І. бөлім. Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалары.

Тақырып. Қаржы менеджментінің мазмұны.

Қаржы менеджментінің анықтамасы. Қаржы менеджерінің мақсаты, міндеттерді және рөлі. Қаржы менеджментінің қазіргі теориясының даму кезеңдері. Экономикалық ғылымдар жүйесіндегі қаржы менеджментінің орны. Ұзақ мерзімді сипаттағы қаржылық шешімдер (стратегия). Қысқа мерзімді сипаттағы қаржылық шешімдер (тактика). Қаржылық жоспарлау және бақылау қаржы менеджментінің негізгі функциялары ретінде. Қазақстан Республикасының қаржы секторында болып жатқан қайта құруға байланысты, қаржы менеджеріне қойылатын біліктілік талаптар. Фирмалардың ұйымдық құрылымындағы қаржы службасы.

Тақырып. Қаржы менеджментінің базалық тұжырымдамалары және көрсеткіштері.

Категорияларды анықтау: активтер, міндеттемелер, капитал, табыстар, шығыстар, қаржы құралдары және тәуекелдер, бағалау әдістері, капитал тұжырымдамасы (халықаралық стандарттарға сәйкес). Ақшаның уақытша құны, тәуекелдік активтердің құны. Қаржы менеджментінің теориясы мен практикасында қолданылатын негізгі көрсеткіштер: келтірілген құн – PV, нарықтық қосылған құн – MVA, экономикалық қосылған құн – EVA, активтерді басқарудың тиімділік көрсеткіштері – ROE, ROA, ROI, шаруашылық қызметтің қаржылық нәтижелерінің қорытындылау көрсеткіштері – EBIT, EBT, NI (NORAT), EPS, DPS, PPS.

Тақырып. Тәуекел және табыстылық. Корпорациялық тәуекелдерді басқару.

Тәуекелдікті анықтау және өлшеу. Ықтималдықтарды бөлу және күтілген табыстылық. Автономдық (жалпы) тәуекелді нарықтық тәуекелмен салыстыру. Автономдық тәуекелді талдау: оқшаулау қаралатын активтер. Нарықтық тәуекелді талдау: портфельге қатысты активтер. Тиімді портфельдер. Инвесторлардың қалауының ауытқымасы. Оңтайлы портфелді таңдау.

Корпорациялық тәуекелдердің тұрпаттарын (типтерін) анықтау және өлшеу. Сақтандыру негіздері. Мүлік шығындарының тәуекелдікке ұшырағыштығы. Жауапкершілікке байланысты шығындардың тәуекелдікке ұшырағыштығы. Әртараптандыру тәуекелдікті басқару құралы ретінде. Қаржылық шығындардың тәуекелдікке ұшырағыштығы.

Тақырып. Активтер портфелін басқару.

Қаржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі (моделі). Капитал рыногының сызығы. Бағалы қағаздар рыногының сызығы. В-коэффициенттің тұжырымдамасы. Баламалы теориялар. Баға белгілеу төрелігі теориясы. Опциондарға баға белгілеу теориясы. Тәуекелдік құн.

ІІ бөлім. Капитал құрылымы және дивидендтік саясат.

Тақырып. Операциялық тұтқаның тиімділігі. Фирманың ағымдағы шығындарын басқару.

Шығындардың жіктелуі. Залалсыздықты талдау, заласыздық графигі. Заласыздық нүктесін сату бірлігіндегі және ақша түрінде есептеу, жоспарлық операциялық пайда есебі. Операциялық тұтқа. Операциялық тұтқаның (DOL) күші. DOL және заласыздық нүктесі.. DOL және іскерлік (операциялық) тәуекел.








Дата добавления: 2015-11-20; просмотров: 3866;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.