолжетімділік немесе локальды пайдаланушылары кіреді.
Көрсетілген үш деңгейлі иелену құрылымы жылдар бойы қалыпты UNIX операционды жүйесінің бөлігі болды. Бірақ үш деңгейлі рұқсатнамаға ие болу ортақ қолданыстағы файлдар мен көптеген ( көптеген серверлер жағдайында сияқты) тіркеу жазбалары болған соң компьютерге қолайлы қолжетімділік баптауларын анықтау қиынға соғады. Одан әрі көргеніміздей қолжетімділікті бақылау тізімінде (ACL) құқық пен рұқсатқа шек қойылмайтын мүмкіндіктер үйлесімділіктері ашылады.
Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 1112;