Ақша ағындарын басқару.

Дәріс конспектілері:

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын іс-әрекетінің тұрақты қызмет етуі мен міндеттемелер бойынша төлемдер жасауы үшін ақша-қаражаттарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, бір жағынан, еркін ақша-қаражаттар кәсіпорынның барлық бірінші кезектегі төлемдерін жабатындай минималды жеткілікті болуы қажет, басқа жағынан ақшаның құнсыздануынан нақты шығындарға және оларды ұтымды орналастырумен байланысты жоғалтып алған ұтымдылықтан шығындарға ұшырамау үшін олар шектен тыс көп болмауы қажет.

Ақша-қаражаттары ағынның шамасын бағалау үшін және олардың динамикасын білу үшін келесі көрсеткіштер қолданылады:

– ағымды активтер құрамындағы ақша-қаражаттарының үлесі. Мұнда, бұл үлес ағымды міндеттемелер өскен сайын, азаймау өте маңызды болып табылады;

– ақша-қаражаттарының айналым кезеңінің ұзақтығы (Ұа.ақ), ол ақшаның есеп айырысу шотына түскен кезеңнен одан шыққан кезеңге дейінгі мерзімді бейнелейді, ол есеп беру кезеңіндегі ақша-қаражаттарының орташа сомасын кезең ұзақтығына көбейтіп, өнімді өткізуден түскен түсімге (жанама салықсыз) бөлу жолымен анықталады:

 

Ұа.ақ = (АҚорт × Ұк) / Тс.

 

Ақша-қаражаттарының нақты қозғалысын айқындау үшін, олардың түсуі мен шығуының үйлесімділігін бағалау үшін, олардың негізгі көздерін және жұмсау бағыттарын анықтау үшін қаржылық есеп берудің деректері қолданылады – ақша-қаражаттарының қозғалысы жайлы есеп беру. Ақша-қаражаттары қозғалысының негізгі үш түрі бар: ағымды, инвестициялық және қаржылық қызметтен (іс-әрекеттен) қозғалыс. Ағымды іс-әрекет – өнімді өткізумен байланысты кәсіпорынның негізгі қызметі. Ағымды қызмет шеңберіндегі ақша қозғалысы сатудан түсім алу, аванстық төлемдер алумен, жеткізушілермен есеп айырысу, жұмысшыларға еңбек ақы төлеу, міндетті салықтар мен төлемдерді төлеумен, несиелер бойынша пайыздарды төлеумен байланысты. Инвестициялық қызмет бойынша ақша қозғалысы кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен жүзеге асырумен байланысты. Қаржылық қызмет бойынша ақша қозғалысы басқа ұйымдарға, ұзақ және қысқа мерзімді құнды қағаздар мен қаржылық инструменттерге қаржылық салымдармен, акциялар шағарту (эмиссия) немесе кәсіпорын капиталының басқаша ұлғаюымен байланысты. Ағымды қызметтен ақша қозғалысының мәні аса зор, ол таза ақшалай ағым деп аталады.

Ақша-қаражаттары қозғалысын талдау тікелей және жанама әдістермен жүргізіледі. Тікелей әдісті қолданғанда қызметтердің әр түрлері бойынша ақша-қаражаттарының түсуі мен жұмсалуының абсолюттік сомалары салыстырылады. Бұл әдістің артықшылығы келесіде: ол ақша-қаражаттарының түсуі мен шығынының жалпы сомаларын бағалауға, кәсіпорынның ликвидтілігін бағалауға, қызметтердің әр түрлері бойынша көбінесе мәнді статьяларды бөліп айқындауға мүмкіндік береді. Ал бұл әдістің кемшілігі: ол алынған қаржылық нәтиже мен ақша-қаражаттары өзгерісінің арасындағы өзара байланысты ашып айқындамайды.

Ақша-қаражаттары қозғалысын бағалаудың жанама әдісі қаржылық нәтижені таза ақша ағыны шамасына өзгерту мақсатымен таза пайданы (шығын) түзетуді ұйғарады. Мұнда, сонымен қатар, бухгалтерлік баланстың активі мен пассивінің әрбір статьясы бойынша өзгерістердің ақша-қаражаттарының жағдайына әсері орнатылады. Кредиторлық қарыздың ұлғаюы таза пайдаға қосылады, ал оның азаюы – алынады, өйткені бұл ақша-қаражаттарының қосымша шығымына алып келеді. Таза пайданы осылай түзету дебиторлық қарыздың, берілген аванстардың, өндірістік запастардың және т.б. өзгерісіне байланысты жүргізіледі. Нәтижесінде ағымды, қаржылық және инвестициялық қызметтен ақша-қаражаттарының нақты түсімі (келуі) мен шығымы орнатылады.

Ақша-қаражаттарына минималдық қажетті қажеттілік (АҚmin) ағымды қызметті жүзеге асыру үшін екі әдіспен анықталады. Бірінші жағдайда АҚmin ағымды шаруашылық операциялар бойынша төлем айналымының жоспарланған көлемін (ТАжос) есеп беру кезеңіндегі ақша-қаражаттарының айналымдылық коэффициентіне (Кайн.ақ) бөлу жолымен анықталады:

 

АҚmin = ТАжос / Кайн.ақ.

 

Екінші жағдайда минималды қажеттілікті есептеуде есеп беру кезеңінің соңындағы ақша-қаражаттарының қалдығы (АҚсоң), сонымен қатар, есеп беру кезеңіндегі төлем айналымының фактылы көлемі есепке алынады:

 

АҚmin = АҚсоң + [(ТАжос – ТАф) / Кайн.ақ].

 

Ақша-қаражаттары айналымының тездету қамтамасыз етіледі:

– инкассацияны тездетумен, бұл кассадағы ақша-қаражаттарының қалдығын қысқартады;

– қолма-қол ақшамен есеп айырысуды қысқартумен, бұл кассадағы ақшалай активтердің қалдығын ұлғайтады;

– жеткізушілермен аккредитивтер көмегімен есеп айырысу көлемдерін қысқарту, бұл ақшалай активтердің мерзімін, оларды банктың арнайы шоттарында сақтаудың қажеттілігімен байланысты ұзартады.

Уақытша еркін (бос) ақша-қаражаттарын рентабелді пайдалану үшін келесі шаралар қолданылады:

– депозитті пайызды аудару арқылы банкте контокорентті шот ашу;

– пайдалы, жеткілікті ликвидті қысқа мерзімді қаржылық инструменттерге салымдар (казначейлік міндеттемелер, депозитті сертификаттар, облигациялар және т.б.).

Инфляциядан шығындарды минимизациялау үшін ұлттық валютадағы ақша-қаражаттарын шетел валютасына конвертациялау (ауысу, алмасуы) пайдаланылады.

 

Негізгі әдебиет: 2 [69-76], 3 [356-367].

Қосымша әдебиет:

Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпорынның ақша-қаражаттары баланстың қай бөлігінде тұрады?

2. Ақша-қаражаттары қозғалысын бағалаудың қай әдісі ақша ағыны мен кәсіпорын пайдасы арасындағы өзара байланысты есепке алады?

3. Уақытша бос ақша-қаражаттарының сомасын қалай есептейді?

4. Ақшаның айналымдылығы олардың минималды қажетті сомасының көлеміне қалай әсер етеді?

Тақырып.








Дата добавления: 2015-11-20; просмотров: 4519;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.