Шығындардың мінезіне байланысты өзгеруі
Шығындар | Жалпы мінезі | Өнімнің өзгеруіне байланысты мінезі |
Өзгермелі шығындар | Өзгермелі шығында-дың жалпы сомасы өнімнің көлемі өзгер-ген сайын тікелей пропорционалды түрде көбейеді немесе азаяды. | Өнімнің көлеміне өзгермелі шығындарсомасы өзгеріссіз болады. |
Тұрақты шығындар | Өнімнің көлемінің өзгерісімен байланыс-сыз тұрақты шығын-дар бір қалыпты болады | Өнімнің бірлігіне тұрақты шығындар өнімнің көлемі өскен сайын тұрақты шығындар азаяды, өнімнің көлемі азайған сайын тұрақты шығындар өседі. |
Аралас шығындар өнімнің көлемімен байланысты бірақ өнімнің көлемінің өзгерісіне байланысты тікелей өзгермейді. Аралас шығындар өнімнің көлемінің белгілі бір деңгейіне тұрақты болып, өнімнің көлемі өзгерген сайын өнімнің көлемі өзгермелі болуы мүмкін. Аралас шығындарды ең жоғарғы және төменгі көрсеткіштер әдісі бойынша өзгермелі шығындарға жатқызу кезіндегі формула арқылы өнімнің бірлігіне аралас шығындардың мөлшері анықталады.
Жоспарлау және бақылау белгісі бойынша нормативтік және бақыланатын, бақыланбайтын болып бөлінеді.
Нормативтік ― өнімнің көлеміне жоспарланатын шығындар. Оларды смета жасаған кезде және орындалатын жобалар бойынша бағалау кезінде қолданылады. Нормативтік шығындар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде нормативтік шығындар мен нақты шығындарды салыстыру қажет және ауытқуларды анықтау, оларға әсер ететін факторларды анықтау негізгі операциялық талдау және бағалау ретінде қарастырылады.
Талдау= шығындар ― өндіріс―пайда
Маржиналдық табыс ― жиынтық табыстан өзгермелі шығындарды алып тастағанда анықталады. Маржиналдық табыс өнімнің бірлігіне және жалпы бірлігіне анықталуы мүмкін.
Маржиналдық табыс коэффициент― маржиналдылық табыстың жиынтық табысна қатынасы арқылы анықталады.
Кмт= МТ /жиынтық табыс
Залалсыздық нүктесі компанияның қызметінің табыстар мен шығындар деңгейінің тең болатын деңгейін көрсетеді. Заласыздық нүктесін жиынтық табыстан тұрақты және өзгермелі шығындарды алып тастағанда нөл болатын деңгейі арқылы анықталады. Залалсыздық нүктесі ақшалай сипаты ретінде тұрақты шығындарды маржиналдық табыс коэффициентіне бөлу арқылы анықталады. Қауіпсіздік маржа көрсеткіші жиынтық табыстың залалсыздық нүктесін қамтамасыз ететін табыстан асып кеткен деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік маржа көрсеткіші процентпен анықталады. Қауіпсіздік маржа көрсеткіші ақшалай көрінісінде жиынтық табыстан залалсыздық нүктесін қамтамасыз ететін табысты алыы тастағанда анықталады. Қауіпсіздік маржа процентпен анықтау кезінде алымында ақшалай көріністе, бөлімінде жиынтық табыс.
Қауіпсіздік маржа көрсеткіші= Жиынтық табыс ― залалсыздық нүктесін қамтамасыз ететін табыс
Операциялық тұтқа компанияның тұрақты шығындарын қолдануды көрсетеді. Тұрақты шығындардың үлесі жоғары болған сайын операциялық тұтқа тиімділігі де жоғарыла түседі. Операциялық тұтқа деңгейінің жоғары болуы табыстың өзгерістеріне әкеліп соғады. Табыстың немесе өткізуден түскен түсімнің 1%-ке өзгеруі жалпы компанияның қаржылық нәтижесін немесе пайдасын бірнеше процентке өзгеріске әкеледі. Пайданың немесе нәтижелік көрсеткіштің өткізуден түскен түсіммен айырмашылығы операциялық тұтқа деңгейімен анықталады. Операциялық тұтқаның деңгейі маржиналдық табыстың пайдаға қатынасы арқылы анықталады.
Мың. теңге
Көрсеткіштер | 1 жыл | 2 жыл |
1. Өнімді өткізуден түсетін табыс | 1000,00 | 12000,0 |
2. Өзгермелі шығындар | 9300,0 | 10146,3 |
3. Тұрнақты шығындар | 1500,0 | 1500,0 |
4. Пайда | 200,0 | 353,7 |
Өзгермелі шығындардың 1%-ке өсуі пайданың 8,5 %-ке өсуіне әкеліп соғады.
Операциялық тұтқаның тиімділігі ― дегеніміз шығындар құрамының ерекшеліктерін қарастыра отырып, нәтижелік көрсеткіштерінің өзгерістерін немесе деңгейін талдау.
Шығындар―өндіріс көлемі ― пайда “талдауының негізгі принциптері”
1.Өнімді өткізуден түскен түсімнің деңгейі шығындардың деңгейімен тығыз байланысты.
2. Шығындар өзгермелі және тұрақты болып нақты бөлінуі тиіс.
3.Өндірістік қорлар (запастар) залалсыздық деңгейіне немесе нұктесіне әсер етпейді немесе залалсыздық нүктесінде өндірілген өнімнің көлемі өткізілген өнімнің көлеміне тең болады.
4.Операциялық тұтқа деңгейін есептеу барысында инфляция деңгейі қарастырылмайды.
Рентабельділіктің табалдырығы ― компанияның өнімді өткізуден түсетін түсімі барлық шығындарын жабу кезінде пайда заласыздығы да 0-ге,
Тақырып.
Дата добавления: 2015-11-20; просмотров: 3740;