Ауылшаруашылық жануарлардың жыныс және физиологиялық пісіп жету мерзімдері

Пісіп жету, ай Жыныс Физиологиялық
Ірі қара мал 7,5
Қойлар
Шошқалар
Жылқылар

 

Жыныс циклы – ана бездерінің функционалдық жағдайларының және гормоналдық өзгерістердің ритмикалық ауысып отыру қортындылары. Осы жағдайда жануарлардың жүріс-тұрыстарында және жыныс сфераларында цикл бойынша өзгерістер болады.

Ұрғашылардың жыныс циклында жүріс-тұрыстарында келесі өзгерістер болады: қоздырылу, тоқталу, байсалдану.

Қоздырылғанда төрт феномен көрінеді:

1) күйіт – жыныс мүшелеріне қан толу, кілегейлі қабыршықтар ісіну және бездердің толық секреттер шығару процессі;

2) жыныс қоздырылу – ұрғашы еркек малға көңіл аудару;

3) жыныс рефлексі – ұрғашының еркек малға жыныс реакциясы;

4) овуляция – ооциттердің піскен фолликуладан шығатын процессі.

Жыныс циклдын гормондарына байланысты фолликулярлық және лютеалдық фазалар айырылады.

Фолликулярлық фазада екі кезең айырады:

а) овуляция алдындағы – ана безі бөлініп шықпаған кезең;

б) овуляциядан кейінгі – овуляциядан сары дененің қалыптасқан аралығы.

Фолликулярлық фазада ФСГ гормоны өте көп мөлшерде шығады. Осы гормон фолликулға өсуге және дамуға керек.

Лютеалдық фазада жыныс белгілері жоғалып, ағза жүктілікке дайындалады. Осы фазада бірінші гормон ЛГ шығады. Ол овуляцияға керек. Кейіннен жануар жүкті болғанда прогестерон көп мөлшерде шыға бастайды.

Гипоталамус – гипофиз – ана безі қарым-қатынас. Гипоталамустың бақылауында жүйке және эндокрин жүйелері болады. Гипоталамус гипофиздің алдынғы бөліміне –аденогипофизге - әсер етеді. Аденогипофизде жүйке жасұшалары жоқ, сондықтан бас миімен байланыс қан тамырлары арқылы атқарылады.

Аденогипофизде әр түрлі жасұшалар болады. Лг және ФСГ гонадотрофтар деген жасұшаларда синтезделеді. Басқа түрлі жасұшалар – лактотрофтар – пролактиннен алынып көбею үдірісіне өте маңызды болады.

ЛГ және ФСГ – гликопротеиндер – екі пептидтік шынжырлардан тұрады – альфа және бетта. ЛГ және ФСГ секрециясы гонадотропиннің бақылауында. Пролактиннің секрециясы пролактин-басушы себепкер шарттың бақылауында.

Гипофиздің артқы бөлімі окситоцин деген гормонды шығарады. Осы гормон сүт безінен сүт шығуға және төл тууға көмек береді.

Гонадалық гормондар ана бездерімен шығарылады. Олар – фолликулярлық гормон – эстроген (эстрон, эстрадиол, эстриол) және сары дененің гормоны – прогестерон.

Прогестерон жатырдың кілегейлі қабыршығын ұрықты тіркеп алып еңгізуге дайындайды, одан ары сол ұрыққа дамуға көмектеседі. Прогестеронның көмегімен жануарлардың сүт бездері сүт шығаруға дайындалады.

Осы гуморалдық жүйе бас мидің қабыршықтарынан импульстер алады.

Жыныс циклының дамуы келесі:

Иістің, көздің, құлақтың, сезіну көмегімен жүйкелерден белгілер мидің қабыршығына барады. Мидің қабыршығынан импульстер жүйкелерден гипоталамусқа түседі. Осында жаратылған нейросекрет (релизинг-себепкер шарт) қанға түсіп гипофизге әсер береді, сол кезде гипофизден ФСГ бөлініп шығады. ФСГ қанға бөлініп шыққанда фолликул дамып пісе бастайды. Фолликулдардың пісуі эстрогендердің жаратылуымен белгіленеді. Олар бас мидің хеморецепторлары және анализаторлары арқылы күйіт, қоздырылу жаратады. Эстрогендер көбейгенде ФСГ секрециясы төмендейді, ал ЛГ мөлшері жоғарлайды. Сол кезде овуляция басталып сары дене жаратылады.

Жүктілік кезеңі басталмаса, прогестеронның мөлшері төмендеп, гипофиздің лютеотроптық қызметі белсенденіп (ФСГ секрециясы), жаңа фолликулалар өсіп жыныс циклы қайталанады.

 








Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 2355;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.