Иерархия құрамында рұқсат алу.

Рұқсат өздігінен пайда бола бермейтінін ұмытпау керек. Олар иерархия қапшықтарының құрамында қолданылады. Басқаша айтқанда,объект қай қапшықта орналасса, сол қапшық рұқсаты объектің қолжетімділік комбинациясына негізделінеді. Егер сіз әлі түсінбеген болсаңыз, онда рұқсатты объектің өзіне емес, ал объектің құрамына тапсырма ретінде қабылдаңыз.Жадыңыздан «құрамы» деген сөзді тастамаңыз,себебі ол келесі үлгілерді ықшамдау үшін керек.

1 мысал. Сендерге қапшықты оқу мен қапшыққа жазу ғана рұқсат етіледі. Шамасы, сіз бірінші файлға түгелдей қолжетімді болуыңыз керек, себебі сіз осы файлды оқу мен жазуға рұқсат алғансыз. Сіз екінші файлды қарап, көшірмесін жасай аласыз, бірақ файл құрамына өзгеріс енгізе алмайсыз, себебі сізге тек оқу рұқсат етілген. Дегенмен, сіз екінші файлдың атын өзгертіп, оны өшіре аласыз, себебі қапшық құрамын оқып,оған жаза алу құқығыңыз бар. Осылайша екінші файл қоғалған емес, өйткені сіз бастапқы файлға көшірме жасап, көшірілген файл құрамын өзгерте аласыз, бастапқы файлды өшіріп, оның орнын түрлендірілген көшірмесімен ауыстыра аласыз. Шын мәнісінде, осы жолмен көпшілік графикалық қосымшалар құжаттардың өзгерістерін сақтай алады; осылайша, файлды өзгерте аламыз.

2 мысал. Сізде қапшықты оқу мүмкіндігіңіз ғана бар. Бірінші файл құрамын өзгерте аласыз, себебі оқу мен жазуға қолжетімділігіңіз бар.Бірақ бұл файлды өшіріп, орын ауыстыруға, атын өзгертуге құқығыңыз жоқ.

Бір жағынан сіз файлдың құрамын өшіріп, файлдың өзін өшіріп тастауыңызға болады. Соңғы файл қорғалған болып есептеледі, себебі бұл файлды тек қана көріп немесе көшірме жасай аласыз. Көшірме жасалған файлға өзгесіртер енгізіп, бірақ түп нұсқасын ауыстыра алмайсыз.

3 мысал. Сіздің рұқсаттарыңыз бірінші мысалдағы рұқсатқа ұқсас. Осы файлдың иесі қорғаныс нышанын қосты, мүмкін ОС Lion құжаттарды басқаруды орындайтын жаңа түрі арқылы жасайды. Файлды оқып, қапшыққа жазбаны орындай алатын жағдайда қорғаныс нышаны иесі емес барлық пайдаланушыларға осы файлды қолдануға, орын ауыстыруға, атын өзгертуге,түрлендіруге рұқсат бермейді. Қосымшалардың көпшілігінде файлдың иесіне оны өшіруге немесе құрамын өзгертуге рұқсат беріледі, бірақ иесі файлды бастапқы қалыпқа келтіру мақсатында қорағаныс нышанын ажыратып тастауға мүмкіндік береді. Қорғалған файлдың көшірмесін жасап алған кезде, оның көшірмесі де қорғаныста болады. Бірақ сіз көшірменің иегері болып, сондықтан қорғаныс нышанын көшірмеден алып тастай аласыз,файлдың иесі болмасаңыз бастапқы қорғалған файлды өшіре алмайсыз.

Ортақ қолжетімділіке рұқсат алу.Lion –ға қолжетімділік нұсқаларының рұқсаттарымен танысқан болсаңыз, ортаны қорғау шараларын жүргізетін локальды файлды жүйесімен танысу керек болады. 2 сабақта айтылып өткендей, файлды жүйенің рұқсатын тестілеу үшін пайдаланушыларды тез ауыстырып қосыңыз. Файлды жүйені зерттеу үшін утилитіндегі Finder Inspector терезесін қолданыңыз. Бұл жеке дара қалқымалы терезенің ішкі құрамы Finder қосымшасының Get Info терезесін ашпай -ақ Finder –дің әр түрлі объектерін таңдаған кезде автоматтты түрде жаңартылады. I Option 1+1 Command 1+ПП комбинациялы пернелерін басып Finder утилитіндегі Тексеруші (Inspector) терезесін ашыңыз, сосын Ортақ қолжетімділік пен қолдетімділікке рұқсат алу (Sharing & Permissions) деген бөлімшені бейнелейтін ашылған үшбұрышты меңзеңіз.

Мекен жайлы қапшыққа ортақ қолжетімділік.Lion пайдаланушылардың файлдарын ескертуінсіз қорғап, оларға қажетті қолжетімділікті оңай жолмен табады. Пайдаланушының мекен жай қапшығынан бастаймыз. Пайдаланушыларға мекен жай қапшықтарын оқу мен жазуға рұқсат етіледі, ал staff тобының және т.б. пайдаланушыларға файлды тек оқуға ғана болады. әрбір локалды пайдаланушы немесе guest пайдаланушы басқа пайдаланушының бірінші деңгейдегі мекен жай қапшығын қарап шығы алатынын білдіреді. (ескертетін жайт, қонақтар құпия сөзді енгізбей-ақ компьтерді қолдана береді, сондықтан сіз guest пайдаланушының баптау мәзіріндегі Пайдаланушы мен топтар (Users & Groups) қолжетімділік қызметін өшіріп тастай аласыз.пайдаланушының көптеген деректері мекен жай қапшығындағы файлда сақталынады. Егер осы қапшықтарды талдаған болсақ, онда осы файлдарға басқа пайдаланушылардың қолдануға рұқсаты жоқ. Әйтсе де,ортақ қолжетімділік үшін мекен жай қапшығының ішінде салынған бірнеше қапшықтар бар. Ортақ файлдар (Public) және Сайттар (Sites) қапшықтары кез – келген пайдаланушыға оқуға мүмкіндік жасайды. Пайдаланушы файлдарға қолжетімділікті оңай бере алып оларды қапшықтарға орналастырды. Басқа пайдаланушылар осы файлдарды оқып, құрамына әр түрлі өзгертулер енгізе алады.

Shared қапшығы./Пайдаланушы/ортақ қолжетімділік (/Users/Shared). Бұл барлық пайдаланушыларға қапшық ішіндегі объектерді оқып, жазуға мүмкіндік беретін ортақ қолжетімді орын. Қалыпты жағдай кезінде осы баптаулар кез – келген пайдаланушыға қапшық ішіндегі объектерді өшіруге мүмкіндік береді. Дегенмен Finder утилитіндегі Тексеруші (Inspector) терезесінде толық рұқсат етілетін қызметтерді көрсетпейді. (Shared) Ортақ қолжетімділік қапшығына басқа пайдаланушыларға файлдарды жоюға тиым салатын арнайы параметр бекітілген. Бұл рұқсат беру параметрі «sticky bit» деп аталады.Оны тек бұйрық жолағы арқылы беруге болады. Осы басқару жолағын талдау мен рұқсатнаманы өзгерту «талдау жолағындағы рұқсаттарды басқару» бөлімінде қарастырады.Ал Sticky Bit нышаны «Sticky Bit нышанын пайдалану» деген бөлімде кездеседі.

Жаңа объекттерді қорғау. Lion файлды жүйесінің қоғаныс сәулетімен танысқан соң, осы технологияның жаңа объекттерді қалай қорғайтынын танысып білейік. Осы сабақта Lion файл мен қапшықтың ортақ қолжетімділіктен алдын-ала қорғанысының кескінін біле аласыз. Бірақ жаңа объекттер оқуға шектеусіз қолжетімділік жасайды.

Мысалы, пайдаланушы жаңа файл немесе қапшықты мекен жай қапшығына негіздеп жасаған болса, басқа тұтынушыларға (guest пайдаланушысын қоса отырып) осы қапшық құрамын қарап шығуға рұқсат береді. Оларға локальды аймақта әкімшімен жаңа объекттер үшін құрылған жүйелі том мен локалды қапшықты Кітапхана (Library) және Бағдармалалар (Applications) жатқызуға болады. Осы әдіс ортақ қолжетімділікті әбден жеңілдетеді. Себебі, жаңа объекті ортақ қолжетімділікке қосу үшін жүйеге кіру мүмкіндігінің құұығын өзгертпеуге болады. Сізден талап етілетіні – басқа пайдаланушылардың қолжетімді қапшыққа жаңа объектті орналастыру болады. жаңа объектті қорғау керек болса, басқа тұтынушылардың қолы жетпейтін қапшық ішіне салып қою керек мысалы, Жұмыс үстелі (Desktop) немесе Құжаттар (Documents).

Объеке тек пайдаланушыға ғана кіру мүмкіндігін жасап оны ашық аймақта сақтау үшін Finder қосымшасында немесе бұйрық жолақшасында оның қолжетімділігін өзгертуіңіз керек болады.

Атап айтқанда: Жалпы қол жеткізу бөлімінің рұқсатнама тізімінен және сипаттамалар (Sharing & Permissions) терезесінің қол жеткізу құқығы тізімінен барлық басқа пайдаланушыларды және барлық басқа топтарды алып тастау керек. Барлық (Everyone) рұқсатнаманы жоюға болмайды, сондықтан оны No Access (Рұқсат жоқ) ретінде беру керек. Рұқсатнама күйіне өзгерістер енгізе отырып, тек иегер нысанға рұқсат ала алады. Finder қосымшасынан рұқсатнамамен басқару.Mac OS X vl0.5 нұсқасында маңызды жаңа мүмкіндіктердің бірі Finder утилитінің қайта өңделгені болып табылады. Оған керек-жарақтарын басқару мен сипаттамалар (Get Info) терезесінен рұқсат алу үшін жаңа интерфейсті қосқан. Қайта өңдеу ACL-тізімдердің қолдауын қосу үшін керек болды. Осы сабақта айтылып кеткендей, Finder утилитін пайдаланушылардың немесе топтардың шексіз саны үшін арналған уникалды артықшылықтарын күйге келтіруге болады.

Finder рұқсатнамамен басқаруды айтарлықтай қарапайым етеді, бірақ бұл бір қарағанға. Finder нысанның толық рұқсатының арнайы бұрмалау жолымен рұқсат қиындығын жасырады. Егер сіз UNIX дәстүрлі стилінде рұқсатнама жұмыс кезінде өзіңізді ыңғайлы сезінсеңіз немесе сізге нысанға қол жетуге толық рұқсат қажет болса, онда келесі сабақта сипатталғандай командалық қатардан басқару дұрыс болып табылады. Бірақ көптеген кең қолданылатын рұқсатнама нұсқасы үшін Finder қосымшасының рұқсатнама күйінің оңайлатылған интерфейсі бәрі бір де ең жылдам және ең оңай шешім болып табылады. Finder қосымшасы көмегімен файлдар рұқсатнамасын өзгерту. Finder-де рұқсатнаманы өзгерту үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

1. Finder-де рұқсатнаманы өзгерту талап етілетін файл немесе папканы таңдаңыз, одан кейін сипаттамалар (Get Info) терезесін ашыңыз.

2. Сипаттамалар (Get Info) терезесі ашылған кезде нысан рұқсатнаманы көрсету үшін Жалпы қол жетімділік және қол жетімділік құқығы (Sharing & Permissions) ашатын үшбұрышын шертіңіз.

3 егер сіз нысанның иесі болмасаңыз, онда сізге Сипаттамалар (Info) терезесінің төменгі оң жақтағы бұрышындағы кішкене кілт белгісін шерту керек және администратордың тіркеу мәліметтерін енгізу керек.

4.жаңа пайдаланушылар немесе топтарды қосу үшін Сипаттама (Get Info) терезесінің сол жақтағы төменгі бұрышындағы плюс белгісі бар кішкене пернесін шертіңіз.

Жаңа пайдаланушы немесе топты таңдауға мүмкіндік беретін диалогты терезесі шығады. Ағымдағы пайдаланушыны немесе топты таңдау үшін тізімнен атты таңдаңыз немесе Таңдау (Select) пернесін шертіңіз. Оның орнына Жаңа контакт (New Person) пернесін шертіп немесе адрестік кітапшадан контактті таңдап жалпы қол жеткізудің жаңа тіркеу жазбасын құруыңызға болады. Кез келген жағдайда жалпы қол жетімділіктің жаңа тіркеу жазбасы үшін кілт сөз беру керек болады.

5.пайдаланушыларды немесе топты жою үшін рұқсатнама тізімінен тіркеу жазбасын таңдаңыз және сипаттама (Get Info) терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы минус белгісі бар кішкене пернесін шертіңіз.








Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 2157;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.