Гаметаларды in vivо культивирлеу
Гаметогенез – жыныс жасұшалардың даму кезеңі, диплоидтық жыныс жасұшалардың гаплоидтық дифференциалданған ұрғашы (жұмыртқа жасұшасы) және еркек (сперматазоид) жыныс жасұшаларына аусу үдірісі. Жыныс түрлеріне байланысты гаметогенезды сперматогенезге және оогенезге бөледі.
Сперматогенез төрт кезеңнен тұрады: көбею, өсу, пісу, қалыптасу, ал оогенез үш кезеңнен тұрады: көбею, өсу, пісу.
1. Көбею кезеңі ( гониялар – сперматогониялар, оогониялар). Алғашқы жыныс жасұшалардың саны митоз арқылы өседі. Гонияларға ауысып, олар өзгереді: үлкейіп, домалақша қалыптасып, белсенді көбейеді (пролиферация). Гоний қабыршықтарының өткізу қабілеті жоғары болып, олардан өткен қоректік заттар жасұшалар бөлінгенде қуат көзі болып жұмыс істейді. Сүтпен қоректенетін ұрғашылардың көбісінде оогонийлердің пролиферативтік белсенділігі туу алдында тоқтайды, еркектерде – жыныс пісу кезеңде тоқтайды.
2. Өсу кезеңі ( гоноцит –І қатарлы сперматоцид немесе ооцит) І қатар – мейоздың бірінші бөліну үдірісі. Өсу кезеңінде жыныс жасұшалары бөлінбейді. Сорылып алынатын қоректік заттар цитоплазмамен ассимиляцияланып жасұшалардың белсенді өсүіне көмектеседі. І қатарлы ооциттермен салыстырғанда І қатарлы сперматоцидтердің көлемі аса өспейді.
Ооциттерде екі өсу кезең айырады: превителлогенез(цитоплазматикалық өсу) және вителлогенез (трофоплазматикалық өсу).
Превителлогенез – ақырын өсу кезеңі, оогониялар мейозға кіргеннен басталады. Ооцит өзінің РНҚ, ақуыз, басқа компоненттерінің синтезі арқылы өседі. Ядроның және цитоплазманың салмағы тепе теңді өседі.
Вителлогенез – тез өсу кезеңі, цитоплазмада белсенді үдірістер өтіп, ядролық-цитоплазмалық салыстыру өзгереді (1:6 бастап 1:550 дейін). Сырттан қоректік заттар түсу арқылы цитоплазманың салмағы өседі.
І қатарлы ооцит өскенде органеллалар ( рибосома, митохондрия), қоректік заттар (ақуыз), қуат көздері жиналады. Ооциттің көлемі өседі.
3. Пісу кезеңі ( сперматид, ІІ қатарлы ооцит) Осы кезеңде жасұша екі рет бөлінеді. Ооциттердің пісүі жануарларда жыныс жасына келгенде басталады. Ооциттердің пісүі сиырларда және шошқаларда - 40 сағат, қойларда және ешкілерде – 25 сағат.
4. Қалыптасу кезеңі (сперматазоид). Домалақша келген жасұша – сперматида – сперматазоидты сипаттайтын морфологиялық қасиеттерін алады. Қалыптасқан кезде сперматиданың домалақша келген ядросы тығыздалып, жасұшаның алдынғы жағына жылжиды. Гольджи кешені ядроға жылжып тығыздалған түйіршік – акробласт – жаратады. Акробласт үлкейіп болашақ сперматазоидтың басын қаптайды.
Акробласттың ортасында акросома қалыптасады. Акросома – фермент гиалуронидазаға бай тығыз дене. Ядроға қарсы полюсқа центросома жылжиды. Центросоманың дисталды центриолясынан жгутик, кейіннен сперматазоидтың құйрығы қалыптасады. Проксималды центриоля ұрықтандырғанда зиготаға түсіп оның бөлінүіне қатысады. Центриолялармен қоршалған цитоплазма бөлімі мойыншаны қалыптастырады.
Дисталды центриоль екі бөлімге бөлінеді: алдынғы және артқы. Дисталды центироляның алдынғы бөлімінен құйрықтың білік жіпшесі өсіп шығады. Дисталды центриоляның артқы бөлімі жүзік тәрізді болады. Сперматиданың артқы бөлімінің цитоплазмасының құрамында митохондриялар және гликоген болады. Жасұша ұзарып сперматазоид қалпы пайда болады.
Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 2300;