Айналу моментінің шамасының (айналымдар санының) өзгеруі
Жетектелетін біліктің тістегеріштері арасында берілістерді қосу муфталары (немесе оймакілтік муфталар) орналасқан. Тістегеріштерге қарағнада, олар білікте бекітілген және онымен бірге айналады, бірақ бойлап (алға-артқа) қозғала алады.
Берілістерді қосу муфталарына қараған екінші біліктің тістегеріштер жақтарында тісті венецтар бар. Тура осындай венец жетекші біліктің артқы бүйіржағында да бар. Жауап тісті венецтар қосу муфталарында орналасқан.
Берілістерді ауыстыру иінтірегінің қозғалысы кезінде аранйы жетектің көмегімен сырғақтар арқылы берілістерді ауыстыру айырлары (вилка) қозғалысқа келтіріледі, олар қосу муфталарын бойлық бағытта жылжыта алады. Арнайы блоктаушы механизм (құлып) бұл кезде екі берілістің біруақытта қосылуына жол бермейді. Құлып екі сырғақты үшіншінің қозғалысы кезінде (үшжүрістік беріліс қорабында) бейтарап жайда белгілейді, бұл екі берілістердің біруақытта қосылуын болдырмайды.
Қосу муфтасы қажетті берілістің тістегершігі бағытында қозғалған кезде, олардың тісті венецтары кезедеседі, және білікпен бірге айналатын қосу муфтасы берілістің тістегершігімен, оны блоктай отырып, қосылады. Осыдан кейін олар бірге айналады, және беріліс қорабы айналуды кардандық білік арқылы қозғалтқыштан басты беріліске бере бастайды.
Әр түрлі берілістердегі айналу моментінің шамасының (айналымдар санының) өзгеруін қарастырайық (сурет 2 және 3).
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 3331;