Алыпты (POSIX) рұқсаты.
Lion файлды жүйесіндегі рұқсатнаманың базалық құрылымы жылдар бойы қолданылған UNIX POSIX стиліне негізделеді. Берілген жүйе кей кезде POSIX стиліндегі рұқсатнама деп те аталады. Жүйе өте ескірген болып көрінуі мүмкін, бірақ Мае көпшілік пайдаланушыларына қолданысқа әбден ыңғайлы.
Басқаша айтқанда, әр файл мен қапшық үшін топ иеленушісіне және т.б. пайдаланушыларға жеке нақты қолжетімділікке құқықтар талап етіледі. Файлды жүйеге қосылған меншікті иерархияға байланысты әр түрлі деңгейдегі қолжетімділік пен қорғанысты қамтамасыз ете алатын қапшықтар басқа түрлі қапшықтар ішінде орналаса алып, күрделі файлды құрылымын түзе алады.
Бұйрық беру жолақшасынан бағыт берілетін UNIX артықшылығының көптеген қисындары кездеседі. Олар «бұйрық беру жолақшасының рұқсатнамасын басқару» атты бөлімшесінде қарастырылады. Apple компаниясы Finder утилитін басқа көптеген таралған нұсқаға айырбастады.
Finder утилиті көмегімен файлға келесі рұқсатнамаларды іске асыруға болады:
- Оқу мен жазу (Read and Write) - пайдаланушы файлды ашып оған өзгертулерді енгізіп сақтай алады.
- Тек қана оқу (Read Only) – пайдаланушы фйлды ашып, бірақ оған ешқандай өзгертулер енгізе алмайды.
- Қолжетімділік жоқ (No Access) – пайдаланушы немесе топ мүшелері файлға кіруге мүмкіндігі болмайды. Finder утилиті бойынша қапшыққа келесі жағдайлар рұқсат етіледі.
- Оқу мен жазу (Read and Write) – пайдаланушы мен топ мүшесі қапшықты қарастырып, оған өзгертулер енгізе алады.
- Тек оқу (Read Only) – пайдаланушы мен топ мүшелері қапшық ішіндегісін қарастырып, бірақ оған өзгертулер енгізуге құқығы жоқ.
- Тек жазу (Write Only [Drop Box]) (пошталық жәшік) – пайдаланушы мен топ мүшелері қапшықты қарай алмайды, көшірме жасай алмайды немесе ішіне басқа объекттерді қосуға мүмкіндігі жоқ.
- Қолжетімділік жоқ (No Access) – пайдаланушы мен топ мүшелері қапшықпен жқмыс істеуге мүмкіндігі жоқ.
Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 1048;