Дәріс. Тақырып:– Пайдаланудағы ЭҚ жұмыс тәртіптері.
Тақырып:– Пайдаланудағы ЭҚ жұмыс тәртіптері.
Мазмұны: ІЖҚ жұмысының сипаттамасы. Номинальдық емес және бос жүрісті тәртіптерде ЭҚ жұмыс ерекшеліктері.
Қозғалтқыштардың сипаттамасыдепқозғалтқыштың жұмысын сипаттайтын шамалардың оның жұмыс тәртібін анықтайтын көрсеткіштерге тәуелділігі аталады. Шамалардың түрлеріне байланысты қуаттың, меншікті жанармай шығынының, п.ә.к., өңделген газдар температурасының және т.б. сипаттамаларын қарастыруға болады. Қозғалтқыштың жұмыс тәртібін анықтайтын көрсеткіштер, бұл – иінді біліктің айналым жиілігі және жанармай сорғысының таяқшасы, яғни реттегіш орган орнымен анықталатын циклге берілетін жанармай. Қозғалтқыш жұмысының сипаттамаларының келесі түрлері бар (Сур. ):
Сур. ІЖҚ жұмысының сипаттамалары: 1 жүктемелік; 2 — сыртқы; 3 — тепловоздық (генераторлық); 4 — реттегіштік. |
а) иінді біліктіктің тұрақты айналымында және өзгермелі жүктемеде (тиімді қуат) — жүктемелік сипаттамалар.
б) қозғалтқыштың номинальық (максимальды) қуат тәртібіне сәйкес, жанармайдың
тұрақты максимальдық циклдік берілісінде‑ сыртқы сипаттама;
в) генератордың берілген сұлбасына келтірілген қуаттың айналым жиілігіне
байланысты өзгеру заңы тепловоздық (генераторлық) сипаттама;
г) гидромеханикалық беріліс жүйесіндегі — тепловоздық сипаттама, бірақ айналым
жиілігін төмендетумен қуаттың еңістеніп құлауы бар.
д) иінді біліктің барлық айналым жиіліктері үшін меншікті тиімді жанармай
шығынының минимальдық мәндерінде – экономикалық сипаттама.
е) ЦПТ бөлшектерінің рұқсат етілген максимальдық температурасында (негізінен
піспек түбінің өте қызған нүктесі) ‑ шектік сипаттама.
Берілген сипаттамалар пайдаланудың жалпы уақытының көрнікті бөлігіне (ортасына) дейін сәйкес келетін қозғалтқыш жұмысының көмекші тәртіптерін (бос жүріс тәртібі) сипаттамайды. Тепловоз дизельдерінің іске қосу тәртіптерінеде көңіл бөлу керек, себебі тепловоздарды секциялап бөлуде бөлек дизельдерді сөндіру қажеттілігі туады, ол іске қосу және тоқтау санының көбеюіне алып келеді.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1343;