Жануарларды іріктеп аналарды таңдап алу

Жасаушы еркек малдарды және ұрғашы- донорларды іріктеу.

Малшаруашылықта донорлардың және жасаушылардың алдында қойылған талаптар өте жоғары, неге десек осы жануарлардан биотехнология әдістерінің көмегімен генотиптері жоғары бағалы ұрықтарды алады. In vitro жасұшалы жұмыстардың көмегімен келесі талаптар орындалады:

1) экстракорпоралдық ұрықтандыруда - керекті жынысы бар жануарларды алу;

2) биокөшіруде - клондалған жануарларды алу;

3) трансгенозда - биохимиялық және зоотехникалық көрсеткіштері ерекше жануарларды алу;

4) трансплантацияда - жануарлардың бағалы генотиптерін тездетіп көбейту;

5) криоконсервацияда - гаметалардың және ұрықтардың банктерін ашу;

6) жануарлардың экспортында және импортында - гаметалардың және ұрықтардың деңгейінде алмасу.

Жануарлардың келесі ерекшіліктері іріктеу жұмыстарында шарт болады: биологиялық (түр, тұқым, жас), физиологиялық (ден саулық, көбею процесстеріне жарамдылық), зоотехникалық (өнімділік).

Биотехнология әдістерімен жұмыс атқаруға келесі жануарлар жарамды:

1. Бағалы генотиптері бар, ұрпақтарының сапасы тексерілген, зоотехникалық талаптарға сәйкес элита және элита-рекорд класстарына жататын.

2. Физиологиялық дені сау, инфекциялық ауруларға жоғары төзімді, көбею үдірістеріне қатысатын мүмкіншіліктері жоғары.

3. Бір тұқымға жататын.

4. Физиологиялық пісіп жеткен.

Реципиенттерді іріктеу. Аналарды таңдау: ана-донор және ана-реципиент.

Трансплантталған ұрықтарға қатысты аналар болады - биологиялық (ұрғашы-донор) және физиологиялық (ұрғашы-реципиент). Малшаруашылықта ұрғашы-донорлар генетикалық бағалы ұрықтарды алу үшін керек, ал ұрғашы-реципиенттер еңгізілетін ұрықтарға физиологиялық, иммунологиялық, биохимиялық өсу және даму себепкер шарттарына жағдай тұдырады (реципиент - табиғи инкубатор).

Ұрғашы-реципиенттердің іріктеу жұмыстары 3 кезеңнен тұрады:

1. Физиологиялық пісіп жеткен ұрғашылырды пайдалану үйірден алып дайындау.

2. Ұрғашыларды (қозу кезеңдері донор-ұрғашылардың қозу кезеңдерімен сәйкес келетін) іріктейді.

3. Донорлардан жуылып алынған биологиялы толық ұрықтардың санына сәйкес керекті реципиенттердің санын алады.

1 кезең. Реципиенттерді пайдалану үйірден іріктеп алу.

Осы кезеңде реципиенттерге келесі талаптар қойылады:

Зоотехникалық талапар - екінші сортқа жататын, орташа немесе төмен өнімділік көрсеткіштері бар. Реципиенттер негізгі түрде екінші классқа жату керек. Неге десек, малшаруашылықта ұрықтарды транспланттау әдістерін ең бірінші аз уақытта өнімділігі төмен ұрғашылардан қалай болсада көбірек генетикалы жоғары бағалы төлді алу үшін қолданады. Осындай әдіс жоғарыөнімділі жануарлардың тез көбеюіне көмектеседі.

1. Ден саулығына байланысты - физиологиялық сау, ауруларға төзімді, көбеюге жарамдылық қасиеттері жақсы.

2. Жасы - физиологиялық пісіп жеткен ұрғашылар.

3. Ұрғашы-реципиенттерге қандай тұқымға жататыны маңызды емес.

Сонымен, реципиенттерге жататын физиологиялық пісіп жеткен, пайдалану үйірге кіретін ұрғашылар. Бір донорға 50 - 60 реципиентерді дайындайды. Ұрғашы-реципиенттер эксерименттен 1,5 - 2 ай бұрын азықпен әр түрлі минералдық қоспалармен витаминдерді алады.

2 кезең. Ұрғашы-реципиенттерді қозу белгілеріне сәйкес іріктеу.

Осы кезеңде ана-реципиенттердің және ана-донорлардың арасында жыныс циклы сәйкес келетін жануарларды таңдайды. Бұл негізгі шарт.

1. Донорлардың жыныс циклы дайындалған реципиенттердің жыныс циклына сәйкес келу керек. Қозу жағдайындағы ұрғашыларды табу үшін күйіт іздеуші еркек малдармен қолданады. Аналарды дайындағанда екі әдіспен қолданады, біріншіде, реципиенттерді табиғи циклдың көмегімен табады (қойларда), ал екіншіде, гормондық препараттармен қолданып донор және реципиенттер арасында қозу үдірісін сәйкестіреді (ірі қара малда).

2. Бір ұрғашы донорға 5 – 7 (10) реципиенттерді дайындайды. Реципиенттерді дайындағанда жануарлардың түрін және тұқымын есепке алады.

3 кезең. Биологиялық толық ұрықтардың санына байланысты реципенттерді іріктеу. Реципиенттердің және ұрықтардың арасында физиологиялық байланыс болу керек. Осы байланыс сипатталады:1) сары дененің даму кезенімен; 2) жатырдың даму кезенімен; 3) ұрықтың даму кезенімен.

Реципиенттерді іріктеу үдірісінде бір кезеңнен екінші кезенге көшкенде реципиенттердің саны азаяды. Бірінші кезеңнің жұмысына дайындалғанда 30 – 50 реципиент алады, екінші кезеңге – 5 – 7 (10), ал үшінші кезеңде 3 – 5 (7) реципиент алынады.

 








Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 2836;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.