Командалық қатардан бұғатталған нысанды басқару

Алдында айтылып кеткендей, Lion нысан иесінен басқа ешкімге осы нысанға өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін бұғаттаудың арнайы мүмкіндігінен тұрады. Кез келген пайдаланушы Finder терезесінің Get Info терезесінен немесе алдыңғы сабақта қарастырылып кеткен Auto Save және Versions документтерімен басқару қызметін қолдайтын кез келген қосымшадан өзі иелік ететін нысанды немесе папканы оңай бұғаттай алады.

Файлдық жүйені бұғаттау мәселесі Finder басқа администраторларға өздері иелік ететін нысанды бұғаттаудан шығаруға немесе өзгерту енгізуге мүмкіндік бермейтінінен тұрады. Негізінде, файлдық жүйенің осы бұғаттауы командалық қатарда да таралады. Администратор sudo командасы арқылы рұқсатнамамен бұғатталған нысанды өзгерте алмайды. Бірақ бір маңызды ерекшелігі бар – chflags командасы. Ол администраторға файлдық жүйенің жалаушасын өзгертуге мүмкіндік береді, яғни жүйедегі кез келген файлды немесе папканы бұғаттай алады немесе бұғаттаудан шығара алады.

Келесі мысалда Michelle-ге иесі басқа пайдаланушы болып табылатын папканың рұқсатнамасын оған жалпы қол жетімділікті ашу үшін өзгерту керек. Бірақ sudo командасын қолданса да оған бұны істеуге тыйым салынған, сондықтан файл бұғатталып қалды. Ол папка бұғаталғанын ("uchg") көрсететін жалаушалары бар файл тізімін қарау үшін Is -Ю командасын қолданып бұны тексереді. Одан кейін Michelle папканы бұғаттан шығару үшін nouchg опциясы бар chflags командасын қолданады, және соңында ол алдында бұғатталған папкаларға өзгерістер енгізе алады.

Файлдық жүйелермен мәселелерді шешу.Операциялық жүйегебасқаратын файлдық жүйе талап етіледі, онда оны басқаратын программалық қамтамасыз сенімді болып табылады. Шынымен де, файлдық жүйенің көпшілік бас тартулары түзетілмейтін жабдықтар және тасымалдаушылармен байланысты. Егер аппараттық қамтамасыз ету тоқтап қалудан дисктен мәліметтерді оқу мен жазу мүмкін болмаса, онда ешбір программалық құрал бұл мәселені шеше алмайды. Егер мәселелерді диагностикадан өткізу кезінде сіз оның себебі апатты аппараттық тоқтап қалу болып табылатынын анықтасаңыз, онда сіз программалық қамтамасыз ету көмегімен құралды жөндей алмайсыз. Мәліметтерді қалпына келтіру мүмкіндігі DriveSavers мәліметтерді қалпына келтіру бойынша тек сервисте болады.

Файлдық жүйелер туралы ақпарат жиынтығы. Кейбір өзгерістер енгізбес бұрын сіз жұмыс істеп отырған файлдық жүйе конфигуациясының толық суретін білуіңіз керек. Файлдық жүйе туралы ақпарат жиынтығына арналған негізгі құрал /Программалар/Утилиттар/Дисктік утилит (/Applications/Utilities/Disk Utility) утилиті болып табылады. Дисктік утилиттегі (Disk Utility) жады құралының статусы мен қол жетімді бас тарту құрылғысы шынымен де орын алатынын анықтауға мүмкіндік береді.

Дисктік утилитті (Disk Utility) қосқан кезде қосылған құрылғылар мен томдардың бар болуына байланысты файлдық жүйені сканерлейді. Дисктік утилиттегі белгілі бір құрылғы немесе том туралы толық ақпарат жинау үшін сол жақ бағандағы нысанды таңдаңыз және құрал саймандар панелінен Ақпарат (Info) пернесін шертіңіз.

Осы диалогты терезелерде диск немесе том статусы туралы көптеген пайдалы ақпараттар бар. Бас тарту құрылғысын анықтау кезінде ең маңыздысы дисктің S.M.A.R.T. (Self-Monitoring, Analysis, and Reporting Technology) статусы болып табылады. S.M.A.R.T. технологиясы қолданатын диск ішкі аппараттық қатенің құрбаны болғанын хабарлай алады.

Егер қосылып тұрған диск Дисктік утилит (Disk Utility) тізіміне шықпаса, онда дисктің өте қиын бас тартуы болуы мүмкін. Қол жетімді екеніне көз жеткізу үшін /Программалар/Утилиттар/Жүйе туралы ақпарат (/Applications/Utilities/System Information) қосымшасының көмегімен диск статусын екі рет тексеру керек. System Information қосқан кезде оған қосылған шинаны таңдаған кезде диск туралы ақпарат шығуы керек (мысалы, Serial-АТА немес FireWire). Егер диск System Information-те шықпаса, онда өзінің ағымдағы күйінде ол компьютерге қол жетімсіз. Бұл жағдайда аппараттық ақаулықты іздеу керек. Қосылу нүктелерін тексеру керек, кабельді ауыстырып көру керек, ал егер бұл көмектеспесе – ақаулықты құрылғыны ауыстырып көру керек.

Дискті тексеру немесе түзету. Disk Utility том каталогының мәліметтер базасын тексеру мен түзету мүмкіндігі үшін қолданылуы мүмкін. Томдар каталогының мәліметтер базасы дискте файлдар мен папкаларды орналастыруды каталогтау үшін файлдық жүйелермен қолданылады. Дискте мәліметтерге қол жеткізу үшін файлдық жүйе алдымен дискте сұраған файлдан тұратын биттерді табу үшін каталогтар базасына сүйену керек. Томдар каталогы базасының кез келген зақымдалуы мәліметтер жоғалтуын қоса отырып, маңызды мәселеге алып келуі мүмкін.

Мас кез келген томын қосу алдында том каталогы базасының сәйкестілігін жылдам тексеруді автоматты түрде орындайды. Жүйе жүктеу процессінде жүктелетін томды сканерлейді. Бірақ егер жүйе томды қосуға қабілетсіз болса немесе сіз рұқсатпен қиын мәселеге тап болсаңыз, және де егер орнатылатын дискпен жүктелетін болса, онда сіз том каталогының базасын тексеру мен түзету үшін Disk Utility қолдануыңызға болады.

Disk Utility түзету мен тексеру мүмкіндігін қолдану үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

1.Егер сіз жүйелік томды қалпына келтіргіңіз келсе, онда сізге [ Command ] + [R] пернесін қосу кезінде басып тұрып Lion Recovery-нан жүктеуіңіз керек, ал одан кейін /Утилиттар Mac OS Х(/Мас OS X Utilities) терезесінен Дисктік утилит (Disk Utility) таңдаңыз.

2.Сол жақтағы бағаннан тексеру немесе қалпына келтіру талап етілетін диск немесе томды таңдаңыз, одан кейін оң жақтағы (First Aid) Бірінші көмек түймесін шертіңіз.

Дискті таңдай отырып, сіз таңдалған диск бөлімінің сұлбасын тексергіңіз немесе түзеткіңіз келгенін көрсетесіз. Бірақ томды таңдай отырып, сіз таңдалған томның каталогтар құрылымын тексеруіңіз немесе түзеткіңіз келгенін көрсетесіз. Дисктің барлық компоненттерін тексеру немесе түзету ұсынылады.

3.Төменгі оң жақ бұрыштағы Дискті тексеру (Verify Disk) пернесін шерте отырып, ерекшеленген нысанды тексеріңіз.

Тексеруді бітіру үшін бірнеше минут керек болады. Осы уақытта Дисктік утилит (Disk Utility) орындау барысы индикаторын көрсетіледі және тарих журналында жазылады. Журналдағы қосымша ақпаратты көру үшін Толығырақ (Show details) жалаушасын қойыңыз. Процесс Тоқтату (Stop) пернесін шерте отырып, кез келген уақытта тоқтатуға болады.

4. Егер мәселе туындамаса, онда тарих журналы жазбасы жасыл болады. егер мәселелер туындаса – олар қызыл болады. Егер дискте қиындықтар болса, және сіз қалпына келтіру процессін бастамасаңыз, онда оны қазір жасауыңыз керек.

Жүйе барлық қиындықтар жойғанша қалпына келтіру жалғаса береді. Мүмкін, бұл көп уақыт алады, өйткені қалпына келтіру процессі бірнеше рет орындалуы мүмкін.

Сыртқы диск режимін қолдану. Мас компьютері FireWire сыртқы диск режимі деп аталатын қызметінің көмегімен өзінің сыртқы дисктерін бөлу уникалды мүмкіндігіне ие. Негізінен, осы режимде қаапайым жұктеудің орнына Мас жүйелік дискісімен FireWire порттарымен барлық ішкі дисктерді байланыстырады. Сыртқы диск режимі құрылғының кіріктірілген қызметі болғандықтан, операциялық жүйенің зақымдалу кезінде бұл мүмкіндік қол жетімді.

Администратор Сыртқы диск режимі ... (Target Disk Mode) пернесін Жүктемелі том (Startup Disk) параметрінің терезесінен шерте отырып, жұмыс істеп тұрған компьютерде FireWire сыртқы диск режимін қоса аласыз. Баламасы ретінде компьютерді қосқан кезде (Т) осы режимді қосуға болады.








Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 1151;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.