Жануарлардың түрлеріне байланысты суперовуляция қоздыру әдістері

Ақырғы жылдарда суперовуляцияны қоздырғанда гонадотропиндерді жатырдың ішіне инъекция әдісімен салады. Осы әдістің жетістіктері: бірінші, салынатын препараттың мөлшері 20 – 30 пайызға азаяды, екінші, шыққан ооциттердің саны көбейеді.

Сиырларда фолликулярлық өсүдің үш кезеңі бар: эстралдық циклдың басында, ортасында, аяғында. Әр бір циклдың басында сиырлардың ана бездерінде оптималдық өлшемі бар фолликулалардың саны жеткілікті. Осы фолликулалар ФСГ (фолликулаларды қоздыратын) гормондарға жауап береді. ФСГ гормондарын лютеалдық фазада (жыныс циклдың 8-12 күндері) еңгізеді.

Сиыр-донорларға ГСЖК гормонды қоздырылу үдірістеріне 4-5 күн қалғанда және төлдегеннен кейін 60 күн өтіп болғанда салады.

Шыққан ұрықтардың саны көп болу үшін сиыр-донорларға қоздырылу алдында былшық еттеріне 120-150 мың МЕ витамин А және 80-100 мг витамин Е салады. 18-20 күн тәүлігіне бір рет бір басқа 100-200 мг йодттық калийді береді.

Ана шошқаларға ГСЖК 750-1500 МЕ жыныс циклының 15-16 күндерінде салынады.

Қойларда физиологиялық процесстерге байланысты көбейту биотехнология жұмыстары күз уақытында өткізіледі. ГСЖК 500-1300 МЕ жыныс циклдің 12-13 күнінде салынады. Бөлініп шыққан жұмыртқа жасұшалары 30 дейін барады.Овуляцияның саны бір донорға 5 – 10.

 

Көбею үдірістерінің биотехнологиялық көрсеткіштері.

Ұргашы-донорлардан алған биоматериалды келесі кезеңдерге бөледі:

1 – суперовуляциядан өткен ооциттер (эксгормоналдық әсерде.

2 – ұрықтандырылған және ұрықтандырылмаған ооциттер (ұрықтандырғанда, жуып алып бағалағанда)

3 – биологиялық толық және толық емес ұрықтар (морфологиялық бағалауда).

4 – тіркетіліп дамып жатқан ұрықтар.

5 – реципиенттерден алынған трансплантаттар.

 

 








Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 2566;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.